ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ «ҚАЗАҚ СОЛДАТЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ
Ибрагимов Д.Р. - Қазақ тілі мен әдебиеті БББ магистранты
Ғылыми жетекшісі: PhD Мынбаева А. П.
ОАИУ
Резюме. В данной статье рассматривается дружба народов и патриотизм в романе Габита Мусирепова «Казахский солдат».
Summary. This article examines the friendship of peoples and patriotism in Gabit Musirepov's novel "Kazakh Soldier".
Сұрапыл соғыс бітпей жатып соғыс тақырыбында қалам тарту жазушының азаматтық борышын орындауы еді .Бұл романда суреттелген тарихи шындық, бас кейіпкердің басынан кешкеноқиға мен соғыс суреті (Керчьтегі т.б.) кейбір кейіпкердің негізі болғаны шығарманың шыншыл сипатын айқындай түседі.
Көрнекті жазушы Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романы қазақ әдебиетіндегі әскери тақырыпқа жазылған алғашқы шығармалардың бірі екендігі белгілі.
Шығарманың бас кейіпкері өмірде болған Адам. Ол – Керчь, майданындағы көзге түскен барлаушы, Қайрош Сарталиевтің прототипі Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов.
Жазушы Қайырғалиды батыр деп айтады. Бірақ соның өзінде тарихи шындықтан аспаған.Ол ел басына қатерлі шақта жанын аямай батыр атанған,халықтың өз ішінен шыққан азамат.
Қазақ әдебиетіндегі озық туындылардың бірі «Қазақ солдаты» романының жазылуына себеп болған оқиғалар қандай, жазушы мен батыр қалай кездесті, жазушы ізденісі қалай, қай салада жүрді, Ұлы Отан соғысы тақырыбына көлемді шығарма жазар алдында қаламгер өзіне қандай шығармашылық мақсат қойды деген және Ғ. Мүсірепов болашақ шығармасына қатысты жинақтаған шекізаты, суреткерлік тәжірибесі, жазушы шеберханасының құпия сырлары туралы көкейімізде жүрген сұрауларға біз филология ғылымының кандидаты Амантай Ақайұлы мен филология ғылымының докторы, профессор Қадыр Жүсіптің мақалаларынан жауап ала аламыз.
Жазушының өз шығармасының шынайы шыншылдығына ерекше мән бергеніне бас қаһарман Қайырғали Смағұловтың уәдесі күә.(«-Әуелі келісіп алайық; сіз ешнәрсені жасырмайсыз, мен ешнәрсе қоспаймын. –Жоқ, сіз ешнәрсе қоспаңыз, мен ешнәрсені жасырмаймын... Уәдеміз осы болды...»)
«Қазақ солдаты» романы жазушы Ғабит Мүсіреповтің ой-жоспарымен де, жазылу тарихымен де қызғылықты жайларға толы көркем туынды. Осы романды жазу барысында қаламгер түрлі шығармашылық көңіл-күйді бастан өткізген. Автор бұл шығарманы жазуда көп ізденген, ұзақ уақыт екшелген, сұрыпталған очерк, повестің жемісі «Қазақ солдатының» ойға оралуынан көңілде пісіп-жетіліп, жазылып бітуіне дейін өзіндік ерекшелігі, өзгеше тосын сыры бар Бұл шығарма суреткердің соғыс шындығын, Қ.Смағұлов өмірін жан-жақты зерттеп, терең білгенін мейлінше айқын көрсетеді.
Қайырғали Смағұловтың қалайша кітап кейіпкері болғанын білу үшін филология ғылымының докторы, профессор Қадыр Жүсіптің «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Қ. Смағұлов: «Мен қалай кітап кейіпкері болдым» атты мақаласынан үзінді беруді жөн көрдім: «Кеңес Одағының Батыры Қайырғали(Константин) Смағұлов – жерлесім. Атырау облысының Қайыршақты ауылында туған. Батыр ағамен талай кездестім. Қайрекең сондай қарапайым адам еді [2.85].
Аға сіз Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының бас кейіпкері Қайроштың прототипі қалай болдыңыз? Ғабит аға дәл сізді неге қалады? Прототип жасау үшін қазақтың басқа да батырлары немесе солдаттары жетпейтін бе еді? Ұлы жазушының көзі неге сізге түсті?-дедім бірде мен оған.
1943 жылдың күз айларында Новороссийск қаласын алғанбыз. Содан кейінгі Элтиген биіктігіндегі шайқас, Керчь түбіндегі майдан мені Совет Одағының Батыры деген атаққа ие етті .Әсіресе, Керчь түбіндегі жау орталығын алуда ерлік істері үшін ротаның барлық адамдары орден – медальдарға ие болд . Рота ішіндегі он адамға батыр атағы берілгенеді, олар мыналар болатын: капитар Андрей Мирошник, лейтенант Анатолий Кокорин, лейтенант Николай Топольников, старшина Иван Тулев, старшина Павел Поправка, сержант Қайырғали (Константин) Смағұлов, кіші сержант Василий Толстов, старшина Василий Фурсов, старшина Самед Абдуллаев, қатардағы солдат Владимир Эсебуа.
Майдандағы аяқ-қолымнан алған жарақаттарымды емдетіп, госпитальдан аман-есен шыққаннан кейін бұйрық бойынша Батыр атағын алған адамдар майданға жіберілмей, бір ай демалыс беріліп, елдеріне аттандырылуы тиіс болғандықтан,мен де Алматыға жол тарттым. Бір айлық демалыстың мақсаты - туған жерлеріне барған Батыр елде кездесулер өткізіп, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге ат салысады.
Тіпті шешен болып кеттім. Көңіл түкпірінде, ой - қалтарысында тығылып қалғандарды шығардым. Ғабең, менің жаңа қырларымды ашқанда терең сырлы ой көзімен үңіле қарады. Менің балалық, жастық, шәкірттік, солдаттық, майдан сырларын көз алдына елестетіп, менімен бірге жүргендей болды ма дедім. Сәл қашықтау отыр еді, жаныма жақындай түсті.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық тәжірибесіне зер салсак, болашақ шығармасына қажетті өмір материалдарын іздестіру мен жинау жолы түрліше екенін байқар едік. Жазушы «Қазақ батыры» повесін, «Қазақ солдаты» романын жазу барысында өз кейіпкерін Атырауға (Гурьевке) іздеп барып, Қайырғалимен кездесіп, кейін Алматыға шақырып алып әңгімелескен. Өзін толғандырған, көңілін мазалаған сұрақтарына жауап алған. Қайырғалидың айтқан әрбір әңгімесін зердесіне тоқып кейіпкерінің ойлау, сөйлеу мәнерін, азаматтық болмысын, мінез-ерекшелігін жан-жақты зерттеп, естіген әңгімесін ойда, көңілде, шығармашылық жұысында қорытып, әбден жетілдіріп барып, шығарма желісін содан кейін анықтаған.
Сөйтіп, романды жазу барысында кейіпкерлерін қайтадан сомдады, шығарма оқиғасын нақты өмірлік шындыққа құрып, кейбір нанымсыз тұстарын көркемдік шындық шеңберінде ойша жалғады. Өмірде көп сөйлемейтін бір тоға Қайырғалидың мінез-қасиетін байқағаннан кейін оның мейлінше еркін сөйлеуіне жағдай туғызып, көлденең сұрақ қойып та отырған. Осы айтылған жайларға қарағанда, Ғ.Мүсірепов өзіне қажетгі өмірлік материалдарды осылайша жинастырып кәдесіне жаратқан.
Ғабит Мүсірепов Қайырғали айтқан естелік әңгімелердің бәрін бірдей шығармада пайдаланбаған. Жазушы естіп-білгендерін сол күйінде қағазға түсіре салмай, көркемдік талап тұрғысынан өткізіп, содан кейін таңдап алған. Материалдарды терең де мұқият зерттеген ол өзінің суреткерлік шеберлігінде олардың логикалық жағынан керекті деп тапқан мәліметтерді ғана пайдаланғаны байқалады. Романдағы оқиғалардың басым көпшілігі Қайырғалидың өз өмірінен алынып, суреттелген. Жаңа шығармасын жазу тұсындағы іздену жұмысының бір қырын автор былайша көрсетеді: «Менің жазудан гөрі ізденуге, әлденелердің себебін ашуға, оқиға түйіншектерінің табиғи құбылыстарының шешімін жорамалдауға уақытым көбірек кетеді. Мысалы: «Қазақ солдатын» жазудан бұрын Шолоховтық «Олар Отан үшін алысты» деген романын аудара бастадым.. Эренбургтың, Полевойдың, Ванда Василевскаяның, Б. Бұлқышевтің , тағы басқа авторлардың соңғы соғыс кезінде жазғандарын аудардым. Бауыржан Момышұлының он күндік лекциясын тыңдадым. Мәлікпен бір жеті кездестім. «Қазақ солдатының» бас геройы - Қайрош Сарталиевпен екі жеті отырдым.
Осының бәрі жазушы Мүсіреповтің жазу дағдысы мен шығармашылық шеберханасы туралы сыр айтады. «Қазақ солдаты» романын жазамын деген ой-жоспар жазушыда бұрын болмаған. Ал мұның өзі тақырып табиғатынан, арнайы нұсқау тапсырма, кездесу әсерінен туындаған. Арнайы нұсқау тапсырма әсері дегенде айтарымыз мынау: «Батыр атағын алғаннан кейін Қайырғали туған жерге демалысқа келеді. Оны Алматы қаласында бір топ үкімет басшылары қарсы алады. Олардың ішінде сол кездегі үкімет басшыларының бірі Ж.Шаяхметов, Т.Тәжібаев, Ғ.Мүсірепов болады. Кездесу барысында Ж.Шаяхметов Ғабит Мүсіреповке Қайырғали Смағүұлов туралы шығарма жазуды тапсырады.
Сонымен бірге қаламгерге бұл идеяның тууына әсер еткен жағдайлардың ең бастыларының бірі сол тұстағы газет материалдары еді.
Атап айтқанда, 1944 жылғы 1 сәуірде Атырау (Гурьев) облыстық «Социалды қүрылыс» газетінде «Ер есімін ел сақтар, ел сенімін ер ақтар» деген айдармен Кеқес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов туралы көлемді материал жарияланған. Бұл материалдарда жергілікті авторлар Б. Қорқытовтың «Үстем болсын мерейің» және Ж.. Оспановтың «Батырға» деген өлеңдерімен бірге газеттің меншікті тілшісі О. Әжіғалиевтің «Батырдың туған жерінде» деген очеркі басылған. Айтылған материалдарда Қайырғалидың ерлік, адамгершілік қасиеттері баяндалады. Осыдан былайғы «Социалды құрылыс» газетінің 5-7-8 сәуірдегі сандарында Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың қаласында жерлестерімен болған ресми кездесулері жайлы материалдар үзбей жарияланып тұрған.
Ал осы «Социалды құрылыс» газетінің 9-сәуірдегі санында Қайырғалидың суретімен бірге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 17 қарашадағы Указы жарияланған.
1944 жылғы 9 сәуірдегі санында «Казахстанская правда» газеті де топтама материал берген екен.
Газет беттершіндегі осынау бір батыр адам туралы жазылған сан алуан материалдар жазушы Ғабит Мүсіреповті қатты қызықтырады. Жазушы шығармашылығындағы соғыс тақырыбы, Қ. Смағүлов ерлігі туралы деректер осылай бастау алған. Ал шын бетбұрыс Қайырғалидың елге демалысқа келген кездесуімен басталады. Жазушы Гурьевке іздеп барып Қайырғалимен үш күн әңгімелеседі. Кейін соғыс аяқталғаннан кейін де бінеше рет кездесіп дидарласады.
Бір ай демалысым бітіп , майданға қайта аттандым.
Майданнан аман- есен оралғанша Ғабит ағаны көрген жоқпын менің майданнан аман келген хабарымды естіген соң, 1945 жылы шыққан «Қазақ батыры» деген шағын кітапты маған сәлемдеме ретінде беріп жіберген екен. Ол кітап баспадан шығысымен республикаға таралып, біздің облыста да даңқы жер жарыпты..
.Кітап дүниеге келгенде астанаға жеттім, ұлан-ғайыр той болды. Бір оңаша қалған сәтте Ғабең: «Қайырғали, сен енді менің әдебиеттегі де, өмірдегі де ұлымсың »,- демесі бар ма?!...
Ғабит- аға, мен – іні. Ғабит – қазақтың ұлы жазушысы, мен - әдеби перзенті. Ғабит аға мәңгі тірі! Аруағыңнан айналайын–ай, ешқашан өлмейді ғой, өлмейді!
Өзі танысқан даңқты батыр адамның ерлік істерін басқалар да білсін, оқысын деген ниетпен осы шығарманы жазуды алдына мақсат етіп қояды.
Осылайша көрнекті сөз зергері Қайырғали өміріндегі шындықтың бәрін түгел айтпаса да, ең керекті-ау, қажетті дегендерін оқырман алдына жайып салған.
«Қазақ солдаты» романының басты кейіпкері Қайрош Сарталиев десек, оның негізінде нақтылы өмір шындығы жатыр. Өйткені Қайроштың прототипі - Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағүлов.
Қайырғали 1919 жылғы 24 ақпанда Гурьев облысының Қайыршақты 24 ауыл кеңесінде, қазіргі «Теңдік» колхозында дүниеге келген. Анасы 14 құрсақ көтерген екен. Соның қазіргі көзі тірісі осы - Қайырғали. Армия қатарына 1939 жылы алынады. Солдаттық өмір жолын Самара (Куйбышев) қаласында бастап, фин соғысына қатысып, 1941 жылы майдандық жолын Ростов қаласында жалғастырып, Кавказ, Новороссийск, Керчьті азат етуге қатысқан. 1943 жылы 17 қарашада Батыр атағын алған. Қазір Атырау қаласында тұрады.
Ғ.Мүсірепов өмірдегі Қайырғалиды повеске, романға сол күйінде көшіре салмаған. Өмірдегі Қайырғали мен шығармадағы Қайырғали арасында ұқсастыкпен қатар айырмашылықтар да баршылық.. Ал повестегі Қайрош пен романдағы Қайрош арасында да өзгешелік, бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері айқын аңғарылады. Қаламгер алғашқы шығармасында ашылмаған Қайрош мүмкіндігін романда әр қырынан аша, толықтыра түскен. Сондай-ақ повестен белгілі образдың бұрынғы қасиет ерекшеліктерімен шектеліп, қанағаттанып қалмай, сол образ логикасына орайлас көріністер қосқан. Автор романда Қайрошты типтендіріп, біртұтас тұлға жасауға көп көңіл бөлген. Қайрошты жазушы өмірдегі қалыпты, көзтаныс жағдайдан бөліп алып, идеясына орай, тосын жағдайға қойып суреттейді. Кейіпкерлерін керемет ғажайып жағдайларға кезіктіреді. Солай болғанмен де автор дәстүрлі повестегі жолдан шығып кете алмаған. Көне сүрлеу мен жаңа іс қатар жүріп отырады. Кейінгі жөндеуінде автор қосымша детальдар мен көріністер арқылы Қайрошты шынайы көрсетпек болған. Жазушы романда Қайрошты бірден батыр боп туғандай етіп көрсетпеген, қайта сол уақыттың өзінде ержүрек болып қалыптасуын табиғи уақытқа сай берген.
Пайдаланылған әдебиеттер
С. Жұмабеков. Ғабит Мүсірепов. – Алматы, 1989. - 120 б.
Ғ. Мүсірепов туралы естеліктер. Құрастырған: Сұлтан Оразалы. –Алматы, 2007. – 416 б.
М. Бекбергенов. Ғ. Мүсіреповтің прозасы. – Алматы, 1990.
Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. – Алматы, 2002. – 455 б.
М. Қаратаев, Т. Нұртазин, С. Қирабаев, Қазақ совет әдебиеті. Алматы, 1968. – 492 б.
С. Қирабаев. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2003. 224 б.
ӘОЖ 821О-512
Достарыңызбен бөлісу: |