Джампеисова К.К.Индустрия развлечений.-Алматы:Экономика, 2013 -309 с
Корпоративное управление: учебное пособие /под ред. Шихвердиева А.П. Издательство Академии Государственной службы и управ- А.Э., 2013 г.-213 с.
9-дәріс Іскерлік этика Кілттік сөздер:мәдениет, өркениет, менеджмент, корпоратив, кадр, мотивация, корпоративтік мәдениет
Мақсаты: Іскерлік этика туралы білім беру
Негізгі сұрақтар 1. Этика түрлері
2. Іскерлік этика
1. Этикеттің бірнеше түрі болады:
- сарайлық – монархтар сарайында бекітілген тәртіп пен қызмет көрсету түрлері;
- дипломатиялық – түрлі кездесулер, сөйлесулер кезінде қызметкерлер мен ресми тұлғалардың өздерін ұстау ережесі;
- әскери – әскерде тәртіп құратын жалпы ережелер мен нормалар жиынтығы;
- жалпы азаматтық (кеңестік) – азаматтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде сақтайтын ережелер, дәстүрлер және шарттылықтар;
- іскерлік – іскерлік, қызметтік қарым-қатынас кезінде ережелер жиынтығы. Ол іскер адамның кәсіби мінез-құлық моралінің ең маңызды жағы болып саналады.
Этикет талаптары, соның ішінде іскерлік этикет талаптары, тұрақты емес, олар уақытпен бірге өзгеріп отырады. Саналы ой ғана іскерлік этикет тәртіпті ұйымдастырып, сақтауға, уақытты үнемдеуге және басқа да саналы мақсаттарға жеткізетінін айтып өтеді.
Бостандық: іскерлік этикет ережелері мен нормалары болып, орындалып жатса да, олар бизнесте серіктестік таңдау еркіндігіне, тараптар арасындағы келісімнің орындалу әдісін таңдау еркіндігіне кедергі болмауы керек. Еркіндік, бостандық дегеніміз - ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге, түрлі пікірлер мен көзқарастарға сабырлықпен қарау.
Әдептілік: іскерлік этикет мейірімділікке бағытталған және адал, әділ болуы керек.
Жайлылық: іскерлік этикет нормалары мен ережелері бизнестегі серіктестер үшін ыңғайлылық, жайлықты қамтамасыз етеді; олар іскер адамдарды ыңғайсыз жағдайда қалдырмауы керек, іскерлік қарым-қатынастардың дамуына кедергі болмауы қажет. Барлығы да – қызметтік кабинеттің жабдықталуы, киімдері, сөйлесулер жүргізу ережелері ыңғайлы болуы керек, яғни барлық қатысушылар да бірдей деңгейде жайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі.
Мақсаттылық: іскерлік этикеттің әрбір алғышарттары мақсаттарға қызмет етеді.Себебі іскерлік қарым-қатынастар (ашылу рәсімі, сөйлесулер, іскерлік әңгімелесулер және т.б.) түрлерінің нақты мақсаттары болады.
Үнемділігі:ұйымның хаттамалық бөлімінде «қол жетімді құн жетекшілік етуі керек, себебі іскерлік қатынастар этикасы ұйым үшін қымбатқа түспеуі керек.
Консерватизм: сенімділік, тұрақтылық, төзімділік – іскерлік әлеміндегі тартымды сипаттар. Киім киісіндегі, мінезіндегі консерватизм, дәстүрлерді ұстанушылық тиянақтылық және ұзақ мерзімділікті білдіреді.
Өзін еркін ұстау: этикет нормалары шынайы, онда қобалжу, алаңдаушылық болмайды, оңай қолданылады. Оларды сақтау үшін ешкімге қысым көрсетілмей, психологиялық мәжбүрлеу болмауы керек.
Жан-жақты болу: этикет нормалары іскерлік қатынастардың әр тараптарына бағытталады.
Тиімділік: іскерлік қарым-қатынастар стандарттары келісшарттардың орындалу мерзімінің қысқаруына, ұйымдағы дау-жанжалдардың азаюына ықпал етеді.
2. Дж. Ягердің іскерлік этикеттегі алты қағидасы
Этикет мінез-құлықтың сыртқы формаларын қалыптастыруды болжаса да, ішкі мәдениетсіз, этикалық нормаларды сақтаусыз іскерлік қатынастар құру мүмкін емес. Дж. Ягер өзінің «Іскерлік этикет» кітабында этикетпен байланысты әрбір проблема - мақтанқұмарлықтан бастап, сыйлықтар беруге дейінгі әрекет этикалық нормалардан шықпау шарт. Іскерлік этикетте мәдени мінез-құлықтар мен адамдарға құрметпен қарау ережелері сақталып отырады.
Дж. Ягер өзінің кітабында іскерлік этикеттің алты қағидасын жазған:
1) барлығы да уақытында орындалуы керек.Кешіккендік тек жұмысқа ғана кедергі келтірмейді, сонымен бірге адамға деген сенімді жоғалтады. «Уақытында» принципі есептерге және сізге берілген барлық тапсырмаларға да қатысты;
2) көп сөйлемеңіз. Бұл принциптің мәні – сіз ұйымның немесе нақты келісімнің құпияларын өз жеке басыңыздың құпиясы сияқты сақтауға міндеттісіз. Қызметтестеріңіз бен басшыларыңыздан естігендеріңізді немесе бағынысыңыздағылардың жеке өмірі туралы ешкімге тіс жармаңыз;
3) сыпайы, мейірімді, ашық жүзді болыңыз. Клиенттеріңіз, тапсырыс берушілеріңіз, сатып алушыларыңыз, қызметтестеріңіз немесе қол астындағыларыңыз сізге қалай тиссе де, сіз сыпайы, сабырлы болуыңыз керек;
4) өзіңізді ғана ойламаңыз, басқаларды да ойлаңыз. Тек клиенттер мен сатып алушыларға ғана емес, қызметтестеріңізге қол астындағыларыңызға да көңіл бөліңіз. Қол астындағыларыңыздың сын сөздері мен кеңестеріне құлақ салыңыз.
Сіздің жасаған жұмысыңызға біреу күмән келтірсе, бірден ашу шақырмаңыз, басқалардың сыны мен тәжірибелерін бағалайтыныңызды көрсетіңіз. Өзіңізге деген сенімді болсаңыз да, сыпайы, қарапайым болыңыз;
5) орынды киіну керек;
6) жақсы тілмен айтып, жазыңыз.
Іскерлік этикет мінез-құлық нормалары мен ережелерін ұзақ уақыт бойы іріктеу нәтижесі болып табылады, ол іскерлік қарым-қатынастардың табысты болуын қамтамасыз етеді. Іскерлік этикет ережелері, өзін ұстай білу мәдениеті әлемдегі барлық бизнесмендердің экономикалық және қаржылық мүдделерінің жақындасуына ықпал етеді.
Мәдениеттің терең қабаттарындағы құндылықтар мен құнды бағыттардың қатарында жалпы қабылдаушы, стандартты әрекеттермен тәртіптерінде мәдени құндылықтарды жинақтайтын нормалар, және ол нормативтік жарлықтар мен заңдарды жіне қоғамдағы индивидтің тәртібін реттейді.
Ережелер қоршаған ортадағы жүріс-тұрыстың дәл немесе дәл еместігін көрсететін критерий, яғни өз тұрғысынан алып қарағанда өзгелермен өзараәрекеттестік барысындағы мәдени-спецификалық жарамды немесе жарамсыз жүріс-тұрыстың «фильтрі», яғни белгілі бір жағдайларда күтілетін жүріс-тұрыс эталоны болып табылады.
Құндылықтардың негізгі мазмұнына бірнәрсеге деген, яғни заттарға, құбылыстарға, жағдайларға, процестерге, қоршаған ортаға деген қатынас, өзіне «жақсы» немесе «жаман» адам ретінде қарау қатынасы жатады. Шетелдік мәдениет зерттеушілерінің жұмыстарында құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әлеуметтік өмірдің өзіне қажетті нәтижелері мен оларға қол жеткізудің жолдары туралы ұғым ретінде қарастырылады. Жеке тұлға құндылықтарды қабылдаған жағдайда олар сол адамның санасында құндылық бағдарларға айналады да мәдениет өлшемінің критерийіне жатады (басқа мәдениеттермен салыстыру барысындағы оның ұқсастықтары мен айырмашылықтары). Олар адамныңқарым-қатынас жасау барысында маңызды рөл ойнайды, солардың негізінде «әлеуметтік қарым-қатынас орнайды, эмоциялар және сезімдер (аффекттер), өзараәрекеттестік дағдылары қалыптасады». Серігіңнің құндылық бағдарларының ерекшелігін білу қарым-қатынастың табысты болуын қамтамасыз етеді, яғни серігіңнің жүріс-тұрысын, ұмтылыстарын және тілектерін болжауға мүмкіндік береді. Е.Холл үлгісінде белгілі бір қоршаған ортадағы сөйлеу іс-әрекеті мен қарым-қатынасқа, яғни контекстке көп мән беріледі. Ол мәдени контекстеен тысқары айтылатын ойдың еш мағынаға ие бола алмайтынын атап өткен. Сонымен қатар автор мәдениеттің детерминдеуші рөлін құндылықтар, идеялар, көріністер, тіл көмегі арқылы ойды білдіру жолдары негізінде басқалармен өзара қарым-қатынас жасау барысында адам жүріс-тұрысына әсер ететін әлеуметтік өмірдің негізі деп атап көрсеткен.
Адам үйренген барлық нәрсе жүріс-тұрыста көрінеді. Жүріс-тұрыстағы айырмашылықтарды сезіне отырып, мәдениеттердің айырмашылықтарын сезінеміз. Мәдениетті игеру жүріс-тұрыстың мәдени-спецификалық айырмашылықтарында көрінетін құндылықтарды сезінуден басталады. Сондықтан ғылыми қызығушылық әртүрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімеен ұқсас болып келетін немесе бір-бірінен айрықша болып келетін мәдениаралық жүріс-тұрыс үлгілерін салыстыруды көздейді. Мәдениет кеңейген сайын олардың құндылық бағдарлары бір-біріне қарама-қарсы қойылған, ал ол қарым-қатынасты одан сайын қиындатады. Сонымен қатар, мәдениет жүріс-тұрыс үлгісі үшін тыйымдар мен рұқсаттардың деңгейлерін белгілейді, олардың негізінде мынадай аттитюдтер – құрамында ережелер, рөлдер, құндылық бағдарлар, үміттер бар жүріс-тұрыс заңдары – жатады. Жүріс-тұрыс ережелері мен ойды білдірудің дәлме-дәл жолдары бұзылатын коммуникативті жүріс-тұрыс мәдениаралық жанжал формасында пайда болатын қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады. Оның нәтижесі коммуникантты қарым-қатынасқа қатыстырмай, қарым-қатынасты блоктау болып табылады. Мәдениет компоненттері әлемді көру – «әлем бейнесін», менталитет, халықтың ментальділігін – жалпы адам қоғамына қатысты әлемді түсінудің эмоционалды түстелген жүйесін бейнелейді. Мәдениаралық процесте қарым-қатынас тиімділігі ешқандай да символдар мен артефактардағы нақты айырмашылықтар үшін емес, серіктің әлем бейнесінің айырмашылықтарының салдарынан төмендеп кетуі немесе нөлге жетуі мүмкін.
Іскерлік қатынас этикасы – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы.
Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады:
1.іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек;
2. адамгершілік;
3. мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;
4. құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.
Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы.
Кәсіби такт – бұл қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.
Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді.
Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандац да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең. Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар.
Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді.
Хаттама мен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын жағдайлардан аулақ болған жөн. Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әр бір мекемеде өздерінің сыйлық силау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар.
Егер сізді біреу үйіне түстенуге немесе қонаққа шақырған болса, онда кішігірім сыйлық алып барған жөн. Сыйлық кімге сыйланса сол адамның талғамына байланысты болуы керек.
Сыйлық қабылдар кезінде өзіңізді келесідей ұстауыңыз тиіс. Сыйлаған сыйлық қандай түрде болмасын оны қонақ кеткенге дейін ашпау қажет, себебі сыйлық туралы ойламаған басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін. Сыйлықты алғаннан кейін құр ризашылық аз болады, сондықтан өз ризашылығыңды ашық хат арқылы білдірген жөн.
Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:
іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек;
ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы).
қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.
Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.
1. Күнделікті қызметтік араласу.
- әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;
- келушілерді қабылдау;
- жиналыстарға, мекемелерге бару;
- азаматтардың тұрған орындарына бару;
- жиналыс, конференция, отырыстар;
- кезекшілік, күзет.
2. Спецификалық қызмет араласуы.
- жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі; б)жұмыскерлер арасында араласу;
- үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.
- шет азаматтармен іскерлік қатынас.
3. Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.
- өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;
- митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу;
- спецконтингентермен араласу.
4. Вербалдық емес және арнайы емес араласу түрі.
- публикалық қатынас және интерьвю;
- баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;
- телефон, телесайт, радиохабар;
- іскерлік жазу.