Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет21/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Х.С. КАРИПЖАНОВА
Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және 
жаңа технологиялар колледжінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, 
Г.Ж. САГАНДЫКОВА 
кітапхана меңгерушісі


№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
16
ТІЛ МӘДЕНИЕТІ
Шария Нұрғалиқызы КОСКЕЛБАЕВА
Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейдің
Аса ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы
Тіл – жанды құбылыс. 
Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норма-
ны сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл 
ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, 
сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін 
асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу 
тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы са-
тысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр. Осы 
кезеңді мұғалім дұрыс қалыптастыруы тиіс деп білемін.
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. 
Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз 
ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік 
қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, 
айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойла-
рымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны 
ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-
сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы 
зор болды.
Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу 
ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамы-
тып, жетілдіруде аса маңызды қызмет атқарады. Сөз ойлы 
да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына 
жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің 
оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн «ақыл-
ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан. Ал, 
«сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары ақыл мәдениетіне же-
туге болмайды» дейді Б. Теплов. 
Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі – 
шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: 
«…аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойлан-
бай сөйлесең, опық жейсің…», ал мексика халықтарында 
«сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, 
қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал 
болсын» делінген. 
Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын
жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойын-
даудан туған жауапкершілік.
Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?
Сөйлеу 
әдебі 
– 
тіл 
практикасының 
ұлттық, 
өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер 
әңгімелесушімен сыпайы, биязы байланыс жасауға (байланы-
сты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тара-
пынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі 
арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары 
ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, 
танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы 
болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, 
қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші 
ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін 
түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ор-
тасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады.
Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. 
Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті 
не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым ба-
сты орында болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста 
сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл 
арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға 
деген құрмет, қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де 
сөз жұмсалым арқылы беріледі. Тіл барлық заттар мен 
құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. 
Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ адамдық 
қарым-қатынастан туған адами сыпайылықты да айқын 
көрсетеді.
Сыпайылық – әңгімеге қатысушылардың тілдік прак-
тикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; 
мысалы Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауа-
зымын, атағын (мысалы, доктор, профессор, ұстаз), қазіргі 
кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін ха-
ным, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне 
қосқан үлесін көрсететін (мысалы, әдебиеттің ақсақалы) шы-
найы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында 
қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады.
Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, 
жалпы өз елімізде сирек сақталады. Көптеген оқушылар 
ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, 
тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім 
жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады. Сондықтан да бірінші 
мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын сөйлеу сапаларын 
әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: 
мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, 
мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.
Оқушының тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Әдеби кітапты оқымауы;
а) Ортаның әсері, оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл не-
месе басқа тілдің әсер етеді; 
ә) Көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл); 
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы
(оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушының тіліндегі кемшілік 
(сақаулық, быдықтық, т.б.)
Сөйлей білу – өнер. Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, 
жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеру-
ге болады.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді 
және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес 
оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік 
мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен 
әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, 
жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны.
Әлеуметтік мәртебе – құқықтарын, міндеттерін және 
мінез-құлықтың өзара алмасу кезегін қамтитын, қоғамның 
әлеуметтік құрылымындағы жеке адамның орны, жағдайы.
Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге 
келген сәтінен белгіленген тәуелсіз, туғаннан сақталатын 
мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни 
индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. 
Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда 
аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір 
тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі не-
месе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, 
қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып та-
былады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, 
профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір 
адам әр түрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы 
мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары 
үшін – әке, ал өзінің анасы үшін ол – ұлы болады. Бірақ сол 
мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын 
негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет