Сабақтың
басы,ортасы,соңы
(40 минут)
Оқушылармен сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа қатысымын,
дайындығын
тексеру.Оқушыларды екі топқа біріктіру. Тренинг ұйымдастыру: «Мен
ғажаппын». «Адамзат табиғаттарының терең қасиеттерінің бірі
адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық болып
табылады» деп Уильям Джеймс айтқандай, әр адам өзіне қаншалықты баға
берсе, соншалықты лайық болады. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды,
жылы сөздерді көбірек айту керек. /Сабақ алдында психологиялық
тренингке қатысады/ Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері
түсіндіріледі. Тапсырма алды кезеңі Не білеміз? 1.
Роман не себепті Ұлпан
деп аталған? Ойыңды мысалмен түсіндір. 2. Есеней Ұлпанды не себепті Ақ
нарым деп атаған? Романнан үзінді келтіре отырып түсіндір. 3. Ұлпан
кімді өзіне аға тұтты, не себепті? Бұл жерден Ұлпан бойындағы қандай
қасиетті байқадың? 4. Романда қандай жыр-дастандардың аты аталады?
Мәтіннен үзінді келтір? 5. Романдағы Ұлпан бейнесі қазіргі кездегі әйел
басшылардың бейнесімен салыстыр. 6. Ұлпан Есенейге қосылуға несебепті
келісім берді? Бұл келісімге сенің көзқарасың қандай? 7. Ұлпанныңөмірден
ерте кетуіне не себепші болды? Ұлпан тағдыры туралы өз ойыңдыайт. 8.
Романда суреттелген қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы өзойыңды
айт. Дәстүрдің
озығы бар, тозығы бар дегенді қалай түсінесің?
«Пікірталас» әдісі бойынша Ұлпан-ел анасы бола білді ме? Егер, сенҰлпан
ананың орнында болсаң не істер едің? тақырыбында оқушылар
пікірсайысқа түседі.(Жақтаушы және даттаушы жақтардың пікірлерін
тыңдау). Дескриптор: • Тақырып төңірегінде өз ойларын айтып
талқылайды. • Талқылай отырып, мысал келтіре отырып дәлелдейді. • Өз
пікірін нақты дәлеледер келтіре отырып,өмірмен байланыстырып, құнды
пікірлер айтады. Не білдік?
Шығармашылық жұмыс Тапсырма
«Ұлпан» - ел шежіресінің мазмұнына құрылған роман. Романда қазақ
ауылының жүзжылдық тұрмысы,әдет-ғұрпы, барымта, қалың мал беріп қыз
айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы
кең көлемде сөз болады. Романдағы басты кейіпкер Есеней қалың керей-
уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы би, атақты бай.
Ерекше
кейіпкердің бірі – Ұлпан» деген ойды өрбітіп жазыңыз. Қолдауды қажет
ететін оқушыларға: Өз көзқарасыңызды дәлелдеуде берілген үзінділерді
қажетінше қолданыңыз. 1.Ұлпан - ақылы көркіне сай қыз. Ұлпанның
көрмегені жоқ. Ол сонда да өзін батыл ұстаған. Ұлпанның мінезі, даналығы
мені қызықтырды. Жарын құрметтеуі, жоғары бағалауы, еліне қамқор
болуы. 2.Есеней - Ұлпаннан қырық жас үлкен болса да, сыйластықпен,
сүйіспеншілікпен бар өмірін осы кісіге арнаған. 3. Ұлпандай тарихи адам
өмірінің тарихи шындығын жазушы асқан дәлдікпен суреттеп, өз
ортасынан оқшау шыққан адам екенін көрсетіп, қаһармандық
қасиеттерімен әрлейді. Батырдың ерке қызы шаңырақтың берекесі, үйдің
киесі болып, жоқты бар, азды көп етіп отырады. Он саусағынан өнер
тамған Несібелі ананың ұяда берген тәрбиесінің
арқасында Ұлпанға тек
Есеней ғана емес, бүкіл ел қызығып, сүйсінген. Қабілетті оқушыларға:
Тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі,
нақыл сөйлемдерді қолдана отырып өз көзқарасыңды дәлелдеп жаз.
"Сорлының зары арлыға кездескей", "Малым -жаным садағасы, жарым -
арым садағасы", "Байлық
- бір жұттық, батыр - бір оқтық", "Жүйелі сөз
жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар", "Құдыққа құлан құласа, құрбақа
құлағында ойнар", "Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын",
"Баласыз әйел - панасыз әйел", "Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен
түңілсін". Дескриптор: • Тапсырма орындауда өз көзқарасын білдіреді;
• Көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады. Топ мүшелері
дәптерлерін бір-біріне беру арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды, кері
байланыс жасайды. Тапсырма соңы кезеңі. Қорыту: «Арнау сөз»
Ұлпан анаға...... Авторға....... Бүгінгі сабаққа.......... Оқушырефлексиясы
Мен бүгін сабақта неге қол жеткіздім? Мен үшін
сабақта
ең қиыны не
болды? Маған қандай жағдай ерекше назар аударуымдықажет етті?
Неге? Мен келесі жолы мұндай жағдайда не істеуім керек?