Лингвистика. ПСИХОлингвистика. Социолингвистика


КӨРКЕМ МƏТІН ТІЛІНІҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата31.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#10969
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

КӨРКЕМ МƏТІН ТІЛІНІҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
К.Р.Токбасынова -  
Абай атындағы ҚазҰПУ, колледж оқытушысы 
 
Көркем  мəтін      тілінің  танымдық  сипатын  айқындау  адам  факторының  ішкі  жан-дүниесіндегі 
ерекшеліктерді  тіл  арқылы  тануға  негіз  болады.  Адамның  ішкі  əлемі,  құпия  қалтарыстарына 
лингвистикалық  тұрғыда  сараптама  жасалғанда  адам  болмысының,  танымының  шексіз  əлемі  танылады. 
Оны  мəтін  тілі  арқылы  зерттеудің  маңыздылығы  мынада:  біріншіден,  мəтін  тілі  арқылы  автордың 
психологиялық  танымы,  оның  бойындағы  ерекше  қасиеттер,  тапқырлық,  ұшқырлық,  шеберлік, 
адамгершілік т.б сияқты қасиеттері айқындалады. Бұл тілдік қолданыстар арқылы ұлттық болмысымызға 
тəн  ерекшеліктерді  айқындауға  негіз  болады.  Адам  бойындағы  психологиялық  құбылыстарды  арнайы 
ғылыми сараптама тұрғысында емес, тіл арқылы танытуда мəтіннің алар орны ерекше. Адамға тəн жақсы 
қасиеттерді  игерудің,  жаман  қасиеттерден  жиренудің  жолдарын  танымдық  тұрғыда  жеткізуде    əр  түрлі 
тілдік  тəсілдер  қолданылған    шығармаларға  лингвистикалық  талдау  жүргізудің  бір  қыры  танымдық 
ерешеліктерден көрініс табады.  
Екіншіден,  кейіпкерлерді  сөйлетудің  жолдары  арқылы  адамның  ішкі  сезімін,  жай-күйін,  жалпы, 
психологиялық бітімін айқындайды. Кейіпкердің əр түрлі қалыптағы ішкі ой-толғаныстарының өзгеруін, 
сезім  қайшылықтарының  мəнін  ашудың  жолдарын  айқындаудағы  тілдік  қолданыстар  да  мəтін  тілінің 
танымдық  сипатын  ашады.  Мəтін  тілінің  танымдық  сипатын  ашатын  тілдік  амалдар  адамның  сезімін, 
ойын,  толғанысын  тереңдетіп  көрсетеді.  Ол  тілдің  барлық  қабаттарында  өмір  сүріп,  тілдің  құрылымдық 
жүйесінен бастап, концептілік деңгейге дейін танылады.  
Көркем мəтін ─ автордың есінде сақталған қабылдау мен елестерді  қайтадан өңдеп, сұрыптаудың 
нəтижесінде  белгілі  бір  қоғамда  өмір  сүретін,  жаңа  кейіпкерлердің  бейнесін  жасайтын  коммуникативтік 
бірліктер жиынтығы. Ол шығармашылық еңбек болғандықтан, ойлау процесімен тығыз байланыста келіп, 
автордың  алдын  ала  болатын  жайтты  болжауы  жаңа  бейнені  жасауы,  іске  асырылған  нəрсені  елестету 
арқылы жүзеге асады. 
Көркем мəтінде адам басында үздіксіз пайда болып отыратын мол бейнелер, яғни, бұрын көрген, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
47
 
естіген,  білген  нəрселер  автор  санасында  қайта  жаңғырады.  Бұл  қиял  қызметінен  туындайтын 
коммуникативтік бірлік болғандықтан, адам факторының психологиялық жақтарын  танытып, кейіпкердің 
сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын, көңіл-күйін, жалпы психологиялық жай- күйін  көрсетеді. 
 Көркем  мəтінді  танымдық  талдауда  адамның  ішкі  дүниесіне,  мінезіне,  жалпы  адам  баласына  
қатысты деректерді алға тарту маңызды. Бұл адамның ішкі жан қуаттарының ерекшелігін танытады.  
А.В.Маслованың: «...концепт  ─  есте  сақтаудың,  ментальдык  лексиконның,  концептуалдық  жүйе 
мен тілдің, ақыл-ойдың адам жүйкесінде бейнеленген дүниенің бүкіл бейнесінің мазмұндық бірлігі» деген 
тұжырымына сүйене отырып, концепт теориясының бір бағыты таныммен ұштасады деп танимыз. 
Мəтін  тіліндегі  танымдық  ерекшеліктер  автордың  стильдік,  психологиялық,  тақырыптық 
ерекшеліктерін жəне автор сөзі мен кейіпкерлер тілінің сөз қолданысындағы ерекшеліктерін анықтаумен 
де  құнды.  Себебі,  ол  əлеуметтік-мəдени  ортада  маңызды  рөл  атқарады.    Көркем  мəтін  тіліндегі 
танымдық  ерекшеліктер    адам  концептісінің  танымдық  сипатын  айқындайтын  лингвомəдениеттаным, 
əлеуметтік  лингвистика,  таным,  этнолингвистика,  когнитивтік  лингвистика,  гендерлік  лингвистикамен 
ұштастырып,  жазу  мəдениетімен  тығыз  байланысты  қарастырылады.  Көркем  мəтін  ─  тіл  мен  жазудың 
сабақтастығынан туындайтын таным құралы, көркем құрал, эстетикалық жəне лингвистикалық категория. 
Ол   «адам жəне қоғам» арасындағы күрделі процестің  танымдық жемісі.  
Көркем  мəтін  тіліндегі  гносеологиялық  тұжырымдардың  қолданылу  аясын  танымдық  тұрғыда 
зерттеудің  бірнеше  жолдары  болады.  «Шығарманы  жазған  адам  қалай  болғанмен  де,  негізінен,  мəтін 
арқылы  танылады.  Тұлғаны  (мəтін  түзушіні)  тілден  (мəтіннен)  іздеу  қазіргі  антропоорталық 
(антропоцентризм) бағытына деген  замана бетбұрысымен қиысады. Ал мəтін тілі сол заманның тарихи-
мəдени  жағдайларымен  тығыз  байланыста  алынуы  шарт.  Тіл  тарихындағы  мəтін  түзушінің  сөз  саптау 
өрнегін зерттеу, оған когнитивтік – танымдық əрекеттердің əсерін ескеру ғылымда жаңа функционализм 
(неофункционализм)  ағымын  жеделтете  түскендей.  Шынында,  бұл  тіл  қызметін  зерттейтін 
социолингвистиканың негізгі пəні»,─ деген профессор Б Хасанұлының пікіріне сүйене отырып, мəтін тілі 
арқылы,  оның  лингвистикалық  білім  қорындағы  өзіндік  ерекшеліктері  арқылы,  көтеріп  отырған 
тақырыптары арқылы т.б олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындауға болады. Екіншіден, көркем мəтіннің 
танымдық  сипаты  кейіпкерлер  тілінің  сөз  қолданысындағы  ерекшеліктері  арқылы  танылады.         
 
Көркем  мəтінде    кейіпкер  эмоциясын  танытатын,  адамның  мінез-құлқын  айқындайтын  тілдік 
психологиялық  фактілер  тіл  мен  психологияның  өзара  тығыз  байланысын  анықтайды.  Кейіпкердің 
эмоциясына белгілі  бір дəрежеде реңк беретін қуану, қорқу, таңдану процесі мен кісінің мінез-бітістерінің 
суреттелуі  көңіл-күйді  көрсететін  психикалық  процесс  ретінде  танымның  аясында  қарастырылады. 
Адамның ішкі жан дүниесіндегі сезім толқындары оның сыртқы қимылынан, іс-əрекетінен көрініс береді.  
Көңіл- күй ішкі, сыртқы əсерлерден туындайды. Көңіл- күйді меңгеруде əйелдер мен ерлердің арасында 
біршама ерекшеліктер болады.  Ол, əсіресе, қуану мен қорқуда анық байқалады.  
Танымның  зерттеу  нысаны  əрқашан  сөйлеу  жағдаяттары  немесе  сөйлеу  əрекетінің  жиынтығы 
болса, бұл жиынтықтың тұтастығы көркем мəтіннен толық көрініс табады.  
 Сананың  айқын  көрінуіне  негіз  болатын  шығармашылық  процеске  тəн  психологиялық 
ерекшеліктерінің  бірі – қиял  мен  ойдың  біріккен  жұмысы.  Қиялсыз  жəне  қатаң  сыншыл  ойсыз 
шығармашылық  бола  алмайды.  Образды  беруде  Л.Н.Толстойдың    «жазушы  бір  мезгілдің  ішінде  əрі 
ойшыл,  əрі  суретші,  əрі  сыншы  болуы  керек»  деуі  осыдан.   Кейіпкердің  образын  табу  үшін  жазушы 
адамның жан тіршілігінің заңдарын яғни  адамның мінезі, темпераменті, қабілеті, дарыны, зейіні, ойлауы, 
сөйлеуі, қиялы, ерік-сезімі т.б сияқты психикалық қасиеттерін толық меңгере отырып, бұл қасиеттерді тіл 
арқылы  жарыққа  шығарады.  Лингвистикалық  тұрғыдын  алғанда,  көркем  мəтін  ауызша  сөйлеу  тілге 
қарағанда анағұрлым маңызды, мазмұнды.  
Көркем  мəтінді  танымдық  құбылыс  ретінде  тану  біріншіден,   мəтінді  ұғынып-меңгеруге 
байланысты,  екіншіден,  тақырып  аясына  байланысты,  үшіншіден,  тілді  меңгеру  мен  оны  қолдануға 
байланысты жүзеге асады. Одан көркем мəтіннің танымдық парадигмасы айқын көрініс береді.  Көркем 
мəтіннің танымдық  парадигмасы мəтіндегі сөз қолданыстың ерекшеліктерін, тіл мен ойлаудың, тіл мен 
психологияның айырмашылықтарын көрсетеді. Көркем мəтін тіл арқылы жүзеге асады. Тіл адамның ой-
санасының  дамып  жетілгенін  көрсетеді.  Тіл – табиғатпен    тығыз  байланыста  жаратылған  ерекше 
құбылыс.  Тілдің  қатысымдық  қасиеті – оның    барлық  ерекшеліктерінің  ішіндегі  ең  маңыздысы  жəне  ең 
бастысы. Сондықтан лингвистер тілдің мəнін айқындауда оның əр түрлі жақтарын сөз ете келіп, оның ең 
қажеттісін  жіктеп  шығаруға  тырысады.  Тілді  анықтау,  оның  негізгі  белгілерін  көрсету  кейде  шартты 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
48
ұғымдар  арқылы  іске  аспайды.  Оның  оймен,  санамен  байланысты  қарастырылуының  өзі  тілдің 
ерекшелігін аңғартады», ─  дейді ғалым Ф.Оразбаева.   
Көркем  мəтін  санадағы  ойдың  сөзге  айналу  процесін  көрсетеді.  Санадағы  ойдың  сөзге  айналу 
процесі  ең  алғаш  Л.С.Выготский  зерттеулерінен  басталып,  Ф.де  Соссюр,  Б.  Де  Куртенэ  еңбектерінде 
жалғасып,  Н.Хомский,  А.А.  Леонтьев  зерттеулерінде  толықтырылды.  ХХ  ғасырдың  алғашқы  он 
жылдығында Л.С.Выготскийдің «мысль не воплощается в слове, а совершается в слове» деген сөзі ой мен 
тіл процесінің бірлігіне айналды.  
Тілдік  ойлаудың  ең  жоғарғы  көрсеткіші  ─  автордың  психологиялық  танымын,  санадағы  ойдың 
сөзге  айналу  процесін  айқындайтын  танымдық  құбылыс.  Көркем  мəтіндегі  танымдық  қолданыстар 
адамның  дүниені  танып  білуімен,  жан  тіршілігінің  заңдылықтарын  толық  меңгерумен,  оны  тіл  арқылы 
жарыққа шығара білумен айқындалады. Ол əдебиеттегі психологизммен ұштасады.  
Көркем  мəтін  тілінің  танымдық  ерекшелігі  ─  қазақ  тіл  ғылымы  үшін  жаңа  бағытқа  айналған 
антропоцентристік парадигмамен ұштасатын өзекті мəселе. Тілдік таңбалардың танымдық ерекшеліктері 
лингвистиканы əдебиетпен, психологиямен сабақтастырады.    
Тілдің  лексикалық,  грамматикалық,  фразеологиялық  қабаты  тілдің  психологиялық  сипатын 
этностың  əлеуметтік  экономикалық  өмірі  мен  қоғамдық  сана  арқылы  байланыстырып,  адамдар 
арасындағы психологиялық ерекшеліктердің мəнін анықтайды.  
Көркем  мəтін  тілі  адам  болмысымен  байланысты  қарастырылып,  оның  танымдық  негізі  автор, 
кейіпкер жəне ұлттық дүниетаным тұрғысында саралануы мəтін тіліне лингвистикалық талдау жасаудың 
жаңа қырын танытады.  
    
1.
 
Маслова В.А Когнитивная лингвистика:Учебное пособие. – Минск:Тетра системе, 2004.   
2.
 
Лотман  Ю.М.,  Успенский  Б.А.  О  семантическом  механизме  культуры // Ученые  записки 
Тартуского университета, 1974. - Т.5.   
3.
 
Хасанұлы Б. Махамбеттің тілдік тұлғасы: əлеуметтік лингвистикалық жəне танымдық сыр-
сипаты. \\ Таным  жəне  əлеуметтік  тіл  білімі:  қазіргі  жай  күйі  жəне  болашағы.  Халықаралық 
конференция материалдары.- Алматы, 2003.  
4.
 
Жұбанов. Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.- Алматы, 1999.  
5.
 
Залевская А.А.Введение  в психолингвистику. – М.,  1999.  
6.
 
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен əдістемесі: Алматы: РБК, 2000. 
7.
 
Выготский  Л.  С.  Избранные  психологические  исследования.  Мышление  и  речь.  Проблема 
психологического развитие ребенка. -М., 1956.  
8.
 
Қазақ совет энциклопедиясы. ҮІ том. - Алматы, 1975. 
9.
 
Веселовский Л. Н. Историческая поэтика. – М.: Высшая школа, 1989.  
  
Резюме 
В этой статье были анализированы познавательные особенности художественных текстов. 
 
Summary 
In this article was analyzed entertained feature of the artistical texts. 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
49
 
ҚОЛДАНБАЛЫ ТІЛ БІЛІМІ 
 
ҚАЛА ТІЛІНДЕГІ ЖАЛПЫ ОБЪЕКТІ АТАУЛАРЫНДАҒЫ 
 ЖАРГОН ЭЛЕМЕНТТЕРІ 
 
Г.Ш.Акимбекова - 
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ізденушісі 
 
ХХ  ғасырдың  соңғы  он  жылдарында  қазіргі  қала  көрінісіне  көптеген  лингвисттер  өздерінің 
еңбектерін  арнаған  болатын.  Тіпті  орыс  тіл  білімінде    арнайы  қала  тілін  зерттейтін  лингвистикалық 
орталықтар Челябинск, Пермь, Екатеринбург, Красноярск, Омск қалаларында орналасқан.  
Жалпы  қоршаған  ортаның  тілдік  көрінісіне  көңіл  аудармаған  ел  жоқ  деуімізге  болады.  Қала 
тіліндегі  жалпы  объекті  атаулары  туралы  айтпастан  бұрын,  алдымен  объекті  атаулары  туралы  ғылыми 
еңбектерге тоқталып өтсек. 
Орыс  тіл  білімінде  қала  тілін  зерттеуде  екі  бағыт  негізге  алынатыны  белгілі:  əлеуметтік  жəне 
лингвогеографиялық. Қала көрінісін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу керектігін алғаш рет болып көңіл 
аударған  профессор  Б.А.Ларин  болатын.  Ғалымның 1928 жылы  жазған  «О  лингвистическом  изучении 
города» деп аталатын мақаласында лингвисттерді үнемі қызықтыратын екі мəселе бар екендігін айтады, 
олар  жазбаша  əдеби  тіл,  белгіленген  сөз  қолдану  нормасы  жəне  ауызша  диалект.  Ал  енді  осылардың 
арасындағы бір «саңылауға» қала тұрғындарының тілі жататындығын ескертеді. Зерттеуші Б.А. Лариннің 
баяндауынша бұл мəселе сол кезде өз дəрежесінде түсіндірілмеді, тек жеке жаргондардың жүйеге түсірілуі 
мен  тіркелуі  болды,  əрі  оны  жай  əуесқойлықтың  коллекциясы  деңгейінде  ғана  қарауға  болатын  болды 
дейді.  Б.А.Ларин  одан  кейін  қаланың  тілдік  болмысы  туралы  ұғымды  енгізіп,  ең  алдымен  қала 
тұрғындарының  жазбаша  жəне  ауызша  тілін  қарастыру  керектігін  түсіндірді.  Қаланың  тілдік  болмысын 
зерттеу  қажеттілігін  мақала  авторы  оның  нормативті  тілге  əсерінен  байқайды.  Қала  тілін  зерттеуді 
дамытуға кедергі болған себепті Б.А.Ларин лингвисттердің көбінесе əдеби тіл мен шаруалар диалектісіне 
көп көңіл бөлетіндігінен іздейді /1. 175-177/. 
Б.А.Лариннің  қала  тіліне  байланысты  айтқан  тұжырымы  өте  орынды,  əрі  бұл  тұжырым  біздің 
қазақ  тіл  біліміне  де  қатысты  екеніне  көз  жеткізуімізге  болады.  Əйтсе  де  қазақ  тілі  білімінде 
диалектология саласы бойынша бірнеше еңбектер де жарық көрді.  
Бір  қала  тұрғындарының қолданысында  бар,  қалалық  керек-жарақ  пен  тұрмыстық  өзгешелігімен 
байланысты  қала  лексикасын  номинативті  бірліктер  ортасы  құрайтындығы  бəрімізге  белгілі.  Қала 
лексикасы  өзіндік  құраммен  де  өте  күрделі  болып  келеді.  Оған  ресми  жəне  ауызша-тұрмыстық  атаулар 
жатады.  
Алғаш рет белгілі бір қаланың тілдік келбетін тұтастай сипаттаған мақала ол О.Б.Сиротининаның 
«Языковой  облик  города  Саратова»  болды /2/. Осы  мақаладан  кейін  Челябинск,  Екатеринбург,  Пермь  
қалалардың арнайы тілдік ерекшелігін көрсететін еңбек жинақтары жарық көрді.  
Л.А.Шкатова  өзінің  «Специфика  городского  общения»  деген  мақаласында  жеке  қаланың 
лингвистикалық  портретінің  сипаттамалық  ерекшелігіне,  қала  тұрғындарының  əдеттегі  жағдайдағы 
қатынасы ауызша тіл əсер ететіндігін,  қалалық қатынастың өзгешелігін ауылдықпен салыстыруды ескеру 
керектігін, əрі қала тілін зерттеуді негізінен коммуникативтік тұрғысынан қарастыру қажеттігін ұсынады. 
Осыған  байланысты    қазіргі  қалалардың  көпшілігіне  арналған  əдеттегі  жағдайдағы  лексикалық 
бірліктердің  қызмет  ету  ерекшеліктерін  анықтауымыз  қажет.  Тағы  бір  Л.А.Шкатованың  «Языковой  код 
уральского  города»  деген  мақаласына  назар  аударатын  болсақ,  онда  «что  каждый  современный  город 
имеет  свой  языковой  код,  позволяющий  отличать  «своих»  от  «чужих».  Под  языковым  кодом  автор 
понимает систему языковых обозначений, требующих расшифровки» деген болатын /3, 19-28/. Олай болса 
тілдік  код  арқылы  шифрды  оқуды  талап  ететін,  тілдік  жүйе  мəнін  түсінуге  болатын  біздің  қаламызға 
«өзінікі» «басқанікінен» ерекшеленіп тұратын қандай тілдік код тəн екен? 
Бейресми  атауларды  зерттеуге  арналған  С.Д.Кочеренковой  «Неофиициальные  наименования 
пространственных  объектов  Свердловска  (способы  номинации)»  деген  мақаласында  автор  қала 
тұрғындарының  ауызекі  сөйлеу  тіліндегі  ресми  атаулардың  эквиваленттерінің  пайда  болуының  бірнеше 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
50
себептерін бөліп көрсетеді:  
1) атауы немесе қызмет көрсетуі бірдей объектілерді ажырату қажеттілігінен; 
2)  ауызекі тілмен салыстырғанда ресми атаулар күрделенген құрылым; 
3) қала тұрғындарының тұрмыстық қатынасына экспрессивтілікпен (мəнерлілікпен) талпыну; 
4)  тілдік ойын орнату /4,79-90/. 
Б.Я.Шарифулин  «Язык  современного  сибирского  города»  деген  мақаласында  «Современный 
российский город как замкнутый социум, в котором на разных уровнях переплетаются индивидуальные, 
групповые  и  общегородские  интересы,  отношения,  мотивации  и  формы  поведения,  в  том  числе  и 
языкового  (речевого)»  деген  болатын,  əрі  қаланың  тілдік  келбетін  автордың  пікірі  бойынша  жеке  уəж 
жəне тəртіп түрі сияқты қалыптастыру, қабылданған қалалық микросоциуммен (шағын қоғаммен), сондай-
ақ ауызекі сөйлеу қатынасының сипаты мен түріне тұтастай əсер ететін жеке адамның немесе  əлеуметтік 
топтың сөйлеуін көрсету керектігін айтады /5,8-27/.  
Шет  аймақтық  қала  тілін  сөйлеушінің  қажеттілік  пайдасы  негізінде  жете  зерттеуге  болады.  Осы 
жерде  Борис  Яковлевич  Шарифулиннің  мына  пікірлерін  айтуға  тура  келеді: «Во-первых,  это 
актуализировавшийся  в  последнее  время  интерес  к  региональным  особенностям  русской  культуры  и  к 
русскому  языку  как  основе  и  форме  ее  существования.»  дей  келеді  де,  екіншіден  қазіргі  шет  аймақтық 
қала тілі мəдени кеңістікке тұтастай əсер етеді жəне қалыптастырады, əрі соңғы уақытта ауызекі сөйлеу 
қатынасының тəжірибесі мен теориясында айтарлықтай орын алып келетін лингвоэкология туралы айтады   
/5, 22/.  
«Лингвистическая  градоведения»  деп  аталатын  мақаласында  Л.З.Подберезкина  қазіргі  қаланың 
тілдік  келбетін  зерттеуде  екі  түрлі  аспектіні  қолдану  керектігін  айтады: 1) қалалық  ауызекі  сөйлеу  тілі, 
онда қалалық қарапайым тіл, жастар жаргоны, ұжымдық тілдер болса; 2) қалалық ортадағы мəтіндермен 
байланысты,  яғни  қалалық  объектілердің  атаулары,  сауда  орындары  маңдайшасындағы  жазулар,  афиша, 
жарнамалық  мəтіндерді  зерттеу - лингвистикалық  қалатану  деп  көрсетеді. /6. 22-30/ Қалатану 
филологиялық зерттеулердің объектісі, əрі қала тіліне қалалық мəдениеттің көрінісі, қала семиотикасының 
маңызды жүйесінің бөлігі ретінде қарауымыз керек. Қазақ тіл білімінде ономастика, топонимика салалары 
бойынша 
Т.Жанұзақов, 
А.Əбдірахманов, 
О.А.Сұлтаньяев, 
Е.Ə.Керімбаев, 
В.У.Махпиров, 
Г.Сағидолдагийн,  Қ.Рысбергенова,  Ф.Р.Ахметжанова,  А.Əлімхан,  Г.Б.Мəдиева  т.б.  зерттеушілеріміздің 
белгілі еңбектері мен оқу құралдары, əрі бірнеше ғылыми еңбектер де қорғалған.  
Мақаланың  негізгі  мақсаты  қазіргі  Алматы  қаласының  тілдік  көрінісін  лингвистикалық 
тұрғысынан  айқындау  болса,  негізгі  нысан  қалаішілік  объекті  атаулары.  Материал  көзі  анықтамалық 
басылымдар, жеке сауалнамалар.  
Қала  лексикасына  əсер  ететін  əртүрлі  əлеуметтік  факторлардың  əсерінен  объекті  атауларындағы 
ерекшеліктерді  де  байқауға  болады.  Əйтсе  де    «Қала  тілі»  деген  жалпы  ұғым  болғандықтан,  біз  бұл 
тарауымызда тек объекті атауларына ресми жəне бейресми вариантта тоқталып өтеміз. Ең көп синонимдік 
қатар түзейтін номинациялар, бір объектінің бірнеше атауларға ие болуы.  Бұлар тамақтану орындары мен 
пəтер атаулары. Мысалы: кафе-кафешка, кайфе, кабак, заправка болса, пəтер сөзі де бірнеше атауларға ие. 
Мысалы, квартира-гнездо, пещера, дворец. Осындай номинацияларды жаргондарды көп қолданатын 26-27 
жасқа дейінгі жастардың тілінен байқалады.  
Сөздің  семасындағы  кейбір  мағыналар  ығыстырылып,  сөз  жаңадан  пайда  болған  синонимиялық 
типпен  қатарласа  қолданыла  бастайды.  Біртіндеп  қатарлардың  бірі  бейтарап  əдеби  сөз  қолданысына 
айналады  да,  екіншісі  соның  эксперссивті  синонимі  болып  қызмет  атқаруға  кіріседі.  Бұндай  жағдайлар 
туралы  профессор  Б.Қ.Момынова: «Осы  сынды  сөздердің  стилистикалық  бояуы  əлсізденіп,  біртіндеп 
жойыла бастайды, стиларалық нивелировка құбылысы жүреді, өйткені мұндай атаулар терминологиялық 
жəне  қоғамдық-бейтарапты  номинацияларды  жиі-жиі  атау  үшін  пайдаланады,  сөйтіп  біртіндеп 
сөзжасамдық бір типтің ұтымды жолына айналады. Бұл құбылыс тілдің демократиялануын тудырды.  
Əдеби  тілдің  демократиялануы  дара  сөздерді,  сөз  тіркестерін,  сөйлемдерді,  сөйленістерді-жалпы 
айтқанда, осы санамаланған бірліктердің бəрін қамтиды. Дегенмен бұл өзгерістер əдеби тілдің тұрақталған 
нормасына  аса  бір  айта  қаларлықтай  түбегейлі  өзгерістер  ендіре  алмайды,  себебі  жалпы  əдеби  тіл  үшін 
бұл микро өзгерістер ғана болып табылады да, қолданыстағы əдеби нормаға оның лебі ғана тиеді, оның 
салқынын  сезінуге  болады.  Қалай  болғанда  да  ескі  типтер  жəне  жандана  түскен  сөзжасамдық  жаңа 
типтердің  бəсекелестігі  барысында  əдеби  тілдің  сөзжасамдық  нормасы  мен  лексикалық  нормасы 
арасындағы қайшылықтар туындайды, сондықтан оларды норма бұзушы құбылыстар ретінде қабылдауға 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
51
 
тура келеді», - деп қорытынды жасайды.  /7. 28/ 
Профессор А.Салқынбай өзінің «Тарихи сөзжасам» еңбегіңде былай дейді: «Екіншілік номинация 
- əр түрлі сөзжасамдық тəсілдер негізінде жасалады. Екіншілік номинацияда зат не құбылыстың танымдық 
ұғымы мен белгісі дамыған, толыққан сипатта көрінеді. Екіншілік номинацияда (атауда) сөздің мағынасы 
алғашқы  өзін  туғызуға  негіз  болған  атаудың  мағыналық  қырларын  сақтайды.  Бұл  мағыналық  негізділік 
кейін басқа жаңа номинативті атауларға беріледі»- деп көрсетеді. /8. 51/  
Мысалы  қазіргі  жастар  арасындағы  қолданылып  жүрген  аквариум-əйнектен  жасалған  ғимаратты 
айтуға болады, екі атаудың да: 
-
 
бірдей заттан жасалатындығы, 
-
 
түстерінің бірдей екендігі,  
-  сыртқы формасы жағынан ұқсастығы сəйкес келуінен туындаған атау  болып саналады.  
Екіншілік  номинацияның  жасалуын  тағы  мынадай  əдістерден  көруімізге  болады.  Мəселен, 
сөзжасамдық  деривация - тілдегі  лексикалық  бірліктер  негізіндегі  жаңа  сөздер,  яғни  сөздердің 
қысқартылып,  бірақ  түпкі  бөлшегін  əрі  мағынасын  сақтай  отырып,  жаңа  атаулардың  жасалуы.  Мұндай 
сөзжасамдық  деривацияның  түрлері  сөйлеу  тілінде,  əсіресе  объекті  атауларында  көбірек  кездеседі. 
Мысалы, студенттердің тіліндегі жатақ-жатақхана, общаг-общежитие.  
Келесі əдіс сөз тіркесіндегі сын есімнің қысқартылып түпкі буынның сақталуынан семантикалық 
сөз  тіркесінің  мағынасын  беретін  зат  есімдік  номинацияның,  пайда  болуына  көз  жеткіземіз,  мысалы, 
политех-политехникалық университет. 
Аффиксалды  деривация  əдісі  бойынша  нақты  сөз  тіркестердің  орнын  эквивалентті  лексикалық 
мағынасымен  зат  есімдер  басады.  Мəселен,  музыкалка-музыка  мектебі,  трикотажка-трикотажды  ателье, 
оптовка-көтерме базар, пятиэтажка-бес қабатты үй, трехэтажка-үш қабатты үй. 
Субстантивациялық əдіс бойынша, яғни басқа сөз таптарының зат есімге айналуы. Мысалы, Абай 
жəне Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан 36,6 дəріхана, Сейфуллин мен Шевченко көшелерінің 
қиылысында орналасқан 7/7 компания. 
Сондай-ақ метафоралық номинация белгілі бір объектінің басқа топтағы нысандардың белгісі мен 
қасиетіне  қарай  ауыстырыла  қолданылуы.  Мысалы,  зажигалка-  Астана  қаласындағы  Көлік  жəне 
Коммуникация Министрлігінің ғимараты. Чупа-чубс – Астана қаласындағы Бəйтерек монументі.  Бұндай 
объекті атаулары көбінесе сыртқы формаларындағы ұқсастығына байланысты айтылған.  
Метономиялық номинация белгілі бір топтағы бір объектінің атын бүкіл топқа немесе бір топтың 
атын  басқа  топтағы  бір  нысанаға  ауыстыра  қолданылуы.  Мысалы,  Каблукова-психиятриялық  аурухана. 
Сені Кабулоковаға апарып тастау керек. Сенің орнын Каблуковада.  Бұл мысалдарда тек Каблукова деген 
сөзден-ақ  қала  тұрғындарының  бəрі  сол  көшеде  психитриялық  аурухана  орналасқанын  біліп,  сөйлеу 
тілінде  қолданып  отырады.  Əрине,  мұндай  мысалдар  қала  тіліндегі  кез-келген  əлеуметтік  топтардың 
сөйлеу  тілінде  кездеседі.  Қала  тіліндегі  объекті  атауларында  кезедесетін  жаргон,  арголар,  яғни,  жастар 
жаргоны  кайфе-кафе,  студенттік  арго  мед-медициналық  университет  сияқты  мысалдарды  айтуымызға 
болады.  
Қала  тіліндегі  объекті  атауларында  варваризмдер,  əсіресе,  шоу-бизнес,  жарнама,  тауар  жəне 
қызмет  көрсету  салаларында    көптеп  кездеседі.  Қала  тілінде  осы  атауларға  грамматикалық 
минимумдарды  жалғап,  күнделікті  сөйлеу  тілінде  қолданып  жүр.  Қазақтың  көп  салалы  сөйлеу  тілінің 
негізінде  қалыптасқан  сөз  өнері  кейін  келе  өзіне  тəн  түр  тауып,  өзінің  бастапқы  қалпынан  бөлекше 
стильдік қолданыс табады деп ойлаймыз.  
 
1. Ларин Б.А. О лингвистическом изучении города // Ларин Б.А. История русского языка и общее 
языкознание. –М.: Просвещение, 1977. 
2.  Сиротинина  О.Б.  Языковой  облик  г.  Саратова // Разновидности  городской  устной  речи. –М.: 
Наука, 1988. 
3. Шкатова Л.А. Специфика городского общение // Живая речь уральского города: Сб. науч. тр. 
Свердловск: Издательство УрГу, 1988. 
4.  Кочеренкова  С.Д. «Неофиициальные  наименования  пространственных  объектов  Свердловска 
(способы номинации) // Языковой облик уральского города: Сб. науч. тр. Свердловск: Издательство УрГу, 
1990. 
   5.  Шарифуллин  Б.Я.  Язык  современного  сибирского  города // Теоретические  и  прикладные 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
52
аспекты  речевого  общения:  научно-метод.  бюл. / Краснояр.гос.ун-т / Под  ред.  А.П.Сковородникова. – 
Красноярск – Ачинск: Красноярский университет, 1998. Вып.5. 
   6.  Подберезкина  Л.З.  Лингвистические  градоведение  (о  перспективах  исследования  языкового 
облика  Красноярска) //  Теоретические  и  прикладные  аспекты  речевого  общения:  научно-метод.  бюл. / 
Краснояр.гос.ун-т / Красноярск – Ачинск: Красноярский университет, 1998. Вып.6. 
  7.  Момынова  Б.Қ.  Қазақ  тіліндегі  қоғамдық-саяси  лексика:  Əлеуметтік-бағалауыштық, 
сөзжасам. -Алматы, 2005. 
  8. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (Семантикалық аспект) –Алматы, 1999. 
 
Резюме 
В статье рассматривается элементы жаргонов общего наименования объекта городского языка. 
 
Summary 
This article deals with the jargons of general names of city's  language of object. 
 
 
    
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ  <П> ФОНЕМАСЫ МЕН АҒЫЛШЫННЫҢ [Р]  
ФОНЕМАЛАРЫНЫҢ ДЫБЫСТЫҚ ПАРАДИГМАСЫ 
 
З.Баданбекқызы - 
 
филол.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Əдетте  кез  келген  тілдердегі  фонемалардың  санынан  сол  фонемалардың  жұмсалымы  болып 
табылатын  дыбыстардың  саны  əлдеқайда  көп  болатыны  белгілі  жайт.  Қазақ  тілінің  консонантизм 
жүйесіндегі  (парадигмасындағы)  фонемалардың  саны 19 (А.Байтұрсынұлы)  немесе 17 (Ə.Жүнісбеков) 
болатын  болса,  олардың  синтагматикалық  контекстегі  саны  əлдеқайда  көп.  Сондай-ақ  кейбір  тілдерде 
дауысты фонемалардың түрленімі дауыссыздарға қарағанда əлдеқайда басым. 
Мысалы, орыс тілінде дауыссыз фонемалардың сандық қатынасы 36 дауысты фонемаға 5 фонема 
сəйкес  келеді,  яғни  дауыссызға  қарағанда  дауыстылардың  саны  тым  аз.  Бірақ  дауыстылар 
консонанттардың  ырқында  болғандықтан,  дауысты  фонемалардың  дыбыс  қоры  көп,  бір  ғана  <а> 
фонемасының 6-7 вариациясы бар. 
Қазақ, ағылшын тілдерінде дауыссыздар парадигмасын құрайтын фонемалардың синтагматикалық 
қатынаста пайда болатын дыбыс дауысты фонемалардың дыбыс қорымен салыстырғанда əлдеқайда көп. 
Мұның  себебі  дауыстылар  жетекші  (доминанта)  сипатта  болып,  дауыссыздар  олардың  ырқында  болады 
деген іргелі пайымдаумен байланысты қарастыруға болады. 
 Яғни, дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады.  
А.Байтұрсынұлы 
дауыстыларды 
функционалдық 
басыңқы 
жүйе, 
ал 
дауыссыздарды 
функционалдық бағыныңқы жүйе деп таниды. Мұндай лингвистикалық танымның мəні айрықша. Əдетте, 
басыңқы  жүйенің  (дауыстылардың)  бағыныңкы  жүйеге  əсері,  ықпалы  күшті  болады.  Соның  салдарынан 
бағыныңқы  жүйенің  (дауыссыздар)  жүктемесі  де  көбейе  түседі.  Мəселен,  дауыстыларға  қарағанда 
дауыссыздардың реңктері (аллофондары) əлдеқайда көп болып, басыңқы жүйенің ыңғайына қарай жуан, 
жіңішке,  еріндік,  езулік  болып  түрленіп  отырады.  Сөйтіп,  жуан  немесе  жіңішкелік  белгі  бүкіл  сөз  бойы 
тұтаса  айтылып,  сегменттік  бірліктерге  бөлінбейді,  яғни  суперсегменттік  бірлікке  айналады. 
Байтұрсынұлы  əліпбиіндегі  дəйекші  суперсегменттік  бірлікті  көрсетсе,  жеке  əріптер  сегменттік 
бірліктерді көрсетеді. Байтұрсынұлы жазуының графемалық жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан сегменттік 
əрі  суперсегменттік  бірліктерді  (жуан,  жіңішкелікті)  белгіледі.  Бұл  тұжырым  ағылшын  тіліндегі 
дауыссыздарға    да  қатысты,  себебі  ағылшын  тіліндегі  дауыссыздар 20 дауыстыға  байланысты  түрленіп 
отырады.Мəселен,  дауыстыларға  қарағанда  дауыссыздардың  реңктері  əлдеқайда  көп  болып,  басыңқы 
жүйенің  ыңғайына  қарай  жуан,  жіңішке,  еріндік,  езулік  болып  түрленіп  отырады.Жоғарыдағы 
тұжырымдарды мысалдар арқылы қарастырайық. 
Қазақ  тіліндегі  [п]  дауыссыз  фонемасы  мен  ағылшынның [p] фонемасының    дыбыстық 
парадигмасына тоқталайық. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
53
 
Қазақ тіліндегі  <п> фонемасының əлді позициядағы төрт əуезді түрленімі - [п], [п
0
] [п
1
 ], [п
01
] мен 
əлсіз позициядағы вариацияларының [в],    [ф] алып ал [алывал], [тафсыр] тапсыр төрт əуезді түрленімдері 
оның  дыбыс қорын  құрайды.  Бұл  жерде  <п>  фонемасының  əлсіз  позициядағы  дыбыстық  реңкін  шартты 
түрде  [ф]  таңбасымен  белгілеп  отырмыз.  Бұдан  қазақ  тіліндегі  бұл  реңк  орыс  тіліндегі  [ф]  дыбысымен 
бірдей айтылады деген қорытынды жасамау керек. Орыс тіліндегі [ф] дыбысы үстіңгі күрек тістің астыңғы 
ерінмен тоғысуы арқылы сүзіліп шықса, қазақ тіліндегі шартты [ф] екі еріннің əлсіз, жуысыңқы тоғысуы 
арқылы жасалады. 
Алайда  осы  кезге  дейін  <п>  фонемасының  əлсіз  позициядағы  модификациялануын  [б]  варианты 
(МФМ) немесе фонемалардың алмасуы (ЛФМ) деп танылып келді. 
Х.Неталиева <п> фонемасының əлсіз позициядағы дыбыс түрленімін былай деп көрсетеді: 
"...Бір  сөздің  не  сөз  тіркесі  мен  біріккен  сөздердің  құрамындағы  қатар  келген  екі  дыбыстың 
біріншісі п болып, екіншісі дауысты немесе д, ж, с, ш дыбыстарының бірі болса, айтылуда п дыбысы б-ға 
айналады. Əрине, жазылуда бастапқы қалпын сақтайды. Мысалы, Сатыпалды - Сатыбалды; шауып алды - 
шауыб алды; доп əкел - доб əкел; айтып еді - айтыб еді (бірақ зып ету дегенді айтуда ондағы дыбыстар 
өзгермей қалай жазылса, солай айтылады. Бұл стильге байланысты өзгерістер); көп оқу - коб оқу, бір қап 
ұн - бір қаб ұн ; қасап үй - қасаб үй; дөп-дөңгелек - доб-дөңгелек;  тап жауы - таб жауы; жадап жүдеу - 
жадаб жүдеу; тепсіну - тебсіну; қағыстырып-соғыстыру - қағыстырыб-соғыстыру; жуып-шаю -жуыб-шаю; 
тепшу - тебшу. 
Осы мысалдарда келтірген тепсіну - тебсіну, тепшу - тебшу сипаттас сөздердегі б дыбысы кейде ф 
дыбысына да ұқсап кетеді". 
Шындығында,     <п>     фонемасының     əлсіз     позициядағы модификациясы   [б]   емес,   яғни   
күшті   позициядағы   <б>-ның қапталамасы емес. Басқаша айтқанда, <п>-ның əлсіз позициядағы дыбыс  
өкілі      ерін      мен      еріннің      нық    тоғысуы      емес,  жуысыңқы  тоғысуы  арқылы  жасалады  да  ішінара 
модификацияға ұшырайды. Сондықтан   бұл   дыбыстық   құбылысты   біз   вариацияға,   яғни фонеманың 
ішінара  модификациялануына  жатқызамыз.  Бұл  жерде  <п>  фонемасының  əлсіз  позициядағы  дыбыстық 
реңкін    шартты  түрде  [в]  таңбасымен  беріп  отырмыз.  Бұдан  орыс  тіліндегі  [в]  дыбысымен  бірдей 
айтылады деген қате қорытынды тумау керек. 
Орыс  тіліндегі  <в>  дыбысы  үстіңгі  күрек  тістің  астыңғы  күрек    ерінмен  нық  тоғысуы  аркылы 
сүзіліп  шықса,  қазақ  тіліндегі  шартты  [в]  екі  еріннің  босаң  тоғысуы  арқылы  сүзіліп  шығуы  арқылы 
жасалады. Қазақ тіліндегі <п> фонемасының дыбыстық парадигмасы: 
  
                                                           [п] [апа]  апа 
                                                           [п
1
] [к
1
 епе
1
]   кепе 
                                                           [п°] [т°оп°ұр°]  топыр 
                                                           [п
01
] [к
01
өп
01
үр
01
]  көпір 
 
 
                                                                                 [в] [алывал] алып ал 
                                                                                 [в
1
 ] [п
1
 іс 
1
ів1 [ ж
1
 ів
1
 ер
1
]   пісіп жібер  
          <п>             
                                                                                [в
0
] [д
0
ов
0
ж
0
оқ
0
]  доп жоқ  
                                                                                [в
01
] [к
01
өв
01
 ж
01
үр
01
]   көп жүр 
 
                                                                                 [ф] [тафсыр] тапсыр, [тафшы] тапшы 
                                                                                 [ф
1
] [т
1
 əф
1
 с
1
 ір
1
] тəпсір, 
                                                                                 [ш
1
 іф
1
 ш
1
 ій
1
 к
1
 і] шіп-шикі 
                                                                                 [Ф
0
] [т
0
 оф
0
 са] топса, [т
0
 оф
0
ш
0
ұ ] топшы 
                                                                                 [ф
01
] [к
01
 өф
01
 с
01
 үн
01
] көпсін   
                                                                                 [к
01
 өф
01
 ш
01
 үк
01
 ] көпшік 
 
Ағылшын тіліндегі [ р] фонемасының аллофондарының саны оның алдында  келген дауыстылар мен одан 
кейін келген дауыстыларға байланысты болады. Біріншіден [ р] фонемасының аллофондары ерін мен 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
54
тілдің қатысуы арқылы өзінен кейін келген дауыстының айтылуына байланысты ажыратылады.  Мысалы,                        
pea – [pi:] 
 
pit – [pit] 
pet – [pet] 
pat – [p æt] 
palm – [pa:m] 
pot – [p
ɔ t]  
paw – [p
ɔ:] 
pun – [ p
ʌn]                                                                                                                     
pool – [p u:l]                                                                                                                            
purr – [pə:] 
pie –   [pai] 
poor – [puə ]                                                                                                                     
Екіншіден,[  р  ]фонемасының  аллофондары  ерін  мен  тілдің  қатысуымен  өзінен  бұрын  тұрған 
дауыстыға байланысты ажыратылады. Мысалы , 
 
leap  -  [ li:p] 
 
step  - [ step] 
 
clap -  [ klæ p] 
 
harp – [ha:p] 
 
thorp – [Ө 
ɔ: p] 
 
stoop – [stu:p] 
 
up – [
ʌ p] 
 chirp 
– 
[
ʧ ə:p] 
 
tape –  [teip] 
 
type – [taip] 
 
hope – [həup] 
Ағылшын тіліндегі  [p] фонемасының дыбыстық парадигмасы: 
 
[ pa:m ] 
 [ 
p
ʌ n  ] 
 
[p] 
[  pai ] 
  

 
ha:p] 
 
 
 
 
[ p´ ei ] 
 
[ p´i l ] 
 
  [p´] 
[  p´e t] 
[p] 
[  p´i: t ] 
 
 
 
 [ 
p° 
ɔ:t ] 
 
[p° ] 
[ p° a u ə] 
 
[ s t u: p° ] 
 
[  p°u t ] 
 
 
 [p°´ 
ə: θ ]               
                                                   [ p°´] 
[p°´ u ə ]                                                                                
 [p°´ 
ə  u p°´]                                          
                                                                                          [
ʧ ə: p°´ ]                                                                               
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
55
 
Ағылшын тіліндегі  фонемасының аллофондары бір бірінен дауыстылар арқылы ерекшеленеді. М., 
[p]  фонемасы  еріндік  жуан  [а]  фонемасымен  келгенде  ол  еріндік    болып  дыбысталады,  езулік [ е ] 
фонемасымен келгенде езулік жіңішке болып дыбысталады. 
Сонымен  біз  қазақ  тіліндегі  [п]  фонемасы  мен  ағылшынның [ р]  фонемаларының  дыбыстық 
қорына  біріншіден,  олардың  конститутивті  вариацияларын,  яғни,  езулік  жуан,езулік  жіңішке,еріндік 
жуан,еріндік  жіңішке  болып  келетін  төрт  əуезді  түрленімдерін,  екіншіден,  олардың  əлсіз  позициядағы 
варианттарын, яғни олардың басқа бір фонеманың күшті позициядағы негізгі реңкіне сəйкес келетін түрін, 
үшіншіден,   фонемаларының əлсіз позициядағы ішінара модификациясын жатқыздық. 
 
 
1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Алматы: Ана тілі, 1992. 
2.Джунисбеков А. Гласные и соласные // Строй казахского языка. - Алматы:       Ғылым ,1991. 
3.Неталиева Х. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. -Алматы: Ғылым,1977. 
4.  Жүсіпұлы  М.  Ахмет  Байтұрсынов  жəне  қазіргі  қазақ  тілі  фонологиясы. -Алматы:  Ғылым, 
1988. 
5.Sokolova M.A. English phonetics.Theoretical course.-M.:,1991. 
6.Баданбекқызы З. Phonetic course.Фонетикалық курс. - Алматы: Дайк - Пресс, 2003. 
                                 
Резюме 
Статья  рассматривает  звуковую  парадигму  казахской  фонемы  [п]  и  звуковую    парадигму 
английской фонемы [p] . 
Summary 
 
The article deals with the sound paradigm of Kazakh phoneme [п] and English phoneme [p]. 
 
 
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРДІҢ ТІЛ МƏДЕНИТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ 
    
Р.Н.Бегалиева -  
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ізденушісі  
 
Қазақ тілі — қазақ республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркəсіп пен техниканың, ғылым мен 
мəдениеттің  жəне  қоғамдық-саяси  өмірдің  барлық  саласын  қамтып  көрсететін  бай  лексикасымен, 
қалыптасқан  жазу  жүйесімен  жəне  əр  түрлі  стильдік  тармақтарымен  (көркем  сөз  стилі,  ғылыми  стиль, 
публицистикалық стиль жəне т.б.) сипатталады. 
Қазіргі таңда қазақ тілінде көптеген газет-журналдар, ғылыми əдебиеттер шығады. Көркем əдеби 
шығармалар  мыңдаған  данамен  басылып,  таратылып  отырады.  Соның  нəтижесінде  қазақ  тілінің 
лексикасы саяси жəне ғылыми-техникалық терминдермен толығып баюда. 
«Қазақстан  Республикасының  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасында»  былай  делінген: 
«Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен 
енгізудің  ауқымды  міндеттері  тұр» /1,6/. Ол  міндеттердің  ең  маңыздысы,  мемлекеттік  тілді    -  үйрету 
болып  саналады.  Осы  ретте  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  сөзін  еске  алған 
дұрыс  деп  есептейміз: «Біз  барша  қазақстандықтарды  біріктірудің  басты  факторлардың  бірі – еліміздің 
Мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан əрі дамытуға күш- жігер жұмсауымыз керек» /2, 3/. 
Бүгінде  мектеп  оқушыларына  ана  тілін - қазақ  тілін - оқыту  ең  қажетті  нəрсе  деп  білеміз. 
Оқушылар  ана  тілінде  мақал-мəтелдерді  үйрену  арқылы  адамгершілікке,  еңбекке,  патриоттық  рухқа  
тəрбиеленеді,  олардың  тіл  байлығы  дамиды,  сөйлеу  мəдениеті  қалыптасады.  Ана  тілінде  жақсы  оқи 
алатын, сөйлей алатын бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы ойды да дəл түсінеді. 
Мектепте  оқытылатын  грамматика,  əдебиеттік  оқу,  тіл  дамыту  сабақтары  біріншіден,  білімін, 
екінші  жағынан,  тəрбиелік  мəнін,  үшіншіден,  баланың  жеке  басындағы  қасиеттерді  дамытып,  олардың 
əлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор үлес қосады. 
Ұстаз  оқушының  тіл  шеберлігін  түсінуіне,  оның  ішкі  иірімдерін  игеруіне  мүмкіншілік  жасауы 
тиіс.  Көркем  шығарманың  образы  мен  идеясының  мəнісін  түсіну,  оны  терең  меңгеру  тіл  арқылы 
орындалады Сондықтан мектепте шығарманың айқындық тілін талдау жұмысы əдебиетіміздің көркемдік 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
56
идеялық-эмоциялық байлығын оқушыларға жеткізе білудің құралы ете білуді талап етеді. Ол туралы М. 
Балақаев: «Тіл  мəдениеті  халқымыздың  жалпы  мəдениетімен  астарлас  дамуға  тиісті  болғандықтан,  бұл 
ғылым саласы алдымен тіл мəдениетінің дəрежесін арттыруды, тілдің қатынас құралы қызметін жетілдіру 
үшін оның күнделікті өмірлік мəселелерін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешіп, жөн сілтеуді көздейді» /3/.  
Қазақ  фольклорының  образдары  жанды  əрі  шынайы  болып  келеді.  Олар  адамға  терең  ой  салып, 
ғибрат  береді.  Фольклор  туындылары  адам  тəрбиесі,  қоғам  мəселелерінен  шет  жырланған  емес.  Оның 
басты айтар ойы - халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа  қамқор, дұшпанға 
берік  бол,  жас  та  болсаң,  елге  ағалық  көрсете  біл,  өмірден  үйрен  де,  өрге,  өнерге  ұмтыл  дейтін  ғибрат. 
Мұның бəрі адам, əсіресе жас үрпақ тəрбиесі үшін аса қажет болған.  
Ел ішінде қолданылатын асыл сөздердің бірі — мақал-мəтел, қанатты сөздер болып келеді. Оның 
айтушылары  да,  тұтынушылары  да  көпшілік.  Мақал — логикалық,  образдық  ойдың  ғажап  табысы, 
тəжірибеден туған философиялық сөздер. Мақалда этикалық, философиялық, ұжымшылдық мазмұн бар, 
мақалдың қорытындыларын халық келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде жеткізіп отырған. 
Мақал-мəтелдер халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Онда ел, халық, Отан, ерлік, өнер-білім, 
еңбек, отбасы, бала тəрбиесі, төрт түлік мал, жан-жануар, ас-азық, ауру-сырқау, дау-шар, жақсылық пен 
жамандық,  адамгершілік  жайында  айтылған  өнегелі  ойлар  өте  көп.  Мəселен  «Туған  жерге  туыңды  тік», 
«Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Ел іші-алтын бесік» мақалдары-күні кеше де, бүгін де елді ерлікке 
шақырып,  елдікке  баулыған  асыл  сөздер.  Халықтың  еңбек,  адамгершілік,  өнер-білім  жайында  айтқан 
мақалдарының бүгінгі мəні де аса елеулі. «Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке», «Еңбегі аздың-өнбегі 
аз», «Ер дəулеті-еңбек», «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» деген мақалдардың мазмұны еңбектің зейнетін айтады. 
Мақал-мəтелдердің  ерекше  қасиеті — көлемінің  шағындығы,  мазмұнының  кеңдігі,  тілінің 
өткірлігі,  мағынасының  тереңдігі  болып  табылады.  Əрі  олар  барлық  халыққа  бірдей  əсерлі,  жалпы 
адамзатқа  ортақ,  көңілге  бөлекше  қонымды,  ұтымды  келеді.  Тегінде  мақал-мəтелдер  қай  халықтың  да, 
жан-дүниесінің, мінез бітімінің, тыныс-тіршілігінің айнасы.Олар сол халықтың сөздік қорының байлығын 
танытумен  бірге,  үлкен  қазына  екенін  білдереді.  Себебі,  қазақ  халқының  мақал-мəтелдерінің  айтары - 
өсиет,  ұлағат,  тəлім,  парасат,  ізгілік.  Мақал-мəтелдер – халық  мұрасы.  Психологиялық-педагогикалық 
мəні  жағынан  қазақ  фольклорының  қайнар  бұлағынан  бастау  алатын  мақал-мəтелдер  тарихи  мағлұмат 
береді. Мақал халық поэзиясының жанрлық түрі, түйінді, ойды білдіретін тура мағынасына орай астарлы 
мағына да бере алатын ықшамды нақыл сөз.  
Мақал-мəтелдер  философиялық  толғанымдарды  да,  күрделі  терең  ойлар  мен  қылдан  нəзік, 
жібектен  биязы,  аяулы  сезімдерді  əсерлі  жеткізетін  көсілмелі  тіл.  Мақал-мəтелдер — ақылыңа    ақыл,  
болашағыңа    дұрыс    бағыт    сілтейтін,  өмірдің    жағымды-жағымсыз    кезеңдерін    танытатын    өнегелі   
өсиет,  айтылған  халықтың ұшан-теңіз  даналығы   сақталған  тəжірибе  елегі. 
Сонымен мақал мен  мəтел  халықтың   тұрмысын,  кəсібін, салтын,  дүниеге  көзқарасын  білдіріп   
бейнелейтін    жанр,  яғни      ауыз    əдебиетінің    бір  саласы.   Ауыз    əдебиетінде      мақал    мен      мəтелдің  
тақырыпқа  байланысты  араласпайтын    жері  жоқ.  Қандай    мақалды   алсақ та,   оның  шығуына   үлкен   
уақиға,  мəнді  əңгіме  себеп  болған. Мақал-мəтелдерді мағынасы жағынан былай жіктеуге болады: 
Р/с 
Тақырыбы 
Мысалдар 
1. 
Ерлікке шақырып, елдік туралы 
«Туған жерге туыңды тік», «Ер елі үшін туады, 
елі үшін өледі», «Ел іші-алтын бесік». 
2. 
Еңбек, адамгершілік, өнер-білім жайында 
«Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке», 
«Еңбегі аздың-өнбегі аз», «Ер дəулеті-еңбек», 
«Күшіңе сенбе, ісіңе сен» «Еріншекке есік те 
асу көрінер, жалқауға бұлт та жүк көрінер», 
«Ырыс алды – ынтымақ». 
3. 
Өнер-білім жөнінде 
«Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы», «Оқу 
түбі-тоқу», «Оқу инемен құдық қазғандай», 
«Оқы да біл» 
4. 
Əйел, ана туралы 
«Дүние ананың жүрегінен жаралған: Əйел бір 
қолымен бесікті тербетеді, бір қолымен əлемді 
тербетеді», 
«Бесігіңе үңілсең - болашағыңды көресің», 
«Анасынан айрылған - өскенше жетім», 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
57
 
    «Жұмақ ананың аяғының астында».  
5. 
Адамның жақсы қасиеттерін дəріптейтін 
мінез-кұлықтары       жайында 
 
  «Жақсының жақсылығын айт -  нұры тасысын
жаманның жамандығын айт құты қашсын», 
    «Жақсының аты қалар», 
    «Жақсының басып кеткен, ізі де ыстық», 
    «Жақсының аты өлмейді», 
      «Алтынды тот баспайды», 
      «Біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы 
дейтін заман өткен», 
       «Жақсы    адамның    артында із қалады, 
жаман адамның артында сөз қалады». 
6. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» «Төртеу түгел болса - төбедегі келеді, алтау ала 
болса, ауыздағы кетеді», «Бергеннің қолы 
жомарт», «Халық қаласа хан - түйесін сояды», 
«Құдайдан қорықпағаннан қорық», «Береке түбі 
— бірлікте». 
Мақал-мəтел – тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні. Халық  аз  сөзге   көп  мағына  сыйдыра  
отырып,   өзінің    өмірінде    көргендерін,  бастан    кешірген    кезеңдерін,   алған      тəжірибелерін      мақал  
арқылы  айтып   береді.  Сондықтан  халқымыз    «Сөздің  көркі  мақал»  деп  жоғары  бағалаған. 
 
1.Қазақстан  Республикасы  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы. -Алматы:  Қазақстан, 
1994.- 40 б. 
2.  Назарбаев  Н.Ə.  Қазақстанның  болашағы – қоғамның  идеялық  бірлігінде //Егемен  Қазақстан.- 
2005. 
3. Балақаев М. Қазақ тілі стилистикасы.-Алматы, 1974.-Б.76-192. 
 
Резюме 
Роль казахских пословиц и поговорок в формировании культуры речи. 
 
Summary 
Role of proverbs in  forming speech culture.    
  
 
ДВУЯЗЫЧНЫЕ АНГЛО-РУССКИЕ СЛОВАРИ ДЛЯ УЧЕБНОГО ПРОЦЕССА 
 
А.Т.Бердибаева - 
соискатель МКТУ ШИ 
 
Язык - это лексическая система, живо реагирующая на все изменения, происходящие в обществе: 
социальные,  политические,  культурные,  технические.  За  последние  несколько  лет  эти  изменения  были 
столь  стремительными,  что  словари  и  справочники,  которые  толкуют  слова  и  их  значения,  быстро 
устаревают, так  как не отражают появления новых слов, изменений значений традиционных и отмирание 
обозначений  устаревающих  понятий.  К  тому  же  использование  в  учебном  процессе  новых  учебников, 
издаваемых в Великобритании, США, Австралии потребовали пересмотра старых словарей и составления 
современного англо-русского словаря с живой лексикой, повседневно употребляемой  в англоговорящем 
мире. 
 –  в  словарь  включены  новые  слова,  появившиеся  в  связи  с  социальными  изменениями  и 
достижениями  в  технической  области  за  последние  несколько  лет  (например camcorder записывающая 
кинокамера; шприц одноразовый disposable syringe); 

 
уточнены  значения  многих    слов:  например,  некоторые  слова,  считавшиеся  устаревшими, 
стали  широко  употребляться  в  современном  языке (bodyguard телохранитель)  или  приобрели  новые 
значения (steamer 1. Пароход; 2. пароварка, кастрюля для варки на пару; 

 
 те  значения,  которые  ранее  считались  менее  важными  и  приводились  в  конце  словарных 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
58
статей, сегодня стали частотными (stock 1. запас, word stock  запас слов; in stock  в наличии (о товарах); out 
of stock  распродано; 2. акции;  в  основном  капитал  заем  stock company  акционерное  общество;  stock 
exchange market  фондовая биржа; 3. бульон  stock cube бульонный кубик); 

 
при  указании  эквивалентов  русских  и  английских  слов  уделено  внимание  особенностям  их 
употребления: пояснения даются в скобках курсивом [на днях – ane of the days (о будущем); the other day, 
lately (о прошлом)]; 

 
в  особо  сложных  случаях  даются  примеры,  иллюстрирующие  употребление  данного  слова  
[such такой] (для усиления прилагательного) - a tall man,  такой высокий мужчина – в английской части 
употреблены новые транскрипционные знаки, принятые в современных словарях и учебниках, издаваемых 
в Великобритании; 
Авторы отбирали  слова из периодики и современной английской литературы, изданной в течение 
двух последних лет, уточняя толкования значений по современным словарям и справочникам, изданным 
как в Великобритании, так и в России. 
В  настоящее  издание  включены,  в  основном,  стилистически  нейтральные  слова  и  наиболее 
употребительные  идиомы  и  фразеологические  сочетания.  Специальная  лексика,  стилистически 
окрашенные слова и терминологическая лексика, в основном, не вошли в настоящий словарь. 
Необходимо  отметить,  что  в  словаре  трактуются  преимущественно  слова,  а  не  их    отдельные 
формы,  поэтому  нужно  применять  все  свои  знания  грамматики  и  вносить  в  предлагаемый  перевод 
некоторые  грамматические  изменения.  Совершенный  и  несовершенный  виды  русских  глаголов,  в 
основном, рассматриваются как формы одного и того же глагола (например; лишать, лишить deprive).  
Настоящий словарь имеет традиционную структуру, благодаря чему им легко пользоваться; слова 
расположены  в  алфавитном  порядке.  В  англо-русской  части  рядом  с  ключевым  словом  приведены 
транскрипция, перевод, значение слова, сочетания и фразы с данным словом в особых случаях – примеры 
его употребления. В русско-английской части за ключевым словом следует его русский эквивалент, слова, 
сочетания, наиболее часто встречающиеся в современным ситуациях. 
В конце словаря  можно найти несколько нетрадиционных приложений. 
Так,  в  таблице  неправильных  глаголов  (Приложение 1) приведены  четыре  формы  неправильных 
глаголов, а не три, как общепринято. Авторы заметили, что четвертая форма глагола зачастую вызывает у 
учащихся затруднения в правописании. 
Интерес также может представлять таблица перевода британских единиц измерения длины, веса, 
объема и метрических единиц – в британские (Приложение 2). Приложение 3 – знаки зодиака, названия 
которых также часто встречаются в периодических изданиях и британских учебниках. 
Настоящий  словарь  был  задуман  как  карманный  вариант  словаря  для  перевода  английских  и 
русских  текстов,  включающий  наиболее  часто  употребляемые  слова,  сочетания  и  выражения.  Учитывая 
подвижность лексической системы языка, приобретение словами новых значений или оттенков некоторые 
словарные  статьи  в  будущем  потребуют  пересмотра,  расширения  и  уточнений.  А  так  же  возможно 
добавление новых слов и исключение устаревших понятий. 
3.Англо-русский и русско английский словарь и грамматика: 20000 слов. –М: Фаир –Пресс. 2000. - 
640 с. –Словари для школьников. 
Англо-русский и русско-английский словрь включает 20 тысяч слов. Насыщенность современной 
активной лексикой, наличие  достаточно полного грамматического справочника, учебный в пользовании 
формат делают его незаменимым помощником для учащихся лицеев, колледжей, средних  школ, а также 
для широкого круга лиц, начинающих изучать английского языка. 
Словарь построен по гнездовой системе; слова расположены в строго алфавитном порядке. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет