Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет20/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
Казақ тіді 5-6- 2022 Дұрыс 1000

№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
15
ҚАРТТАРЫМ – 
АЯУЛЫ ЖАНДАРЫМ
Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа 
технологиялар колледжінің студенттік парламент 
мүшелері ұстаздардың жетекшілігімен Текелі қаласында 
орналасқан «Шапағат» қарттар үйіне барып, ондағы 
қариялардың хал-ахуалын біліп, қолғабыс тигізіп, 
көңілдерін сергітіп қайтуды дәстүрге айналдырған оқу 
орындарының бірі. Осы жолы да осындай мақсатпен 
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карип-
жанова Хафиза Советқызының ұйымдастыруымен 
құрылған ұстаздар тобы мен білім алушылар ондағы 
ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар құшақ жая 
қарсы алды.
Үлкенге құрмет көрсету, сыйлау қазақ халқының 
қанына сіңген асыл қасиет екені айғақ. Қарттар 
үйінің тұрмыс-тіршіліктері, өмірі ешкімді бейжай 
қалтырмайтыны белгілі. Бүгінгі таңда қарттар үйінде 
326 қария тұрады екен. Ақиқатын айту керек, бізді 
қаншалықты жылы қарсы алғаныменен өмір бақи 
еңбек етіп, енді соның зейнетін көріп, бала-шағаның 
қамқорлығына бөленеміз бе деген үмітпен ғұмыр кешкен 
қариялардың енді ешкімге керексіз болып қалғандығы 
мұңды да, жабырқау тартқан жүздерінен тайға таңба 
басқандай білініп тұрды. Амал қанша, әр түрлі тағдыр 
тәлкегімен олар бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр бо-
луда. Бұл орайда мұнда тұрып жатқандардың тең жарты-
сынан астамы өзіміздің қара көз қазақтарымыз екендігі 
қынжылтты. Мұндай көңілге кірбің түсіретін келеңсіз 
жағдайға қоғам ба, әлде барған сайын қатыгез болып бара 
жатқан адамдар кінәлі ма деген сауал көкейімізден көпке 
дейін кетпеді. Әрине, мұнда қарттар үйінде қариялардың
алаңсыз ғұмыр сүрулеріне мемлекет тарапынан барлық 
жағдайлар жасалған. Карттар үйінің іші таза, әрі қазіргі 
заман үлгідегі жиһаздармен жабдықталған. Төрт мезгіл 
ыстық тамақ беріліп, медициналық қызмет көрсетіліп 
тұрады екен. Әйтсе де, қариялар үйіндегі қызметкерлер 
өзгелерге масыл болғысы келмегендерді қаншалықты 
аялы алақанына салып, қамқорлықтарын жасағанымен 
олардың балаларының, немерелерінің, туыстарының 
орнын толтыра алмасы түсінікті. Қариялардың қай-
қайсына болсын психологиялық жағынан бұл жер 
ауыр екендігін түсінген, білім алушылар оларға көңілді 
әндер шырқап, би билеп, өлеңдер оқыды. Бір сәт бол-
сын қарттардың көңілдері сергітіп, ортаға шығып
жас кездерін естеріне түсіртіп би билетіп, қосылып ән 
шырқады. 
Колледждің кітапхана меңгерушісі Сагандыкова 
Гульзира Жумагелдіқызы «Көп жасаған қария, ақылы 
теңіз дария» акциясын ұйымдастырды. Еліміздің тыныш 
өмір сүруіне, өркендеуіне үлес қосқан алдыңғы буын 
өкілдерінің өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа үлгі болсын 
деген ниетпен ұйымдастырған іс-шара қариялардың 
көңілінен шықты. Кітапхана тарапынан журналдар мен 
көркем әдебиеттер сыйға тартылды. 
Сонымен қатар, білім алушылар қарттар үйінің 
төңірегін жапырақтардан тазалап, қолғабыс тигізді.
Олармен бірге колледж оқытушылары Б. Катпин және 
Ж. Сағымбекова сенбілікке белсенділікпен қатысты.
Қарттар үйінің әкімшілік және басқа қызметкерлері
іс-шараны ұйымдастырушыларға риза болды. Айталық, 
қарттар үйі директорының орынбасары Маджито-
ва Ильмира Расимовна, ұзақ жылдар бойы қарттар 
үйінде тұрып жатқан Ержан Буханов, Лутошкина 
Людмила Игнатевна және тағы басқалар колледждің 
педагогикалық ұжымына алғыстарын айтып, студент-
терге мамандықтарын терең меңгеріп, ел үшін қызмет 
етуге, дарын-таланттарын дамытуға тілек білдірді. 
Алдағы уақытта да қарттар жиі келіп, байланыс жасап 
тұруларын өтінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет