Лобзин с. А. Электр машиналар



бет4/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   283

4


бөліктерінде токтарды ауыстыру үшін қызмет етеді.
Өздерінің конструкциясы мен жұмыс істеу қағидаларында, әртүр- лі машиналар ерекшеліктерін біріктіретін машиналар бар. Мысалы, іс жүзінде (әлі өте кең таралмаған) генераторлар, қозғалтқыштар ретінде, сондай-ақ жиіліктікті түрлендіру үшін қолданылатын асин- хрондалған синхронды машиналардың тамаша қасиеттері бар.
Кеңейтілген пайдалану саласындағы машиналардың тағы бір мы- салы - айнымалы немесе тұрақты токтың желісінен жұмыс істейтін әмбебап коллекторлы қозғалтқыштар. Коллекторлы қозғалтқыштар синхронды және асинхронды машиналарға қарағанда, айтарлықтай жоғары айналу жылдамдығын алуға және кең ауқымда жылдам- дықты басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олардың қолда- ну саласы жоғары шығындармен, қызмет көрсетудің күрделілігімен және жұмыстағы сенімділіктің төмендігімен шектеледі.
Осында берілген электр машиналардың қысқа жіктелуі, олардың сан алуандығын қарастырмайтынын атап өтейік.
Термин мағынасы бойынша, машиналар болмайтын трансфор- маторларды электр машиналармен бірге бір курста үйрену әдетке айналған. Трансформатор - айналмалы бөлігі жоқ және алдымен бір кернеудің айнымалы тогын, басқа кернеудің айнымалы тогына түрлендіруге арналған, статикалық құрылғы. Трансформатордың жұмыс істеу қағидасы, электр машиналарының қағидасы сияқты электрмагниттік индукция құбылысына негізделген, ал оның қаси- еттерін сипаттайтын теңдеулер электр машиналарының, атап ай- тқанда, асинхронды қозғалтқыштардың теңдеулеріне ұқсас келеді. Трансформаторлар мен асинхронды қозғалтқыштарды орналастыру сұлбалары мен векторлық диаграммалары өте ұқсас.
Электр машиналары мен трансформаторлар арасындағы ұқса- стық, әсіресе, құрылымда, индукциялық реттегіш пен фазалық рет- тегіштің жұмыс қағидаларында айқын көрінеді. Осы құрылғылар, 360° шегінде еркін бұрыштарға бұруға қабілетті, тежелген ротормен пайдалынатын арнайы жасалған асинхронды қозғалтқыштар бола- ды.
Бірнеше қызметтері бар трансформаторлардың көптеген түр- лері болады. Жалпыға ортақ пайдалынатын қуатты трансформа- торлар, электр энергиясын беру және тарату желілерінде қолданы- лады. Электр энергиясы электр станцияларында ондаған киловольт кернеулікте түрлендіріледі, бірақ анағұрлым жоғары кернеу, ұзақ қашықтықта энергияны үнемдеп тарату үшін пайдалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет