Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
«НУ, СЕРОВНО...»

Өктемдіктің қаны миына теуіп тұрған, сөзі аздап 

қойыртпақ, сұп-сұйық сырдаң, өзі қара шалдың баласы, 

бірақ бір ауданның басшысы, жоқ шығар оған таласың. 

Ата-тегіңді білмейсің, бұл қалпыңмен қайда барасың деп 

өзге айта алмас, бірақ қара шал ылғи да ақылға шақырғысы 

келеді. Ұлдың есімі – Тасқар, орысшасы – Толя. Кейде 

әкесінің алдында сызданып қалатыны бар-тын. Онысы 

бірдеме айтады деп күтуі. Оған да шүкір. Сосын тыңдайды, 

сөзді ұғынбай қалады да: «Отец, ну шорту» деп бірдемені 

қызғанып қалады. Қария түкірігіне шашалып тұрғандай 

баласына қарайды да, «Шаш ал десе, бас алып, ісіңді 

қойыртпақ қып жүрсің-ау, ел тірлігіңді жақсы атамайды» 


350

деп кіжініп қалады. Қалтырады, әлі кетті, ашу қысты, 

күбірлеп қана әндетті:

– Таңдайлы көйлек кигені, төре ме еді, би ме еді. 

Таңдайы тұрған тақылдап, өзге тілде сақылдап, текедейін 

бақылдап, әмірі күшті Құдайға тұрғандай-ақ жақындап, 

дүбірлейді алқындап, жүрегі мұздай салқындап, жаным-

ды шығаруға қалдың-ау, балам, жақындап, өзгелердің 

мазағы тірідей көрге салды тақымдап. Құлақ асшы сөзіме, 

көлгірсімей тіке қарашы көзіме. Сені қара шаңырағыма 

тұтқаға теңеген обал да жоқ өзіме. Үш жұртын білмеген, 

тегін түсінбей туысын жүндеген, сенің жексұрын қы-

лығыңнан мен байғұс күнде өлем», – деп жұқарды Нұртан. 

«Жеті атасын білген ұлы жеті жұрттың қамын жер» деуі 

дала заңы ғой. 

– Ну, что?! – деп Тасқар тұрды теңселіп, – Хорош, ста-

рик кетсе өліп. Е, мендегі қазақи қалып, ну что, көкірек 

тұрады жанып. Нерв мешает етеді, қазақша сөзді ауыз-

дан қағып. Ну, что?! – деп мәңгүрт күбірледі. Қарияның 

құлағы сөзінің жобасын ұқпай күңгірледі. Тарамдап алып 

сақалын, кердеңге туралады мақалын:

– Атадан азып туған шығарсың, өкінішіңді кешең 

ұғарсың, жігіттің өз жұрты бар бауырымдап тұратын, 

кейбірі қызғаншақ болса маңдайыңнан сақ еткізіп ұратын, 

түрмеге апарып тығатын, қайын жұртың бар, басқан ізіңді, 

қимылыңды зерттеп мініскердей сынап тұратын. Ең абза-

лы, нағашы жұртың, тентегіңді тезіне салып, құлағыңды 

бұрап қоятын. Кісілігіңді тәртіптейтін ақылыңды оятып. 

Көк долыдан туған көгіс әйелің болды, әке-шешеңнің 

көзін көкшиткен әлегің болды. Ит неме, өзіңе тірлікте не 

құнды? Елде жүр дейді пәленшеден туған бір жынды, соны 

естіп назарым сынды, көкірегім мұңды. 

– Нешауа, собака боп кетпейміз. Қазақ тілін эконом-

дап ептейміз. Родняны маңдайынан теппейміз. Фамилиям 

казакский, қалай шеттейміз? Ну, серовно, қаржы ұрлап 

заграницаға өтпейміз. 

Қарт кемсеңдеп қабағын кіржитті, алдында тұр бір 

мықты. Ұлының сойқандығын ұқты. Ала көзімен қарап 

жырлап шықты. 

– Белсендім-ай, белсенді, депутат деп қалай саған ел 

сенді? Көрпеңе қарап көсіле алмай түсіріп тұрсың еңсемді. 


351

Дүбәра болған жарығым, кешіре алмайтын қатемді енді-

енді өзім таныдым. Бас десе, құлақ дейтін алашұбар 

сөзіңнен қарт денем сонша теңселді. Ел ойсыз оспадарды 

өсірді деп күлгенін көргенімше, тірідей көрге көмсе еді. 

Тегін білмеген тексіз дейді, ақпақұлақ, тыңдап ал, көрі 

жуық өледі шал. «Әке, бел бала, немере, шөбере, шөпшек, 

немене, жүрежат» деген қазақ. Мұның бәрі туысың, ырыс 

қашса да туыс қашпайтын ырысың, сыбайласа кетсең 

тынысың. 

Тасқар тулады, тебінді, әкесіне дайындап қойған 

кебінді. Әке аманатын түсінбей, басқаға бөліп көңілді. 

«Ну, старик, трудный слова, ондайды ми қабылдап ұға ма, 

сам виноват орысша оқы деген. Казакшаға басым даң-дұң 

болет будет». 

Қартта ақыл көп, өз кінәсына өзі шыдаған. Ұл бере көр 

деп Құдайдан сұраған, он нәрестесін жерлеп көзі аққанша 

жылаған. Осы кезде қорбаңдап Иван келді, мастығы та-

рап, есін жиған келді. Тасқардың осы атасы, сөзінің жоқ 

қатасы. «Орыс тарихын білмейтін күйеу баламбысың, адам 

екеніңді ұқпайтын наданбысың?» деп тиісті. Кеше екеуі 

бір жартының арағын бөліп ішіп бетінен сүйісті. Бүгін бас 

жазылмады, үлкенді-кішісі жөн-ау кейісі. Беделдімін деп 

шіренесің, мұрныңмен көкті тірегендей болсаң да пыш-

тай етеміз. Қызым, сенің әйелің қисық қарады, оң жамба-

сымен жатпады деп долданып жатыр. Міне, шатақ, шаң 

боп ұшады, әйел сотқа жүгінсе жиған-терген атақ. Әйел – 

тұсау, аяғыңды қояр матап. Иван атасы желкесін қасып 

тұрып, қатқыл үнін шашып тұрып жарты бөтелкі арақты 

қолына қыстырып алып кетті. Ол кеткесін Тасқардың 

әкесінің жүрегі орнына түскендей сезініп:

– Тағдырың шашырап жатқан құлыным, үзілмес әзір 

жұлының. Өзге құсқа жұмыртқасын бастыратын за-

лым көкектей болған дүбәра, оған да әкең шыдаған. «Ну, 

құда жұтамыз ба, қураған ағашты қарасан тұтамыз ба?!» 

дейтінмін әлгі Иванды. Қайтесің, сенің жалғыз балаңа 

нағашы. Туыстықтың екінші жұртын осылай атайды. 

Ақылсыздығың аяқ-қолды матайды. Магнит таспасына 

жазып ал, нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға

нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, нағашы сіңлі, 



352

нағашы, нағашы жеңге, нағашы келін деседі. Бұл сөздер 

орысшаға аударылмайды. 

– Все говаришь, ну трудно, – деген кезде манағы Иван 

көрші Гриша Синдеев екеуі қазақша әзілдесіп, кіріп кел-

ді. – Нельза, кейбір старики тарихын сұраған, – деп Тасқар 

сөйлей бергенде Гриша: 

– Тарихын білмеген тамырсыз қалған, – деп үстел үстіне 

бір жартыны тақ еткізді. Гриша қазақша судай, бес бала-

сы да Ойылдың қазақ мектебінде оқыды. Гриша соғыс-

тың басынан аяғына дейін қатысып, Берлинде домбыраға 

қосылып Мұхиттың «Айнамкөзін» шырқаған. Тасқардың 

әкесін жерлес деп құрметтейді. Тасқар дастархан үстіндегі 

қазы-қартаны турап тұрып: 

– У меня два отец, – деді. Иванға қара шал қарап, кезер-

ген ерінін жалап: 

– Иван қайын ата, үйінде қайын енең бар. 

– Жігіттің үшінші жұрты, – деді сөзге араласқан Гри-

ша. – Мұнсыз бүтін болмайды адамның іші, сырты. Жеті 

атасын білмегеннің уға толады ұрты. Тасқар ондайға 

қосылмас, басқалар шығар қырты. Орыста тапқан анаң 

емес, баққан анаң деседі, бізді қазақтар өсірді. Ата-текті 

білу – парыз. 

– Ну, у меня голова крутится, можно сто грамм ешуге.?

Қара шал ем қондыра алмасын біліп ішінен шыққан 

бүкірге, Гриша сөйлеп кетті: 

– Қазақтардың «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың 

қамын жер, өзін ғана білген ұл құлағы мен жағын жер» 

деген ой түйіні мықты, Иван, Тасқардың ата-тегін білемін 

деп ниеттенгеніне алып қоялық.

Қара шалдың шүңірек қабағынан жасаурап тамшы та-

мып кетті. Қайран ХХ ғасыр, миллиондаған адамдардың 

қанын суша ағызып еді. Оны ешкім естен шығара көрмес. 

Оның да жарасы жазылып келеді. Жапон аралына АҚШ 

атом бомбасын тастап, пендені қорғасынша балқытып 

жіберді. Сол жапондар тілін, дінін, ділін сақтаудың нә-

тижесінде бүгінде ғылымымен әлемді таңғалдырды. Айға 

барып қонақ үйін салып жатыр деседі. Ай әлемі де жеке-

ше байлардың бөлісіне түсе бастаған дейді. Жұрт не айт-

пай жатыр, ауыз өздерінікі. Тілі ұлтынікі болғай. Қазақ 



353

қызыл империя тұсында не көрмеді, төрт бірдей аштықта 

халқының 80 пайызы қырылды, егер солар тірі болса 

бүгінде 80-90 миллион қазақ әлемдік биікте шалқып жүрер 

еді. Қызыл империяның ең ауыр қылмысы екі жүзден 

астам ұлтты мидай араластырып, соның кесірінен жүзге 

тарта ұлт пен ұлыс түп тамырынан қырқылды. Бұрынғы 

Одақта әр түрлі ұлттың қанынан жаралған 60 миллион 

дүбәра, 300 миллион тобыр бар деседі ғаламдар. Қазақ 

жері де тобыр, мәңгүрттен кенде емес. Олардың қасіреті 

қырғыннан да ауыр, Укринадағы теледидарда қылаң ет-

кен фашистік тобырдың үрейлі қимылы зәреңді ұшырады. 

Қан мен жан қырқысы жұмыр жерде тоқтау таппайтын 

түрі байқалды. 

– Қараңыз, атом қырғынынан аман қалған таза ұлт – жа-

пондар ғылымымен әлемді аузына қаратып отыр, Тасқар, 

соны түсін, – деді Гриша аузына қазының бір кесегін са-

лып жатып.

 – Бір кезде АҚШ демократия орнатамын деп алақандай 

жердегі вьетнамдық таза ұлтты жеңе алмады, – деді Иван 

толы стақандағы арағын қолына ұстап. Әлгілердің сөзін 

үйреншікті болса да қара шал: 

– Ата тарихымызда жеті атасын біліп, өзінің кімнің 

тұқымы екенін ұғып өскен аталарымыздың заманын-

да ешбір қылмыс жасалмаған, қатал заң да болған, тіпті 

жылқы ұрлағанды да өлім жазасына кескен. Тентектердің 

өзі елге қара бет атанудан, ата-тегіне кір келтіруден 

қорыққан. Құс екеш құс та ұясын сақтайды деп тереңнен 

ұғынған. Бір ғана мысал, Қанжығалы қарт Бөгенбайдың өз 

кіндігінен тараған ұрпақ 552 шаңырақ, бертінде барлығын 

қосқанда төрт мыңдай адам болыпты деседі. Кәне, бүгінде 

ұлтым деп ойлағысы келмейтіндердің отбасында бірер 

бала, олар қайбір көсегемізді көгертпек, – деп қалды. 

Қара шалдың өзін-өзі соттап, теңіздің асау толқынына 

шыдай алмай жағаға шығып қалған шірік салындыдай 

теңселіп, сақалын жуған жас кеудесіне құйылып жатты. 

ХХ ғасырдың жойқын үрейлі тегеуріні кімді теңселтпеді 

деп іштей күйінді де, Гриша, Ивандармен рюмкасын 

қағыстырды да бармағын шайнап: «Төтен ажалға са-

быр берсін, бір жөні болар», – деп тынды. Қара шал 

23-0203


354

тұнжырайды. Тынбай ойқанатыны іштен мүжілуінің де 

себебі бар. Іштен шыққан сұр жылан Тасқар жүр армандап 

тәж бен тақты. Депутат боламын деп ойға, қырға шапты, 

орыс тілді залға орыспын дейді, қазақ толы залға қазақпын 

дейді. Жекешеленуде алдау, арбау, сатқындықпен оңай 

олжа тапты. Оңай олжа оңалтпайтынын қанша қақсаса да 

тыңдамады. 

– Байқайсың ба, азамат, ХХ ғасырдың шығысы да 

қан жылатқан қатты. Кеңес тарихында қай ұлттың да 

қабырғасы қақырап, сайқал саясаттың нетүрлі уын тат-

ты. Қара жер ғана зар илеткен зұлымдықты ауырсынып, 

дөңбекшумен жатты. Әйтеуір, жетесізді жетелеп, «әке, 

көкелеп» жаңа ғасырға еніп келеміз. Оқ жарасын жеңген 

ел тіл жарасын жазар ма екен? Жапондарға ұқсап әлемге 

қол созар ма екен? Әлде тыртық боп біткен тағдырымды 

жаратушы қолдап, бағы үстем боп әлемде қара үзіп, 

біріншілер қатарынан да озар ма екен? Қай заманда 

да халықтың ертеңі бұлдыр, сағым, пенденің көреген 

үшінші сана көзі, дана көзі дәл тауып ештеңе айта алмас. 

Қуғын-сүргінде ұлыларымыздан айырылдық, қара жер 

жұтқанын қайтармас. Құмырсқа қыбырмен тартып бара-

мыз. Жүректегі шемен-шерді айтып қаламыз. Оны жастар 

ми қауашағына сықап құйып алса жарар еді. Тарихын 

түгендеп алар еді. Халық қажымайтын қара нар, таудай 

зілді де көтерді. Нар тәуекел, туысы бірдің уысы бір деп 

тарт алға! Тасқар ұлым, депутат болғың келсе, тегіңді жат-

тап ал, ойыңды ашық айтып ортаға сал. Жүрегі тазаның 

беті ашық, әуелі санаңды тазартып ал, бойыңда лас, қоқым 

жетерлік. Байқа, балам!

– Ну, отец, все нормально, – деді Тасқар әкесінің сыны-

на түсінсе де, түсінбесе назарын аударып тыңдаған болды. 

– Ұлым, шет елше желпілдеп күйіп кетпе, арам өлесің, 

сұм-сұрқияға қосылып желіккен, – дегенде Иван мен Гри-

ша жағаласа сөйлеп: 

– Кейбір миы ашыған тобырлар өзге елдің жақсысын 

үйренуден гөрі жамандығын тездеп меңгеруге асығып 

жүр. Содан кісілігі табанға басылып жүр, ақыл-есі шашы-

лып жүр. 


355

– Рухымыз оралып, бекемдік орнар, өз ұрпағымызды 

іске алғысыз ғып жамандағанда, кім жақсы ұрпағын берер 

дейсің. Қазақ өз қолыңды өзің кесе алмайсың, кессең ауы-

рады деген. Шыдаймыз тағы. 

 * * *


Тасқардың әкесінің жеті ата жөнінде ой қозғауының 

себебі жеті атаға дейін қан тазалығын Шәміл биологиялық 

негіздегенде әке мен шешенің қан тегі ортақтасып, тең бөліс 

дегенде, әке қаны балаға – 50 пайыз, немереге – 25 пайыз, 

шөпшекке – 6,25 пайыз, неменеге – 3,125, туажатқа – 1,56, 

жүрежатқа – 0,78 пайыз даритынын ғылыми дәлелдеген. 

Қазақтың жеті атасына дейін қыз беріп, қыз алмайты-

ны – әлем таңғалатын ғылым. Тектік – генетикалық 

қасиетті болаттай берік сақтаудың құдіретті амалы. 

 * * *


Шәміл демалыс уақытын босқа жібермейді, әлем 

әдебиеттерін оқумен қатар алғыр ойлы қарттармен 

әңгімелесіп өткен-кеткенді біледі, аңыздарын, ертектерін, 

әзілдерінің сырын ашып, мәлімсіз құпиялардың да ой-

қиялда қалай өрбігенін бағдарлап отырады. Қарапайым 

халықтың білгірлігі, әр сөзін, әрбір оқиғаны мысалдап 

емеурінмен айтудағы шеберлігі қазақта ерекше. Бірде 

Әжібек қарт өзінің қолжазбаларын ақтарып отырып: 

– Шәміл інім, ұлтымыздың даналық сөзі сатылмай-

ды, ақыл есебінде таратылады, тыңдаушы, оны ұғушы 

азайса мәні сарқылады, содан қорқам, – деді де, – Ойыл 

айтқыштарының кірпі туралы мысалы бар. Ойым сәтті ме, 

сәтсіз бе, төрелігін өзің берерсің. 

– Жөн, аға, кірпінің де тірілігі үшін бір амалы бар 

шығар. 

– КІРПІ. Әрине, тірлік үшін жаны барлар амал-айла ой-



ластырады, тиімдісін анықтап алады, сосын жүзеге асыра-

ды. Сонымен кірпіні балақайлардың көргендері бар шығар, 

ауылда өскендер көреді ғой. Бірақ, оның да қулығын біле 

бермейді. Кірпінің жаны жыланға қас. (Жұрттың бәрін 



356

жау көретін жазғыш Керейге, милиция Аманғалиға 

айтқыш Керейдің жаны ұйымайтыны сықылды). Кірпі 

жыланды көрсе болды, құйрығын басады да тырп етпей 

жатып алады. Жылан кірпіні шағамын деп уын шашып 

шала бүлінеді. Басын шалқақтатып олай бір, бұлай бір 

соққылайды. Кірпі тікенін жайып міз бақпай жата береді. 

Жылан кәрленіп айбат шегуін тоқтатпайды. Кірпі тікенегі 

денесін мыжғылаған жылан ұзынынан сұлық түсіп, жан 

тапсырады. Міне, жылан мен кірпінің жаулығы кірпінің 

жеңісімен тынады. 

Ал кірпінің күндестігі де бар. (Көре алмаушылық, 

күндестік пендеде аз ба? Байды кедей көре алмайды, 

бай бал берсе де оқсатпайтын кейбір кедейді көре алмай-

ды). Сонымен кірпі тышқанмен күндес. Тышқанның бас 

сауғалап інінің түбінен шықпайтынын жақтырмайды. 

«Осы тышқандікі не дандайсу, мақұрым неме? Інінен шыр 

айланып шығады, танымағандай маған қарап тұрады. 

Түлен түртеді-ау шамасы» деп оны көрсе тікенек толы 

денесіне сыймай қырқысқысы кеп кетеді. 

Кірпі қақаған қыстың аязынан кейде қатты тоңады. 

Тікенектері дір-дір қағады. Бас сұғатын пана таба алмай 

зыр-зыр жорғалайды. (Кәдімгі қалбыр қағатын қаңғыр, 

маскүнемдлер сықылды). Далақтап жүгірмеген жері 

қалмайды, оның үстіне кірпіні аңдардың көбі құбыжық-

тай көріп жаратпайтыны және бар. Осылай дәйек тап-

пай жанұшырып жүргенде тышқан кездесе қалмай ма? 

(Суырды біреулер Шық бермес Шығайбайдың қарғысқа 

тап болған адамы дейді, тышқан да соған туыс шығар. 

Мейлі, туысын түтетіндер аз ба?)

– Тышқан досым, кәрілік дауасыз дерт екен. Сүйек-

саяғым салдырлап, бітуге қалдым. Бәрімізді тату болсын 

деп Алла жаратты, қайратың кемісе өз басыңа да түсер зіл, 

өлер алдында жаны бар әлді қайырым жасайды ғой. Ол рас 

па? Рас дегенің жөн. Біреуге жасаған қайырымың өзіңе де 

оралады. 

– Дұрыс айтасың, кірпіеке. 

– Дұрыстықты ойлағаның ақылдың ісі. Аң біткен есі-

міңді мақтаушы еді. Мен де есіміңді аңыз етермін, тірі 

болсақ жазға жетерміз, екеуіміз сән-салтанатпен достасып 



357

кетерміз, айтып-айтпай не керек, аяздан қатты тоңған жа-

йым бар, ініңе бүгін паналатсаң деген өтініш ойым бар. Ер-

тең қаңғырған аңдардың бірінің жылы орнына сығылы-

сып орналасармын. Кірпі біткен жақсылықты ұмыт-

паушы еді. Дәмдес болсақ, қайырым жасасаң мына әп-әде-

мі ініңе жылан деген албастыны жолатпауға серт беремін, 

шарт осы, шалқамнан түсуге қалдым, тышқанеке, – деп 

өлердегі сөзін айтып, қылғынып қиылып жалынғасын 

тышқан ініне кіргізеді де, өзі ағайын-туыстарының іні-

не жүгіріп кетеді. Тышқанның қас жауы, ата-бабасы, 

бала-шағасы осы жыланнан ажал тауып, тұқымы өсе ал-

май жүдеп жүрген қайғысы бар. Ал мына кірпі жылан-

ды құртып, індеріңе жолатпаймын дегенге тышқанның 

қуанғаннан есі шығып кетті. Оның үстіне мақтаншақ, 

жаздыгүні екі аяғымен шошайып, күнге қақталып тұрып 

әндете беруден басқаға көңілі соқпайтын тышқан тұқымы 

еді. Аңқау неме, кірпінің жылан жауыңды түгелімен 

құртамын дегеніне сенгенін өзіне бақыт санады. Оу, інінің 

алдында жыландар қаз-қатар өліп жатса тышқанның 

мәртебесі биіктеп аузын жаппай, нәрем татпай әндете бе-

рер. Жер бетіндегі ауаға тұншығып бір өліп, жыланға жем 

боп екі өліп қырылудан көз ашпаған жылан біткенге жар 

салып, жылан жауыздардың бәрін мен өлтірдім, дырдула-

тып ерлігімді бағалаңдар деп жағын жаппай мақтанар еді. 

Сөйтіп, кірпімен арадағы қалыптасқан дүрдараздықты 

аңқау тышқан ұмытты. Бірақ кірпіге:

– «Бетті көрсең жүзің ұялады» деуші еді, інімнің өзі 

кең, қонақ-қопсыны көп қабылдайтын болғасын кең 

қаздым. Ештеңені бүлдірме. Алтын басыңмен бір күн 

қондыр дегесін жалға тастадым, түнеп шық, ертең босат, 

келістік пе? – деді.

– Келістік. 

– Уәде берік пе?

– Оқтай, – деп ант-су ішкендей болғасын тышқан жа-

ман ойдан аулақ еді. (Қазақи мінезде де сенгіштік жетіп 

жатпай ма?) Жақсылыққа жамандық жасалмайды деп 

тышқан түсінігі не болар екен?

Сонымен кірпі інге кіріп рахаттанып деңкиіп жатып 

алады. Діріл қаққан денесі жылынып, аяқ-қолын жазып 



358

аунап-қунайды. Ойлайды ертең тышқан келіп інін даула-

са қайтемін деп. Патшаның сарайындай інді тастап кету 

де қиын. Тынықты, көңілі жайланды. Оны ұмытуға бол-

майды, бірақ далада аяз бұрынғыдан да күшейіп кетсе 

өледі ғой. Десе де біреудің іні, шарт бар, шартты бұзған – 

шайтанның ісі. Дегенмен бұл іннен шықсам дау жоқ өліп 

қаламын. Басқасы басқа, денесі арақ сасыған қаңғырлар 

өлтіріп пісіріп жер. Қой, одан да аңқау тышқанды ал-

дап-сулармын. (Коммунизмге жау деп талайды құртқан 

жатыпатарларға айтқыш Керей: «Сендер жылы үйде 

жайланып, ішпесті ішіп, киместі киіп, қарау қиямпырыс 

істерің халыққа жайсыз болса да, әзірше өздеріңе жайлы 

болғасын, коммунизмді өлгендерден бұрын көресіңдер» 

депті). Сол айтқандай ертеңіне уәделі уақытта тышқан 

келеді. Бажылдап сөйлеп жүр:

– Кірпі, інді босат, ағайын-туысқа сыйыспадым, маған 

далада жүру жайсыз. Аяз қақап тұр, боран көз аштыр-

майды. Үсті-басым алау-далау, қаңғырлар көрсе пісіріп 

жейтін шығар. Ажалдан қорқам, маған өте жайсыз, інімді 

босат, – деп жағын жаппаған тышқанға кекетіп:

– Тышқан, алдымен мені тыңда. Саған дала жай-

сыз болса, маған інің жайлы болды. Менің жағдайым 

жақсарғанша, жаз шығып, жағалтай құс шақырғанша 

күте тұр, тышқан, туыстарың, құда-жекжаттарың көп 

қой, паналатар, өлмейсің. Тұқымы өспей қарғысқа тап 

болған мені жоққа сенетін сен түсінбегенде кім түсінеді, 

ініңді босатар түрім жоқ, қайқай. Бауырларыңа сыймасаң 

арақ сасығандардың қазанына түсіп өл!

– Шарттасып едік, анттасып едік, ол бұзылмайды ғой. 

– Мисыз неме, әлемде бұзылмаған не қалды? Енді 

қайтып ініңе жолама.

Алланың әмірімен жаны бардың барлығына да ақыл-

парасат көкірегіне кіреді деуші еді деп, есіне әлденені 

алған тышқан «өзімнің де обалым жоқ, алдағанға көнетін 

ақылсызбын, обалым жоқ» деп маңдағы әрбір інге жүгіріп 

жүргенде трактордың табанының астына түсіп өлді де 

қалды. (Зәлімге жақсылық жасап тұрғанын білмейтіндер 

де бар емес пе? Ондайды ақылды қазақ «Өтірік күліп кімді 

алдайсың?» деп тыйып тастаушы еді, зұлымның жолын 



359

қиып тастаушы еді). Мың өліп, мың тірілсе де жылы орын 

бұйырмайтын кірпінің жайлы ін жеке меншігіне ауысып 

кете барды. 

– Солай, Шәміл інім, мысалдың да, аңыздың қазақша 

келістіріп айтқанда құпиялап тапқыштықпен айта-

тын сипаты, сыры бар, ақиқат артықша орынын тапса, 

сөздің құдіреті болатыны емес пе? Тасқа басып жазылған 

көрушінің көзінен қалмасын, айтылған сөз ақылдының 

құлағына кіріп, жүрегінен өшпесін, – деп кездескен 

қарттар көрген-білгенін жалықтырмай айтып отыратын-

ды. 


 * * *

Екінші бір кездескенде Дүзелбайдың көзін көрген Сы-

ралы қарт: 

– Бұл әулеттің Қазалыға, Қызылорда өңіріне сіңірген 

еңбегін мақтауын жеткізіп үйлестіріп айтып беру оңай 

емес. Ел жадында өлшеусіз жақсылықтарымен қалғандары 

жетерлік. Солардың бірі Теңел атына сай елдің де атын 

шығарды, халқын да өсу дәрежесіне жеткізіп теңеді. 

Жаны таза, іскерлігі көптен озық еді, Шәміл, өзің де осы 

аудандық партия комитетінде жұмысыңды жетілдіріп 

ысылып, іскерлігіңді үдетіп шықтың. Теңел бақылау 

комитетінің төрағасы болса, өзің де Қызылорда да бақылау 

комитетінің төрағасы болып біраз жыл адал қызмет еттің. 

Кеңес заманында көрмегенді көріп, өлмегені өлімші болса 

да жұрт қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын комму-

низм кезеңі келер, оны біз көрмесек, ұрпағымыз көрер 

деген сенімді жоймаған еді. Киім бүтін, қарыны тоқ. 

Үміт сылаң, болашақ қылаң. II дүниежүзілік соғысты 

Сталин басқарып, жеңіске жеттік. Ағаш соқадан кос-

мосты игерген әлемдік ұлы державаға айналды. Ста-

лин өлгенде жыламаған пенде қалған жоқ, енді қайтеміз 

деп бордай боп үгіліп, үдемелі күдік тұрды. Сталинді 

Хрущевтың қаралаған сьезінде залдан Палбмиро Тольят-

ти ғана дауыс көтеріп: «Сталин – таза коммунист, оны 

жалалап шатаспаңдар!» дегеннен басқа бірде-бір делегат 

үрейден тұншыққандай жұмған аузын да ашпағанын та-



360

рих айқындады. Сталинді қаралау басталды да кетті, жеке 

адамға табыну деді, Сталинге жағыну деді, қалың жұртты 

түрмеде қырды деді. Өш алумен қатар ұпай жинау дүр 

етті. Ауыл айтқыштарының кейбірі былай деді: «Сталин 

өтірік өлді, жұрттың мінез-құлқын байқайын деп». Әрбір 

істің де қайырлы, қайырсызы болса, Сталин өмір бойы 

маусымдарда алмастыратын бойына қайырлы, құтты үш 

киімнен басқаны кимеді, байлық-дәулетке қызығуды 

жаны сүймеді. Әкемнен қалған дәулет жоқ деп іштен ты-

нып, қоғам байлығын олжалауға қолы тимеді. Бекер бол-

ды ма, о дүниедегі жаны қалай түсінеді, белгісіз, Хрущев-

тан дауыл тұрса да, о жақтан хабар жоқ. Жә, түрлі қанды 

қырғынға кінәсі болса, Алла алдында өзі жауап береді, – 

деп сыбырмен тынады. 

– Енді дейсің ғой, «коммунизм күймесі сағымға айна-

лып, Кеңес өкіметі тыраң ете түскенде де жұрт аңтарылып 

әбірге түсті ғой» дейді бір замандасым. Жалпы саясатқа 

әлсіз адам сенгіш келеді, жолы болмай адасса күрсініспен 

тоқтайды. Өткенді ойқанып үздіксіз жоқтайды. 

– Айтпағыңызды түсінбей қалдым, – деді Шәміл. 

– Тәуелсіз ойыммен өткен ғасырымыздың оқиғасын 

айтсам, ол заманымыз бір болғасын, амалымыз бір деп 

түсінерсің. Қараңыз, жетпіс жыл бойы жағасы жай-

лау жұмақ үйміз коммунизм деп саясат жалбарынды-

рып, бірдейлік сенімге сай ғып алдандырып, түрлі заңы, 

моральдық кодексіне маталып жүргенде, социализмнің 

заңдылығының түпнұсқасын мәнсізге айналдырып, әркім 

өз қоңын өзі қасығаны шығар, тауымызды биікке бастай-

ды деп он алты республика бір қылықты бастады. АҚШ 

бәсекелесінің бәсі кетіп, мұрттай ұшып, құздан құлдырап 

құлағанға қуанып, қақырайған қалпағын аспанға лақ-

тырды. Түрлі ғалымдары еркін кіріп, бай болсаңдар, 

көңілдерің жай болады деп капитализмнің шарттарын 

іштен оқып туғандай үйретіп, ұйыта бастады. Проферанс 

ойыншылары ұтылып отырғандарға америкалық көмек 

деп қолы шыққаны қалтасын қағып, тонап алатынын мы-

салдап күліп жүргендері де болды. Бірақ үрейлі қоғамды 

қанына сіңіріп алған тобырлар іштен тынып, мыңқ етпеді. 

Көз ұшында қылаң бар, капитализм деген сылаң бар. 



361

Мойын ұсын, жұлының үзілмес деушілер де табылады. 

Зәлімдіктен құтылдық, үрей сейілді, капитализм пейілді, 

тозған тірлік орнына жаңаны жайнатамыз, осылай да, 

осылай деп желпіндік. Шаңырағымызға байлық мұрат 

болатын, әркімнің көкірегіне гүл боп қонатын, ескінің со-

йылын соқпайтын, әділдікке қана тоқтайтын, мұртымыз-

ды балта кеспейтін, қаржысыз шара шешпейтін, қалтасы 

қалың шіренгендер шет елден үйреніп, байлығы тасып, 

шаңырағына күнді күлімдетіп, айды қонақтататын 

мезгіл келді, бірақ шыдаңдар, байға ниетіңмен құлаңдар 

деп әбігерге түстік. Қолында мөрі бары, орынтағы тұр-

ғаны ортаға жиналған байлықты заңдандырып, отыз 

пайыздық үлесіне үлес қосып үптей бастады. «Сендер де 

бай боласыңдар, жарылқаймыз» деп алдады кедей қас-

қаны. Көбіміз алданудың рахатын социализмде көріп то-

йынғанбыз, білмей өттік үрейден басқаны. Адамдар саясат 

ойынындамыз. Ұры көз байқатпас, мойындаңыз. 

– Бұқ десе бұғып, ық десе ығып, қуғын-сүргініңнің 

үрейін ұрпақтың ұрпағы ұмытпайтын сорлы бастар 

өлмеспіз, өлсек жер кең ғой, – деп, арағын ішіп, көктерге 

түсіп ұйқыға да кірісті. 

– Оу, жер кең ғой деуің не, жерді де пысақайлар же-

кешелеп жатыр. Кооперативтер құрылды, олар саяси 

қыбыр-қыбыр, жыбыр-жыбырды көздеріне қарап сарап-

тап, өздеріне ең керектісін іріктеп қабылдайды. Әзірше 

заңға табынбайды, құдайға да жалынбайды, былайша өзге 

елдің түкке керегі жоғынан артықтау, кемді күнге жарап 

қалатын ілдәлда өнім өндіреді. Одан арғысы болжамсыз. 

Қытайдың арағын ішіп божырап жатқандардың не бо-

лып, не қойып, неге ұқсағанымен шаруасы жоқ. Ауылда 

бір жарты араққа бір қой айырбасқа кете барады. Естілер 

талапайға таңғалды, ессіздер білгенінен жаңылып сандал-

ды. Жоқтық тәлкек ете бастады, әрлі-берлі жүрушілер де 

тіл қата қоймайды. Кейбірі капитализмнің келгені тым 

қызық, қою батпақұйық деп майысады. Мал қайда жер 

қайысатын, біте бастады. 

– Жә, оған апшымалық, төтесін айтқанда, өзгеге көзді 

сатпай, сылдыр сөзінен береке таппай, өзіміздің өніміміз 

аз болсын, көп болсын, болашағым десек жарар еді. Жатқа 



362

телміргеннің қашаннан аузы аспанға қарар еді. Депутат-

тар заңын оңынан жасаса, халықтың беті бұрылып, өзін-

өзі асырауға жарар еді. Шарттасып тұрып шалқамыздан 

түспей, кесімді қаражатты келісіп алсақ, көшіміз ілгеріге 

барар еді, – деп ісіне сеніп айтқандар барын базарлы ете 

бастады. Шаруасын ұйыстырып, жоқтан бар жасауды 

жиыстыра бастады. 

– Шет ел көмектеседі деп жүр ғой. 

– Баяғыда бір тентек сүтті қызын кім бере қойсын депті. 

Шет елдің тауары арзан деп қазша таранып, көзін талды-

рып, еті үйрене бастағандар сапасыздықты сезіп, сілкіне 

бастады. 

– Апыр-ай, өмір көл-дария болса, соның бетіне түскен 

сәулелердің сұлулығын бір-бірінен асырып, өздерінше 

қаперсіздеу отырған су бетіндегі аққу мен қаз баяу жүзиді. 

Ал бірталай халықта қоғам өзгерісіндегі ауыр тірлікті 

білсе де міңгірлеуден қалған тәрізді. Социализмнің тыраң 

еткені ауыздарын аймандай етті ме, тонаушыға да аузын 

аша алмайды, ашса күнделікті татар дәмінен қағылады. 

Сосын жұтқындары жұтап, шытыр жеп іштері кепкен-

дей болады. Қарындарына нәрем аз түскесін қажыр-қуат 

әлден қалып, қабағы түсіп налып, бұрынғы араққа то-

йып әндете алмай, тойға баратындай киімін сәндете ал-

май, аш адам тырысқақ болатындай ұйқылы-ояу сезіммен 

не болса соған ұрынады. Тазы ашуын тырнадан алатын-

дай құтырады. Қылмыс қолынан келмегені кооператив-

терге қарай ығысып беттейді. Социализмде ісін оқсата 

алмай бұлғаңдағандар жеке кәсіпорынға керексіз. Кейін 

серпіліп жүзінде өкініш, күйінішпен, мұның аяғы неге 

тіреледі деп ақтарыла таң қалады. Аз істеп, көп алатын, 

ортақ меншіктің ол-пұлын қағып жеп алатын сұрғылт 

топтағылар аштық болса, қалайша жан сақтаймыз деп 

үмітсіз тоңтерістенді. Бұрын еңбектен қашқан дөңбекке 

тап болады, десе де қарын тойдыру мәселесін қоғам шешіп 

еді. Маскүнемдік қасиеттен айырсада жағымды кәсіп еді. 

Оны масқаралап мазақтаса да ішкіштер тынбады. Мас бо-

лып істеген қылмыс та кейде ақталып жатты. СССР есебі 

бойынша 1987-1989 жылдары кісі өлтіру қылымысы 14,7 

және 16,7  және 21,5 мыңға дейін жетіпті (Л.К. Савюк, 



363

«Правовая статистика», 274 бет). Кеңес өкіметі құлағаннан 

кейін де қылмыс тоқтаған жоқ. Адамды жоқтық қысқанда 

өзінің ішкі дүнесінің пікірінен жаңылып қалады, тұйық 

тірлік, меңіреулік басады кейде. Өзгеге кіжінеді. 

– Шайтан онсыз да кей адамдарға қырғиқабақ болып 

қырылысыңдар десе, оның көзін құртып тастамаймыз 

ба, өлім-жітімді өлшеусіз арқалаған социализм жоқ деп 

екеудің бірі кездесе кетсе, қоғамға кінә қойып ежіреңдейді. 

Өзімізден кінә деп сезінбейді. Сезінетіні жекеше тәртібі 

деп талап алу, тартып алу. Сарбиеде шаруашылық бас-

шысы Жетікөл, Жекенді өңіріндегі елдерге бір маши-

на трактор станциясын ашып, мал, егін өнімдерін өзіміз 

бағалап таратамыз деп пайдалы, өлмейтін, тиімді шаруа-

ны ұйымдастыра бастап еді, түсінбейтін қырсыздар бас-

шыны өлтіріп тынды. Ортадағы байлық талауға түсті, 

берекетсіздік белең ала жөнелді. 

Ортаға жиған байлықтың талауға түскен зауалы барлық 

жерде өршіді. 

Ақылдылар басын шайқап отырып:

– Шыдаңдар, қазақтың көрген құқайы осы деймісің, 

бәрінің де ақыры бар, – деді.

– Сөз де, ақыр да ас бола ма?

– Еркіндіктің қара суы да балдай. Арақпен шіріген ми-

сыз бас болмасаң, түсін. Кең байтақ жерің бар, күрекпен 

түртіп қалсаң байлық шығады. 

– Мен кещемін, оны қарыным ашқасын түсіндім. 

Жетпіс жыл бойы коммунизмде өмір сүреміз, онда ұлтты 

ұмытып, СССР азаматы деген құжат аламыз. Жеке меншік 

автокөлік, жеке самолетің болады. Байлық бәрі қолыңа 

қонады, ілгектей тетікті басып қалсаң, неше түрлі сүйіп 

ішетін тамағың алдыңда буы бұрқырап жайнап тұрады. 

Естеріңде болсын, төрт түлік малды сасытып комму-

низмге бара алмаймыз. Біз мұнайдан азық-түлік айы-

рып, толы халықты азықтандыратын мүмкіндік табамыз. 

Табиғаттың бермесін тартып аламыз, сортаңдана бастаған 

Арал теңізін әлемдегі ең ірі бірінші теңізге айналдыра-

мыз. Дүниенің ескі сиқынан басып озып, маңдайымыз 

жарқырап, атақ-даңқымыз жер бетінде нұрланып, дү-

бірлетіп шыға келеміз. Біздің шаңымызға ілісе алмайтын-



364

дарды көзімізбен көреміз. Қалың жұрттың кейде аядай 

жерде, шарадай жиын ашып гуілдеп кетуі коммунизмнің 

мәнділігін білуге елегізуі шығар. Оны байлықты талапай-

лап жатқандар ұғар. Әйтпесе, көрде жатқан қайырымсыз 

ененің қол бұлғайтынындай желбуаз сөз бен қысыр 

әңгімелерге құлақ сарсыды. Байқауымша, социализмнің 

түбіне жеткен жалғандыққа толы саясат пен өршіп кеткен 

қылмыс. Сталиннен қалған екі жүз мың тонна алтынды 

Хрущев ту-талақай етті деуші еді. Егер қанша ғасырлар 

өтсе өлмейтін есімін, батырлығын қалдырған Тәшенов 

болмағанда Қазақстанды да бөлшектеп ту-талақай етуге 

қалып еді. Көрінде өкірді ме екен пәлекет?! 

– Жә, Ойылдың бір айтқышы құрғақ әңгіме, саясат 

құжаттарын консервілеп келер ғасырға сақтаймыз. Ал 

алғырларымыз аспандағы бұлтты буып, су, ауаны үйіріп 

одан отын жасаймыз. Ай дегенің не, Шолпан дегенің не, 

қол созым жер, барып-келіп жүреміз, олардың даналығын 

алып келіп игеріп көреміз. Оған дейін белбеуді қытып бай-

лап, қияңқы, қаңқу сөздің жарысын өткіземіз. Әттегене, 

жатыпатарларымыз біржола шын өліп тынды, елде 

өзімізден келетін жаулық, жамандықтың шөлмегі күл-

талқан боп сынды. 

– Дұрыс айтасың, Ешеке, айтқыштары бар Сарбиенің ісі 

гүрлей берсін. Бірақ, құлағын басып қоңырау ұрлағандай 

ешбір заң-закүнді құлағына ілмейтін, оңай олжа тапқан 

сайын тотыдай түлейтін (тотының садақасы кетсін) кейбір 

жемқорлар байып шыға келді. Сонда олардың құдайы, 

еңбек ету тәсілі, сыңайы бөлек пе, әлде бай адамның шы-

райы бөлек пе, әйтеуір әй дейтін әже, қой дейтін қожа та-

былар түрі жоқ. Содан қырсығып сүріну көп. 

– Әрине, Қожеке, олардың сыңайы бөлек, қалауын 

тапқан қарды да жандырады, жемейтін адам жер астын-

да деген мәтелі бар. Жетпіс жылда жүдеген, бірақ 

олжалаудың сиқырлығын көргендер әлемнен де әрі асады. 

Өйткені, социализмнің халқы да, қанына сіңген қалпы 

да алдануды, арбалуды жақсы көрген. Өлетіні тұншығып 

үнсіз өлген. Сосын құмырсқадай қыбырлайды, біреуді 

күндегісі келсе отбасында әйеліне ешкімге айтпа деп сы-

бырлайды. 



365

– Капитализм мінезі ешкімді езіп, жаншымай ма?

– Жоқ, езіп қайтеді, қаныңды сорып алса жетеді. 

– Қаның сорылғасын өлмейсің бе?

– Өлсең балаң екі метр жерді қымбатына сатып алып 

көме салады. Өлімнің ақыр соңы өзің емессің ғой, жер ша-

рында миллиардтаған адам тірі жүрсе миллиардтағаны 

өліп жатады. Әлемдік үстемшілердің ойлап тапқан, 

қызғыштай қоритын терроршы, лаңкес деген соғысы бар 

халықты алаңдатуға, тәубасына келтіре тұруға жарайтын 

астарсыз айлалы амал. 

– И-и, Ешеке, социализмдегі ескі үйіміз, қоңырша 

күйіміз жақсы еді, тамақ байдан, өлім көсемнен деп ортақ 

меншікке иек артып, тым-тырыс құлағыңның құлығын 

тазартып отыратын, құдайға емес, көсемге шоқынатын, 

жұмысты да тиіп-қашып істеп жан қинамайтын, өзіңді-

өзің не болса соған күштемейтін жүз пайыз кедейлігіміз 

бірдей деп күншілдіктің отын көсемейтін, бәрінен бұрын 

ішіп жататын күндер-ай! Бәрібір айлығың тоқтамайды, 

жатпай қайтесің. Шіркін, өлім-жітімді біреуге бағыштап, 

ешбір ешқандай міндетсіз, тіпті алаңсыз сенделіп жүргенге 

не жетсін?! Біз соған қатты үйренгендіктен қазір ұядағы 

балапандай аузымызды арандай ашып, давай арақ, давай 

киім деп ұлардай шулап, менің үлестік пайызым аз деп 

асау аттай тулап, жөнсіз шулап жүрміз, ә?

– Ең қауіптісі – шулау. Бұл демокартия емес, азғыруға 

еріп асқындық, тасқындық, соның қырсығы Сарбиедегі 

алдағыны болжағыш Орынғалиды ортадағы байлықты 

талап аламыз деп өлтірді. Жекешенудің қасабы жүрген 

тұсында өлгендер аз ба?

– Үндемеген үйдей пәледен құтылады дегенді ұмытып, 

миларың ағып кетті ме? Адамдарды аштыққа ұрындырған 

ағайынның ащылығы, мылжың сөзі, бірін-бірі тыңдамай 

кектенуі. Сөйтіп өлімге де көндіріп, өлер алдында 

«бетсіздер, күліңдер» деді. Пәле-пәле сол өткен ғасырымен 

кетсін. Ұлтымыз қалыптасып сергектігіне қолы жетсін, 

басқасының бәрі чепуха. 

– Қарақшы, сұм-сұрқия, түрлі жалмауыздарға жаназа 

да бұйырмай, халықтың қарғысы қатесіз болып шын өліп 

кетер. Одан да қазақпын деп еңсеңді көтер!



366

– Әп, бәрекелді, еркіндік деп өткен ғасырдың тоқ-

саныншы жылдары ұйқыдан оянғандай болып едік, 

Шәміл. Елдестерің, таныс, замандастарың қоғамның 

өзгерісі кезінде талайлар ақылдасып, жақсылық жол-

дың жақындығын түсініскенсіңдер. Көптің ақылына 

жүгінбегендіктен, кеңес заманында Арал теңізінен айы-

рылуға қалғанбыз. Ертедегі тарихымызда бұл Кердері 

теңізі атанып, Кердері мемлекеті болғанға ұқсайды, 

Ақтөбенің жеріндегі Елек өзенінің Қобдаға құятын са-

ғасында да Кердері қалалары болыпты. Олар Қобда, 

Ойылдықтар болып үнді, араб, француз елдеріне дейін 

барып сауда-саттығын жүргізіп отырыпты. Соғыс жыл-

дарының өзіндегі Ойылдағы апаларымыз француз әтірін 

бұрқыратып сеуіп жүретін еді, абысындар үнді шайын 

жасырып ішетін еді. Иісі мұрын жаратын. Ғасырларға 

жалғасқан сауда қатынасы еркіндігімізбен жалғасып, жа-

расым таба берері анық-тын. 

– Тіліміз, дініміз, діліміз оралды, – деген Шәмілдің ойы 

ертедегі бір оқиғаны қозғады. Жылдармен қоса ел аузын-

да айқыштардан талай сөз қалды. Қоғамның құпиясын 

анықтап бере алмаса да, сын-сипатын, қасиеті мен қай-

ғысын, адамдардың түрлі әрекетін аңғаруға болатын-ды. 

Ойылдың айтқышы Майлапестің сөзін көптің құлқыны 

құрып, кездесе қалса бір тұрып, бір отырып тыңдайтындар 

күлгісі де келеді, ойланып жүргісі де келеді. Бірде мал 

дегендегі жалғыз ешкісін сойып, кедейдің көңілі кең, 

сөзі кең деп дастархан жайып қойып отырғандарға: «Бұл 

құрмет – Қойшығұловтың Ойыл өзеніне тұрғызған көк 

тірігендей көпірінің тойы. Тым ерекше құрылысты си-

паттап Молотовқа айтқанда, Қойшығұловтың ерлігін 

Сталиннен бастап бәріміз біліп түсінеміз. Егер ол Қа-

зақстанның Орталық Партия Комитетінің өндіріс бөлімін 

басқармағанда Калашниковтың автоматы жасалмайтын 

еді, Калашников түрмеде шіри ме, кім білсін. Осындай ке-

ремет ерлігі тарихта қалады», – деп қуанып қалды. «Ойыл 

тарихына қанықтырған өзіңді Сталин жолдас «жолы түссе, 

кабинетіме кіріп шықсын» деген сәлемін жеткізді», – деп 

шабыттана сергектікпен сөйледі дейсің. Бүгінгі қилы-

қилымызды біз емес, келер ұрпақ анықтап білер.



367

* * *


Майлапестің алдағыны болжағыштай қиялдана сөй-

лейтіні жетерлік. Бірде жанындағыларға көз тастап 

өтті де: «Сталинград майданына жіберген Ойылдың 

сәйгүліктеріндей ат жер бетінде бұрын-соңды болмаған 

дегенді генералдар хабарлады. Фашистердің қаптаған 

танкісінің үстіне де ырғып шығып, қарсы алдында қасқая 

тұрып, арт жағында да өртенер жерін байқап сарт еткізіп 

теуіп қалғанда, танкінің быт-шыты шығады екен. Де-

мек, жетіспей жататын оққа салмақ салмай-ақ Ойыл 

сәйгүліктерінің тепкісімен Сталиградты фашистерден 

тазартамыз, сүйінші, моледец, Майлапес» депті. Осын-

дай жылқы өсірген жылқышымызға батыр атағы керек 

дедім. Сөйтіп, жылқышы Дауылбай Медетбаевтың омы-

рауына генералдың өзі қолымен «Еңбек Ері» жұлдызын 

жарқыратып тағып берді. 

– Мұныма сезік тудырмайтын шығарсыздар, ә?

– Өзіңе сенбегенде кімге сенеміз? 

– Қызбалығымды түсініп, күліп отырып сенгендерің 

жөн. Күлмей өмір сүрген өмір емес, біздің күлкімізге 

өлгендер де күледі. Аш-жалаңаштың күлкісі тым 

жарастықты деп біледі. 

Анада бір белсенді адыр жоқ, мыдыр жоқ, түйеден 

түскендей тоқпысың дейді. Майлапес сасып қалып: 

«Бармыз ғой, көріп тұрсың, нармыз ғой, сығымдап ішіп, 

шыңғырып дәретке отырып, қуанатынымыз шексіз. 

Әрине, азықтық шөп-шөңге өсіп тұрғанда жоқпыз деу ұят 

болады», – дегенде әлгі өтірік күле салады. «Белсендінің 

күлгені де өлшеусіз бақыт қой» депті Майлапес. 

 * * *

– Әлемге есімі жарқ жұлдыздай танылған Шығанақ 



Берсиев өз қаржысымен Сталинге кіріп, өзінің есімі 

жазылған танкі жасатты. Мына «Жыланды» тауының 

қуысына байлар тәркіленгенде тонналаған алтынын, 

қымбат бұйымдарын тығып кеткен, соны тапсам, Сталин-

нан рұқсат алып «Майлапес» атты танкі жасатар едім. 


368

Шіркін, менің есімімді көрген фашистер өздері шұбырып 

келіп танкінің астына жатып, жанын тапсырар еді, – деді 

де ойын толықтырып, – Қазақстан колхозшыларының 

танк колоннасы, «Советтік Қазақстан» авиациясын жа-

сауға 500 миллион қаржы және «Қазақстан комсомо-

лы» атындағы самолет жасау қорына 7500 сом арнаған 

ойылдықтардың бірімін. Ақынша «Өсіргені ер ұлан, ел 

үмітін ақтайды, асырағаны арғымақ, жайратып жауды 

таптайды» деп желпінуге хақым бар. Ойылдықтар қайсар, 

жаудың қандай күшінен де беті қайтпай, қырып салады, – 

дегенімде Молотов жолдас қол соғып: 

– Ойылдың жауынгерлері ылғи ер екеніне көзім жет-

ті, – дегенде төбем көкке екі елі жетпей қалды. Осы ойым-

ды аудандық газеттің редакторы Самат Мұқамбеталинге 

жазып беріп едім, «Мына шығармаңның әзілінде әдемі 

өң бар, мысқылында сілтеме жөн бар, татымды роман 

сықылды екен» деп бәйектеп майын тамыза мақтады. Бол-

мысым солай, сөзімде сапа бар, көп мекемеде қата бар, 

мені көсемдер түсінеді, басқасына айта бар. 

Әттеген-ай. Ертеде бір тентек қызын ұзатып тұрып, 

жұбату бермей ағыл-тегіл жыласа керек. Оған әйелі 

жақтырмаған көзімен қарап:

– Ер адамсың, неге жылайсың сонша боздап? – депті. 

Күйеуінің иегі селкілдеп:

– Е, сен қызымды ұзатып, құтты орнына қондырдым 

деп жылайсың, мен болсам барған жерінен баян тап-

пай, қайтып келерсің деп жылап тұрмын, – деген екен. 

Сол айтқандай, талай өндіріс орындарының өнімі 

сапасыздықтан шашылып, «брак» деген белгіні мойны-

на тағып, жосылып шыққан жеріне қайтып барып жа-

тыр. Халықтық бақылаушылар сапасыздықтың кінәсін 

тағып жатыр. Соны көре тұра маргарин зауытының бас-

шылары жұмсақ орындықта жымиып отырып: «Қол жет-

кен жетістікке місе тұтпай, аздан да, көптен де үнемдеп 

ұтпай, жарғақ құлағымыз жастыққа тимес. Маргарин 

суға батпас, отқа күймес, қайтып келсе қатығым, байқап 

көріңдер татымын», – деп қарауындағыларға құсша та-

ранып желпінді. Танып тұрсың сүйреңдеген сөз төркінін. 

Бастықтың мәтелі бар: «Тұрлауы жоқ сападан тұрлауы 



369

бар сан артық. Айлығымыз жүріп жатыр, «брак» деген 

сөзге кейбірі күліп жатыр. Сапаны түсінде тауып, өңінде 

жоғалтатын «қызығын» біліп жатыр». 

Зауыттың тағы бір бастығы екі қолымен мықынын 

тіреп, бірінші бастық алдында көкірегін шіреп: «Жылына 

34 миллион сомның өнімін шығарады екенбіз, оның ішінен 

аз-кем «брак» чепуха», – дей беріп түкірігіне шашалды. 

– Бірақ... – деп бірінші бастық басын кекшең еткізді 

де, – халық бақылаушылары зауытты екі дүркін тексерді, 

кемшіліктерді ине-жіпке тізіп ескертті, сол ескерткен са-

йын бізден неге ес кетті? Өздеріңде ұят бар ма, тонналаған 

өнім дәмі бұзылған, біртүрлі иістеніп кеткен, қойыртпақ 

бұл неткен деген шағым хаттардың саны жоқ. Оны 

айтасың, тергеп-тексерушілер майонездің 72 пайызы сапа-

сыз деген акт жасалыпты. Ұят қайда? – Бас директор оқтау 

жұтқандай сазарды. 

Екінші бастық иегін қасып, аузын ашып, бетіне қонған 

шыбынды қағып:

– Техникалық, химиялық лабороторияның жұмысы 

ұятты шындап өлтірген, бізге өнімнің саны керек, сан 

өскен сайын айлық өседі деп. Екіншіден, техникалық 

тәртіп, механизмдердің үндестігін білдіретін түрлі те-

мірлер икемге бағынудан қалған. Темірдің аты темір 

емес пе? Үшіншіден, арнаулы ыдыстарды жууда белгілі 

температура, атмосфера дегендер заты қызыл, жасыл хи-

мия болғасын, ұятты қайтеді, тәртіпті сақтамайды. Цех-

тағы мамандардың ауызы арақтан босамайды, ыстығы 

көтеріліп, көз алды қалың тұманға оранып, ұяттан қашып, 

тәлтіректеп аяғын әзер-әзер басып жүреді. «Брак» деген 

ем қонбайтын дертке біржола шалдықты, басекесі. 

– Амалы бар ма?

– Қайтып келген өнімдердің «брак» деген жапсырма-

сын жұмысшылар мұрнынан шаншылып жұлып жатыр. 

Өкініштен іштері ұлып жатыр. Өлген ұят тірілетін сияқты. 

Шыққан төбеміз тайғақ болды, сапасыздық қылмысы 

айғақ болды. Кемшілікті кешіп жүріп, басеке, көрмей 

кеттік пе, іске жауаптылар бөсіп кеткен сияқты. 

Директор ойланып толғанды да: 

– Әттеген-ай, – деп екі қолын тарақтап үстел үстіне 

қойды да, – «Қотыр қолдан, таз тақиядан жұғады» деген 

24-0203


370

бар еді. Республикада қай өндіріс орыны сапасыздықтан 

кенде дейсің. Ұятты шындап тірілтсеңдер, әттеген, ай 

сайын ақыл қосып отырыңдар. Сандық көрсеткішімізді 

дәріптеп Мәскеудегі басшыларымыз құттықтаған теле-

граммасын жұмысшылар арасында жиын ашып, мақтанып 

қалуымыз былайша нелеу емес пе?

– Нелеуді қайтеміз, қолпаштаған аса құнды жебеу тұр-

ғанда, – деп қалды орынбасарлары өтірік күліп. Бет-

бетіне бытырап кеткен ұятты жинап ала алмайтынын 

кебірі іштей біліп. Шәміл басқаратын бақылаушылардың 

тексерісінен талай өтірік күліп жүріп, бүлдірулерінің 

құпиясы шындық әлеміне осылай шықты. 

 * * * 


– Кеңестік дәуірде біраз жақсылықтар мен қатар кем-

шіліктер де жетіп жатты ғой, – деп Шәмілге бақылау 

комитетінің бір тексерістегі оқиғасын айттым. Әсіресе, 

ауыл, ауданды былай қойғанда облысаралық жол іске 

алғысыз, сын көтермейді. Соның азабының сырын білгісі 

келген айтқыш жол мекемесінің бастығын ұйқысынан 

түртіп оятып:

– Ауылыма жете алмадым, құмға «боксовайт» еткен 

атым аяғын суыра алмай құлап, пышаққа ілінді. 

Бастық алақанын аузына тосып, есінеп алды да:

– Автокөлікпен жүрсең, өтің аузыңа құйылар еді. Ба-

сың соққыдан ісер еді. Аттың «боксовайты» ештеңе емес, 

жоғарғы жақ қаржы бермейді, ұйықтап рахаттанып отыр-

мын. Оятқаның дұрыс болмады. 

– Айлығың аудандық хатшының табысынан аспаса, 

кем емес дейді. 

– Бәрі де құлақты мүжіп жейді. Айлық не болады, 

жол құрылысының әрбір сантиметрін асырып жазып, 

оған кететін тас, құмды таудай ғып көрсетіп, олжа тауып, 

мұртты майламағасын ісің іс бола ма? – дегенді ашып айт-

паса да езуінің суын жылтыратып, емеурінін сездіргендей 

иегін быртық саусағымен сипап өтті. 

– Өзің мұрт майласаң, басқалары ше?

– Олардың ұртын майлау анағұрлым көп ақша, сосын 

жол құрылысы биыл бітпесе, келесі ме, одан арғы жылы 


371

ма, біте жатар. Шүкір, халықтық бақылаушының тексері-

сі шындықты жеті қат жер астына тықсаң да тауып алады, 

сосын «аш құлақтан тыныш құлақ» деп жұмысты жауып 

қойып ұйықтап аламыз. Жол біреу, бәрібір коммунизмге 

барамыз. Өзің оған тілеулес шығарсың. 

– Мұндай кемшіліктер болып тұрады, оны орта-

лықтағылар да біледі, –деді. 

 

 * * * 


Орталық партия комитетінен дүр еткен хабар суық 

екенін телевидениенің бас директоры Рафаил Жұма-

баевтың тістеніп, қоңырайып отырғанынан сезіп:

– Жәй, шақырдың ба?

– Несі жәй болсын, Қармақшыға Ауғанстаннан мол-

далар келіп, құран таратып, жұртты дінге ұйытып бүлік 

шығаруда дейді. Түсіруші тобың дайын ба?

– Кеше ғана келдік қой жолсапардан. Темір адам емес-

піз. 

– Кекетпе! 



– Кекету емес, шындық қой, екі облысты жиырма күн 

араладық. Өзің болсаң, қайтер едің?

– Өзімді қайтесің, жоғарғылар тездет деп алқымға алып 

жатыр. 


– Алқымың кең ғой, адамға ұшатын қанат ойлап тапса, 

жерге қонбас едік. 

– Қону, қонбасты қайтесің, бүгін самолетке билет 

алыңдар да, ертең Қызылордаға жет. Халықтық бақылау 

комитетіне хабарла, Шәміл Нұрымгереев, бірге өскен 

досың бар ғой. 

– Оны қайдан білесің?

– Өміріңнің ұмыт болған жағын да білемін.

– Өмірімнің мұң-шерін ұмытқандай болушы едім. Есіме 

салғаның дұрыс болды. 

– Келешектегі кітаптарыңа кіргізетін оқиғаларың же-

теді ғой. 

Рафаилмен достығым жарасқасын, еркін сөйлесе-

тінмін. Қазақ телевидениесінің жұмысын орындаушы 

емес, сатиралық «Жебе» журналын шығарушы, ұсыныс 


372

басшылықтан, еркін билеуші өзім. Тікелей республи-

калық халықтық бақылау комитетінің құзырына есеп 

беремін. Мұны айтып отырғаным, Сарбиеден оқып шық-

қандардың біразы атқа мінді, бірақ биліктің айтқанын 

орындаушылықтан асқан жоқ. Ал Шәміл ең жауапты 

мекеменің қызметін басқарып, орасан мол іс атқарып, 

қоғамға өлшеусіз пайда тигізді. Қызылордалықтар таны-

мал тұлға деп таныды. Ұзақ жыл кездеспеген досыңмен 

кездесудің ыстығы, жан жадыратын жылулығы естен 

шықпайды ғой. Рафаил айтқандай, жастық шақтың 

ұмытылған тұстарын да еске түсіріп қуанысып қаласың. 

Тірлігіңдегі татымсыз деген сәттердің өзі құлпырып көз 

алдыңа келеді. Сонымен мәре-сәре болып ертеңіне оның 

мекемесіне келдік. Есігінің алды толған адам. Бәрінің де 

жеңіл-желпі дейсің бе, шешімі ауыр дейсің бе, әйтеуір 

арыз-шағымдары бар. Оның бәрін зерттейді, түсініседі, 

нәтижесін шығарады. Көбісі билік үстемдігінің асқақтаған 

өршілдігінен қарапайым адамдардың шегетін қиянатына 

ұқсап жатады. Амалы құрыса, арсызданбай қайтеді. Бұл 

жеңіл-желпі шаруа емес. Орынтақта отырғандардың қай-

қайсысының қорғаушылары бар, олар қоғам жұмыстарын 

атқарумен қатар биігіне ұмтылуға тырысады. Жұмысшы, 

шаруалардың да қисық, қыңырлығы кездесіп қалады. 

Тірліктің қыз-қыз қайнаған тартысы, шиеленісі осылай 

өрбитіні қоғамға тән нәрсе екені белгілі. Адам қоғамнан 

жақсылықтың сәулесін күтеді, билік сәулесі жұрттың 

бәрін жарылқай бермейді. 

– Сіздермен бірге сенімді қызметкерім барады. Мили-

ция, прокуратура қызметкерлерін жолсерік етесіңдер, 

жолдарың болсын, – деп Шәміл басты шаруамыздың 

заңды түрде орындалуына мүкіндік жасады. Қылмыс, 

кемшілік іздеп жүріп кез-келген жерге түстеніп, қона да 

алмайсың. Дегенмен Қармақшының бас дәрігері, меди-

цина ғылымдарының кандидаты Қонақбай Сыздықовпен 

аралас-құралас, тұз-дәміміздің ортақтығы Торғай облы-

сынан бар еді. Сапарластарыммен келісе отырып, сол үйге 

түсуге шештік. Өйткені, біздің жүріс-тұрысымызды, нені 

зерттеп жүргенімізді аудан басшылығы білмеуге тиісті. Қо-

нақбай жаны қалмай қарсы алып, бар құрметін көрсетті. 



373

Милиция, прокурорымыз елдегі молданың жүріс-тұрысы, 

дін жөніндегі істерін жергілікті қызметкерлерімен білісіп, 

жазбаша түсініктер алып жатты. Сонымен телевизия-

лық тобымыз молданың өзімен Қонақбайдың кабинетінде 

кездестік. Сексенге аяқ басқан қарттың Ауғанстаннан 

келгені рас. Қырғын соғыста отбасы түгел қырылған, 

өзі мешітте жүріп аман қалған. Мұнда тентіреп келіп 

жан сақтағаны, өлген адамдары жерлеуге қатысатыны, 

қарттарға құран беретінінен басқа, көпшілік алдына 

шығып дуілдетіп дінді уағыздайтын дерек жоқ. Адам 

өлгенде жиналған халық арасында жүреді. Айқындығы 

осы болғасын Қонақбайға: 

– Денсаулығы қалай, сіздерге емделуге келіп тұра 

ма? – дедік.

– Бізде есепте, рак, өлшеулі күні қалды, – деді. 

– Осы сөзді телебейнеде айтып бер. Құжатының жазбаша 

көшірмесін бер, – дегенде Қонақбай қоңырайып бас тартты. 

Әрі айттық, бері айттық көнбеді. Торғайда бас дәрігер бо-

лып жүргенде әскер қатарына алатын балалардың комис-

сиясына қатысқанда сүндеттелмеген жастарды армияға 

жарамсыз деп қуып жіберіп, билікті дүрліктіріп еді. 

Осындай қырсықтау мінезімен өлген адамды тірілткендігі 

жөнінде докторлығын жазып өткізе алмай қалатынын 

да өз аузынан естігенім бар-ды. Ақырында Шәмілдің 

қызметкері Қонақбаймен сөйлесіп, тілін тауып, діндардың 

рак ауруы барлығы жөніндегі құжат көшірмесін алып, 

өлгелі жүрген ауру қарттың елді дүрліктіріп жатқан ешбір 

оқиғасы жоқтығына көзіміз жетіп, Қызылордаға оралдық. 

Сонда Шәмілдің өзімен бірге істейтін қызметкерлерінің 

де қандай іске де сын көзімен қарап алғырлықпен шеше 

алатын шеберлігіне сүйсініп, әрбір адамды талғаудағы 

артықша қасиетін түсіндік. 

 * * * 


Рафаилдың өміріңнің ұмыт болған жағын да білемін 

дегенінен шығады. Қонақбаймен жеке-дара сырласқан-

дағы мына бір оқиға есіме оралды. Он сегізге толған әрбір 

жас жігіт Кеңес армиясы қатарында болып, міндетті бо-



374

рышын өтегенше асық. Ондай комиссияға дәрігерлер 

қатысады. Әскери комиссариат тізбелеп отырды. Аудандық 

соғыс комиссариатының бірде бастығы, бірде орынбаса-

ры міндетін атқаратын Тұрғанның іштей бүйрегі бұрғаны 

жатпайды. Кезектесіп кіріп жатқан жігіттердің дәрігерлер 

денсаулығын қарап, ауру-сырқауын анықтайды.

– Жарақты, денсаулығында кінәрат жоқ, – деген дә-

рігерлерге құлағын тосқан Тұрған қай жердегі қандай 

бөлімде қызмет ететінін белгілеп қояды. Іштей, құдайға 

шүкір, қарттардың «ұлымды армия қатарынан алып қал, 

мұнша ақша беремін» дегенін ойланып отырады. 

– Жарақты, тағы кім бар? – деуі мұң екен, кіріп келген 

жігіт:


– Мырза Теңгетаев, – деп шешіне бастады. 

 Дәрігерлер бірінен соң бірі қарап:

– Жарақты, – деп дауыстағанда, Тұрған шошып кеткен-

дей селт етіп:

– Бойы қысқа, бір аяғы бір аяғынан екі сантиметр 

кемдігі бар деп әкесі айтқан, жарақсыз деңдер, – деп 

отырғандарға билігін жүргізді. 

– Ағай, денім сау, көкпар тартып, бәйгеге қосылып, ат 

үстінде шыныққанмын. 

– Жап аузыңды! Және бұл бір үйдегі жалғыз ұл, ер-

теде жаугершілікте бір отбасында жалғыз жігіт болса, 

жаугершілікке алмаған, кеңестің де заңы бар, оның үстіне 

биыл үйленген, әйелі екіқабат, – деп жанындағыларды 

ықпалына жықты. Олар да түсінеді, алым-берімнен жұ-

ғын жалағандай бірдеме түсер деп қышыған алақанын 

уқалайды. 

– Менің денім сау. Әке-шешем еңбек етеді, келінін 

ашықтырмайды, бағады. 

– Шық, биылғы маусымнан қаласың, келесі жылғының 

алдымен кетесің, бітті шаруа. Бүгінгі жастар ымды да, 

дымды да білмей ерісе кетеді. 

Содан кейін бойшаң, көрікті жігіт: 

– Тарлан Мұқатевпын. 

– Денім сау, ақылым, білімім бар, бокстан шебермін. 

– Тоқтап қал, аудан басшысы спорт жұмысына керекті 

кадр армия қатарына кетіп қалмасын деген. 



375

– Бара бер үйіңе, келесі жылғы есепке тіркейміз, – деп 

Тұрған өзінің жасырын пара алғандарын әйтеуір әр түрлі 

қулықпен әскер міндетінен алып қалады. Қонақбай болса 

сүндеттелмегенін жарақсыз деп қуып шығып, партиялық 

қудалауға түскені бар, тіпті облыстың бір басшысы 

заңгерлерге өздері жоқта терезеден түсіріп, үйін тінттіріп, 

діншіл, ұлтшыл деуге дерек іздестіргені де бар, ақыры 

қудалап, жұмыс орнынан босатып, өзінің туған жері 

Қармақшыға орналасқан-ды. 

* * *

Рафаил айтпақшы, бұл оқиғалар да есіме оралды. 



Әрбір дос-жолдаспен біраз жылдан кейін кездескен-

де көзіміз терезе, бетіміз кітаптай болып өткен, кеткен 

өмірді ойға оралтып мәре-сәре боламыз. Көбіне туған жер, 

өскен орта балалығымызды айтамыз. Балалық дегенде 

жұртты қуандыратын жақсылық біздің замандастардың 

маңдайына жазылмаған. Рас, үлкендердің құлақ құ-

рышын қандырған өнегелі сөздерін естіп, өмір сүруге 

құлшындық. Тірліктен баз кешпедік. Азап, қиындық де-

сек, жүрегің қақ жарылғандай ауызға сөз түспей күрмеліп 

жатады. Біздің Қаракөл елді мекені мен Сарбиенің арасы 

он бес шақырым, мидай дала, жолаушылар да көп жүріп 

жарымайды. Ескі жол, жүгіресің, қалың қау шөптің ара-

сынан пыр етіп құс ұшса қорқып қаласың. Іздегенің ең бол-

маса орталау мектепті оқып шығу. Тағдыр теріс айналған 

екен, ендігі тірлігің оқуға байланысты. Жүрек осылай 

толқиды. Адамдық сезімнің түрі сол. Жетімдік көкірегіңе 

тікенектей қадалады, бірақ өлімнен қорқасың. 

Бағатын әке-шеше о дүниелік болғасын, бесінші клас-

ты Сарбиенің мектебінде түске дейін оқып, түстен кейін 

балалармен ойнап, ірімшік, құрт жеп немесе біреудің 

үйінің тарысын түйіп беріп, қарын тазартып, кешкісін 

класс бөлмесінде түнеп жүргенімді мектеп қызметкері 

Айзада біліп қалып, тұрғызып қойып ұрысты: «Иесіз мек-

тепте жүрегің жарылып өлесің, жетім болсаң айтпайсың 

ба, біздің үйге барып жатып оқы, бір түйеміз бар, шұбаты 

асырайды», – деп Айзаданың тауып алған баласы бол-



376

дым. Жолым құтты атанып, ері Ақан армиядан аман-

сау оралды. Кейде есіме ерсілігім түссе, күлкім келеді, 

үйдің ағаш есігіне атымды пышақпен ойып жазыппын. 

Ал осы шаңырақтың маған да құтты болғаны «Қазақстан 

пионері» газетіне мақала, аннаграммаларым шығып, оған 

қаламақыға карандаш, дәптер алып жүрдім. Алғашқы ан-

награммам:



Егер «Е»-ден бастасаң, 

Кіріп, шығар құралмын.

«Е» орнына «Б» қойсаң, 

Сәби кезгі тұрағың. 

«Б» орнына «Т» қойсаң,

Саңылау боп шығамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет