Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ұлттық болмыс

1) Сәлемдесу әдебі

Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінде сәлем беріп амандасуға ерекше мән 

беріледі.  Себебі,  қарым-қатынастың  бастауы  болып  табылатын  сәлемдесу 

ізеттілікті, имандылықты, инабаттылықты, мәдениеттілікті білдіреді.

«Сәлем»,  «сәлемдесу»  сөздерінің  өзінде  бір  жылылық,  ілтипаттылық 

сезіліп  тұрады.  Тәртібі  дұрыс,  әдепті  кісі  танысын,  танымасын  алдынан 

шыққан жасы үлкен кісіге алдымен, жылы шыраймен амандасудың өзі, ол 

адамның инабаттылығын танытады.

«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез келген жерде, қандай жағдайда бол-

масын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен аман-

дасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда 

осылай болған, болады да, болуы керек.

Сәлемдесу  –  амандық  білудегі  әдеп  жолы.  Сәлемнің  сәлемдесу,  сәлем 

беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың 

бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық ті-

леп, тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік ныша-

нын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Әрбір 

адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді аман-

дасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақ жарқын амандасуы 

тиіс. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. 

Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, ба-



6

сын изейді, не қол алып амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, 

амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.

Адамзат қоғамының қай кезеңі болмасын, қандай да бір мемлекет бол-

масын, оның негізгі түп қазығы сол елдегі әрбір отбасыға тірелетіні даусыз. 

Олай болса, қазақ елі үшін де әрбір отбасының маңызы ерекше. Оған ата-

бабамыздың бір-бірімен «Отбасың аман ба?» деп саулық сұрасып, «Отбасы 

амандағын берсін» деп амандық тілеп жатуының өзі жарқын дәлел.

Негізінен,  әдептілік,  кішіпейілділік,  әркім  өзінің  орнын  біліп,  шектен 

шықпаушылық сәлемдесудің сәнін ғана келтіріп қана қоймай, мәнін де арт-

тырады.

Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді (қазақ мақалы).

Сәлемдесу  түрлі  жағдайларда,  әр  түрлі  адамдар  арасында  және  түрлі 

тәсілдермен (мысалы, қазіргі кездегі техника құралдарының дамуына бай-

ланысты: ұялы телефон, жедел хат, интернеттегі хат алмасым т.б. түрлері) 

жүзеге асуы мүмкін. Соған байланысты, осылардың әрқайсының әдептілік-

ке қатысты өзіндік ерекшеліктері болмай қоймайды.

Айталық, көптің үстіне, жиынға сырттан үйге кірген адам бірінші бо-

лып,  жасы  кіші  кісі  үлкенге;  сырқат,  мүгедекке  қатысты  алғанда  дені  сау 

адам сырқат кісіге бірінші болып; әйелге ер адам алдымен сәлем береді. Те-

лефон шалған адам алдымен сәлемдесіп алып, одан кейін барып, өзін таныс-

тырып, шаруасын айтады.

Сәлемдесу кезіндегі жағдай және сәлемдесетін орын да ескерілгені жөн. 

Мәселен,  қызу  талқы,  мәнді  ресми  жиын,  сұрақ-жауап  түріндегі  шаралар 

жүріп жатқан жерге кірген кісі жұрттың назарын аударып, іркіліс жасамау 

үшін, дауыстап сәлем беріп, қол алыспайды. Үнсіз бас изеп, сәлем ишара-

сын жасаса, жетіп жатыр. Дастарқан үстіне кірген кісі дауыстап сәлемдессе 




7

де, жағалай түгел қол беріп амандасуы орынсыз. Әсіресе, қол алысып болып 

қолын жуу – нағыз әдепсіздік. Егер, елде ұзақ уақыт болмаған, алыс сапар-

дан немесе сондай бір мәнді жолдан (мысылы, әскерден) оралған, яки қатты 

сырқаттан соң кездесіп тұрған адамның ресми емес орындарда: дастарқан 

басы, той-тұмалақ үстінде кездесуінің жөні басқа, ондайда әлгі шаруаларды 

тоқтата тұрып, тегіс көрісіп, қол алысып амандасу орынды болмақ, тек кел-

ген адам қолын жуып кірсе жетеді.

Үйдегі балалар, жас өспірім ұлдар мен жастар таңертең ұйқыдан тұрған 

соң беті-қолдарын жуып келіп, ата-анасына, отбасы мүшелеріне, қонақтарға 

сәлем беруі керек. Адамның әр күнгі іс-қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы 

лебіз, қошаметтен басталса, ол тыныштықтың, салауаттық пен өнімді іс-әре-

кеттің жебеушісіне айналады.

Өмірде  ұшырасуы  ықтимал  бар  жағдайды  түгел  ескеріп,  толық  кеңес 

беру мүмкін емес. Әркім кіммен, қай жерде, қандай жағдайда жолығып тұр-

ғанынан жаңылмай өзінің тәрбие деңгейіне қарай барынша сыпайы, әдепті 

сәлемдесіп үйренгені абзал. Сәлем беру – өткінші міндет емес, өмірлік мін-

дет. Ендеше одан жаңылуға да, жалығуға да хақымыз жоқ.



Сәлем беру де – парыз, Сәлем алу да – парыз (өзбек мақалы).

Сәлемдесу әдебі ғасырлар бойы қалыптасқан. Мысалы: үлкен адам мен 

жасы кіші адамның сәлемдесуі, аттылы мен жаяудың сәлемі, ер мен әйелдің 

сәлемі т.б.

1) Сәлем беру – имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктің 

белгісі. Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса 

да, жасы кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол – әдептіліктің бір белгісі 

ретінде  қалыптасқан  дәстүр...  Алыс  жолдан  келген  жолаушы  немесе  сол 

елдің адамы ауыл ақсақалдарына, белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем 

берген. Кейде «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем бе-

реді» деп жөн білетін үлкендердің өзі барып сәлемдесетін де жол бар. Егер 

сәлем ер адамға қатысты болса «сәлем берді» деп айтылады.

2)  Келіндердің  сәлем  етуі.  Сыйлы  ата,  ене, 

қайнағаларына  кездескенде,  көріп  қалғанда 

келіні  оларға  иіліп  сәлем  қылады.  Келіннің  сә-

лем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде 

қабылданады. Сәлем әйел адамға қатысты болса 

оны «Сәлем етті дейді».

3)  Құрдас,  қатарлас  ер  кісілердің  сәлемде-

суі бір-бірін көріп қалғанда қол беріп, ал көптен 

көріспеген достар құшақтасып, төс қағыстырып 

сәлемдеседі. Жасы үлкен адаммен сәлемдескен-

де жасы кішілер жағы аттан, көліктен түсіп ба-

рып және әрқашан қос қолын беріп сәлемдеседі.




8

Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі – келіп-

кетіп жүргені (Мақсұд Шайхзада)

Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп кескінін тану, болмысын 

байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын 

ұқтыру; бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен дидарласып 

тұрғандарына қуанып, шүкіршілігін жасау, ниеттерінің ақ-адал, таза екенін 

білдіру.  Орта  Азиядағы  туысқан  түркі  халықтары,  барлық  мұсылман  ел-

деріндегідей, «Ассалау-мағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, оның 

мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді. Оған жауап, яғни 

сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері «Сізге де ты-

ныштық тілейміз» дегенді ұқтырады. Содан кейін барып: «Үй-ішіңіз, мал-

жаныңыз аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма?» тәріздес білісу, жай, жөн сұ-

расу рәсімі жалғасады.

Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әдепке, көргенділік, естілікке 

жатады [3].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет