Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу



бет3/15
Дата07.01.2022
өлшемі72,07 Kb.
#20311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР

ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Салт-дәстүріміздегі математикалық есептердің әдеби және танымдық сипаты
Халықтық математика - біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе кара сөз, біресе ертек, біресе тәжікелесу, біресе ілмек не дұзақ шешу, ұйқас табу, мақалдап сөйлеу, ұсақ заттармен өнер көрсету, сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады. Бұл халық аузындағы есептердің әдеби сипаты. Оны есептің сыртқы түрінен, сондай - ақ ішкі мазмұнынан да байқауға болады. Мына жұмбақты алайық. Бір емен, жеті терек, алты қайың, Бұтағы толып жатыр дайым, дайым. Ішінде шынар терек, үш қарағай, Өңгесін айта беріп не кылайын.

Өлең жазу ережесіне бағындырып, ағаш түрлерімен салыстыру арқылы ен тағылған жұлдыздар: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Үштараз. Өлеңде әр жұлдыз өзіне тән сипат алған. Мәселен, Темірқазықтың емендей берік, жалғыз екендігі айтылған. Еменге теңеу арқылы, оның аспан көгінде қозғалмайтындығы жасырылған. Бірде жұлдыздарды есепке алып, оның орнын анықтаған Ұлықбек еңбегі аталса, екіншіде Декарт координаттар жүйісінің маңызына тоқталынады. Үшіншіден жұлдыздардың тууы мен батуы айтылып, олардың өмірдегі маңызына мән беріледі.

Мәселен, мысырлықтар Сүмбіле жұлдызының орнын, тууы мен батуын зерттей отырып, бір жылда 365 күн бар екенін айтқан. Олар мысыр күнтізбесін жасаған. Мұның маңызын қазір бәріміз білеміз. Осыған байланысты халық даналығы, ғылыммен оның астарласуы, тәрбиелік мәні айтылады.

Темірқазықтың орналасуы арқылы дүние тараптарын айқындауға болады. Қазір пайдаланылып жүрген Декарт өстері осының негізінде ойланылып табылды. Кейін бұл крест түрінде айналған. Кірестшілер мен керуеншілер айсыз түнде Темірқазық арқылы жол тауып, барар жеріне адаспай жеткен. Аспан шырақтары арқылы ауа райын болжаған. Күн мен Айдың жерге, адамға, жәндікке әсерін білген, оны басшылыққа алған.

Осындай әңгімелерді үлкендер жастарға айта отырып, олардың дүниетанымын кеңейтіп, қызықтыру мен табиғат құбылыстарының практиқалық маңызы арқылы ілімге бағыштаған, әртүрлі тәрбие берген. Ақ боз,-көкбоз - екі жұлдыз, Темірқазық - жалғыз жұлдыз, Жетегенім - жеті жұлдыз, Жеті айтқаны сауап дейді, - ұйқасын алайық.

Бұл жердегі жетеген деп отырғаны жеті қарақшы, оның жеті жұлдыздан тұратындығы және құрамына Ақбоз, Көкбоз сияқты екі жұлдыз және Темірқазық кіретіндігі айтылған. Ақбоз бен Көкбозды таба алсақ, темірқазықты табуға болады. Ақбоз бен Көкбоз арқылы тұзу жүргізіп, екі жұлдыз арақашықтығындай бес өлшем жерден - солтүстіктен Темірқазык ізделінеді. Төрттағанның бір мәнісі - осы болса, екінші мәнісі - мынада. Өлең ұйқасын пайдалана отырып тез жаттықтырып, жеті рет айтса сиқырлы жауабы бар екендігіне бой ұсындыру. Дем алмай өлеңді жеті рет қайталау өкпе жұмысын жақсартып, адамның сергектігіне әсер етеді. Қазіргі тілде бұл биоэнергиялық жаттығуға жатады.

Өлеңді жаттау және қайталау арқылы ес дамытылады. Үркерлі айдың - бәрі қыс, Сүмбіле туса - су суыр, Ай қораланса арбаңды сайла, Күн қораланса - күрегіңді сайла, Шолпан таң алдында туады деп бекер айтылмаған. Осы кыр мен сырды ашу - халық тәрбиесі деген осы. Халық тәрбиесінде өмірді білу, табиғатпен тілдесу, құбылыстың, объектінің сырын ашу, яғни таным: салыстыру, нақтылау, топтау және жіктеу, байқау мен ұқсастыру, қолдану арқылы өткен. Осыдан да біз халық аузындағы есептердің таным сипаты бар дейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет