176
белгіленеді.
Ток өлшегіш трансформаторлары (ТӨТ). Бұл айнымалы ток- тың электр күшін өлшейтін құралдар: амперметрлердің, ваттметр- лердің, электр қуатын есептегіштердің, фазометрлердің кернеуі бой- ынша шектерді кеңейтуге арналған өлшеуіштік түрленгіштер. ТӨТ үлкен мәнді токтарды өлшеу кезінде, сондай-ақ, жоғары кернеулі тіз- бектерде жүретін, аса үлкен болмайтын токтарды өлшеу қажеттілігі туындаған кезде, пайдаланылады.
ТӨТ 7.3 - суретінде көрсетілген сұлба бойынша қосылады. Тіке сызықтың жуандатылған кесіндісі болып белгіленетін бастапқы ора- ма I1 тогын өлшеу керек болатын сымның ажыраған жеріне қосылады. Бірнеше аспапты қосу қажеттілігі туындаған жағдайда, әрқайсысы арқылы I2 тогы жүретіндей етіп олар өзара кезектесіп байланысады. ТӨТ трансформациялау коэффициенті келесідей анықталады:
(7.3)
((4.7) қатынасын қараңыз).
Осылайша, токтың төмендетуші трансформаторы бастапқы ора- маға қарағанда, айналым саны көп болатын екінші орамаға ие. Со- нымен қатар, бастапқы орамада тек бір ғана айналым болуы мүмкін. ТӨТ трансформациялау коэффициенті бөлгіш ретінде өрнектеледі,
мысалы 100 ,
5 ,
600 , бұл жерде: алымында ампермен белгіленген,
5
бастапқы ораманың номиналды тогы, ал бөлгішінде — әдетте 5 А тең болатын, екінші реттегі ораманың тогы орналасқан. КӨТ пен қуатты трансформаторларды қосу тәсілінен ерекшеленетін ТӨТ бастапқы орамасын қосу тәсілі ТӨТ жұмысының ерекшіліктерін анықтайды. Екінші реттегі ораманың қысқыштарына қысқа тұй- ықталу режиміне жақын болатындай қылып, амперметрлер немесе төмен кедергіге ие ваттметрлердің, өлшегіштердің, фазометрлердің ток тізбектері қосылады. ТӨТ үшін бұл тәртіп қауіпсіз болады.
Қысқа тұйықталу кезінде, бастапқы тізбекте I1 өлшенетін ток жүреді, ал екінші тізбекте — қуатты трансформатордың жұмыс ре-
7.3.-сурет. Ток өлшегіш трансформатор- ды қосу сұлбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |