Лингвистика. ПСИХОлингвистика. Социолингвистика


КІРМЕ СӨЗДЕР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата31.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#10969
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

КІРМЕ СӨЗДЕР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Ж.Молданова -  
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының оқытушысы 
 
Жоғары оқу орындары студенттерінің түрлі түйсіну, қабылдау, салыстыру, пайымдау, ойлау, есте 
сақтау сияқты психикалық қабілеттері олардың іс-əрекетін орындау барысында қалыптасады. Жоғары оқу 
орындары студенттерінің қазақ тілі сабақтарында өтілген материалдарды меңгеруі жəне қоршаған ортаны 
танып білуінің барлығы олардың ойша немесе практикалық іс-əрекеттерді жүзеге асыруы арқылы жүзеге 
асады. Психолог-ғалым Т.Тəжібаев «Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс-əрекетінің  
басты  белгілерін  атап  өткен  жөн.  Осындай  айрықша  сипаттарының  бірі – адамның  дүниедегі  заттарға, 
құбылыстарға, еңбек объектісіне, оның процесіне назар соғуын зейін қоюы, əр уақыт адам санасына бір 
затқа, құбылысқа, болмысқа бағыт алып» отыруын іс-əрекет деп таниды [1,10].  
Көрнекті  психолог  В.В.Давыдовтың  көз-қарасы  академик  Т.Тəжібаевтың  пікірімен  үндес 
«Деятельность – это практическое  преобразование общества человеком  обьективного мира», - дей келе
адамның қоршаған ортаны танудағы орындайтын практикалық  қимылын іс-əрекет деп қарастырады [2]. 
Психолог  А.А.Люблинская  оқушылар  заттарды    не  құбылыстарды  танып  білуде    белсенді  таным  іс-
əрекеттерді орындамайынша, балалар сол заттар мен құбылыстардың өзіндік ерекшеліктерін меңгермейді 
деп тұжырымдайды: «Кез-келген мазмұнды меңгеру оқушылардың оларға ойша жəне іс-жүзінде сан алуан 
əрекетерді  жасауды  талап  етеді.  Мұғалім  берген  немесе  оқулықтағы  материалдарды  меңгеруде  оқушы 
белсене  жұмыс  істемейінше,  қоғамдық  тəжірибеде  байқалған  білімдер  оқушылардың  санасына  өздігінен 
ене алмайды жəне фотографияға суреттері сияқты оның миында бейнеленіп қала алмайды» [3]. 
Демек,  студенттердің  қатысымдық  құзыреттілігін  қалыптастыруда  оқытушы  оқуға  қызықтырып, 
олардың  оқуға  деген  түрткілерін,  білім  алуға  деген  құлшыныстарын  мақсатты  түрде  бағыттап  отыруы 
керек.  
Психология  ғылымында  іс-əрекетті  үшке  бөледі:  біріншісі,  ойын  іс-əрекеті  (ойын  əрекеті 
балалардың  мектепке  дейінгі  кезеңінде  негізгі  əрекеті  болып  саналады),  екіншісі  оқу  іс-əрекеті  (оқу  іс-
əрекеті балаларды мектепке келген күннен бастап мақсатты түрде қалыптастырылады), үшіншісі, еңбек іс-
əрекеті  (ересек  адамдардың  еңбектенуі).  Бұл  іс-əрекеттер  өзара  тығыз  байланысты.  Жоғары  оқу 
орындарында оқитын студенттердің еңбек жəне оқу іс-əрекеттері қалыптасқан болып есептеледі.  
Психолог  Д.Б.Эльконин  оқу  іс-əрекетін  басқа  іс-əрекеттерден  ерекшеліктерін  былайша 
тұжырымдайды: «Учебная  деятельность - это  общественно  значимая,  обязательная,  общественно-
оцениваемая  деятельность,  и  этим  она  принципиально  отличается  от  всех  тех  деятельностей,  которыми 
раньше  занимался  ребенок  в  дошкольном  учреждений  или  в  семье.  Эта  деятельность,  которая  ставит 
ребенка в совсем новые отношения ко всем окружающим  его людям» [4]. 
Демек,  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің    қатысымдық  құзыреттілігін  қалыптастыру 
барысында  жеке  тұлғалық  танымдық  мұқтаждары  мен  психикалық  қабілеттерін  дамытатын  жетекші  іс-
əрекетті – оқу  іс-əрекетін  қалыптастыру  қажет.  Əрбір  сабақ  барысында  оқу  іс-əрекетін  орындау 
барысында  студенттер  өздеріне  бұрыннан  таныс  емес  заттарды  тануға  əрекеттенеді.  Жоғары  оқу 
орындары студенттері қазақ тілі сабағында ғылым негіздерімен танысып, білімді игеруде түрліше оқу іс-
əрекеттерін  орындай  (тапсырманы  орындау,  дыбыстарды  қайталау  жəне  игеру,  сөздердің  мағыналарын 
түсіну,  сөйлемдерді  орынды  қолдану,  өз  ойын  түсінікті  жеткізу  жəне  т.с.с.)  отырып  өзінің  психикалық 
қабілеттерін  жетілдіреді  .Ескеретін  бір  жайт:  студенттердің  қатысымды  құзыреттілігін  қалыптастыруда 
дұрыс  ұйымдастырылған  сабақтар  ғана  олардың  оқуға  деген  түрткілерін  жетілдіріп,  сол  арқылы  оның 
басқа психикалық таным əрекеттерін дамытады. 
Оқыту - студенттердің білімін, біліктері мен дағдыларын, дүниетанымы мен танымдық мотивтері 
(ықылас,  тілек,  қызығушылық  жəне  т.б.)  мақсатты  дамытатын  іс-əрекеттер  барысы,  жиынтығы.  Оқыту 
үрдісі  екі  жақтан  жүргізіледі,  біріншісі,  студенттерге  білімді  меңгертуде  мұғалімнің  орындайтын  іс-
əрекеттері  болса,  екіншісі,  белгісізді,  жаңа  материалдарды  меңгеруде  студенттің  орындайтын  оқу  іс-
əрекеттерінің  жиынтығынан  тұрады.  Жоғары  оқу  орындары  студенттері  оқу  іс-əрекеттерін  саналы 
орындауға  төселуі - олардың  танымдық  қызығушылықтарын  қанағаттандыруда,  дамытуда  жетекші  рөл 
атқарады. Оқыту үрдісінде студенттердің танымы мен психикалық қабілеттері жан-жақты дамиды. Оқыту 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
65
 
мен  даму  тығыз  байланысты.  Даму  мен  оқыту  үрдісі  арасында  байланыс  туралы  қалыптасқан    үш  түрлі  
көзқарас  бар.  Бірінші,  француз  ғалымы  Ж.Пиаже  концепциясы  ғалымның  көзқарасы  бойынша  даму 
оқытуға  қатысты  емес,  адамдар  генетикалық  ерекшеліктеріне  байланысты  дамиды,  екінші,  американ 
ғалымы Э.Торндайктын пікірі бойынша, оқыту мен даму бірдей, біркелкі жүреді дейді, үшінші, көрнекті 
психолог  Л.С.Выготскийдың  пікірі  бойынша, оқыту  дамудың  алдында  жүруі  керек. Л.С.Выготский  бала 
дамуын кешегі күнгі нəтижеге емес, ертеңгі күнгі нəтижеге қарай оқыту қажет деп есептейді. Осыған орай 
ол ең алғаш рет бала дамуының екі аймағын анықтап, бөліп көрсетеді. «Бірінші аймақ»- бала дамуының 
қазіргі  қол  жеткізген  сатысы,  мұғалімнің  міндеті  осыған  қанағаттанбай, «бала  дамуының  жақын 
аймағына» жетектеу керек дейді. Баланың дамуы екінші «жақын аймақты» меңгеру арқылы жүзеге асады  
[5].  
Жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  қатысымды  құзыреттілігін  кірме  сөздер  арқылы 
қалыптастыруда Л.С.Выготскийдің концепциясы негізге алынды.  
 Таным  процестері  арқылы  студенттер  жаңа  материалдарды  саналы  меңгеруге  талпынады. 
Сондықтан,  жоғары  оқу  орында  оқитын  студенттердің  қатысымды  құзыреттілігін  қалыптастыруда 
студенттердің  танымдық  қабілеттерін  жетілдіруге  ерекше  назар  аудару  керек.  Студенттердің  таным  іс-
əрекеттерін орындау арқылы пəнге, сабаққа мотивтері (қызығушылық, ықылас, тілек) артып, оның түсінігі 
мен дүниетанымы кеңейіп, ойлау қабілеттері жетіледі. Студенттердің таным процесін жетілдіру - олардың 
дамуының алғышарттары. Таным процесі - күрделі процесс.      
Демек,  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  қатысымдық  құзыреттілігі  қалыптастыруда  түрлі 
тапсырмалар  арқылы  студенттердің  танымдық  қабілеттерін  дамытып,  олардың  қазақ  тіліндегі 
дыбыстардың  айтылу,  жазылу  жəне  өзіндік  ерекшеліктері  жөнінде,  дыбыстардан  сөз  құрау,  сөз 
мағыналарын  дұрыс  түсіну,  сөздерді  өзара  тіркестіру  туралы  білімдері  нығайып,  танымдары  кеңейеді. 
Жоғары  оқу  орындары  студенттерінің    сабақта  өтілген  материалдарды  сапалы  меңгеруі  олардың  ерік 
күшімен сезіміне  тікелей байланысты. Сабақта оқытушы  студенттердің  сезімін  дұрыс  бақылап, олардың 
жоғарғы  эмоционалдық    сезімдерін  тəрбиелеу  қажет.  Психолог  Р.С.Немов  жоғарғы  эмоционалдық 
сезімдер ғана адамдарды іс-əрекеттер жасауға түрткі болатынын былайша топшылайды: «Высшие эмоции 
человека - это мотивы поведения, т.е. они способны побуждать и направлять человека стимулировать его 
совершать  определенные  действия  и  поступки» [6,30]. Ол  дегені,  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің 
қатысымды  құзыреттілігін  қалыптастыруда  түрлі-түсті,  ашық  бояулармен  салынған  көрнекі  құралдар, 
түрлі  аудио  жəне  видиотаспалар,  сабақта  қолданылған  қызықты  тапсырмалар  ізгілікті  еткен  мұғалім 
сөздері  студенттердің  эмоционалдық  жай  күйіне  оң  əсер  етеді.  Сондықтан  кірме  сөздермен  танысу 
кезеңіндегі  студенттердің  танымдық  қабілеттерінің  жан-жақты  дамуына  оқытушының  əсері  ерекше. 
Студенттердің  қатысымды  құзыреттілігін  қалыптастыру  сабақтарында  студенттердің  ерік  күшін  белгілі 
бір проблеманы шешуге бағыттап отыру қажет. Жоғары оқу орындары студенттері ерік күштері арқылы 
қиын тапсырманы шешеді, қиындықты жеңеді.  
Ғалым  А.Е.Əбілқасымова  оқушылар  ерік  күштері  арқылы  танымдық  əрекеттерді  жүзеге 
асыратыны  жөнінде  былайша  топшылайды: «Таным-əрекет  түрлерінің  бірі  болғандықтан  таным 
барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным əрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына 
елеулі дəрежеде деп жорамалдауға болады» [7,30]. Демек, жоғары оқу орындары студенттерінің ерік күші 
алдына қойған мақсатқа жетуге деген тілегі мен құндылықты жеңуге деген талпынысынан, ықыласынан 
туындап, олардың  танымдық  қажеттіліктерін өтейді.  Мұғалім  жоғары  оқу орындары студенттерінің ерік 
күшін  олардың  қатысымды  құзыреттілігін  қалыптастыруға  арналған  қазақ  тілі  сабақтарында  мақсатты 
түрде жетілдіріп отыруы керек. Мысалы, сабақта кірме сөздерді дұрыс айта алмайтын немесе ол сөздердің 
мағынасын  дұрыс  түсінбейтін  студенттермен  қайта-қайта  қайталау  жұмыстарын  жүргізіп,  кірме  сөздер 
сөздіктерден  сөздердің  мағынасын  анықтауда  тапсырма  бере  отырып,  олардың  мақсатқа  жетемін  деген 
ерік  күшін  қалыптастырады.  Студенттерге  тапсырманы  орындауға  қатысымды  құзыреттілігін 
қалыптастыруда  олардың  танымдық  қызығушылықтарын  дамытуда  сөздің,  сөйлеудің  орны  ерекше. 
Студенттер сабақта өзара сөйлесуі, бір нəрсе жайында оқытушыдан немесе группаласынан сұрау арқылы 
өзінің  танымдық  қажеттіліктерін  өтейді.  Сондықтан,  студенттің  тілі  оның  ойлау  қабілетіне,  жеке  тұлға 
болып қалыптасуына əсер етуде жетекші рөл атқарады:  
  -  сөз  затты,  оның  белгісін,  қалпын,  əрекетін,  байланысын  білдіре  отырып,  оларды  «көрінетін» 
етеді. Сөзбен бейнеленген жинақталған сипатқа ие заттар мен олардың қасиеттері туралы мұндай сезімдік 
сигнал  таным  объектісі  бола  тұра,  жаңа  жағдайларда,  арнайы  оқып-үйренбей-ақ, «сол  орнында  тез 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
66
танылады»; 
     -  кез-келген  сөз  жинақтаушы  мəнге  ие  болғандықтан,  студенттер  анық  қабылдаған  заттарын 
белгілі бір категорияға жатқыза алады;  
      - табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар да сөзбен беріледі; 
     -  «қажет» «жəне» «болмайды»  деген  сөздерде  ересектердің  бала  тəртібіне,  мінез  құлық 
ережесіне  қойылатын  негізгі  талаптары  білдірілген.  Бұл  ережелерді  бала  меңгере  отырып,  оларды  өз 
бетінше əр түрлі жағдайларда қолданады, соған сəйкес əрекет жасап үйренеді; 
      -  сөз  əрекеттің  мағынасын  білдіреді.  Сөзбен  өзінің  қайғы-қасіреттерін,  бастан  өткізген 
сезімдерін, өзінің бір нəрсеге қатыстылығын білдіреді; 
        - ақыл-ой əрекетін бағыттайтын сұрақ қойылып сөзбен міндет жүктеледі; 
        - адамда іс жүзінде ең алдымен заттармен өзара əрекетте жəне адамдар мен қарым-қатынаста, 
өз  күшін  байқау  формасында  сана-сезім  дамиды.  Алайда  адам  əрекеттің  субъектісі  екендігін  тек  сөз 
арқылы түсінеді; 
        -  сөйлеуді  меңгере  отырып,  студент  басқа  адамдармен  араласуды,  оларды  түсінуді,  оларға 
əсер етуді үйренеді [1, 74-76]. 
    Демек, тіл арқылы студент өзінің қоғамның бір бөлшегі, қоғамға қатысты екендігін сезінеді. Бұл 
студенттің психологиялық дамуына – оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. 
  Жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  қатысымды  құзыреттілігін  қалыптастыруда  алдымен 
олардың  жоғары  психикалық  функцияланын,  яғни  конвергетті  (салыстыру,  талдау,  абстракциялау, 
жалпылау,  нақтылау,  қорытындылау,  шешім  шығару)  ойлау  қабілеттерін  қалыптастыру  қажет.  Мұның 
барлығы  студенттердің  логикалық  ойларын  жетілдіреді.  Ал,  студенттердің  инветгентті  (интуиция, 
рефлекция, инсайт) секілді продуктивті ойлау қабілеттері мен есте сақтау, зейін, қиялдарын жетілдіруде 
кірме  сөздерді  оқытуға  негізделген  тапсырмалар  беру  қажет.  Ойлау  салыстыру,  талдау,  абстракциялау, 
жалпылау,  нақтылау,  қорытындылау,  шешім  шығару,  актілерінен  тұрады.  Студент  сыртқы  жəне  ішкі 
түйсіктер  арқылы  қатысымды  құзыреттілігін  қалыптастыру  тапсырмаларында  сөздердің  мағыналардың 
өзіндік  ерекшеліктерін  түйсінеді,  сөздер  мен  сөйлемдердің  айтылу  жəне  жазылу  айырмашылықтары 
туралы  мағлұматтарды  қабылдайды,  кейінірек  осы  мағлұматтарды  талдау  жəне  жинақтау  ойлау 
операциялары  арқылы  игерген  білімін  пайымдайды.  Студенттер  топтастыру,  қорыту,  жалпылау  ой 
операциялары көмегімен меңгерген білімнің негізгі белгілері туралы ой қорытады. 
 
1.Тəжібаев Т. Жалпы психология.-  Алматы: Қазақ университеті, 1989. -406 б.  
2.Давыдов  В.В.  Содержание  и  структура  учебной  деятельности  школьников. – М.:  Педагогика. 
1964. с. 
3.Люблинская  А.А.  Формирование  нравственной  позиции  начинается  в  детстве //Начальная 
школа. - 1962.- №11. 
4. Эльконин Д. Б. Психология обучения младшего школьника.-  М.: Знание, 1974.-64 с. 
5.Выготский Л.С. Мышление и речь //Избранные психологические исследования. - М.: Изд-во АПН 
РСФСР, 1956. - 619 с. 
6.Немов Р.С.Психология.- М.: Просвещение, 1995.-239 с. 
7.Əбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру.-  Алматы: Білім, 
1994.- 192 б. 
 
 
Резюме 
Психологические  основы  формирования  коммуникативной  компетенции  студентов  средствами 
заимствованных слов.  
Summary 
Psychological bases of forming communication abilities of students by means of taken words.  
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
67
 
КӨРКЕМ   АУДАРМАНЫҢ   АСЫЛ  БАСТАУЫ 
 
Л.Юсупова - 
 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ізденушісі 
 
 Қазақ халқының сөз өнеріндегі көркем аударма тарихының алғашқы бетін Ыбырай Алтынсарин 
ашты. Оның аударған еңбектері бұрын қолжазба ретінде өзі ұйымдастырған мектептерде оқылып, белгілі 
бір  аймақтарда  ауыздан  ауызға  тарап  келгенін  есептемегенде, 1879 жылы  шыққан  «Киргизская 
хрестоматиясында» алғашқы рет баспаға басылды. Содан бері ол күллі қазақ халқының игілігіне қызмет 
етіп  келеді.  Əсіресе,  төңкерістен  кейін  Алтынсарин  шығармалары  шын  мəнісінде  бағаланып,  халыққа 
кеңінен тарай бастады. 
 Алтынсарин  аударылатын  шығармаларды,  ең  алдымен,  өзінің  педагогтік-тəрбиешілік 
көзқарасының тұрғысынан іріктеген. 
 Міне,  осы  айтылғандардан-ақ  Алтынсариннің  аудармаға  нендей  мақсатпен  кіріскенін  жəне 
аударылатын шығармаларды таңдап алуға қандай жолмен келгенін айқын көруге болады. Ол аударманы 
өзінің ағартушылық қызметін жүзеге асырудың үлкен құралы деп білді жəне құрал етіп жұмсай алды да. 
 Осы  мақсатпен  ол  өз  заманындағы  мəдени  дəрежесі  əлі  төмен,  дүние  тану  өрісі  əлі  тар  қазақ 
оқушыларының жағдайын ескере отырып, солардың игеріп кетуіне лайықты нəрселерді теріп алды. Солай 
ете  отырып,  олөзжұртының  қабілеттілігіне,  орыстың  тілі  мен  мəдениетін  жəне  барлық  ғылымды  тез 
меңгеріп кете алатынына, оның бүкіл болашағына қатты сенді. Сол жалпы білім мен пайдалы өнерге жету 
жолы орыстың тілін біліп, мəдениетін игеруге деп түсінді ол. Сөйтті де өз халқына орыстың тілін оқытып, 
ғылымын үйретуге кірісті. Орыс əдебиетінің туындыларынан шығармалар аударып, оларды өз халқының 
мүлкіне айналдыру Алтынсарин үшін үлкен мəні бар мəселе еді. 
 Алтынсариннің  аударғандары,  негізінен  алғанда  Л.Н.  Толстойдың,  И.А.  Крыловтың,  К.Д. 
Ушинскийдің,  И.М.  Паульсонның  шығармалары.  Бұлардың  өзінен  ол,  жоғарыда  айтылғандай,  өзінің 
ағартушылық  идеясына  сай  келетін,  орыс  тілін  жаңадан  үйрене  бастаған,  ғылымның  алғашқы  сатысына 
енді ғана аяқ басқалы отырған қазақ балаларының оқуына лайықты келетін шығармаларды іріктеп алды. 
 Алтынсарин  аудармада  түпнұсқаның  сөзбе-сөз  жолдарын  қумай,  еркін  болғандығы  жоғарыда 
айтылды. Кейде ол бір шығарманың өзіне ұнаған белгілі бір жерлерін ғана алады да, басқасын тастап та 
жүре  береді.  Осының  өзінен  біз  Алтынсариннің  аудармаға,  ең  алдымен,  өзінің  ағартушылық,  педагогтік 
идеяларының тұрғысынан келіп отырғанын көреміз. 
 Ы.Алтынсарин  аудармаларының  көбі  осылай  келеді.  Ол  түпнұсқаның  шеңберінде  қысылып 
қалмайды,  оның  идеясын,  сюжетін  алды  да,  өзінше,  өз  оқушыларының  жағдайына  қарай,  тартымды    да 
көркем  əңгіме  құрады.  Мұның  бəрінде,  ең  алдымен,  оның  ағартушылық  мүддесі  бой  көрсетіп  отырады. 
Жəне  ол  өзінің  шəкірттері  мен  кітап  оқушыларының  жағдайын  ешуақытта  естен  шығармайды, 
жазғандарының қалай да соларға түсінікті болу жағын көздейді. 
 Сонымен  қатар,  Алтынсариннің  аудармада  түпнұсқаны  неғұрлым  толық  сақтап,  оның  көркемдік 
үлгісін  де,  сюжеттік  желісін  де  айнытпай  келтіріп  отыратын  кездері  бар.  Мəселен,  бұған  «Данышпан 
қазы» («Праведный  судья»), «Жамандыққа  жақсылық» («Вазирь  Абдул»)  дегендерін  тағы  басқа  көп 
аудармаларын жатқызуға болады. Əрине, бұлардың өзін дəл аударма дегенде біз бұл ұғымның нақ қазіргі 
шеңберіне толық үйлесімді деп отырғанымыз жоқ. Қазіргі кездегі «дəл аударма» дегеннің шегі мен оған 
қойылатын талаптар кейінгі тарауларда өз алдында сөз болады. 
 «Данышпан  қазының» («Праведный  судья»)  аудармасы  түпнұсқаға  өте  жақын.  Оның  көп  жері 
сөзбе-сөз де келіп отырады. Сондықтан кейде мұнда, аударма тəжірибесінде көп ұшырайтын түпнұсқаның 
əсері де, тікелей сөзбе-сөздікке соғып кетушілік те жоқ емес. 
 Осы  уақытқа  дейін  аудармашыларға  кездесіп  отыратын  қиыншылықтар  Алтынсариннің  да 
басынан  өтті.  Олар,  ең  алдымен,  аударылатын  шығармада  суреттелген  өмір  жағдайларының 
өзгешеліктеріне  байланысты  қиыншылықтар.  Басқа  тілдің  туындысы  басқа  елдің  өзіне  тəн  өмір 
көріністерін,  аударылатын  тілге  жат,  соны  қарым-қатынастар  мен  əдет-ғұрыптарды  бейнелейді.  Міне 
соларды  жеткізуде,  аударылатын  тіл  қаншама  бай  болса  да,  аудармашы  қаншалық  шебер  болса  да, 
түпнұсқадағы тілдің өзіне ғана тəн кейбір ерекшеліктерін жеткізуге келгенде, белгілі бір қиыншылықтарға 
соқпай  өте  алмайды.  Бұлар:  əр  тілдің  өзіне  тəн  өзгешеліктері,  тұрақты  сөз  тіркесі,  идеомалары, 
аударылатын тілде əлі баламасы жоқ жеке атаулар, тағысын тағылар. 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
68
 Алтынсарин  бұл  қиыншылықтардың  көбін  дұрыс  жəне  шебер  шешіп  отырған.  Ол  өз  ана  тілінің 
бар  мүмкіншілігін  жете  пайдаланады.  Одан  қалса,  қарым-қатынас  жасап  араласып  жатқан  көршілес 
халықтардың сөздерін де, ыңғайы келген жерде, еркін пайдаланып отырады. Сонымен қатар, орыстың да 
кейбір сөздерін батыл енгізіп, түпнұсқаны неғұрлым дұрыс жеткізуге тырысады. 
 Алтынсариннің  еңбегі  өзінің  күткен  жемісін  берді.  Ол  осы  уақытқа  дейін  бүкіл  қазақ  халқының 
кəдесіне  жарап,  ұрпақтан  ұрпаққа  асыл  мұра  боп  ауысып  келеді.  Сонымен  бірге,  Алтынсариннің  бұл 
салған жолы соңғы ұрпақтар үшін үлкен дəстүрге айналды. Кейін қазақтың əр кезеңдерде шыққан белгілі 
ағартушылары  (Спандияр  Көбеев,  Бекет  Өтетілеуов,  Тайыр  Жомартбаев  жəне  т.б.)  өздерінің 
ағартушылық-педагогтік  қызметтерінде  аударманы  құрал  етіп,  орыс  мəдениетінің  үлгілерін,  оның 
прогресшіл  ой-пікірін  қазақ  халқына  жеткізіп  отыруда,  Ыбырайдың  үлгісімен,  аударманы  үлкен  құрал 
етті.  Алтынсарин-өзінің  аудармашылық  қайраткерлігімен  қазақ  даласына  мысал  жанрының  да  алғашқы 
жыл құсын жеткізген адам. 
 Қазақ  əдебиетінің  тарихында  Абай  шығармаларының  алатын  орны  белгілі.  Ол  -біздің 
əдебиетіміздің  асқар  шыңы,  көркем  сөз  дүниесінің  аса  аяулы  мүлкі.  Абайдың  қазақ  халқына  мəңгі-бақи 
тұтынатын  көркемдік  жасау  етіп  қалдырып  кеткен  асыл  мұраларының  ішінде  аударма  да  үлкен  орын 
алады.  Ол  орыстың  Крылов,  Пушкин, Лермонтов  сияқты  ұлы  жазушыларының  шығармаларын аударды. 
Аудара  отырып  олардан  рухани  нəр  алады,  өлең  жазудың  шеберлігін,  сөз  саптаудың,  ойды  бейнелеп 
айтудың  асқақ  та  нəзік  үлгілерін  үйренді  дейтін  болса,  солардың  бəрінің  де  арғы  негізінде  орыс 
поэзиясының, атап айтқанда, аударма өнерінің ықпалы жатыр. Ол аударманы орыс тілінің өзін үйренудің 
де  құралы  етті.  Орыстың  ұлы  ақындарының  шығармаларын  аудара  отырып,  орыс  тілінің  ішкі  сырына, 
музыкасына,  оның  түрлену,  түлеу,  жаңару  жүйелеріне  қанықты,  сөйтіп  оны  өз  творчествосында  да 
қолдана білді. 
 Бұдан  кейінгі  дəуірде  қазақтың  төл  əдебиеті  де,  аударма  əдебиеті  де  кəдімгідей  жанданып,  өз 
əлінше қозғала бастайды. Бұл тұстағы азды-көп баспасөз туындыларының беттерінен біз қазақ халқының 
санасы  ояна  бастағанын,  əдебиетті,  мəдениетті  дамытуға , ана  тілінің  тазалығын  сақтауға  талпынған  игі 
əрекеттерді  көреміз.  Бұған  ең  алдымен  себеп  болған 1905-1907 жылдардағы  Ресейдегі  болып  өткен 
буржуазиялық-демократиялық революция еді. Оның қозғаушы, оятушы əсері сол кездегі Қазақстан сияқты 
артта  қалған  ұлттық  аймақтарға  да  тимей  қалған  жоқ.  Осының  арқасында  қазақ  тілінде  біраз  газеттер, 
журналдар шыға бастады, кітаптар бастыруға да едəуір жол ашылды. Осылардың бəрі қазақ əдебиеті мен 
қазақ  тілінің  аздап  та  болса  дамуына  біраз  жағдай  жасайды.  Көркем  аударма  да  олармен  қатар  дамып, 
ілгерілей түседі. 
Шəкəрім  Құдайбердіұлының  аудармалары  Абайдың  басқа  əдебиеттердің  рухани  байлығын  өте-
мөте орыстың гуманистік идея негізіндегі прогресшіл үлгілі əдебиетін шығармашылықпен игеруінің, яғни 
ұлы ақын дəстүрінің игі жалғасы іспетті.Сондықтан Шəкəрім шығармашылығын XIX ғасыр мен XX ғасыр 
басындағы  əдеби  байланыс  контексінде  қарастыра  отырып,  ақынның  орыс  əдебиетімен  тікелей  қарым-
қатынасын атап өткен жөн,өйткені бұл байланыс оның шығармашылығында ерекше айқындалды. 
 
Резюме 
Статья посвящена проблемам художественного перевода в казахской литературе. 
 
Summary 
The article is devoted to the problems of literary translation in the Kazakh literature 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
69
 
Ə Д Е Б И Е Т Т А Н У 
 
АЙТЫС ӨНЕРІНДЕГІ ДƏСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ                            
                                                                                                  
  Қ.Д.Асанов - 
филол.ғ.к, доцент,                                                                                                  
                         Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
                                
Көрнекті  ғалым,  əдебиет  зерттеушісі  Ш.Елеукенов  «Дəуір  жəне  дəстүр»  атты  мақаласында 
Октябрь  революциясының  арқасында  қазақ  халқының  тұрмысы  мен  ой  санасында  қайта  жаңғыру, 
түбегейлі өзгеріс процесінің болғанын, бұл өзгерістердің əдебиетке үлкен əсер етіп, көркем творчестваның 
алуан  түрінің  жаңадан  қаулап  өсуіне  ықпалын  тигізгендігін  айтады.  Осылай  деп  пікір  білдірген  ғалым 
дəстүр  мен  жаңашылдық  туралы  ойларын  былайша  түйіндейді: «Дəстүр  мен  жаңашылдық  проблемасы 
тарихи тұрғыдан таразылануға тиіс. Əрбір əдеби кезеңнің (бұрынғылармен салыстырғанда) тек өзіне тəн 
кескін-келбеті, өзінің толғақты мəселесі мен тақырып аясы болмақ» [1-56] 
Ғалымның  бұл  пікірі  қазақ  прозасына  байланысты  айтылғанымен,  кеңестік  дəуірдегі  халық 
шығармашылығына  да  қатысты  тұстары  көп.  Əсіресе,  айтыс  өнерде  «жаңашылдық»  элементтері  тіптен, 
асыра қолданып, халықтың ғасырлар бойғы таным-түйсігі мен əдет-ғұрпын да тасада қалдырды.  
1957  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Созақ,  Шаян  аудандарының  атынан  айтысқа  түскен 
Насыр  Жарымбетов  пен  Қалмақан  Анарбековтың  арасындағы  сөз  сайысы  барысында  жоғарыда 
келтірілген дəстүр мен жаңашылдық сипаттарының біраз элементтерін байқауға болады. Айтыстың жалпы 
мазмұны сол уақыттағы əлеуметтік мəселелерді қамтиды.   
Колхоз  шаруашылығының  жетістік-кемшіліктерін  нақты  деректер  арқылы  көрсете  отырып,  қос 
ақында бір-бірін біраз сынға алады. Сондай-ақ айтыста моральдық-тəрбиелік мəселелер де қозғалады.  
 
Қалмахан: «...Насыр-ау, ұғып алғын жəне-дағы, 
 
 
 
Кластан-класқа өтпей қалып қойды 
 
 
 
Ауданның екі жүздей балалары 
 
 
 
Осындай жан төзбейтін кемшілікке, 
 
 
 
Қолданған бар ма басшы шаралары? 
 
 
 
Мен айтсам ауданыңда болып жатыр, 
 
 
 
Қалдығы ескіліктің санадағы. 
 
 
 
Жылқыбай деген жігіт өткен жылы 
 
 
 
Қыз ұрлап қанша жерді аралады? 
 
 
 
Он бесте Шəке қызы көнбеген соң, 
 
 
 
Сол үшін есіңде ме сабағаны...» [2-337] 
Бұл  айтыста  «қыз  алып  қашу», «көкпар  тарту»  сияқты  ұлт  дəстүрінде  бұрыннан  бар  ұғымдарға 
ескіліктің қалдығы ретінде, қарсы пікірлер айтылады. Насыр ақын өз кезегінде осы мəселені мін ретінде 
жырлайды:  
 
«Жас та болса азғырып ап қашады, 
 
Жақындап қыздар барса шеттеріңе. 
Кетпепті ескілікті əдет-ғұрып,  
Əдейі айттым бүгін беттеріңе» [3-338] 
«Ескілікті əдетті» сынауда Қалмақан ақын да қарап қалмайды: 
 «..Бидайың талай тонна суда қалып,  
 
Көгеріп шіріпті ғой ақырында. 
 
Бұл кезде көп адамың көкпар шауып,  
 
Бой ұрған ескі əдеттің салтына да...» [3-338] 
Ұлт ұғымында əдет-салт, дəстүр ретінде қалыптасқан осындай көріністерге ескіліктің сарқыншағы 
ретінде  қараған  ақындар  сол  заманның  «жаңа»  ғұрыптарын  шабыттана  жырлайды.  Жайлауы  төрт  түлік 
малмен жарасым тапқан қазаққа бесінші түлік шошқа өсірудің өзі зор мақтанышқа айналып шыға келген. 
Насыр: «Сегіз мың жылқымыз бар өрістегі, 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
70
 
       
          Өлеңім оны айтпасам келіспеді. 
   
 
          Майда жал, күміс құйрық кілең тұлпар, 
                   
 
Жел ескен сағым қуып желістері. 
                    
 
Шілдеде сазына бір бие байлап, 
                    
 
Сапырып сары қымызын ел ішкенді. 
                     
 
Баладай екі өркеші-шөл кемесі- 
                      
Түйем де басқа малдан кем түспеді. 
                        Шошқаны біздің аудан мол өсіріп, 
                        Жағдайын жануардың тегіс білді» [3-239] 
Ақынның  жылқы  мен  түйені  жырлауы  сөз  жоқ  дала  қазағының  төрт  түлікке  деген  теңдессіз 
сүйіспеншілігін,  құрметін  көрсететін  ұғымдар.  Ал  ақынның  осы  жырдағы  шошқа  өсіруге  байланысты 
айтылған соңғы екі жолын жоғарыда айтқан дəстүрге қосақталған замана жаңалығы немесе ақын ойының 
идеология  құрсауынан  шыға  алмауы  деп  қана  түсінуге  болады.  Бұл  үшін  от  ауызды,  орақ  тілді  өз 
заманының  жырын  жырлаған  Насыр  ақынды  жазғырудың  еш  қажеті  жоқ.  Ол  уақыттағы  айтыс 
ақындарына  қойылған  талап  немесе  саяси  бағыт  тек  коммунистік  идеологияны  насихаттау  болды.  Бұл 
ұғымның ақындар санасына қаншалықты берік орныққанын сол заманның жыршысы Қостанайлық Назиқа 
ақынның сөзімен дəлелдесек жеткілікті. 
                                  
«…Самғадым мен де асқар өр қияға, 
                                        Қоспаққа тамшы үлес дариға. 
                                        Ақындар жырымыздың ең асылын
                                        Арнайық  Коммунистік партияға» [3-352] 
1950 жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанда агроэкономикалық реформа жүргізілгені 
белгілі. Тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқаны Қазақстанда жаппай қызу қарқынмен іске асырылды. 
Тың  игеру  науқаны  Қазақ  халқын  тек  экономикалық  тұрғыдан  емес,  саяси-əлеуметтік  тұрғыдан  да  көп 
өзгерістерге  ұшыратты.  Ішкі  Ресейден  көшіп  келген  тың  игерушілер  легі  тұрғылықты  халықтың  рухани 
құндылықтары:тілі  мен  дəстүріне,  діні  мен  мəдениетіне  де  айтарлықтай  əсер  етті.  Ұлт  тілінің  аясы 
тарылып,  орыс  тілі  күнделікті  өмірде  үстемдікке  ие  болды.  Бұл  үрдіс  оқу-ағарту,  мəдениет,  əдебиет 
сияқты  қоғамның  негізгі  тетіктеріне  дендеп  енгені  соншалық,  бас  аяғы  оншақты  жылдың  ішінде 
орыстандыру  саясаты  өз  жемісін  бере  бастады.  Коммунистік  идеологияның  жалынды  жаршысына 
айналған  айтыс  ақындары  назарынан  бұл  көріністер  де      тыс  қалған  жоқ.  Қызылорда  облысының 
ақындары  Тілеген  Шапашев  пен  Сейтқасым  Сейтенов  арасында  өткен  айтыстан  осы  жайттарды  анық 
байқауға болады. 
 
Тілеген: «...Күмбірлеп канал толы суы аққан, 
               Аңызға кетіп жатыр атыз жақтан. 
                  
     Жаңартып қу даланы торғынменен 
                         Колхозшы ел табысымен рахат тапқан. 
                         Аймағым бүгін тегіс күлімдейді, 
                         Жүзінен реніш ізі білінбейді . 
                         Алтын дəн аялаған кең алқапта, 
                        Жер кемесі комбайын гүрілдейді...» [3-355] 
Ақын  Тілеген  Шапашев  жырлаған  бұл  тақырып,  сол  кездегі  Целиноград  облысы  Ақмола-
Шортанды аудандарының атынан айтысқа түскен Есен Игенбаев пен Сапар Сайдалин арасында өткен сөз 
қағысуда, зор қуаныш үлгісінде, шабыттана жырланады. 
 
Сапар: «Миллиард! 
                  
Симап еді бұрын ойға, 
                  
Миллиард, 
                   
Қабылдап тұр бүгін қойма! 
                   Ұшырсақ ең бірінші жер серігін 
                   Бұл жеңіс, тек қана шақ біздің бойға. 
                   Жалынды жігер құйған жүрегіме, 
                    Жеткізген ойға алған тілегіме. 
                    Данышпан ұлы Ленин партиясы, 
                    Бұл үшін міндеттіміз бір өзіңе…» [3-294] 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Филология ғылымдары» сериясы, № 4 (30), 2009 ж. 
 
 
71
 
Мемлекет  қоймасына  миллиард  пұт  астық  құйылғандығы  сол  уақыттағы  аса  маңызды  игілікті 
шара екендігін ақын шабыттана жырлайды. Совет еңбекшілерінің бұл жеңісі сөз жоқ зор табыс. Тек осы 
жыр  жолдарында  кездесетін  «Ұшырсақ  ең  бірінші  жер  серігін,  Бұл  жеңіс,  тек  қана  шақ  біздің  бойға» - 
деген  сөздер  əрбір  совет  адамының  санасына  сіңген  «меңмендік»  пен    «даңқ-құмарлық»  сезімдерді 
көрсетіп тұрғандай əсер береді. Қоғамдық дамудың қай саласында болмасын «Американы артқа тастау» 
принципі  Совет  идеологиясының  басты  мақсатына  айналғанын  осыдан-ақ  байқауға  болады.  Кеңес 
дəуіріндегі  публицистердің  мақсат-міндеті  туралы  «Журналистика  шеберлігінің  негізін»  зерттеуші 
В.М.Горохов былай деп пікір білдіреді: «Публицист, принимая политическую идею как личности мотив 
творческой  деятельности, становится пропагандистом коллективно выработанной партийной программы. 
При  этом  он  стремится  выразить  общественную  потребность  в  яркой  неповторимой,  индивидуально 
окрашенной форме.» [4-13] 
Ғалымның  бұл  пікірі  сол  кездегі  бір  орталықтан  бастау  алған  партиялық  нұсқаудың  нəтижесін 
айғақтап  тұрған  тұжырым.  Жалғыз  журналист - публицистерге  ғана  емес  бұл  міндет  насихат  құралы 
ретінде қызмет істейтін барлық шығармашылық ұжымдарға қатысты шығарылған.  
Сол  кездегі  айтыс  ақындары  санасына  да  бұл  қағидалар  əбден  сіңісті  болғандығын  жоғарыда 
келтірілген айтыс жырларынан аңғаруға болады. 
Бұл күндері, төрт түлік мал өсірген қазаққа шұрайлы өріс, жайлы қоныс болған жерді тың игеру 
деген  желеумен  асты-үстін  төңкеріп  жыртып  тастау,  солақай  саясаттың  кесірі  деп  пікір  айтып  жатамыз. 
Бəлкім  солай  болған  да  шығар.  Бірақ  əрбір  тарихи  оқиға  өз  уақытына,  қоғамына  қызмет  етеді.  Ал,  сол 
уақытта  өмір  сүрген  адамдар  қоғамның  үніне,  əрекетіне,  идеологиясына  тəуелді  болатыны  табиғи 
заңдылық.  Мысалы,  қазақ  қоғамында  болып  жатқан  сол  көріністі  Қостанайлық  ақын  Өтей  Қалиев  неге 
бұлай жырлаған деп кінə қоюға бола ма?! 
Тың  игеру  науқанын  қызу  қолдап,  сырттан  көшіп  келушілерді  «жан  ашыр», «көмекші»  ретінде 
құшақ жая қарсы алу сол кездегі қазақ ұғымына жат болып көрінбегенімен, бұл мəселенің үлкен «игілікті» 
шараға  айналуына  сөз  жоқ  идеологияның  ықпалы  зор  болды.  Кіші  халықтарды  толық  отарлау  саясатын 
Кеңестік  империя  өте  сəтті  іске  асыра  білді.  Совет  Одағында  жүргізілген  экономикалық  реформалар 
түптеп  келгенде,  аз  ұлттарды  отарлау  саясатына  жұмыс  істеді. «Бақытты  болашақ», «жарқын  өмір» 
идеялары халық санасын мүлдем баурап, тұмшалап тастады. Сол уақыттың «жарқын көрінісі», халықтың 
таным-түйсігі  əдебиет  пен  өнерде,  баспасөзде,  айтыс  жырларында  ерекше  көрініс  тапты.  Мысалы,  ақын 
Өтей Қалиев: 
                        «…Тың туы тігілгенде Күншығыстан, 
                              Аттанды жас түлектер əрбір тұстан. 
                              Жан ашыр көмекшілер көптеп келді, 
                              Ұлы Орыс, Украйна, Белорустан. 
                               Еселеп өрісімді кеңейтті тың, 
                               Боп кетті бұрын меңіреу дала ың-жың. 
                               Бір жылғы үкіметке берген астық: 
                               Пұт болды жиырма миллион жеті жүз мың…» [3-497] 
Кеңес дəуірі орнаған жылдардан кейінгі өткізілген ақындар айтысының публицистикаға тəн тағы 
бір ерекшелігі жырдың нақты  деректерге құрылуымен қатар, цифрлы мəліметтердің жиі қолданылуы дер 
едік. Қазан төңкерісіне дейінгі немесе ХІХ-ғасырдағы айтыс жырларында бұл жағдай топшалау, əсірелеу 
тұрғысында  көрініс  тапса,  Кеңес  заманындағы  айтыстарда  цифрлы  мəліметтерді  сөйлету  ақын 
шеберлігінің бір қыры ретінде қолданыла бастады. 
Жоғарыда  келтірілген  Өтей  Қалиев  жырындағы  «Бір  жылға  үкіметке  берген  астық:  Пұт  болды 
жиырма  миллион  жеті  жүз  мың...»  деген  жолдар  сол  жылдардағы  Қостанай  облысының  егін 
шаруашылығының жылдық көрсеткішін айғақтайтын нақты мəлімет екендігін көрсетіп тұр. Сəттіғұл мен 
Құмар айтысында, Сəттіғұл: 
 
 
 
 
«…Малығып шыға алмассың айтсам теріп, 
 
 
 
 
Мың отыз төрт басты мал төліменен, 
 
 
 
 
Кешегі октябрьде қалған кеміп...» [3-125] 
Орынбай мен Əлібек айтысында, Əлібек: 
 
 
 
 
«…Осыдан бес жыл бұрын өзің айтқан, 
 
 
 
 
Мал-басым жуық еді он бес мыңға. 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 4 (30), 2009 г. 
 
 
72
                                        Төрт жүзде жетпіс бес мың малым қазір, 
                                        Ореке, өтірік жоқ тұрсаң шынға…» [3-131] 
Нартай мен Қазанқаптың айтысында,Қазанқап: 
 
 
 
 
«…Отыз гектар күріші жарымы ұшқан, 
                                         Аңғармапсың салынып жайдақ жырға. 
                                         Сексен гектар тарысы құрғап кеткен, 
                                         Сыр қасында тұрса да зар боп суға…» [3-141] 
Гүлжамал мен Қуаныш айтысында,Қуаныш: 
                                             «…Он екі гектар күріш, үш гектар мақта, 
                                             Қорықсыз білесің бе шығыныңды? 
                                             Мың екі жүз жиырма бес центнер кем 
                                             Алынған аңлап па едің балығыңды…» [3-170] 
Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін өткізілген ақындар айтысынан мұндай цифрлы мəліметтерді 
жиі  ұшыратуға  болады.  Мұның  негізгі  себебін  айтыс  жырларының  басты  тақырыбы,  өнеркəсіп,  өндіріс, 
ауыл  шаруашылығы  жəне  осы  салаларға  қатысты  əлеуметтік-тұрмыстық  мəселелердің  көкейкесті 
проблема ретінде қарастырылуынан деп түсінген жөн. Соғыс жылдарынан кейінгі əлсіреп, тұралап қалған 
ел  экономикасын  қалпына  келтіру  сол  кездегі  мемлекет  саясатының  басты  бағыттарының  бірі  болды. 
Еңбекші  халықтың  күш  жігерін  осы  бағытқа  жұмылдыру  коммунистік  идеологияның  негізгі  міндетіне 
айналды.  Айтыс  ақындарының  сол  кездегі  ауыл-шаруашылығы,  өнеркəсіп-өндіріс  орындарында  болып 
жатқан жетістік-кемшіліктерді көзбен көріп, қолмен ұстағандай нақты, деректермен жырлауларының өзін 
қоғам қажеттілігінен туындап отырған құбылыс деп түсінген жөн. 
 
 
1. Елеукенов Ш. Замандас парасаты.- Алматы: Жазушы, 1977.- 56 б.   
2. Қазақ журналистикасы. І том. – Алматы: Таймас, 2008. - 337 б.  
3. Айтыс. ІІІ том.  – Алматы: Жазушы, 1966.- 338 б.   
4. Қирабаев С.Ұлт тəуелсіздігі жəне əдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001.- 13б. 
 
Резюме 
Статья  посвящена  проблемам  традиций  и  новаторства  в  импровизаторском  искусстве  казахов – 
айтыс. 
Summary 
The article is devoted to the problems of traditions and innovations in improvisation of Kazakh people’s 
art – aitys. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет