Лобзин с. А. Электр машиналар



бет257/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

303


ғана; Iа белсенді құрамдас бөлігі өзгеріссіз қалады. Егер айналды- ру иінкүші өзгермесе, генератор желіге беретін белсенді қуат та өз- гермейді. Белсенді қуат P2 = mUгIcosφ өрнегімен анықталады. Ол қосулы тұрған желінің кернеуіне тең болатын Uг, генераторының шықпаларында кернеу өзгермеген жағдайда, зәкір тогының белсенді құрамдас бөлігі болып табылатын Icosφ шамасының мәні өзгермей қалуы керек. Зәкірдің тогы нөлдік емес белсенді қуат жағдайында секілді қайта қозу кезінде генератордың кернеуіне қатысты алғанда артта қалатын және желінің кернеуіне қатысты алғанда озыңқы бо- лып табылады.
Зәкір тогының белсенді құрамдас бөлігінің тұрақтылығына осы токтың көлденең оське түсетін кескінінің тұрақтылығы сәйкес ке- леді. Басқа сөзбен айтқанда, қоздыру тогы өзгерген кезде зәкір тогы
векторының ұшы тік түзу бойымен сырғиды. jIхс синхронды индук- тивті кедергідегі кернеудің түсу векторы I векторына перпендикуляр, оны j жорамал бірлігі көрсетеді. Бұл жағдайда қоздыру тогы өзгерген
кезде jIхс векторының ұшы (сондай-ақ Е0 генераторының ЭҚК векто- рының ұшы) егер хс мәні өзгермейді деп есептейтін болса, көлденең түзу бойымен сырғиды. Қайта қозуға сәйкес келетін векторлардың белгіленімдері 12.2, г суретінде бір сызықшамен берілген.
Жете қоздырылмаған жағдайда белсенді қуат пен зәкір тогының белсенді құрамдас бөлігі де өзгермейді. Бұл жағдайда I'' зәкірінің тогы Uг генераторының кернеуінен озып түседі және желінің кер- неуінен артта қалады. Векторлық диаграммада jI''хс векторына пер- пендикуляр болатын I'' тогының векторы Uг генераторы кернеуінің векторына қатысты алғанда сағат тіліне қарсы бұрылады (12.2, г су- ретінде I'' векторы суретті күрделендірмеу үшін көрсетілмеген).
Бұрын нөлдік белсенді қуат жағдайы үшін жасалғандай бел- сенді қуаттың әрбір мәні үшін U-тәрізді сипаттаманы салуға бо- лады (12.3-суретті қараңыз). Әрбір сипаттаманың төменгі нүктесі (зәкірдің минималды тогының нүктесі) қалыпты қозуға сәйкес ке- леді, ол кезде зәкір тогының реактивті құрамдас бөлігі болмайды; бұл ретте зәкір тогы мен генератордың кернеуі арасындағы фазалар- дың ауытқуы φ = 0; cosφ = 1. Егер барлық U-тәрізді сипаттамалар- дың қалыпты қоздыру нүктелерін біріктірсе, оң жаққа ауытқитын қисық шығады. Белсенді қуат артқан кезде орын алатын зәкір тогы артқан сайын зәкір реакциясының тасқыны мен шашырау тасқыны артады. Бұл ретте φ фазалық бұрышты өзгеріссіз сақтау үшін (нөлге тең етіп) осы тасқындарды полюстар тасқындарын арттыру арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет