теңгеру қажет, ал ол үшін қоздыру тогын ұлғайту қажет.
12.3-суретте U-тәрізді сипаттамалардың оң жақ бөліктерінің сол жақ бөліктерге қарағанда жазықтау екендігін көруге болады. Бұл арт- тыратын қоздыру тогының азайту тогына қарағанда статор тогының аз өзгеруіне әкеп соғатындығын білдіреді. Оның себебі мынада: үлкен қоздыру тогы генератордың магнитті тізбегінің қанығуына әсер етеді. Генератордыңқуаттыжеліменпараллельжұмысынақа-тыстыжалпықорытындылар. Қоздыру тогы мен айналдыру иінкүшінің дербес түрде жұмыс істейтін синхронды генераторға ти- гізетін әсерін осы факторлардың қуатты желімен параллель жұмыс
істейтін генераторға тигізетін әсерімен салыстырып көрейік.
Дербестүрде жұмыс істейтін генератордың қоздыру тогын өзгер- тетін болса, оның ЭҚК-сы мен оның шықпаларындағы кернеу ар- тады. Егер генератор қуатты желімен параллель жұмыс істейтінболса, қоздыру тогын өзгерткен кезде генератордың шықпаларын- дағы кернеу өзгеріссіз қалады және желінің кернеуіне тең түседі. Алайда генератордың ЭҚК-сы өзгермейді және бұл реактивті ток- тың пайда болуына әкеп соғады: ЭҚК артқан кезде бұл ток фаза бой- ынша генератордың кернеуінен артта қалады, ал ЭҚК кеміген кезде
— генератордың кернеуінен асып түседі.
Егер дербес түрде жұмыс істейтін генератордың білігіндегі ай- налдыру иінкүшін арттыратын болса, айналу жиілігі және өн- дірілетін ЭҚК жиілігі де артады. Егер генератор қуатты желіменпараллельжұмысістейтінболса, айналдыру иінкүшінің артуы генератор желіге беретін қуаттың артуына әкеп соғады. Бұл ретте айналу жиілігі тіптен өзгермейді және ЭҚК жиілігі желі кернеуінің жиілігіне тең болып қалады.
Желімен параллель жұмыс істейтін генератордың айналдыру иінкүшін азайта отырып, оны қозғалтқыш режиміне ауыстыруға болады. Қуатыбойыншаөлшемдесекігенератордыңпараллельжұ-мысы. Егер қуаттары ұқсас екі генератор параллель жұмыс істейтін болса, бір генератордың қоздыру тогының өзгеруі жалпы шиналар- дағы кернеудің өзгеруіне әкеп соғады. Бір генератордың білігіндегі айналдыру иінкүшінің өзгеруі ол беретін қуаттың өзгеруінен бөлек екі генератордың айналу жиілігінің өзгеруіне, соның салдарынан кернеу жиілігінің өзгеруіне әкеп соғады. Жалпы шиналардағы кернеу жиілі- гін өзгертпей бір генератордан екінші генераторға жүктемені ауысты- ру үшін жүктеме берілетін генератордың бастапқы қозғалтқышының айналдыру иінкүшін арттырып, жүктеме алынатын генератордың