Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Таудан аққан тас бұлақ,

Тасыса құяр теңізге,

Қанша малы көп болса,

Бай қуанар егізге.

Жаманнан жақсы туса,

Жақсыдан жаман туса,

Тартпай қоймас негізге, - 

дейді [24, 115]. Сондықтан болар, «әке балаға сыншы» деп жоғарыда айтқа-

нымыздай, «болар бола боғынан» деп әке баласын ерте таныған. Ол баланың 

ортада өзін қалай ұстауынан көрінетін болған. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде 

«дастарқан мәдениеті» қатты дамыған еді. Көшелі жағдайда қазақтың мек-

тебі  де,  университеті  де  осы  отбасындағы  дастарқан  айналасында  өтетін. 

Қонақты сағына күтіп отыратын қазақ отбасының дастарқаны ән мен жырға, 

ертегі мен аңыз әңгімелерге, шешендік сөз сайыстарының асыл үлгілеріне 

толы болатын. Жән ондай ұлағатты да ғибраты мол әңгімені әдетте үйге кел-

ген қонақ айтатын. Сонда «кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас 

баланың кісіменен несі бар» деп, баланы тани қоятын. 

Одан кейінгі келесі саты – үйрену кезеңі, шәкірттік кезең десе де бола-

ды. Өзінің шешендікке қабілетін танытқан баланы көргенді әке аты шыққан 

белгілі бір шешеннің қасына ертіп жіберетін. Бал сол ұстазының қызметінде 

болады: атын жайлайды, киімін әпереді, кебісін сүртіп қояды. Сөйтіп арнайы 

Рулының оғы қалса табылар,

Жалғыздың тартатұғын жағы 

 

 

 

қалса табылмас;

Әкелі бала жау жүрек,

Әкесіз бала сұм жүрек

Жиын болса бара алмас,

Барғанмен орын ала алмас.

Екі көзі жаудырап,

Тұлымшағы салбырап,

Күнінде соның не болғанын білмеймін,

Шайнағаным күмән-ді.

Әкелі бала жау жүрек

Жиын болса барады,

Барса орын алады.

Бітірер сенің дауыңды,

Қайтарар сенің жауыңды,

Күнінде тастан өтер жебесі

[24, 108-409].

меті де ерекше. «Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» демекші, әке 

балаға сыншы, әке – асқар тау, әке – болашақ аузымен құс тістеген шешеннің 

алғашқы үлгіс, ұстазы, пірі десе де болады. Қазақтың от ауызды, орақ тілді 

шешені, жасынан өлеңмен сөйлей бастағаннан «көмекей әулие» атанған Бұ-

қар жырау отбастындағы әкенің рөлі туралы былай дейді:



31

стационарда емес, қоян-қолтық өмірде бала ұстазынан сабақ алады. Бұл тәр-

биенің бір нұсқасын біз Абайдың әкесі Құнанбайдан көре аламыз. Құнанбай 

Абайды оқудан қайтарып алғаннан кейін, оны ылғи өз жұмыстарымен сол 

кездің не бір белгілі би, шешендеріне жұмсайды. Олардың қасында болып, 

сауалына жауап, жауабына шешім тауып қайтады. Және сол жауаптардың 

шешімін өзі ойлап, астарлы да бейнелі сөздің күрмеуін шешіп, жұмбағын 

тауып келеді. Міне, сөйте-сөйте Абай ақылды да кемеңгер әкенің арқасында 

үш жүзге аты мәлім би, шешен болып қалыптасты.

Шешендік мектептің үшінші кезеңі – қалыптасып қалған бал шешеннің 

айтулы да даңқты шешендерден бата алуы. Осы салада жетістікке жеткен, 

ел алып, жұрт меңгерген шешеннен алған бата, осы күнгі тілмен айтқанда, 

диплом, сертификат еді. Батаның біз екі түрін білеміз: біріншісі – жас та-

лапкердің  шешенді  өзі  іздеп  барып,  бата  сұрауы;  не  керісінше,  шешеннің 

жас талапкерді өзі іздеп келіп батасын беруі. Екіншісі – қоян-қолтық ше-

шендік сайыста жас талапкер көзге түсіп, назарға алынуының нәтижесінде 

берілетін бата. Енді осы асыл үлгілерге тоқталып өтейік. Бірінші үлгі - та-

лапкердің шешенді өзі іздеп баруы: «Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім 

үйрену үшін Қаракерей Соқыр Абыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп 

кіріп келсе, қартықтан екі жағын жібекпен таңып отырған адам екен, Жәні-

бекті көріп:

– Сен қай ұлсың? – деді.

– Қошқар ұлымын.

– Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? – деді.

– Болармыз.

– Балам, не жұмысың бар, бұ жақта неғып жүрсің? – деді.

– Осы жақта қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-

білім алайын деп жүр едім.

– А-а-а!!! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің! Сөз бастап, би бола-

йын деген ұл екенсің. Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма – аймағың кетпес ал-

дыңнан; қол бастап, жол алайын деген ұл екенсің, жолдастың мыңын алама, 

бірін ал – мың кісіге бір кісі олжа салатұғын, олжаңды аямасаң, жолдасың 

қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалың 

бер де қатын ал, жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол. 

Қартайған соң өкінбе, ұлым! Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең – таяғың, 

қарның ашса тамағың.

Мұнан  шығып,  Кіші  жүзде  тоқсанға  келіп  отырған  Тайған  деген  биге 

келеді.  Келсе,  бидің  елі  көш  екен,  көш  үстінде  кез  болып  сәлем  беріп,  ат 

үстінен көріседі. Мұнысын жақтырмай бұл би де сұрайды:

– Жаным, қай ұлсың?

– Қошқарұлымын.

– Ұлым, неғып жүрсің?

Жәнібек оған да айтады: 



32

– Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, жолығып, қолын алып, бір-екі 

ауыз ақыл сұрамақшы едім, – деп. 

– Е-е! – деді би. – Азуы алты қарыс Арғынның Қошқарұлы Жәнібегі, 

Алшынның бір алжыған шалын келемеж қылып кетейін деп едім десейші.

Жәнібек:


– Мен сөз сұрайын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой, - деп атының 

басын бұрып алып жүріп кетеді. 

Анадай жер барғанда, би: 

– Әй, Жәнібек! – деп шақырды. Жәнібек артына қарайды. Сонда би: 

– Атыңның басын бұрама, солай тұр, жүзім кішілігінен бір ауыз сөзбен 

көңіліңді қайтардым, өгізді өрге салма – қанатың талар, жаманға жүзің сал-

ма – сағың сынар, – депті [25, 346-347].

Міне, шешендік өнерге баулудағы батаның алатын орны осындай болса 

керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет