№5-6/2022 Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
23
ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР Жұлдыз КӘДІР №65 ЖББОМ-тің қазақ тілі пәні мұғалімі,
Ақтөбе қаласы
Сынып: 5.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі.
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мінез-құлықтары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.О5. - Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. Мәтін
мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған
сұрақтар құрастыру.
5.ӘТН 3. - Лексикалық норма: Тура және ауыспалы
мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним,
синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтар құрастырады.
Омоним, антоним, синонимдерді қолданады.
Көптеген оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінеді, ақпаратты анықтауға бағытталған
сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним, синонимдерді
ерекшеліктеріне сай қолданады.
Кейбір оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға
бағытталған сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним,
синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.
Бағалау критерийлері Оқылым мақсаты бойынша:
- мәтін мазмұнын түсінеді;
- нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақ-тар
құрастыра алады.
Әдеби тілдік норма бойынша:
- мәтіннен омоним, антоним, синонимдерді анық-тайды;
- омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерек-
шеліктеріне сай қолданады.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым арқылы ақпарат қабылдайды.
Жоспар Сабақтың басы (7 минут)
Қызығушылығын ояту кезеңі
«Жылы лебіз» тренингі арқылы психологиялық ахуал
қалыптастыру.
Жануарлардың біз білмейтін мінез-құлықтары бейнемате-
риалын көріп алайық.
https://youtu.be/tMF6iiPp5J0
Оқылым мәтіні бойынша тапсырмалар: «Түлкі мен қырғауыл» ертегісі оқылып, тыңдалады.