Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу



бет5/15
Дата07.01.2022
өлшемі72,07 Kb.
#20311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР

Табақ тарту есебі.
Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақ келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына келіп, «Екеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып қалады, не істеу керек» деген екен. Сонда қонақ қанша? Табақ қанша?
Шешуі: Х қонақ, У табақ
3у – 3=2у+23у – 2у=3+2у=5
х=2у+2=2*5+2=12
Жауабы: 12 қонақ, 5табақ.
Киіз үйдің биіктігі 4м 20 см. Бұл оның керегесінің, уық бөлігінің және шаңырағының биіктіктерінің қосындысына тең. Оның керегесінің биіктігі 1м 60см, уық бөлігінің биіктігі 2м. Шаңырағының биіктігі киіз үй биіктігінің қандай бөлігін құрайды.
Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (Анүктесіне), мойына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді. А, В және С нүктелерін координаталарымен жазу.
Домбыраның басы (құлағы) 1/10 м, мойны 1/2 м, шанағы 2/5 м. Домбыраның ұзындығы неше метр.
Сандықтың биіктігі 50см. Ұзындығы 1м 50см, ені 55см. Сандықтың көлемін және ауданын тауып, оларды бұрыс және дұрыс бөлшек түрінде жазу.
6 сыныпта өстік симметрия тақырыбын өткенде үй жиһаздарына бедерлеп салынатын ою өрнектер түзуге қатысты симметриялы түрде салынатынын айтып кеткен жөн.
Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды асылдың көзіндей сақтаған жөн.

Қазақ халқының ауыздан - ауызға тараған есептерінің арасында ұлттық идея өтіп, басқа халық даналығымен астарласып жататын есептер де бар. Мұндай ортақтықты мақал - мәтелден де байқауға болады. Қазақ халқының есептері.



Қырсық жолаушы.

Екі. қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық екі араны неше күнде өтеді.

Батыл, батылдың ісі мақұл. Жылқыға жем беру.

Ауылдас жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады. Сонда ол:

- жылқыларыма күніне 10 қадақ жем беремін. 2 бием бар. Құнанға 2 қадақтан, тайға 1 қадақтан жем беремін. Ар жағын өзің есепте. Шаруасың ғой, - дейді үй иесі. Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет