бастапқы қозғалтқышының айналдыру иінкүшін азайту қажет. Ши- налардағы кернеуді тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін жүктеме берілетін генератордың қоздыру тогын арттырып, жүктеме алынатын генератордың қоздыру тогын азайту қажет. Бұл ретте сонымен қатар екі генератордың cosφ қуат коэффициентінің тұрақтылығы сақталады. Осыны қуаты барлық генераторлардың жалпы қуатымен өлшем- дес болатын аздаған генераторлар параллель жұмыс істейтін жағдай
үшін қолдануға болады.
12.3.
СИНХРОНДЫ ГЕНЕРАТОРДЫҢЭЛЕКТРМАГНИТТІҚУАТЫ
Полюсі анық емес генератордың электрмагнитті қуатыныңтеңдігіншығару. Басқа генераторлармен параллель жұмыс істейтін генератордың қасиеттерін одан әрі зерттеу үшін оның электрмагнит- ті қуаты неге байланысты болатындығын қарастырайық.
Синхронды генератордың энергетикалық диаграммасы тұрақты ток генераторының энергетикалық диаграммасына ұқсас (2.1-сурет-
ті қараңыз). Рэм генераторының электрмагнитті қуаты — зәкірге ауа саңылауы арқылы берілетін тұтынылатын P1 механикалық қуаты- ның бір бөлігі. Электрмагнитті қуат, генератор ішкі желіге беретін P2 пайдалы қуатынан Ря зәкір орамасындағы электр шығын шамасына ерекшеленеді:
P= P+ P= mUIcosφ + mI2R эм 2 я г я
мұндағы m — машина фазаларының саны; Uгжәне I — тиісін- ше фазалық кернеу мен ток; φ — олардың арасындағы фазалардың
ауытқу бұрышы; Rя— синхронды генератордың статорында ор- наласқан зәкір орамасы фазасының кедергісі. Қуаты орта болатын машиналарда зәкірдегі электр шығындар пайдалы қуаттың 1 %-нан аспайды. Сондықтан мынадай қабылдауға болады
Pэм≈ mUгcosφ.
(12.2)
Одан әрі Е0 генераторының ЭҚК-сы мен оның Uгшықпаларын- дағы кернеу арасындағы θ фазалардың ауытқу бұрышы арқылы өр- нектеу қажет болады. Ол өрнекті полюсі анық емес генератор үшін
аламыз. θ фазалық бұрышқа электр градуспен өлшенетін, жүктеме кезіндегі ротордың орналасқан орны мен бос жүріс кезіндегі оның орналасқан орны арасындағы геометриялық бұрыш сәйкес келеді (12.2-бөлімді қараңыз). Полюсі анық емес генератордың векторлық диаграммасында (11.12-суретті қараңыз) U= Uгвекторына қарай eh