Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Ж.Қ.Орынтаев
заң ғылымдарының кандидаты, доцент,  
Халықаралық қатынастар және құқықтану 
факультетінің азаматттық құқық және азаматтық
 іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі
Абай атындағы ҚазҰПУ
ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ЖЕР ДАУЫН ШЕШУДІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әдет-ғұрып  құқығы    нормалары  бой-
ынша  жер  даулары  атақты  адамдардың 
немесе ақсүйектердің пайдасына шешіліп 
отырды.  «Ол  нормаларға  байланысты  бір 
жерге  бір  мезгілде  көшіп  келген  ру  ба-
сылары  арасында  дау  туса:  егер  олардың 
біреуі  сұлтан,  екіншісі  жай  адам  болса, 
онда  даулы  жер  сұлтанға  берілді;  егер 
бір  тұлға  би,  ал  екіншісі  руға  танымал 
ақсақал  болса,  жер  екіншісіне  берілді; 
егер бір жағы би, екіншісі жай адам болса 
онда  бидің  пайдасына  шешілді,  ал  егер-
де  даулаушылардың  екеуі  де  жай  адам-
дар  болса,  онда  қайсысының  жасы  үлкен 
соның пайдасына шешілді».
XVІІ  ғасырдың  ортасынан  XVІІІ 
ғасырдың басына дейін қазақ хандығында 
ішкі және сыртқы саяси жағдай дағдарыста 
болды. 
XVІІІ  ғасырдың  20-30  жылдарында 
қазақ  халқының  тағдырында  аса  күрделі 
бетбұрыс  оқиғалар  орын  алды.  Біртұтас 
қазақ  хандығы  Ұлы  жүз,  Орта  жүз,  Кіші 
жүз  атты  қазақ  хандықтарына  бөлінді. 
Бытыраңқы 
мемлекетке 
жоңғарлар 
шапқыншылық  жасап,  қазақ  халқының 
жарымына жуығы қырылды.
Ресеймен 
арада 
болған 
сау-
да 
қатынастары 
жабық 
көшпелі 
қатынастарды өзгертті, оларды тауар-ақша 
қатынастарына тартты; алдыңғы қатарлы 
экономиканың  әсерінен  жер  өңдеу,  шөп 
шабу  шаруашылықтары  дами  баста-
ды.  Қазақстанның  саяси  құрылымында 
да  бірқатар  өзгерістер  болды.  ХVІІІ 
ғасырда Кіші жүзде хандар патша үкіметі 
билігінің келісімімен сайлана бастады, ал 
ХІХ ғасырдың басында Кіші жүзбен Орта 
жүзде хан билігі жойылды [3. 145 б]. 
Бірақ ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың 
алғашқы  жартысында  Қазақстанның 
әлеуметтік-экономикалық 
өмірінде 
айтарлықтай  өзгерістер  бола  қойған  жоқ. 
Қазақстанның 
Ресейге 
қосылуының 
экономикалық нәтижелері ХІХ ғасырдың 
екінші  жартысында  және  ХХ  ғасырдың 
басында айқындала бастады. 
Қазақстанның 
жер 
қатынастарын 
толығырақ  ашуда  қазақтың  әдет-ғұрып 
нормаларының 
материалдары 
үлкен 
орын  алады.  Ол  нормалар  қоғамдағы 
жоғарғы үстем тап өкілдерінің құқықтық 
көзқарастарын 
көрсетеді. 
Оларда 
қоғамдағы  үстем  таптың  рөлі  берік 
орныққан  және  қоғамдық  қатынастарды 
реттеудегі  олардың  алатын  орны  жақсы 
баяндалады.  Қазақтардың  қоғамдық 
құрылысына,  соның  ішінде  құқықтық 
өміріне  патша  үкіметі  қызығушылық  та-
ныта  бастады.  Себебі,  Қазақстанды  өз 
қоғамдасына айналдыру маңызды еді. ХІХ 
ғасырдың бірінші жартысында «Орынбор 
қырғыздарын  басқару  туралы  ереженің» 
бекітілуінен  (1844  жылы  14  шілдеде) 
Орынбор  губерниясында  қазақтың  әдет-
ғұрып құқығы бойынша материал жинау 
тапсырылды. 
Қазақтың  әдет-ғұрып  құқығы  бойын-
ша  жиналған  материалдары    қазақтың 
қоғамдық  өмірі  туралы  сұрақтарды  зерт-
теу  үшін  қажетті  материалдар  болып  та-
былады. 
Бұл  қаралған  кезеңдерде  хандар  мен 
сұлтандар  жерге  феодалдық  меншік 

95
C
M
Y
K
құқығының басты иелері болып саналды. 
Ірі феодалдық жер иеліктерінде жерді бөлу 
солардың қолында болды. Қазақ феодалдық 
қоғамының  басындағылар  ұлыстарды 
басқара  отырып,  өздеріне  қарасты 
рулардағы  жер  қатынастарын  реттеді. 
Қазақ феодалдары, орыс деректемелерінде 
жер иелері ретінде танылды. 
ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы  жайылымдар-
ды  бөлудегі  хандар  мен  сұлтандардың 
билігі ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың 
алғашқы  жартысына  дейін  сақталып  от-
ырды.  Мысалы,  И.И.Крафтың  айтуын-
ша,  ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысының 
басында Абылай сұлтан тек өзіне тиесілі 
руды ғана басқарды [5. 78-79 бб]. Ол бүкіл 
орданың  ханы  болған  кезде  жағдай  күрт 
өзгерді.  Оның  билігіне  бүкіл  орта  Жүз 
сұлтандарының  иеліктері  кіре  бастады. 
Қазақ дағдарысындағы жер қатынастарын 
реттеудегі  ханның  билігі  туралы  мысал-
ды  Тәуке  ханның  әрекеттерінен  көруге 
болады.  Тәуке  хан  өз  бетінше  «Рулар 
арасындағы  жерлерді  белгілеп,  оларды 
пайдаланудың тәртібін бекітті». Әр орда-
ны басқаратын басшыларды сайлады. Ұлы 
жүзге  Төлені, Орта жүзге Қазыбекті және 
Кіші жүзге  Айтықты. Олар өз иелегіндегі 
жерлерді бөлу қажет болған жағдайларда 
жерді пайдалану тәртіптерін қарап отыр-
ды. 
Қазақтың хандары мен сұлтандарында 
жеке  меншіктегі  жер  көп  болғандығын 
дәлелдейтін деректер жеткілікті. 
Абылай  сұлтанның  өзінің  көшпелі  ау-
ылдары  болғандығы  жөнінде  әдебиетте 
деректер  бар.  Мысалы,  Абылайдың  пат-
ша әкімшілігімен алысқан хаттарында өз 
иеліктерін «Менің жерлерім» деп көрсетеді. 
Абылайдың ұлы Уәли сұлтан 1780 жылы 24 
шілдеде Ұлы Петр қамалының комендан-
ты Сумароковқа жазған хатында: «Абылай 
хан үйінің қыстауы Көкшетау тауларының 
бойында орналасқан», – деп жазды. 
Хандар 
мен 
сұлтандардың 
өз 
меншіктерінде 
көшпелі 
жерлер 
болғандығын  дәлелдейтін  факті  ретінде, 
көптеген  шұрайлы  жерлердің  аттары 
олардың иелерінің атымен аталғандығынан 
да көруге болады. Мысалы, Көшен Туған 
(Шоқан  Уәлихановтың  бейіті  орналасқан 
жер), жердің меншік иесінің атына байла-
нысты Ералы Көшен деп аталады. 
Ірі  феодалдық  жер  иеліктері  туралы 
деректер  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жарты-
сында  жақсы  байқалған.  Бұл  кезеңдегі 
ханмен  сұлтандардың  жер  иеліктері 
дамыған  жер  қатынастары  нысанындағы 
мұрагерлік  феодалдық  жерлер  ретінде 
кездеседі.  Бөкей  ордасында  да  осындай 
кең дамыған феодалдық жер қатынастары 
кездеседі. Бұл орданың ханы Жәңгір өзіне 
жақын адамдармен бірге отырып, халыққа 
саяси  үстемдікпен  қоса  жерге  иелікті  өз 
қолына алды. Өз хандығы жерінде ол тек 
саяси билікке территориясындағы барлық 
жер  бөліктеріне,  оның  өзі  7  млн.  десяти-
надан  астам  жерлерге  жалғыз  өзі  билік 
жүргізді. 1830-1845 жылдар арасында жер 
бөліктеріне  иелік  беретін  1517  құжат  та-
ратып  берді.  Соның  салдарынан  7  млн. 
десятина  жердің  400570  мың  десятинасы 
Бөкей ордасындағы 20 шақты семьяға та-
ратылды,  ал  қалған  ондаған  мың  шаруа-
лар үлесіне 2,5 млн. десятина жер тиді [3. 
145 б].
Феодалдар  тобының  қорына  ірі  жер 
меншіктерінің шоғырлануы орда жерлерін 
Жәңгір ханның өзі билегендігінің нәтижесі 
еді. 
Өзіне  сый  көрсеткен  және  өзін 
мойындаған  адамдарға  үлкен  жер 
бөліктерін  беріп  отырды,  дәл  осындай 
жеке  басының  шешімімен  өзіне  жақпай 
қалғандардан жерді алып қойып отырды. 
Жерді беру және оны алуды хан жазбаша 
бұйрық беру арқылы жүзеге асырды. 
Жәңгір  ханның  жазбаша  бұйрығы 
көшпенділерге жер бөліктерін  пайдалануға 
құқық берді және шаруашылықта кең пай-
далану үшінде құқықтық негіз болды, со-
нымен қатар басқа да көшпенділермен ара-
да туындайтын дау-таластан қорғау үшін 
де негіз болды. 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

96
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Валиханов Ч.В. Ногай//Собрание сочинений: В 5 т. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. – Т.1. - 777 
с. 
2.История государства и права Казахской ССР: Учебное пособие для юрид. фак-тов вузов/Л.В. 
Дюков, А.Н. Таукелев, Г.С. Сапаргалиев, К.А. Жиренчин. – Алма-Ата: Мектеп, 1982. – Ч.1. - 182 с. 
Осындай  деректерге  сүйене  отырып, 
мынадай  қорытынды  жасауға  болады, 
жайылым  жерлерге  меншік  екі  негізгі 
бөліктен тұрады: а) ханның жеке жерлері, 
б) сұлтандар мен ру басыларына берілген 
жерлер.  Ханның  жайылым  жерлерінің 
көлемі  400  мың  десятинаға  дейін  болды, 
ал  ордадағы  әр  шаңыраққа  орта  есеппен 
176  десятина  жер  тиіп  отырды,  оның  өзі 
өмір сүруге қиын, құмдауыт жерлерді қоса 
есептегенде. 
ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 
Бөкей  ордасында  қалыптасқан  жер 
қатынастары туралы жазбаша деректеме-
лер  мен  архивтік  материалдарды  зерттеу 
сол кездегі жер қатынастарын феодалдық 
қоғамдық  қатынастар  деп  есептеуге 
мүмкіндік  береді.  Жер  иелену  өзінің  ны-
саны  жағынан  да,  мазмұны  жағынан  да 
отырықшы  елдердегідей  өңделмелі  жер 
ретінде  емес,  жайылымды  жер  ретінде 
пайдалану обьектісі болып табылады. 
Бұған  дейін  феодалдық  биліктің 
басындағы хандар мен сұлтандар туралы 
айтсақ,  ендігі  жерде  ру  басшыларының 
қоғамдық жағдайы туралы айтамыз. 
Ру  басыларының  құрамында  басты 
орынды  билер  алды,  орыс  деректерінде 
олар  «старшындар»  деп  аталды.  Бұл 
топқа  тархандар,  байлар  мен  батырлар 
жатқызылды. 
Билер  тек  рулардағы  емес,  сонымен 
қатар  бүкіл  феодалдық  қоғамдағы  ең 
көп  топты  құрады.  Уәли  Абылайханов 
сұлтандығының  иелігіне  барған  патша 
әкімшілігі өкілінің баяндамасына сай қазақ 
феодалдығының басында әр сұлтанға 100 
биден келеді деп көрсетілген. 
Бұл  кезеңдерде  хан  мен  сұлтандардың 
мүдделеріне қарсы ру басылары өкілдерінің 
әсері  күшейе  түскен  еді.  Қазақстанның 
феодалдық ұсақталуының себебінен және 
хандар  мен  сұлтандардың  билігін  бөліп 
алуға  тырысқан  билердің  әрекеті  салда-
рынан  хан-сұлтандардың  билігі  едәуір 
төмендеді. 
Сонымен  хан  мен  сұлтандардың 
бұрынғы  саяси  мүмкіндігі  кеміп,  қазақ 
қоғамы  өмірінде  билердің  маңызы  мен 
салмағы арта түсті.
Жоғарыда  айтылғандардан,  біз  ауыл 
шаруашылығы 
және 
қауымдардағы 
жер  пайдалануды  реттеу  мүмкіндіктері 
кімдердің  қолында  болғанын  айқын  көре 
аламыз. 
Қазақ  хандары  жердің  меншік  иесі 
ретінде  саналып,  өз  хандықтары  шегінде 
жайылым жерлерді анықтап отырды және 
ірі жер иеліктерінің шектерін анықтады.
Кейбір жер иеліктерінің ішіндегі көшу 
жолдарын  анықтау  сұлтандар  мен  би-
лер  тобының  қолында  болды.  Ауыл 
қауымдастықтарының  көшу  жолдарын 
билер  мен  старшындар  шешті  немесе 
кеңестер мен съездерде шешіп отырды. 
Бұл  деректер  қазақтардың  көшіп-
қонуының  әдет-ғұрып  құқықтық  норма-
лармен реттеу жағдайында дамығандығын 
көрсетеді. 
Көшпелі  қазақ  ауылдары  үшін  жердің 
рөлінің  үлкенділігі  қазақ  халық  мақал-
мәтелдерінде  анық  көрсетілген.  Қазақтар 
былай  дейді:  «Байлықтың  атасы  –  еңбек, 
анасы – жер». Мұнда бірінші кезекте еңбек 
қойылады, еңбек арқылы адамдардың жерді 
игеруі туралы айтылады. Келесі бір қанатты 
тіркесте «Жері байдың, елі бай» делінген, 
мұнда  да  алғашқы  жағдайдағыдай, 
көшпелілердің  экономикалық  тұрмыс 
деңгейі  жайылымның  құнарымен  байла-
ныстырылады.

97
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
3.Материалы по казахскому обычному праву: Сборник / Сост.: Т.М. Культелеев, М.Г. Масевич, 
Г.Б. Шакаев. – Алматы: Жалын, 1998. - 464 с. 
4.Еренов А.Е. Очерки феодальных земельных отношений у казахов. – Алма-Ата: АН КазССР, 
1961. -158 с. 
5.Зиманов  С.З.  Общественный  строй  казахов  в  первой  половине  ХІХ  века.  –  Алма-Ата:  АН 
КазССР, 1958. - 296 с. 
Резюме
   В статье рассматривается роль и значение проблемы провавых-земельных отношения, которое 
присутсвовала с древних времен, и для казахов земля является самым  ценным которое нам буду-
щем оставленно нашими предками.
Summary 
  The article considers the role and importance of problem  law earth at titude which be present  ancient 
time and for Kazakh  earth appeak the very evaluable who us in the future leave ours ancestor.
Р.С.Бакаиев – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің көркем сурет факультетінің
«Академиялық сурет» кафедрасының аға оқытушысы  
КӨРКЕМ СУРЕТ ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ТҰРҒЫДА 
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Егемен  еліміздің  болашағы  үшін 
жастарға  өркениеттің  даму  деңгейіне 
лайықты  білім  және  тәрбие  беруді  қазақ 
этнопедагогикасы  негізінде  жүзеге  асы-
ру  қажеттілігі  айқын  сезіліп  отыр.  Қазақ 
этнопедагогикасы 
республикамыздағы 
саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  қайта 
құрудың  шеңберінде  білім  беру  жүйесін 
ұлттық талап тұрғысынан өзгертуге негіз 
болуы  керектігі  қарастырылуда.  Бүгінгі 
жоғары  мектеп  түлектерін  ұлттық  си-
патта  тәрбиелеудегі  құралдар  жүйесі 
этнопедагогикалық тұрғыдан сұрыпталып, 
педагогикалық 
тәжірибеге 
енгізілуі 
керектігі баса назарға алынуда [5. 6 б].
Тәрбиенің  негізгі  бағыттары  (эсте-
тика,  еңбек,  ақыл-ой,  экологиялық 
т.б.)  халқымыздың  ғасырлар  бойы-
на  жинақтаған  құнды  қасиеттерін 
жастардың  бойына    өнер  мен  мәдениетті 
сіңіру,  көркем  шығармашылық      іс-
әрекетіне баулуды жүзеге асырып келуде. 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы» 
заңы,  Қазақстан  Республикасында  білім 
беруді  дамытудың  2015  жылға  дейінгі 
білім  беруді  тұжырымдамасында  «....
терең  білім  мен  тәрбие,  кәсіби  дағдылар 
негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-
өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және 
өз  бетінше  дұрыс  шешім  қабылдауға 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру» 
деп  көрсетілген  [1.  2  б].  Cебебі,  білімді, 
ғылыми тұрғыда ізденімпаз, эстетикалық 
тұрғыда  жан-жақты  дамыған  болашақ 
маман  ғана  бәсекелестікке  қабілетті  бола 
алады, қоғамның үнемі динамикалық алға 
жылжуын  қамтамасыз  етіп,  өз  ұлтының 
өсіп-өркендеуін  негізгі  мұратына  айнал-
дыра алады. Бұл мәселе бойынша жастары-
мызды  жоғары мектептің бейнелеу өнері 

98
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
пәні  бойынша  кәсіби  мамандыққа  даяр-
лау бағытында қазіргі таңда да жеткілікті 
шешімін  таппай  жатуы,  осы  бағытта 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді 
қажет етеді.
Қоғамның 
рухани-адамгершілік 
тұрғыдан  жандануы,  ұлтымыздың  ішкі 
әлеуеттік  мүмкіндігі  ұлттық  мәдени 
дәстүрлерді, ұлттық өнерімізді зерделеп за-
ман талабына қарай пайдалануға, болашақ 
жас  маманға  әлемдік  көркем  өнер  мен 
мәдениет  тарапынан  этнопедагогикалық 
білім  беруді  нәтижелі  ұштастыруды 
жүзеге  асыруға  байланысты,  елбасы 
Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан – 2030” страте-
гиясында:  “Ұлт  мәселесіне  қатысты  жал-
пы  үрдісті  танып-түсіну,  сөз  жоқ,  қажет. 
Мұнсыз  мемлекеттік  дамудың  жалпы 
логикасын  болжау  мүмкін  емес”,  –  деп 
тұжырым  айтқан  [7].  Осыған  байланы-
сты  еліміздің  егемендігін  өміршең  етуде, 
өнерлі  ұрпақ  тәрбиесінде  сабақтастықты 
сақтауда көптеген жұмыстар атқарылуда.
Халықтың  өнерін,  тәлім-тәрбиелік 
тәжірибелерін, 
өміршең 
идеяла-
рын  және  өнегелі  дәстүрлерін  жоғары 
мектептің  оқу-тәрбие  үдерісінде  пайда-
лану  арқылы  жастарымыздың  бойында 
ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды 
жүзеге  асыру  бүгінгі  күннің  мақсаты. 
Халықтың  рухани  мәдениетінің  мөлдір 
бастау  бұлағынан  жас  кезден  нәр  алып 
өсу  сан  ғасырлық  қалыптасу,  даму  та-
рихы  бар  қазақ  этнопедагогикасы  идея-
ларын  ертерек  бойға  сіңіруге,  ондағы 
жалпы  адамдық  құндылықтар  мен 
әдемілікке 
құштарлықтарын 
артты-
рып,  оны  көре  білуге  үйретеді.  Ұлттық 
тәрбие  тағылымдары  материалдарын 
халық  даналығының  сарқылмас  қайнары 
ретінде  жеке  адамды  қалыптастыру 
ісінде  пайдаланудың  қажеттілігін  қазақ 
даласының  ойшылдары  (Қорқыт  ата, 
әл-Фараби,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт 
Қашқари,  Ахмет  Яссауи,  педагог-
тар  мен  ағартушылары  (Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев, 
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, 
Ж.Аймауытов т.б.) өз еңбектерінде дәлелді 
сипаттама бергені мәлім.
Қазіргі  таңда  жас  ұрпаққа  ұлттық 
тәрбие беру міндеті уақыт талабы екендігі 
және  білім  беруде  басшылыққа  алатын 
нормативтік құжаттар арқылы қолдау та-
буы  заңдылық.  Қазақстан  Республикасы 
“Білім  туралы”  заңында:  “...азаматтық 
пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан 
Республикасына 
сүйіспеншілікке, 
мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге, 
халық  дәстүрлерін  қастерлеуге,  әлемдік 
және отандық мәдениеттің жетістіктеріне 
баулу,  қазақ  халқы  мен  республиканың 
басқа  халықтарының  тарихын,  әдет-
ғұрпы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік 
тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру”, – деп 
көрсетілген [1]. Аталған міндет білім беру 
жүйесінде  халық  дәстүрлерін,  халықтық 
өнерін,  дәстүрлі  мәдениетін  өнерлі 
жастарға зерделетуді және оларға баулуды 
меңзейді. 
Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекшеліктің 
негізін құрайтын белгі – ол, ұлттық өнерге 
көзқарас  пен  ұлттық  дәстүр.  Қазақстан 
бейнелеу өнерінің рухани ерекшелігі мен 
кәсіби көркемдік өзгешеліктің қалыптасуы 
халықтың  санасы  мен  ішкі  сырының 
әрдайым қатынаста болуына байланысты.
Осының  нәтижесінде,  шамамен  жүз 
жыл  ішінде  өзінің  ерекшелігі,  өзіндік 
ұлттық  өнері,  тілі,  мәдениеті  және  идея-
сы бар ұлттық өнер мектептері құрылды. 
Ұлттық  өнер  –  бұл  мәдениет  өзегі,  бұл 
арқылы  дүниетанымның  негізі  ұрпақтан-
ұрпаққа  қалып,  ғасырдан-ғасырға  дамып 
отырды.
Ерте  заманда  тәңір  шындық  сияқты 
іліми сенім болған, бұл дүние танымдық 
көзқараста  көк  аспан,  жер,  су,  тау,  өзен, 
төбе,  ағаш  сияқты  қасиетті  де  киелі 
заттарды  құрметтеп,  әспеттеген.  Осы 
киелі  дүниелерді  әспеттеп  құрметтеу, 
біздің 
ұлттық 
болмысымыз 
бен 
дүниетанымымызға  негіз  болу    филосо-
фиясын қалыптастырған [6].

99
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Өткенге  көз  салсақ,  қай  ғасырда  да 
философтар,  ойшылдар,  педагогтар  мен 
социологтар  ұлттық  өнердің    пайда  болу 
табиғатын ашуға аз көңіл бөлмеген. Атап 
айтқанда,  олар  жеке  адамның  өнерге, 
қоғамға,  табиғатқа  деген  қатынасын 
қарастырды. Ал, бейнелеу өнері қоғамның, 
мәдениеттің, жалпы өнердің дамуына әсер 
ететін  жандандырушы  фактор,  әрі  өте 
қажетті  көз  болып  табылады.  Әр  кездері 
қоғамда ұлттық өнер мен мәдениеттің да-
муына байланысты адамдардың  бейнелеу 
өнеріне деген  оң көзқарасы артып отыр-
ды.
Өнертану 
ғылымы 
саласын-
да  “ұлттық  өнер”  бағытының  тарихи 
ерекшеліктерінің    қалыптасуының    мәні 
зор.  Мысалы,  айналадағы  ортаны  танып-
білудегі  әсерін  орта  ғасырдағы  Шығыс 
ойшылдары  да  зерттеп,  дамыта  отырып  
қалыптастырудың мәніне назар аударған. 
Олар:  Әбу  Насыр  Ибн  Мұхаммед  әл-
Фараби  (870-950  ж.ж.),  Әбуғали  Ибн-
Сина (980-1037  ж.)  т.б.  жастарды ұжымда 
тәрбиелеп,  олардың  білімге,  өнерге 
қызығушылығын қалыптастырудың жол-
дарын қарастырды. Орта ғасырдың ойшы-
лы  әл-Фараби  –  дидактика,  оқыту  тео-
риясы  мен  білім  берудің  психологиялық 
негізін  қамтитын  мәселелерге  көңіл 
бөлді.  Көрнекті  философ  Әбуғали  Ибн-
Сина  жастарды  тәрбиелеуде  ақыл-ой, 
эстетикалық,  адамгершілік  тәрбиені 
тұтас пайдаланудың, оларды ұлттық өнер 
кәсібіне  үйретудің  маңыздылығын  баса 
айтқан. Оның дидактикалық принциптері 
былайша  құрылды:  жастардың  қабілеті 
мен  бейімділігін  ескере  отырып  оқытса, 
«...егер  баланы  ұжымда  оқытса,  ол  онда 
зерікпей,  қайта  оқытып  жатқан  пәнге 
қызығушылығы пайда болып, басқалардан 
қалып кетпеуге тырысып, жарысқа түседі» 
деген болатын.
Қазақ 
халқының 
материалдық 
мәдениетіне,  кәсібіне,  ұлттық  өнеріне 
қатысты деректерді ХІХ ғасырда жазылған 
Ш.Уәлихановтың, 
А.И.Левшиннің, 
Ә.Диваевтың, 
Х.Қостанаевтың 
т.б. 
еңбектерінен 
кездестіреміз. 
Ш.Уәлихановтың  эстетикалық  көзқарасы 
қоғамдық-саяси  және  философиялық 
көзқарастармен тығыз байланысты болды. 
Өзінің  зерттеу  жұмыстарында  ол  қазақ 
халқы  мен  Орта  Азия  халықтарының 
тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық әдет-ғұрпына, 
салт-дәстүрлеріне  баса  көңіл  бөледі. 
Сөйтіп,  өз  халқының  ауызекі    әдебиеті, 
әсемдік  танымы,  көзқарасы  арқылы 
эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.
Сол 
секілді, 
қазақтың 
біртуар 
ағартушысы  Ы.Алтынсарин  халықтың 
көркем  шығарма  туындыларын  өте 
жоғары  бағалап,  өнердегі  және  өмірдегі 
барлық  әдемі  нәрселердің  құндылығын 
түсінуге тек қана білім берудің арқасында 
жетуімізге  болады  деп  есептеген. 
Ы.Алтынсарин  өзінің  педагогикалық 
еңбектерінде,  тек  білімділікке  ғана  емес, 
мектеп  мәдениетілікке  де  үндейді.  Қазақ 
қыздарына  арналған  тұңғыш  әйелдер 
сәнді қол өнері мектебінің ұйымдастыруы 
да  Ы.Алтынсариннің  қажырлы  еңбегі 
болып  табылады.  Оның  педагогикалық 
еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз 
байланысты. Ол: «Мектеп қазақ халқының 
арасында  жаңаша  мектеп  мәдениетінде 
өмір  сүрудің  –  жаңа  әдет-ғұрып,  тәртіп, 
тазалық,  қолөнер  мен  өнердің  үлгісі  бо-
луы  қажет»,  –  деп  атап  көрсетті.  Абай 
Құнанбаевтың эстетикалық көзқарастарын 
көптеген  қазақ  ақын-жазушылары  мен 
өнер зерттеушілері (М.Әуезов, С.Мұқанов, 
М.Сильченко,  А.Жұбанов,  М.Қаратаев, 
З.Ахметов, Б.Ерзакович және т.б.) өздерінің 
еңбектерінде  жан-жақты  қарастырған. 
Абай  өзінің  педагогикалық  идеялары 
мен  эстетикалық,  көркемдік  тұрғысында 
тәрбиелеу ой-тұжырымдарын өрбіте келіп, 
27-ші  қара  сөзіне  былай  деп  атап  айта-
ды: «Сократ пен Аристотельдің пікірлері: 
«Әуелі  көзді  көрсін  деп  беріпті,  егер  көз 
жоқ  болса,  дүниедегі  көрікті  нәрселердің 

100
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
көркінен қайтып ләззат алар едік... Құлақ 
болмаса  қаңғыр,  не  дүңгір  дауыс,  жақсы 
үн, күй, ән – ешбірінен ләззат алмас едік». 
Осы ойды Абай қырық үшінші қара сөзінде 
ары қарай толықтырады. «Ол хабарлардың 
ұнамдысы – ұнамды қалыппен, ұнамсызы 
– ұнамсыз қалыппен, әрнешік өз суретімен 
көңілге түседі... Жан қуатыменен адам ха-
сия  қылған  өнерлері  де  күнде  тексерсең 
күнде  асады.  Көп  заманнан  тексермесең, 
тауып  алған  өнердің  жоғалғандығын 
және  өзіңнің  ол  мезгілдерден  бір  басқа 
адам  боп  кеткендігін  білмей  қаласың» 
–  деп,  Абай  мұнда  адамның  көркемдік 
шығармашылығының 
негізінде 
эстетикалық  сезімді  жатқызады.  Абай 
өзінің  шығармаларында  эстетикалық 
түсініктерге,  әсемдік,  сұлулық,  талғам 
және  т.б.  эстетикалық  категорияларға 
арнайы  талдау  жасамағанымен  оның 
өлеңдерінде  осы  түсініктерді  қамтитын 
мазмұнды шумақтар аз емес.
ХХ  ғасырдың  басындағы  төңкерістен 
кейінгі  дәуірден  бастап  қазіргі  уақытқа 
дейінгі аралықта қазақ зерттеушілері тара-
пынан ұлттық өнерге байланысты тарихи-
этнографиялық,  өнертану,  мәдениеттану 
тұрғысынан жазылған еңбектер де аз емес. 
Атап айтқанда, ғалымдар: Ә.Х.Марғұлан, 
Э.А.Масанов, И.В.Захарова, Р.Д.Ходжаева, 
Т.Бәсенов,  С.Мұқанов,  М.С.Мұқанов, 
С.Қасиманов,  Х.Арғынбаев,  Ө.Жәнібеков, 
Ә.Тә ж і м ұ р а т о в , Н . А .О р а з б а е в а , 
Б.Сарыбаев,  Д.Шоқпарұлы,  Ж.Бабалықов, 
А .С е й д і м б е к о в ,О. Б е й с е н б е к ұ л ы , 
М.Нығмет,  Б.Кәмалашұлы,  А.Нәлібаев, 
Қ.Ахметжановтың 
т.б. 
еңбектерінен 
этностың 
рухани-материалдық 
мәдениетіне  қатысты  құнды  деректерді 
кездестіруге болады. Дегенмен, солардың 
ішіндегі 
елеулісі 
Ә.Х.Марғұлан, 
М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, 
Ә.Тәжімұратов, 
Ө.Жәнібеков,           
Қ.С.Ахметжановтың 
еңбектері 
бо-
лып 
табылады. 
Қазақ 
халқының 
материалдық  мәдениеті,  өнері  жөнінде 
жазылған  жоғарыдағы  зерттеушілердің 
еңбектерінде айтылған ой-пікірлер, дерек-
тер,  қарастырылған  мәселелер  осы  күнге 
дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.
Сондай-ақ, халықтық тәрбиелік мәндегі 
өнерге, білімге, иманжүзділікке баулитын 
мақал-мәтелдерін, қанатты сөздерін, аңыз-
әңгімелерін,  көркем  сурет  факультетінің 
студенттеріне әр сабақ жүргізу процесінде 
жеткізіп  отыру  –  берілетін  көркем 
пәндерден білімді жандандыра түседі.   
Олай  болса,  студенттердің  санасы-
на  ұлттық  адамгершілік-имандылық 
қасиеттерді 
сіңіріп, 
ұлттық 
салт-
дәстүрлерді, ұлттық өнерді сақтауға, әдет-
ғұрыптарды  күнделікті  өмірде  қолдануға 
баулып,  үйрету  үшін  ЖОО-да  жүргізетін 
әр  пәндерде  тиісті  әдіс-тәсілдер  пайда-
ланып,  студенттердің  ұлттық  сезімдерін 
оятатын,  көркемдік,  ұлттық  тәрбиесін 
жетілдіретін  іс-шаралар  әр  кездері  жан-
дандырып,  жүргізіліп  отыруы  қажет.  Ол 
үшін ұл балаларды сәнді-қолданбалы өнері 
пәнінде  жүргізілетін:  металл,  тері,  ағаш 
өңдеу, тері илеу, өрім өру өнерлеріне бау-
лу, ал қыздарды ұлттық киім тігу, сырмақ 
сыру, ою-өрнек ою, киіз басу, текемет тігу, 
кесте  тігу  өнерлеріне  үйретіп,  ісмерлікке 
баулуымыз қажет.
Әрине,  бұл  жұмысты  жүзеге  асы-
ру  үшін  жаңашыл  әдіс-тәсілдерді  сабақ 
процесінде қолдануымыз қажет. Жаңашыл 
әдістер оқытушы мен студент арасындағы 
түсіністікті және араласа, бірегей белсенді 
жұмыс  жасауды  қажет  етеді.  Студенттер 
сабақ  барысында  тыңдаушы  ғана  емес, 
сабақ барысына белсене араласушы да бо-
луы шарт. 
Қазіргі  көркем  білім  беру  жүйесінде 
белсенді  оқыту  әдісі  кеңінен  пайдала-
нылады.  Ол  студенттің,  бір  жағынан, 
білімінің  жоғары  болуын,  өз  ойын 
еркін  жеткізе  білуін  қажет  етсе,  екінші 
жағынан, ойлау қабілетінің ұшқырлығын, 
көркем  шығармашылық  мүмкіндігінің 
жоғарылығын, шешім қабылдау барысын-

101
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
да өз ойын үлгілей білуін қажет қылады. 
Міне, бұл жағдайлар студенттің өз білімін 
әр  уақыт  көтеріп,  жетілдіріп  отыруына 
және өзінің кәсіптік деңгейінің жоғары бо-
луын қадағалауға итермелейді деп ойлай-
мыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: (2007 ж., шілде). Егемен Қазақстан 
газеті.
2.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру 
стратегиясы. Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. 1 наурыз 2006 ж. Егемен Қазақстан.
3.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының 
жобасы. – Астана, 2003 ж.
4.  Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлiм-тәрбиесi, – Алматы, 1995.  - 352 б.
5.  Байжiгiтов  Б.К.  Бейнелеу  өнерiнiң  философиялық  мәселелерi:  Кеңiстiк  пен  уақыт 
ырғағындағы тұрақты сурет үлгiлерi. – Алматы, 1998. -192 б.
6.  Егемен  Қазақстан  газеті.  “Қазақстан  –  2030”  Стратегиясы:  өркендеудің  өрелі  өрісі,  29 
қаңтар, 2010//пікір жазу.
Резюме
В данной статье рассматриваются некоторые вопросы национального воспитания, а так же  его 
роль и значение  в обучении изобразительному искусству высшей школе.
Summary
This article discusses some of the issues of education, as well as its role and value in teaching fine arts 
high school.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет