Лингвистика. ПСИХОлингвистика. Социолингвистика


СЫН НЕГІЗДІ АТАЛЫМДАРДЫҢ ІШКІ МАҒЫНАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата31.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#10969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

СЫН НЕГІЗДІ АТАЛЫМДАРДЫҢ ІШКІ МАҒЫНАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
С.Сəменова - 
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің  
аға оқытушысы  
 
Туынды  сөздің  ішкі  мағыналық  құрылымы  ғалымдар  назарына  ертеден  іліккен.  Профессор 
Б.Қасым  пікіріне сүйенсек,  тіл  біліміне  сөздің  ішкі  мағыналық құрылымы  деген  тұжырымдаманы  алғаш 
енгізген  В.Гумбольт  болған.  Ішкі  мағыналық  құрылым  тілдің  дара  ерекшелігін  көрсететін  белгі  ретінде 
таныла    отырып,  сөздің  ішкі  мағынасы  мен  сыртқы  тұрпаты  арасындағы  бірліктерді  байланыстырады. 
Сөздің ішкі мағыналық құрылымын атаудың мағыналық құрылымын құрастырушы сыңар ретінде таныған 
Б.Қасымның төмендегі пікірінің жаны бар: «Ішкі құрылым – алғашқы бейне, онда ұғымның негізі жатады. 
Ішкі құрылым – ойға бағыт береді, өзек мағынаның əрі қарай дамуына  мүмкіндік жасайды. Атаудың ішкі 
құрылымында ұғымның ізі жатады. Ішкі құрылым – атауды құрастырушы сыңарлардың өзара байланысын 
сақтайтын  тұтас,  жүйелі  ерекшелігін  көрсететін  тілдік  құбылыс.  Сол  арқылы  ғана  атаудың  тұтастығы 
түсініледі. Ал уəждеме процесінің қатысуымен ішкі мағыналық құрылымның негізінде атау қалыптасады. 
Ішкі құрылым - атаудың міндетті семантикалық ерекшелігі» [1, 136 ]. Демек, ішкі құрылым арқылы кез 
келген тілдік бірліктің түптөркінін анықтауға болады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
41
 
Сын  негізді  аталымдар  да  ішкі  мағыналық  құрылымы  жағынан  алуан  түрлі  болып  келеді.  Сын 
негізді аталымдар бірде ішкі мағынаның кеңеюі негізінде жасалып жатса, енді бірде мағынаның тарылуы 
арқылы,  келесіде  тілдік  ықшамдалу  үдерістерінің  ықпалымен  жаңа  лексикалық  бірлік  ретінде  танылып 
жатады.  Мысалы,  жарық
1
 –  сəуле,  күн  нұры:  Терезеден  түскен  жарық  қана  көңілге  медеу  болғандай 
(К.Ахметов);  жарық
2
 – шам,  электр  жүйесі:  Жарық  берілмей  қалып, “кəнбейір”  екі  күн  кешігіп  келді 
(Ғ.Мүсірепов).  Аталған  атаулардың  қалыптасуында  күн  сəулесінің  қараңғылыққа  қарсы  жарық  нұры 
басты мағыналық белгі ретінде танылған да, əрі қарай мағыналық дамуға түскен, сөйтіп, ұқсату негізінде 
оның екінші “шам, электр жүйесі” деген мағыналары қалыптасқан.  
Ыстық
1 – 
температура,  қызу:  Ыстығы  көтерілген  сайын  барды-жоқты  айтып,  сандырақтай  берді 
(Т.Əлжантегі); ыстық
2
 – тамақ: Соларға күніне бір мезгіл ыстық істеп беріп отыр (М.Əуезов); ыстық
3
 – ауа 
райының  қалпы:  Ыстыққа  шыдамағандары  суға  қойып  кетті  (Т.Əлжантегі).  Берілген  атаулардың 
қалыптасуында заттың, нəрсенің статикалық күйі, жайы негіз ретінде танылған да, ол мағыналық жағынан 
дамып, жалпыхалықтық сипатқа ие болып, тілдік қолданысқа түскен. Сол сияқты осы жолмен дамыған ақ, 
көк,  бай,  қызыл,  салқын, кір,  қышқыл,  орташа,  шала,  қызық  тəрізді  сын  негізді  аталымдарды  атап өтуге 
болады.  Сөздің  мағыналық  дамуында  тілдегі  бұрынғы  бар  сөздердің  мағыналарын  пайдалану  арқылы 
тілде жаңа қызметте номинативтік бірліктер қалыптасады. “Сөзжасамның бұл түрінің өзіндік ерекшелігі, 
жаңа  мағына  мен  сөздің  алдыңғы  мағынасының  арасында  міндетті  иеархиялық  арақатынастың  барлығы 
жəне  прототипі  ретінде  қатыса  отырып,  семантикалық  инновацияның  уəждеуші  негізі  болады.  Жаңа 
мағына  мен  алдыңғы  мағынаның  арасында  байланыс  мағыналық  уəжділіктің  негізінде  жүзеге  асады  да, 
бірі (жаңасы) екіншісінен (түптөркінінен) шығады” [1, 163]. 
Сөздің ішкі мағынасының тарылуы да сын негізді аталымдардың жасалуында басты белгі ретінде 
танылады.  Мысалы,  ертедегі  тілімізде  ару  ат,  ару  ұл,  ару  батыр  сияқты  тіркестердің  қолданыста 
болғандығын, ару сөзі ХҮ – ХҮІІІ ғасырларда “пəк, кіршіксіз, таза” жəне діни ұғымдағы “əулие, ие” деген 
мағыналарда  қолданылғандығын,  қазіргі  тілімізде  бұл  сөздің  мағынасының  тарылып, “сұлу  қыз,  сүйікті 
əйел” деген мəндерде жұмсалып жүргендігін профессор Р.Сыздықова атайды [2, 13].  
Сол  сияқты,  алғашында  аға  сөзінің  де    “басшы,  қол  басы”  деген  ұғымды  бергендігін,  қазіргі 
тілімізде  бұл  сөздің  де  мағынасы  тарылып, “жасы  үлкен  адам”  деген  мəнде  ғана  жұмсалып  жүргендігін 
ғалымдар  пікірінен  аңғарамыз [2, 43]. Бұл  сөздің  де  алғашқы  мағынасының  тарылуы  ол  мағынаның 
қолданылу  аясын  шектеген  де,  біртіндеп  заттық  мағынаға  ауысқан.  Бұл  мағынасы  тілде  тұрақталып, 
сөздіктерде зат есім деп танылған. 
Сындық  мағынаның  тарылуы  арқылы  жасалған  сын  негізді  аталымдарға  тіліміздегі  мынадай 
сөздерді  де  жатқызуға  болады:  шал,  бала,  ағаттық,  қыран,  құлаш,  көпшік  т.б.  Алғашқыда  бұл  сөздердің 
сындық  мəнде  қолданылғандықтарын  этимологиялық  зерттеулерден  аңғаруға  болады.  Мəселен,  құлаш 
сөзі ертеде “есепсіз, ұзын” деген сындық мəнді білдірсе [3, 105], көпшік сөзі “жұмсақ, былқылдақ” деген 
сындық ұғымдарда қолданылған екен [3, 132 ]. Сол сияқты, қыран сөзінің де ертеректе “епті, алғыр” деген 
сындық мағынада жүргендігі байқалады [4, 192 ]. Қазіргі тілімізде бұл сөздердің ол сындық мағыналары 
тарылып,  қолданыстан  шыққан  да,  заттық  мағыналары  тұрақталып  қалған.  Сөйтіп,  мағынаның  тарылуы 
негізінде жоғарыда аталған номинативтік бірліктер танылған. Бұлар сөздіктердің барлығында да  зат есім 
деп беріліп жүр. Олардың бұл екінші мағыналары төмендегі сөйлемдерден анық байқалады: Көкке самғай 
ұшқан қыран қайрылар емес (Ə.Омаров). Өзімнен бір ағаттық кеткенін сезе қойдым да, үндемей қалдым 
(М.Мұратбаев).  
 Қазақ  тілінде  басқа  тілден  енген  сөздердің  де  заттық  мағынада  қолданылып,  тілде  жаңа 
аталымның жасалуына негіз болып жататын кездері кездеседі. Оған мынадай сын негізді аталымдар мысал 
бола  алады:  бейшара,  арамза,  нөсер,  тақыр,  дос,  дұшпан,  пəле,  тағала,  бейбақ,  тажал,  ғашық,  бетпақ, 
мəстек т.б. Мəселен, “нөсер” сөзіне сөздікте “шелектеп құятын өткінші жаңбыр” деген түсінік беріледі [5, 
167 ]. Мысалы:  Шелектеп  құйған  нөсер  сабалап  тұрды      (Ə.Шəріпов).  Нөсер  алдында  нажағай  ойнайды 
(Мақал).  
Тілтанушы Ə.Нұрмағамбетов сөз төркіні монғол тілінен келген дей отырып, оның ол тілде “қиын, 
ауыр”  деген  мағыналарда  кездесетінін  жəне  “нүсэр”  сөзінің  аталмыш  тілде  сирек  қолданылатындығын 
атайды. Осыған орай, алғашқыда “нөсер жаңбыр” (қиын жаңбыр) тіркесі пайда болып, кейінгі кезеңдерде 
нөсер жеке тұрып та жауынның күштілігін аңғартарлық дағдыға айналуы мүмкін деген ой айтады [4, 218 ]. 
 Сол  сияқты,  автор  мəстек  сөзінің  шыққан  тегін  қалмақ  тілі  дей  отырып,  оның  аталмыш  тілде 
“төмен, аласа, тапал” мағыналарында қолданылғандығын жəне тек жылқыға ғана емес, кез келген аласа, 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
42
тапал заттар мен жан иелеріне бірдей айтыла беретіндігін атап көрсетеді [4, 206 ]. Қазақ тілінде бұл сөз 
көбінесе жылқы малына қатысты қолданылады. Мысалы: Əнеугүні аулыңызға келіп еді ғой. Астында құла 
қасқа мəстегі бар  (С.Шарипов). Мəстек шауып тұлпардан бəйге ала ма, Қадірлеп асыл жабу жапқанменен 
(С.Торайғыров).  Кейде  ауыспалы  мағынада  тұрып, “адам”  мəнін  беруі  де  кездеседі:  Марапатталса, 
масайрап мəстектер мəшһүр, Табанда тапталғаны ғой əспеттер дəстүр (К.Ахметов). 
Тілімізде  бүгінде  жеке  лексема  ретінде  танылып,  заттық  ұғымда  қолданылып  жүрген – келеке 
монғол тіліндегі  (сақау, тілі мүкіс деген ұғымдағы сөз) [3, 87], жұдырық башқұрт тіліндегі  (домалақ, шар 
тəрізді) [3, 93], жекпе-жек  парсы  тіліндегі    (жеке,  жалғыз) [3, 101] сындық  мəндегі  сөздер.  Олар  қазақ 
тіліне  еніп,  заттанып  қолданылған  да,  жаңа  сын  негізді  аталымдардың  жасалуына  түрткі  болған.  Сол 
сияқты, ауылнай, бөкебай сөздерінің орыс тіліндегі сын есімдердің мағынасының заттануы арқылы бірден 
заттық  сипат  алуы  нəтижесінде  пайда  болған  субстантивтер  екендігі    (аульный – ауылнай;  пуховый – 
бөкебай) ғылыми грамматикада сөз болады [6, 341]. Демек, тіліміздегі сын негізді аталымдардың біразы 
басқа  тілден  енген  сөздердің  мағынасын  арқау  ете  отырып  жасалатындығы  жоғарыдағы    мысалдардан 
анық  байқалып  отыр.  Басқа  тілде  сындық  мəнде  қолданылып  тұрған  сөздер  қазақ  тіліне  ауысқанда 
мағыналық жағынан дамып, заттану үдерісіне түскен де, сын негізді аталымның жасалуына түрткі болған. 
Бұл тəрізді сөздердің түп мағыналары этимологиялық талдау барысында ғана анықталады, өйткені қазақ 
тілінде бұл сөздердің екіншілік заттық мағыналары ғана танылған, жалпықолданыстық сипатқа ие болған.  
Тіл дамуының, жетілуінің бір көрсеткіші болып табылатын тілдік ықшамдау, үнемдеу заңдылығы 
кез келген тілде бар құбылыс. Осы мəселені арнайы қарастырған ғалым А.Мартиненің пікірінше, тілдегі 
ықшамдалу  принципі  үнемі  қарама-қарсы  құбылыстарды  тепе-теңдік  жағдайда  тең  ұстауға  ұмтылу 
мақсатында: біріншіден – қатысым мұқтаждығы, екіншіден – есте сақтау, үшіншіден – сөйлеу мүшелері 
үшін тиімді [1, 136]. Б.А. Серебренников тілдің дамуындағы үнемдеу, ықшамдалу заңдылықтарын тілдің 
ішкі  заңдылығы  деп  есептейді  де,  оның  екі  түрлі  көрінісі  барлығын  көрсетеді.  Біріншісі – тіл  бірліктері 
санының мейлінше аз болуы, екіншісі – олардың түрлі сипатқа ие болуы, атаулық қызметке көшуі. Оны əр 
тілдің ішкі заңдылықтарынан іздеген дұрыс дегенді атайды [1, 152].  Ықшамдалу үдерісінің ерекшелігі – 
сөздің  мағынасына  ешбір  нұқсан  келтірмей,  белгілі  мақсатты  көздей  отырып  атауды  жасау.  Аталым 
үрдерісінде сөзжасамдық құралдар арқылы сөз оралымдарын ықшамдап беру қазақ тілінің негізгі табиғи 
заңды  құбылыстарының  бірі  болса,  ол  сын  негізді  аталымдардың  жасалуында  да  елеулі  орын  алады. 
Ықшамдалуды сын негізді аталымдардың табиғатына тəн негізгі заңдылық деп қарауға да болады, өйткені 
ол  олардың  жасалуында  жиі  ұшырайды.  “Сын  есім – зат  есім”  тіркесіндегі  зат  есімнің  қолданыста 
ықшамдалуы  нəтижесінде  тілде  жаңа  аталым  жасалады.  Ықшамдалған  зат  есімнің  мағынасын  сын  есім 
өзіне  жамап  алады  да,  сын  есімнің  сындық  мағынасы  көмескіленеді,  оның  екінші  заттық  мағынасы 
белсенділік  танытады.  Сөйтіп,  тілде  бір  кезде  сындық  мəнде  қолданылған  сөз  заттық  мағынаға  ауысып, 
жаңа аталым тілдік айналымға түседі. Бұл үдеріс тілде бірден жүзеге аспай, кезеңдік даму сатыларынан 
өтеді. Тілдің бүгінгі кезеңінде бұлар атау ретінде тілдегі дайын бірлік қызметін атқарады. Бұған төменде 
келтірілген сын негізді аталымдардың жасалуы дəлел бола алды. Мəселен, қазіргі тілімізде сын негізді зат 
аталымдары қатарында танылып жүрген мына сөздерге назар аударалық: қарт, қате, үскірік, кетік, науқас, 
қарыз, аңызақ, қырсық, жетім, ұры, қалың , жау, тоқал, иттік, топан, төркін, туыс, тұсақ, кедей, бай, еттік, 
малай,  жарық,  соқпақ,  сүр,  тазы  т.б.  Бұл  атаулар  “сын  есім - зат  есім”  тіркесіндегі  зат  есімнің 
ықшамдалып,  оның  мағынасының  сын  есімге  көшуінен  жасалған.  Алғашқы  тіркес  ономосиологиялық 
негіз  қызметінде  жүрсе,  ықшамдалу  үдерісінің  нəтижесінде пайда  болған    тілдік  бірлік – атау.  Қараңыз: 
қарт адам, қате іс, үскірік аяз, кетік зат, науқас адам, қарыз нəрсе, аңызақ жел, қырсық іс, жетім бала, ұры 
адам,  қалың  мал,  жау  адам,  тоқал  əйел,  иттік  мінез,  топан  су,  төркін  жұрт,  туыс  адам,  тұсақ  қой,  кедей 
адам,  бай  кісі,  еттік  ілгі,  малай  адам,  жарық  сəуле,  соқпақ  жол,  сүр  ет,  тазы  ит – ономосиологиялық 
негіздер.  Ал,  қарт,  қате,  үскірік,  кетік,  науқас,  қарыз,  аңызақ,  қырсық,  жетім,  ұры,  қалың , жау,  тоқал, 
иттік,  топан,  төркін,  туыс,  тұсақ,  кедей,  бай,  еттік,  малай,  жарық,  соқпақ,  сүр,  тазы  дегендер – атаулар. 
Ықшамдалып  тұрған  зат  есімнің  мағынасы  өзін  анықтап  тұрған  сын  есімге  жылысқан  да,  анықтауыш 
қызметіндегі сын есімнің мағынасы кеңи түскен. Ол сындық мағынасына қосымша заттық та мағына беру 
қабілетіне ие болған. Біртіндеп сындық мағына көмескілене түскен де, оның есесіне, оған үстелген екінші 
заттық  мағына  кеңінен  таныла  бастаған.  Сөйтіп,  тілде  зат  есімнің  ықшамдалуы  нəтижесінде 
жоғарыдағыдай аталымдар жасалған. Аталған сөздердің барлығы да сөздіктерден орын алып, зат есімдер 
қатарында  танылып  жүр.  Бұл  сөздердің  заттық  мағыналары  сөйлемде  нақтылана,  айқындала  түседі. 
Мысалы: Мал қорасы, еттігі, ауыз қорасы адам айтқысыз кең болатын (С.Жүнісов). Жер бетін топан басып 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
43
 
бара  жатқандай  (Сөздіктен  алынды). … Бір  қырсықтың  шалғынын  енді  білді  (Т.Əлжантегі).  Төркіні 
жақынның төсегі жиналмас (Мақал). Жетім көрсең, жебей жүр (Мақал). 
Демек,  бұл  айтылғандар  сындық  мағынаның  заттық  мағынаға  ауысуына  жəне  сол  арқалы  тілде 
жаңа  бір  аталымның  жасалуына  ықпал  етуші  негізгі  фактор  ықшамдалу  құбылысы  екендігін  танытады. 
Сын негізді зат атауларының жасалуы осы аталған құбылыспен сабақтасып жатса, ықшамдаудың тілдегі 
заңды құбылыстардың бірі екендігі, оның мағынаға еш нұқсан келтірмейтіндігін, керісінше, ойды тез əрі 
əсерлі  жеткізуге  жағдай  жасайтындығын,  аз  сөзбен  көп  мағына  беруге  қабілеттілігін,  стильге  ықпалын 
алғашқылардың  бірі  болып 1980-ші  жылдары  профессор  Н.Оралбаева  мəселе  етіп  көтереді [7]. Ал, 
ықшамдалу үдерісінің негізінде жасалған күрделі аталымдар зерттеуші Б. Қасымның еңбегінде жан-жақты 
талданады. Тілдік үнемдеу заңдылығына сəйкес, соңғы кезеңде жаңа жасалымдар тілдегі қолданыста бар 
атаулардың  мағыналық  өрісін  кеңінен  пайдалана  отырып  жасалып  жататындығы  байқалады. 
Сөзжасамның  негізгі  мақсаты  атауға  зəру  нысанды  таңбалау  болғандықтан,  сын  негізді  аталымдар  да 
аталым қажеттілігін өтеуге қызмет етеді. 
Сонымен,  жоғарыда  айтылғандардан  сын  негізді  аталымдардың  мағыналық  құрылымында  ішкі 
мағынаның негізі жататындығы байқалды. 
Демек, ойды түйіндей келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға негіз бар: 
-
 
сын негізді аталымдардың ішкі мағыналық құрылымы алуан түрлі болып келеді; 
-
 
сын негізді аталымдар мағынаның кеңеюі арқылы жасалады; 
-
 
сын негізді аталымдар мағынаның тарылуы арқылы жасалады; 
-
 
сын негізді аталымдардың жасалуына басқа тілден енген сөздердің мағыналық белгілері арқау 
болады; 
-
 
тілдегі  ықшамдалу,  үнемдеу  құбылыстары - сын  негізді  аталымдардың  жасалуына  ықпал 
етуші негізгі факторлардың бірі. 
 
1.   Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уəждеме жəне аталым. – Алматы, 2001. 
2.   Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы, 1994. 
3.   Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, 1967. 
4.   Нұрмағамбетов Ə. Бес жүз бес сөз. – Алматы, 1994. 
5.   Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – ІІІ том. – Алматы, 1978. 
6.   Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
7. Оралбаева Н. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының совет дəуірінде дамуы. // Қазақ ССР 
ҒА Хабарлары, Тіл, əдебиет сериясы. – 1981. - № 1. 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается внутренняя семантическая форма субстантивных номинативов. 
 
Summary 
This article is considered inter semantic forms of substantivized adjective nominatives. 
 
 
КҮРДЕЛІ АТАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖƏНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖАЙЫНДА  
 
Ф.Темірова–  
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ізденушісі 
 
Қазақ  тіл  білімінде  күрделі  аталым  мəселесі – бүгінгі  күнге  дейін  ғалымдардың  назарынан  тыс 
қалмай келе жатқан күрделі мəселелердің бірі. Қазақ тіл біліміндегі зерттеулерге шолу жасайтын болсақ, 
қазақ лингвистикасында бұндай сөздердің табиғатына алғаш рет тілтанымдық зерттеулер жүргізген ғалым 
А.Байтұрсынұлы  болды.  Ғалым  күрделі  аталымдарды  (сөздерді)  қос  сөз  деп  атап,  қазақ  тілі  дыбыс 
үндестігіне  сəйкес  келгенін  бірге, «ауытқитынын»  сызықша  арқылы  жазуды  ұсынады.  Мысалы  басқұр, 
аққала, желкесер жəне жел-бау, жүк-аяқ, тілеу-бай 
[1, 152-3]. 
А.Байтұрсынұлының  бұл  ұстанымының  негізгі  себебін  тілші  Н.Уəлиев  былай  түсіндіреді:  
«А.Байтұрсынұлы бес инвариант фонеманың əрқайсысын бір-бір əріппен белгілейді. Сөйте отырып, əлгі 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
44
əріптер  арқылы  əр  фонеманың  екі  түрлі  əуезін  (жуан,  жіңішке)  сол  фонеманың  таңбасына  сыйғызып 
береді. Сөйтіп, инварианттың варианттары үшін бас-басына таңба алмай-ақ, дəйекші арқылы жуан немесе 
жіңішке  (дəйекші  болмауы  жуан,  дəйекші  болуы  жіңішке  оқуды)  əуезде  оқылатындай  жазу  жүйесін» 
жасаған 
[2,141].   Сонда дауыстылары бейүндес құрама сөздерді (жүк-аяқ, жел-бау жəне т.б.) əрі бұлардың 
құрама сөз екенін, əрі дəйекші арқылы бірінші сыңарларының жіңішке оқылатынын ескертеді. 
Бұл  жерде  құрама  сөз  деген  терминнің  мəніне  тоқтала  кеткен  жөн.  Қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі 
ғылыми  еңбектерде  құрама  сөз  деп  кемінде  екі  түбірден  құралып,  бір  ғана  зат  пен  құбылыстың  атауы 
болатын, номинативтік бірлік ретінде қаралатын сөзді айтып жүр. К.Аханов тіркескен сөздерді құрама сөз 
деп атап, оларды сөз таптары аясында сипаттағанда қайтадан күрделі сан есім, күрделі сын есім атауларын 
пайдаланады. 
[3, 86]. 
  Ал  Н.Уəлиев  К.Ахановтың  құрама  сөз  терминін  біріккен  сөз,  қос  сөз,  қысқарған  сөз,  күрделі 
аталымдардың басын құрап, тұрған топтың ортақ атауы етеді 
[ 4, 56]. 
 К.Күдеринова құрама сөз деп «синтаксистік сөз тіркесі шеңберінен шыққан лексикаланған немесе 
шектеулі тіркес (ортан жілік, бет күрделі орамал, қол орамал, асықты жілік), күрделі етістік, күрделі сын 
есім,  күрделі  сан  есім  енеді» 
[5, 20]  деп  көрсетеді.  Сонымен  құрама  сөз  термині  күрделі  аталымдардың 
орфографиялық  кескінделуі  тұрғысынан  ұсынылады,  яғни  құрама  аталымдардың  типтерінің  біреуінің 
бірігіп,  екіншісінің  дефиспен,  үшіншісінің  əріп,  не  буын  қиюлы  бірігуі,  төртіншісінің  бөлек  жазылуына 
байланысты атаулары өзгешеленіп отырады. Осыған байланысты бөлек жазылатын құрама аталымдарды 
күрделі сөз, бірге жазылатын құрама сөздерді біріккен сөз, дефис арқылы жазылатын сөздерді қос сөздер 
деп  атау  қалыптасқан.  Сонымен,  күрделі  аталымдар – термині  сөздердің  орфографиялық  кескіндемесіне 
қатыссыз екі сөздің тіркесінің (бірігуінің) бір күрделі ұғымды білдіретін тілдік бірлік атауы.  
Осы  құбылысты  номинация  теориясы  тұрғысынан  зерттеген  ғалым  Б.Қасым  күрделі  аталымдар 
(сөздер) күрделі атаудың тұрпат межесі мен мазмұн межесінің үйлесімі, тұтастығы тұрғысынан дəлелдеп, 
күрделі  атауға  мынадай  анықтама  береді: «күрделі  атау – туынды  сөздің  ішінде  туынды  түбірмен 
салыстырғанда  құрамы  кем  дегенде  екі  сөз  тудырушы  түбір  немесе  негіздермен  ерекшеленеді.  Күрделі 
туынды сөздердің міндетті құралдарына мыналар жатады: құрастырушы сыңардың тұрақты орын тəртібі, 
ішкі мағыналық байланыс (сыңарлардың байланысы мен арақатынасы), тұрпат пен мазмұнның тұтастық 
бірлігі» 
[6, 13].  Сонымен біріккен сөз, сөз тіркесі (фразеологиялық тіркес, атаулық тіркес), күрделі сөз бен 
қос  сөз  күрделі  атаудың  тұрпат  межесі  көріністері  болса,  күрделі  атау  осы  айтылғандардың  барлығына 
ортақ мазмұн меже болып отыр.    
Күрделі  атаудың  қандай  ойлау  үдерістері  негізінде  туындайтынын  тілші  ғалымдар  бүгінгі  күнге 
дейін  зерттеп  келеді.  Адам  баласының  күнделікті  тəжірибесінен  жинақталған  білім  заттар  мен 
құбылыстардың  атаулары  негізінде  жүйеленеді.  Алдымен  зат  не  құбылыс  адамның  сезім  мүшелерін 
тітіркендіру арқылы бір əсер береді, оны атау қажеттілігі туады. 
Тұтасымен 
алғанда 
ол 
атау 
үдерісінің 
аталымдарға 
(номинатив.) 
тілге 
дейінгі 
экстралингвистикалық  себептер  мен  тіл  ішіндегі  лингвистикалық  себептердің  əсер  ететіні  дəлелденіп 
отыр.  Даму  заңдылығы  бойынша  шындық  болмыстағы  заттар  мен  құбылыстардың  пайда  болуына  жəне 
олардың  аталуының  негізіне  əсер  етіп  экстралингвистикалық  себептер  болып  табылады.  Осы  сыртқы 
себеп адамның ойлауына əсер етіп, пайда болған заттар мен құбылыстардың бейне-белгілері санада ұғым 
болып  қалыптасады.  Санада  ұғым  болып  қалыптасқан  белгі-бейнелер  негізгі  тірек  болып  ықшамдалып, 
онологиялық  жолмен  тілге  көшіріледі.  Тіл  шекарасына  кірген  аналогиялық  көрсеткіштерге  (ұқсас 
белгілерге)  осы  арадан  бастап  тіршілік,  яғни,  лингвистикалық  себеп  ықпал  жасайды.  Ендігі  жерде  атау 
үрдісінде  болатын құбылыстар тіл заңдылықтарына бағынады. Олардың түрлі тəсілдер арқылы белгілі бір 
тілдік тұлғаға келуі тілдік жүйеде қарастырылады. Сөйтіп, нəтижесінде пайда болған аталымдар (сөздер, 
сөз  тіркестері)  сөзжасам  жүйесінен  өз  орындарын  алады.  Осы  арада,  аталымдардың  пайда  болуын, 
негізінен бұл құбылыс нəтижесі – көп уақыттың жемісі. 
Заттар мен құбылыстар адам санасына əсер етіп, сəулесін түсіреді де, олардың басты белгілерінің 
онда қорытылып, топшыланған бейнесі – ұғым пайда болады. Ол «бейнелер» тілге сөз арқылы беріледі де, 
тірек  уəждер    нəтижесінде  ыңғайланып,  мағына  болып  бекітіледі.  Зат  пен  құбылыс  болмаған  жерде, 
немесе  олардың ұғымы болмаған жерде сөз де болмайды. 
Атау  үрдерісінен  толық  өтіп  аталым  дəрежесіне  жеткенше  туынды  сөздің  басынан  талай 
мағыналық, мазмұндық, семантикалық өзгерістерден өтеді. Ал оның қандай жағдайда, қалай өтетініне көз 
жеткізу тілдік заңдылықтарды түсіну үшін қажет. Аталым үрдерісінде түрлі семантикалық, туынды сөздің 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
45
 
мағынасы  жағынан  қызмет  мүмкіндігін,  өрісін  тереңірек  түсінуге  жетелейді.  С.Аманжоловтың  «Сөз – 
танымдық  үдеріс» 
[7]  деген  пікірі  де  осы  ойымызды  нақтылай  түседі.  Шындығында  да,  заттар  мен 
құбылыстардың белгілі бір сөздермен аталып, олардың мағыналарындағы өзгерістердің мəнін ашу – сол 
сөздердің табиғатын толығырақ түсініп, танып білу. Бұл арада ойлау мен тілдің диалектикалық байланыс 
бірлігі қарастырылады.  
Сонымен  атау,  аталым  үдерісінің  талдануы  нəтижесінде  бұларды  тілдік  бірлік  тудыратын  ойлау 
үдерістерімен тығыз байланысты екеніне көз жеткіздік. Сонда тіліміздегі күрделі атау деп алынып жүрген 
бірліктер жоғарыда талданған атау үдерісінің (номинация үрдісінің) нəтижесі болып отыр, қандай да бір 
тұтас ұғымды атауда адам баласы екі немесе одан көп ұғымның атауын пайдаланады, бірақ олардың жеке 
дербес мағыналары сақталмайды немесе өзгеріске ұшырап жаңа, тұтас ұғымды атауға қызмет етеді.  
Күрделі  атау,  біріншіден,  тұтас  бір  ұғымды  екі  немесе  одан  да  көп  ұғымдар  арқылы  білдіреді, 
екіншіден,  құрамындағы  ұғымдары  үнемі  мағыналық  тұтастық  қатынаста  тұрады,  қызметі  жағынан 
бөлшектенбейді,  үшіншіден,  сыңарлары  бірте-бірде  өздеріне  тəн  мағынадан  айырылып,  жаңа  ұғымның 
белгілерін көрсетуші қасиетке ие болады. Осы анықтаманың мысалы ретінде атарба сөзінің күрделі атауға 
айналу процесін келтіруге болады. О баста ат сөзі көлік қызметін атқаратын үй жануарының дара атауы, 
ал арба сөзі жүк не жолаушы таситын қолдан жасалған көліктің дара атауы, мұнда арба кез келген сырт 
қозғаушы  күштің  əсерімен  қозғалысқа  түсетін  көлік  екенін  ұмытпау  керек.  Енді  арбаның  атқа  жегілген 
түрі «ат жегілген арба» тіркесімен берілсе керек. Бұл тұста «атқа жегілген арба» тіркесі тілдік жүйеде əлі 
де  синтаксистік  тіркес  қасиетін  сақтап  тұрды,  кейіннен  номинация  үдерісінің  нəтижесінде  бұл  тіркестің 
мазмұн  жағы  да  ықшамдалып,  жұмырланып,  өзіндік  айқын  белгілерге  ие  ақиқат  өмірдің  бір  ұғымын 
білдіретіндей санадан орын алды да (дефиницияланды), осымен қатар аталған тіркестің тұрпат межесінде 
де ықшамдалу,  қолайлы болу үдерісі қатар жүрді. Нəтижесінде «атқа жеккен арба» сөз тіркесі аталымға 
айналып,  ықшам  тұрпатқа,  яғни  «атарба»  формасына,  дара  атау  формасына  ұқсас  тұрпатқа  ие  болды. 
Сонда, «атарба»  сөзі  ақиқат  өмірдегі  басқа  өзі  тектес  заттардан  айырмашылығы  бар  нақты  заттың 
санадағы ұѓымының атауы. Бұл үдерістің реттілігін былай көрсетуге болады: Ақиқат өмірдегі нақты зат 
(бейсана  өмір) – оның  санада  нақты  ұғымға  ие  болуы  (санадағы  көрініс) - ұғымның  тіл  шекарасында 
аталымға ие болуы (тілдік сана) – аталымның қолданыста күрделі сөз арқылы нақты тілдік тұрпат алуы 
(вербалды қатынасқа түсуі). Сонымен күрделі атаулар мен жеке атаулардың айырмашылығы олардың əр 
деңгейдегі  үдеріс  болуында.  Жеке  ұғым  атауының  негізінде  күрделі  атау  туындайды.  Яғни  жеке  ұғым 
атауы алғашқы деңгейлік (первичный), ала күрделі атаулар екінші (вторичный) деңгейлік процестер.     
Жоғарыдағы ойларды пысықтай түсу үшін Б.Қасымның еңбегінде келтірілген тіл біліміндегі тірек 
ретінде қалыптасқан күрделі атаулардың үш белгісін көрсетуге болады. 
•  Мағыналық  тұтастық  белгісі.  Күрделі  атаулардың  құрамындағы  сыңарлардың  мағыналық 
дербестігі  мен  грамматикалық  дербестігінің  күңгірттенуі  немесе  жойылуы  күрделі  атаудың  бұл  түрінде 
маңғыналы  тұтастықтың  пайда  болуына  əкеледі.  Бұл  белгі  бойынша  күрделі  атаудың  құрамындағы 
сыңарлардың  əрқайсысы  əр  басқа  лексикалық  мағынаны  емес,  тұтасқан  күйінде  бір  бүтін  мағынаны 
білдіріп, жеке атау болады. 
•  Құрылымдық  тұтастық  белгісі.  Күрделі  атау  да  жалаң  сөз  тəрізді  парадигмалық  қатынастарға 
түсе алады. Оның сыңарларының əрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға ие 
болады.  Күрделі  атаудың  жеке  сыңарлары  өздігінен  белгілі  бір  атаудың  морфологиялық  тұтастығының, 
сөзжасамдық құрылымдық тұтастық белгісі бір бүтін екендігін көрсетеді. 
• Синтаксистік тұтастық белгісі. Күрделі атаудың шығу тегін тарихи тұрғыдан қарап, оның бастау 
көзі сөз тіркестерімен байланыстырылады  
[6, 32-34 ]. Дегенмен күрделі атаулар сөз тіркесі синтаксистік 
бірлігінен ерекшеленеді. Сөз тіркесі құрамындағы сөздер жеке-жеке лексема болып табылады да, күрделі 
атаулар бүтін бір лексема болып, сөзжасамдық тұтас тұлға болып келеді. Демек, сөз тіркесі құрамындағы 
сөздердің тіркесімділігі еркін сипатта болады да, күрделі атау құрамындағы тіркескен сөздердің дербестігі 
болмайды  немесе  шектеулі  болады.  Сондықтан  да  мұндай  атаулар  құрамындағы  бір  немесе  бірнеше 
түбірден біріккен, кіріккен, тіркескен сөздер топтасып тұтас түрде дайын сөздік күйінде қолданылып, тіл 
иелерінің санасында біртұтас бірлік аталым ретінде басқа да лексемалармен жүйелік қатынаста тұрады.  
Жоғарыда  айтылған  ойлар  негізінде  төменгідей  тұжырымға  жасауға  болады:  Күрделі  атау  мен 
күрделі сөз  арасына тең дəрежесін қоюға келмейді, себебі күрделі атау қандайда бір заттың, құбылыстың 
санадағы  аталу  процесімен,  ұғымның  тіл  шекарасына  өтіп,  өзінше  тұрпатқа  ие  болуының  нəтижесімен, 
қандайда  бір  білімнің  бірлігі  не  элементі  ретінде  тілде  белгіленіп,  білімнің  басқа  да  жүйеленген  тілдік 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
46
таңбалары арасынан орын алған номинативтік бірлік болса, күрделі сөз сол атаудың репрезентациясының 
жазуда  бөлек  таңбаланатын,  нақты  дыбысталған  немесе  жазуға  түскен  түрі.  Сонымен  күрделі  атау  мен 
күрделі  сөз  бір  құбылыстың  екі  жағы,  бірі  санадағы  ойлау  мен  тілдің  қатынасын  білдірсе,  екіншісі  осы 
үдерістің  тіл  қолданысындағы  көрінісі.  Олай  болса,  тілдік  талдаулар  күрделі  атаудың  тілдік  аталым 
таңбасы болып табылатыы қарастырылды. 
 
1.
 
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1992.-447 б. 
2.
 
Уəлиев Н.  Қазақ  графикасы  мен  орфографиясының  фонологиялық негіздері: Филол.ғ.к. . 
...дис. -Алматы, 1993.-162 б. 
3.
 
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. –Алматы: Санат, 1996. 240 б. 
4.
 
Уəлиұлы  Н.,  Алдашева  А.  Қазақ  орфографиясындағы  қиындықтар. –Алматы:  Ғылым, 
1988. -111 б. 
5.
 
Күдеринова Қ. Бірге жəне бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы. –Алматы: Ғылым, 
2004. -144 б. 
6.
 
Қасым Б.Сөзжасам: Семантика. Уəждеме. –Алматы, 2007. -168 б. 
7.
 
Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы, 2002. -366 б. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  словообразовательные  процессы  развития  сложных  номинтивных 
единиц казахского языка. 
        
Summary 
The formation and development of the compound nomitation is taken into consideration. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет