С.Байбатыров –
Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы
ЕҢБЕК. БӘРІН ДЕ ЖЕҢБЕК!
Хакім Абай өзінің жетінші қара сөзінде:
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен
туады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп
тұрады… Біреуі білсем екен демеклік…»
дей келіп, одан әрі осы мінез-құлықтың
қыр-сырын таратып әкететіні өзімізге
белгілі десек, бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері
Арықбай Ағыбаев бала кезінен-ақ білуге,
айналасын тануға ынтық болыпты. Оны
қаршадай кезінен білетін ауылдастардың
айтуынша, тап бір ересек адамдарша
салмақты, ойға бейім бала өзгелер сияқты
асыр салып ойнаудан гөрі, кім не деді, оны
неге айтты деген ойдың астарын ашуға
құмар болған сияқты.
Иә, ол бізге сабырлы, салмақты қалпымен
жарала салғандай көрінетін. Бір қызығы,
осындай балаң сезім бойымызға сіңіп
жасау ер адамның ісі ғой!
1964 жылдың наурызында Тәжібаевтың
денсаулығы сыр беріп, «жедел жәрдемді»
шақыртады. Әдепкіде сасып қалған
Әзиза апай оған ескертпей универси-
тетке телефон шалып, зембілді көтеруге
студенттер жіберуін өтінеді. Тәжібаев
ашуланып: «Қайдағы бір профессор үшін
студенттерді сабағынан босату кімнің
ойына келді екен?» – сыртта тұрған
көлікке өзі жүріп барады. Машинаға
отырғанда ғана есінен айырылып қалса
керек. Содан 10-шы мамырда ауруханадан
шығып, емін Мәскеуде жалғастырмақшы
болған. Алыс жолға жүрер алдында ка-
федрасына соғып, ғалымдармен кеңес
өткізеді. Мәскеуден келген соң шопандар
психологиясын зерттеу үшін кафедраның
барлық
қызметкерлерімен
жайлауға
шығатындарын ескерткен екен. Бірақ ол
сол арманына жете алмады. 1964 жылдың
14 маусым күні Мәскеу ауруханасында
мәңгілікке көз жұмды.
Қазір менде Төлеген Тәжібаевтың
әлі жарық көрмеген 10 томдық ғылыми
еңбектері бар. Соларға Үкімет тарапынан
қаржы бөлініп, 100 жылдық мерейтойына
дейін баспадан шығарсақ, ұлттық психо-
логия ғылымының мәні оның құнды ойла-
рымен тереңдей түсер еді.
Ұлағатты ұстаз профессор Төлеген
Тәжібайұлының шәкірті қазір Абай
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университеті
Магистратура
және
PhD
докторантура
институты
Психология-педагогикалық мамандықтар
кафедрасының профессоры, педагогика
ғылымдарының кандидаты Түрікпен–Ұлы
Жолмұхан.
Резюме
В этой статье проф. Ж.Турикпен-Улы рассказывает свои воспоминания о своем великом Учите-
лю профессоре психологии, выдающиемся государственном и общественном деятеле Казахстана
Т.Тажибаеве.
Summary
In this article, Professor. Zh.Turikpen-uly said his recollections of his great teacher professor of
psychology, of the outstanding statesmen and public figures of Kazakhstan T. Tazhibayeva.
77
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
қалған ба, әлі күнге Арықбай ағамыз не
айтса да дұрыс па, бұрыс па деп ой жүгіртіп
жатпаймыз, оның сөзіне жүгінеміз. Әрине,
ол қашанда жөн әңгіме айтады ғой. Жал-
пы, Арықбай ағамыз да кейінгі ұрпақтың
өзінен орнықты ой, ағалық мінез күтетінін
сезінетін болар, қашанда кейінгі жастарға
бай өмірлік тәжірибесінен ақыл-кеңесін
айтып, жөн-жоба көрсетуден шаршаған
емес. Сол ойлардың бәрі де көкейімізге
қонатыны ғой, біз оның әр ісін өзімізге
үлгі-өнеге тұтып өстік. Осы жерде сәл
шегініс жасап, бір жәйтті айта кетсем,
Қазақстан ғылымына бүгінде сүбелі
үлес қосып жүрген ғалымдардың біразы,
нақтылап айтсам 15 ғылым докторы, 50-ден
астам ғылым кандидаттары біздің Қастек
ауылының түлектері екен. Солардың ішінен
заң ғылымына түрен салған А.Ағыбаев бо-
латын. Түрен салған деген сөзді де жайдан-
жай айтып отырғанымыз жоқ. Оны өзімізге
өнеге тұтқан бір топ інілері біз де осы сала-
ны таңдадық.
Өзімізге белгілі, сонау өткен ғасырдың
60-жылдары ауыл баласы негізінен екі-үш
оқудың ғана атын білетін. Оның бірі – мал
дәрігерлік, екіншісі – ауылшаруашылық,
үшіншісі – мұғалімдік оқу еді. Сол
жылдарғы жастардың бәрі дерлік осы
мамандықтарды таңдайтын. Ал Арықбай
ағамыз болса, осы қалыпты жәйттен
ауытқып, заң саласын неге таңдады? Оны
қайдан білді дегенге келсек, бұл сұрақтың
тек тамыры – осы Қастек ауылының ту-
масы, кезінде Варшава университетін
бітірген, Қазақ АССР-інің алғашқы проку-
роры болған Қанай Боранбаев атамызға ба-
рып тіреледі. Иә, Алматыдағы мемлекеттік
университеттің заң факультетіне оқуға
Арекең де бірден түсе салған жоқ. Ол төрт
жыл шопан болып, бұл оқуға әбден зарығып
барып түсті. Әрине, басқа оқуға барса,
мектеп бітірген жылы-ақ оның студент
атанатынына еш күмән жоқ еді. Бірақ, ол
бар ниетімен Қанай атамыз сияқты заңгер
болуды қалады. Ол кезде университет-
те сабақ тек орыс тілінде жүретін. Ауыл-
да тірі орысты көрмей өскен Арықбай бұл
тілдің қиындығын да өзінің алғырлығы
арқасында жеңіп шықты. Сөйтіп, бүкіл
университеттің мақтанышына айналып,
Лениндік стипендиат атанды.
Осындай белсенділігінің арқасында
ол университет бітіргеннен кейін, бірден
Философия және құқық институтына
жұмысқа орналасты. Бұл ғылыми ортада
да ол өзінің ізденгіш өрен екенін көрсете
білді. Сөйтіп, 1970 жылы Мәскеудегі Мем-
лекет және құқық институтының аспи-
рантурасына жолдамамен оқуға аттанды.
Араға 3 жыл салып, кандидаттық диссер-
тациясын қорғаған Арекең енді ғылыми
ізденісін тәжірибемен ұштастыруды ойлап,
Алматы облыстық сотының мүшесі болып,
табаны күректей 5 жыл бойы осы жұмысты
атқарды.
Әйтсе де, білімге, ғылымға деген
құштарлық оны өз тылсымына қарай тар-
та берді. Сөйтіп, ол 1978-1981 жылдары
Қарағанды мемлекеттік университетінің
құқық және қылмыстық іс жүргізу
кафедрасының аға оқытушысы болды.
Ал 1981-1990 жылдар аралығында Қыздар
педагогикалық институтында дәріс берсе,
ел тәуелсіздігін алған шақтан бастап, Қазақ
ұлттық университетінде еңбек етіп келеді.
Әрине, осы жылдар арасында ол
ғылыми ізденісін де індете жүрді. Сөйтіп,
1997 жылы «Лауазымды тұлғалардың
қызмет жөніндегі қылмыстары үшін
жауаптылықтың теориялық проблемала-
ры» деген тақырыпта докторлық диссерта-
циясын қорғады.
Иә, бүгінде А.Ағыбаев – қылмыстық
құқық және криминология ғылымы
саласындағы ірі мамандардың бірі.
Ол Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексінің жобасын жасауға
белсене қатысты. Жалпы көлемі 670 баспа
табақтан асатын 560-тан астам ғылыми
еңбектің авторы, оның ішінде «Қазақстан
Республикасының кодексіне түсіндірме»,
«Қазақстан Республикасындағы қызмет
өкілдігіне
қиянат
жасағаны
үшін
78
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Ә.Т.Шортан –
Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның оқу ісі меңгерушісі,
Алматы қаласы, Медеу ауданы
ЖАС БУЫН – БОЛАШАҚ ЕЛДІҢ ИЕСІ
Елдің болашағы деген кезде, ең ал-
дымен, желкілдеп өсіп келе жатқан, мек-
теп партасында отырған бала – ертеңгі
жігіт, ертеңгі бойжеткен елестейді. Олар
ата-бабаларымыздан мирас болып келе
жатқан құндылықтарымызды, тарихи
дәстүрлерімізді жаңғыртып, оны алға
бастырып қана қоймай, еліміздің эко-
номикасын, ғылымын, мәдениетін одан
әрі дамытушы, жалғастырушы. Тіршілік
атаулы алдыңғы ұрпақ пен кейінгі ұрпақ
арасындағы байланыс арқылы өрбиді.
Ал, жаңа ұрпақ алдыңғы ұрпақтың
жасағандарын қайталап қоймай, өзіндік
жаңашылдықтарын жасауға тиіс. Иә, сол
жас ұрпақ – болашақ елдің иесі болу үшін
ұлттық тәрбиемен тәрбиеленуі қажет. Бір
сөзбен айтқанда, ұлдар мен қыздар сана-
сынан ең бірінші кезекте имандылық пен
әдептілік орын алатыны сөзсіз. Сол тәрбие
бастауы бала ана құрсағында пайда болған
күннен басталады. Сондықтан, балаға бе-
рер тәрбие негізі – халық педагогикасының
құрамды бөлігі, арқауы ауыз әдебиеті
мен халықтың салт-дәстүрлері, ырымдар
мен тыйымдар. Балаларды жер мен суды,
өсімдіктерді, құстар мен жануарларды,
аңдар мен жәндіктерді қорғауға оларға
рақымшылық етуге, обал, сауап дегенді
сезінуге тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесінің ежел-
ден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі
– балаға ақыл, өсиет айту және сөз арқылы
баланың көзін жеткізе отырып, сенімін
арттыру. Бала кезінен ақыл, өсиет, өнеге
естіп, көріп өскен бала жасөспірім шағында
көптеген тәртіп бұзушылықтан өзін-өзі
қылмыстық жауаптылық», «Лауазым-
ды тұлғалардың қызмет жөніндегі
қылмыстары үшін жауаптылық», «Сы-
байлас жемқорлықпен күрес жүргізудегі
қылмыстық және криминологиялық ша-
ралар», «Парақорлық үшін қылмыстық
жауаптылық», «Қылмыстық ниет және
оның қылмысты саралаудағы маңызы»
сияқты монографиялардың және 5 оқу, 16
әдістемелік құралдардың, қазақша-орысша,
орысша-қазақша заңтану сөздіктерінің,
қылмыстық құқық және криминология пәні
бойынша бірқатар оқу бағдарламаларының
авторы.
Осы арада оның тәуелсіздіктің елең-
алаңында жазған «Сот құжаттарының
үлгілері» атты еңбегінің Қазақстан
Республикасындағы
сот
жүйесінде
құжаттарды
заң
талабына
сәйкес
әзірлеуді жүзеге асыруға қосылған сүбелі
үлес болды десек, 1995 жылдан бері
А.Ағыбаев Жоғарғы Сот жанындағы
ғылыми консультативтік кеңестің мүшесі.
Қазақстан Республикасындағы «Заңгерлер
әділетті сайлау үшін» қоғамдық ұйымының
басқарма мүшесі.
А.Ағыбаев заң саласына қатысты
еңбектерімен қатар, Қарасай батыр,
Сүйінбай, Жамбыл, Сұраншы, Сүттібай
мен Нарбота би жөнінде де тарихи
очерктер жазған адам. Және осы еңбектері
үшін оған халықаралық Жамбыл Жаба-
ев атындағы сыйлық берілсе, ерен еңбегі
үшін А.Ағыбаевқа «Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері» атағы берілгенін де
айта кетсек дейміз.
79
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
сақтап қалары сөзсіз. «Адам мінезінің әр
қилы болуы – тәрбиенің әр түрлі болуы-
нан. Адам баласының ұрлық істеу, өтірік
айту, кісі тонау, өлтіру, зорлыққа баруы
тәрбиенің жетіспейтіндігінен».
Біздің
балаларымыздың,
болашақ
ұрпағымыздың өзге ұлттың тәрбиесінен
ерекше қасиеті – имандылығында екені
белгілі. Ана құрсағында шайқалып,
дүниеге көзін ашқан сәби әжесінің әлдиін,
атасының ақылын тыңдап өскен бала
өмірге мейірін төге отырып, еліне қамқор
болып, жерін қадірлеп, қастерлеп, оны
шексіз сүйіп, аянбай еңбек етіп, өзінің
бойындағы қасиеттерінің бәрін соған
арнайды, қорғайды. Ата-анасын, От-
анын жоғары қойып, пір тұтқан адам
нендей қиыншылық болсын қорғаудан
қашпайды. Ата-бабаларымыз бұл Отаны-
мызды біздерге оңайшылықпен қалдырып
кетпеді. Олар жандарын қиып, қандарын
төгіп жүріп келешек ұрпақ – біздердің
қамымызды ойлап бақты. Әр ұрпақ өзінің
тарихи шыққан тегінің, өскен ортасының,
рухани түп тамырын білуге міндетті.
Өйткені, өзінің өткенін білмеген, қоршаған
ортасын танымаған адам басқалай жетілсе
де, рухани түрде кемелдене алмайды. Сол
үшін әрбір жеткіншек халқымыздың салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын, өнерін ұғынып,
ерлік, жауынгерлік тарихын біліп, хас
батырлардың жанкешті қаһармандықтарын
танып өссе, бұл оның өзгермейтін өмірлік
ұстанымы болып қалыптасады. Өйткені,
еліміздің әрбір парасатты жасы, ең ал-
дымен, өз халқының өткенін білуі қажет.
Сонда ғана жас буынның бүгіні баянды,
келешегі айқын болмақ. Сол жас буынның
болашақ иесі болатынын бүгінгі парта-
да отырған кезден қалыптастыру үшін,
жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Атап
айтса, 1-ші сыныптан бастап «Өзің-
өзі тану», «Тарих тағылымы» пәндері
таңдау сағаттарынан алынып, аптасы-
на 1 рет өткізіліп отырады. Осы аталған
пәндер арқылы және күнделікті жоспар-
лы, арнайы, тақырыптық пәндер арқылы
оқушыларда оқу-тәрбие үрдісі қалыптасып
отырады. Сонымен бірге, аптаның әр
сейсенбі күні арнайы тәрбие сағаттары әр
түрлі тақырыпта жан-жақты дайындықта
өткізіліп отырады. Жалпы айтқанда, оқыта
отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып
оқытамыз. Солай бола тұрса да, кейбір
келеңсіз жағдайларға күнделікті өмірде
куә болып жатамыз. Атап айтсақ, 4-5
сағат мектепте оқушыны ұлттық тілімізде
тақылдатып жіберсек, есіктен шыға ата-
анамыз өзінің жүйрік тілін шұбарлап мәз
болып кетіп бара жатады. Сонда күні бойғы
үйреткен әдемі сөздер мен мейірімді тәрбие
қайда қалды? Оған мән беріп жатқан ата-
ана жоқ. Жалпы, ұлттық салт-дәстүрді жас
ұрпақ бойына жанұядан қалыптастырып,
дамытып, жетілдіріп отырмаса, тәрбие
негізі дұрыс қалыптаспайды. «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны аласың», – деген-
дей ертеңгі өмір жолыңның қандай бо-
латыны отбасында алған тәлім-тәрбиеге
байланысты. Бар жүкті мұғалім бойына
артып қойсақ, одан дұрыс нәтиже бол-
майды. Мұғалім бағыт береді, ата-ана
оны ары қарай дамытады. Дамытқаны
сол, үйге берілген тапсырмаларды дұрыс
орындатудан басталады. Сабақтан тыс
уақытта қосымша көркем әдебиеттер оқып,
шығарма жазып, суреттер салып, сол су-
реттер бойынша әңгімелер құрастырып
отырса, бала ойы дамып, тілі жаттығып,
келе-келе суретші, ақын, жазушы болары
сөзсіз. Үйге берілген тапсырмалар дұрыс
орындалмаса, өз бетімен ізденушілік бол-
маса, оқушы ойы ешқашанда дамымайды.
Оны үйден бақылап, бағыт беретін, әрине,
ата-ана. Сондықтан, жас ұрпақ алдында
ата-ана жауапкершілігі өте зор. Кейбір ата-
аналар балаларын мектепке берер алдында
үлкен дайындықтан өткізеді. Ол дайындық
қандай тілді мектепке баратынын анық
шешкен күннен басталады. Мектепке кел-
геннен кейін арнайы мамандарға дайын-
датады. Өзі де ізденіп, біршама жұмыстар
орындайды. Сонда ғана тілге бай, өз
ұлтын сүйетін жас буын өсіп жетіледі. Өз
80
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Резюме
В статье поднимается проблема воспитания учеников младших классов и рассматриваются
пути по улучшению воспитательного процесса.
Summary
The article raises the problem of education of primary school students and discusses ways to improve
the educational process.
ұлтының ана тілін, дінін, салт-дәстүрін,
мәдениетін, тарихын бойына дарытып,
ғұмырына қолдана білсе, жас ұрпақ бойын-
да Отанына, халқына, топырағына деген
ұлтжандылық сезім тұнып, ұлттық қадір-
қасиеті артып жатса, одан асқан тәрбиелі
жан болмас еді.
Заман талабына сай жас ұрпақтарды
тәрбиелеу, оқытып, алған білімін жан-
жақты дамыту, талғамдарын арттыру, өмірге
көзқарастарын дұрыс қалыптастырып,
адамгершілік қасиеттерін ояту, ұлттық
салт-дәстүрді негізге алу, ана құрсағынан,
балабақшадан, мектептен қалыптасатыны
сөз болғандықтан әр ортаның балаға
тигізер ықпалы зор екенін түсіне білсек.
Атап айтқанда, баланың тілі алғаш шыға
бастағанда-ақ, ұлттық тәрбие негіздерін
ерінбей ұғындырсақ. Ол ұғым анасының
әсем үнінен қалыптасқан әлди әні.
Анасының жұмсақ үнін естіп өскен бала
жүрегі де мейірімге толы болары сөзсіз.
Мейірімге толы деген бала еш уақытта
оғаш қылықтар көрсетпей, кешірімді,
қанағатшыл, рахымшыл, намысты, өзің де,
өзгені де қорғай алатын адам болары анық.
Ал, өмірге жаңа көзін ашқан балаға
зейін қоймай, көңіл бөлмей қойса, ол бала
өзімен өзі, еш дамымай, қозғалмай, селқос
болып өседі. Сондықтан, бала алдында
жауапкершіліктің мол екенін әрбір ата-
ана сезінуі тиіс. Сезінгені сол балаға үнемі
көңіл бөліп, әсіресе, тілі шығып, сөйлеуге
дайындала бастағанда айналасындағы
белгісіз дүниелерді білгісі келіп, сұрайды.
Сол кезде дұрыс, толық жауап беріңіз. Егер
зекіп, дұрыс жауап бермесеңіз, келешекте
бала ашушаң, қорқақ, ойын толық жеткізе
алмайтын адам болып шығады.
Ұлттық салт-дәстүр де сол кезден ба-
стап қалыптасуы керек. Ол тіл тазалығын
сақтап, дұрыс сөйлеуден, көпшілікпен тіл
табысудан басталады. Тіл тазалығы деген
өз ұлтының тілін үйрену. Үйренген тілі
бойынша ойын дамытып, өзгеге айта білу.
Мысалы, оқып, айтып берген ертегіні,
көрген фильмдерін айта білуі т.б. Мектеп
табалдырығында талап өзгеше. Оқушы
білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр
пәннің ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық
дәстүрмен ұштастыра білуге, оқушыларды
шығармашылықпен жұмыс орындатып,
біліктерін іскерлікпен дамытуға бай-
ланысты. Қазіргі таңда, пән мұғалімдері ал-
дында тұрған ең басты міндет – оқушыларды
өз пәндеріне ынталандыра білу, сол арқылы
әр тақырыпты ұлттық деңгейде жете
түсіндіру. Оқушының сабаққа ынтасын
қалыптастыру тек қызықты өткізілген сабақ
нәтижесінде болмақ. Іс жүзінде сабақты
қызықты, тартымды өткізу мұғалімнің
білімділігін, қабілеттілігін, тапқырлығын,
дарындылығын қажет етеді. Ұлттық
тәрбиені қалыптастыру сабақ үстінде
ұлттық ойын түрлерін қолдану арқылы
қалыптасады. Тиімді ұйымдастырылған
ұлттық ойындар оқушының сабаққа
қызығушылығын, белсенділігін артты-
руда, шығармашылық қабілетті дамыту-
да, ұлттық тәрбиенің қалыптасуына өте
тиімді.
Сондықтан мектепте, сыныпта, сынып-
тан тыс жерлерде жүргізілетін, жан-жақты
ұйымдастырылған жұмыстар ұлттық
тәрбиенің негізгі көзі болып табылмақ. За-
ман талабы бізден ұстаздардың ұлылығын,
ата-аналардың ақылын, үлкендердің үлгі-
өнегесін сұрайды.
81
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Г.К.Абдуллина –
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СТУДЕНТТЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС
Студент жастардың бүгінгі тәлім-
тәрбиесі мен ертеңгі болашағы ерекше
мәнге ие. Қазіргі толассыз тасқындаған
ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер
мен даму қарқыны ағымында өмір сүріп
жатқан жастарды тәрбиелеу өзекті мәселе.
Тәрбие адам қоғамына ғана тән, тари-
хи мәңгілік категория. Тәрбие дегеніміз
– жеке адамның қалыптасуы, дамуы
және жетілуі. Сондықтан тәрбие адам
қалыптасуында шешуші фактор болып та-
былады. Тек тәрбиелі адам ғана жоғарғы
мәдениетті, адамгершілігі биік, парасатты
қасиеттерімен дараланатындығы белгілі.
«Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беру жүйесін
дамыту
тұжырымдамасын»
және
«Қазақстанда білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын» жүзеге асыру нәтижеге
бағдарланған, бәсекеге қабілетті сапа-
лы білім алу мен саналы, әрі білікті ма-
ман қалыптасуына жағдайлар жасалу-
да; үздіксіз білім беру жүйесін әлемдік
стандарттар талаптарына сай дамытуды
көздейді. Қазақстан Республикасында
үздіксіз білім беруді дамытудың қазіргі
үрдістері қазақстандық қоғам өмірінің
барлық саласында болып жатқан түбегейлі
қайта құрылулармен байланысты.
Үздіксіз кәсіптік білім беру мәселелерін
іргелі зерттеу соңғы уақытта түрлі білім
беру жүйесінің әлемдік интеграция-
сы шеңберінде үлкен маңызға ие болу-
да. Әлемдік академиялық кеңістіктегі
үздіксіз кәсіптік білім беру үдерістері
еңбек нарығындағы әлеуметтік-саяси
және экономикалық жағдайлармен ұштас
обьективті, субьективті факторларға, білім
беру жүйесіндегі мемлекеттік тапсы-
рыстарды қалыптастыру аспектілерімен,
сондай-ақ, қоғамның білім беру жүйесінің
жаңа моделін енгізуге деген талаптармен
байланысты.
Мемлекеттік
талаптар
мен
сұраныстарында айқындалған міндеттерді
жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы
жоғары білікті мамандарды қалыптастыру,
оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті
кәсіби мамандарды дайындап, білім мен
ғылымды интеграциялау арқылы кәсіптік
білім сапасын жетілдіру мәселелеріне қол
жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін
дүниежүзілік озық тәжірибеге сай рефор-
малауды талап етіп отыр.
Бүгінгі ЖОО-дағы тәрбие үрдісіндегі
инновациялық үрдістің мақсаты –
студенттерді өмірге әзірлеу барысын-
да жүргізілетін тәрбие жұмыстарының
нәтижесінде олардың жеке басының даму-
ын қамтамасыз ету. Тәрбие мақсатына орай
оны жүзеге асыру жолдары белгіленіп,
тәрбиелік
іс-әрекеттердің
мазмұны
анықталады, тәрбиені, тәрбиелік шаралар-
ды ұйымдастырудың нақтылы мәселелері
мен әдістері қарастырылады. Тәрбие –
қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі
ілгері дамуы мүмкін емес, дамымайды.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман, қазіргі
ғылыми-техникалық прогресс талапта-
рына сай еңбек ететін, өзіне де өзгеге де
пайдасы тиетін адам болып қалыптасуы
тәрбиедегі қоғамның басты талаптарының
біріне айналуда. Бүгінгі ҚР-дағы білім
мен тәрбие берудің негізгі мақсаты –
Қазақстанның егемендігін қамтамасыз
ету, оны бүкіл дүниежүзі мойындап, оны-
мен тең қарым-қатынас жасау, патриотизм,
Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру,
саяси бостандықты қамтамасыз ететін
нарықтық іргетас қалаудың нәтижесінде
экономикалық бостандыққа қол жеткізу.
82
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Осылардың барлығын жан-жақты дамыған,
білімді қолынан іс келетін тұлғалар жүзеге
асырады.
Тәрбиеге тікелей қатысы бар адам-
дар тәрбиенің мәнін, міндеттері мен
мақсатын жете түсіне білу қажет. Осыған
байланысты тәрбиеге қойылатын басты
міндеттер: студенттердің дүниеге ғылыми
көзқарасын дұрыс қалыптастыру; жеке
адамның анатомиялық, физиологиялық
және психикалық дербес қабілеттерін жан-
жақты дамытып, эстетикалық талғамы
мен сезімдерін, экономикалық мәдениетін,
құқықтық
білімін,
салауаттылықты
қоғам талаптарына сай тәрбиелеу. Тәрбие
үрдісінің нәтижелілігі мен табыстылығына
дұрыс мақсат қоя білу. Мақсат қоя отырып,
адам өзінің ішкі белсенділігі, ұмтылысы
арқылы өзін жетілдіреді, дамытады,
қалыптастырады, ал бұған арқау болатын
нәрсе өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетінше білім
алу, өзін-өзі дамыту.
ЖОО-ының мақсаты – студенттерді
жан-жақты, жарасымды етіп дамы-
ту, олардың жоғарғы адамгершілік
ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге,
кәсіби
еңбекке
әзірлеу,
нарықтық
қатынаста, кәсіби бәсекелестікте өзін-өзі
көрсете білуге баулу. Бұл мақсаттар мы-
нандай кешенді міндеттерді қарастыруды
талап етеді: дүниетанымы кең, ой-өрісі
жоғары, жан-жақты дамыған адамның
ниетін қалыптастыру; еңбек, таным,
қоғам, отбасы, уақытты пайдалана білу
секілді әлеуметтік функцияларды дұрыс
қабылдап, пайдалана білуге әзірлеу,
таңдаған кәсібінің қыры мен сырын
терең меңгеру; өз тағдырын өзі шешуге
мүмкіншілік жасау, жастардың өзін-өзі
тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына
мүмкіндік жасау.
Бүгінгі күнгі әдіснамалық және
дүниетанымдық
мәдениеті
жоғары,
шығармашылық жағынан белсенді, өзінің
кәсіби әрекетіне икемділік пен қабілеттік
таныта алатын маман дайындау міндеті
тұр. Аталған міндетті шешудің бір
жолы студенттерге дайын ғана білімді
беріп қоймай, студенттерді теориялық
көзқарастарын
негіздеуге,
пәндік,
тәжірибелік тәсілдер мен іскерліктерді
игеруге баулу керек. Қоғамдық дамудағы
жаңа технологиялардың, жаңа заңдар мен
парадигмалардың өзгеруі адамдарды жаңа
өмір сүру жағдайларына бейімделуге
мәжбүр етеді. Бұған үздіксіз білім беру
жүйесі мен оның әрбір буынынсыз,
тұлғаның жеке мүмкіндіктерін толық пай-
далану, дамыту жүзеге асырылмайынша
қол жеткізу мүмкін емес. ҚР-дағы жоғарғы
білім беру жүйесінде студенттердің
тұлғалық дербес қасиеттерінің
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге
жағдай туғызатын әлемдік тенденцияларға
назар аударылуда. Студенттердің жеке
тұлға болып қалыптасуы, олардың бір-
бірімен
ынтымақтастықпен
қарым-
қатынас жасауы, өзгермелі құбылыстарға
тез бейімделіп жол табулары, дұрыс
шешім қабылдай алуы сияқты қасиеттерге
баулуға басым бағыт беріледі.
ЖОО-ы
ісінің
даму
жағдайын
айқындайтын басты бағдар – оқытушы
мен
студенттің
қарым-қатынасын
жетілдіру. Студентті оқытушымен бірдей
жауапты субьект ретінде қабылдау
оқу үрдісіне енгізудегі жаңалық болып
отыр. Яғни, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша
ұйымдастырудың және жетілдірудің тео-
риясы мен практикасындағы танымдық,
құрылымдық-функционалдық
әдісіне,
жүйелі қарау ұстанымдарына және
жаңаны синтездеуге баса көңіл бөлініп
отыр. Мысалы, жаңаны синтездеудің та-
лаптары қазіргі оқу үлгісіндегі әйгілі
іс-әрекеттің үшеуіне де өзгеріс енгізуді
қажет етіп отыр: олар студенттердің
интеллектуалды-танымдық
(дүниені
және өзін-өзі тануы), эмоционалдық
(құндылықтар), олардың жасалынуын
көңілмен ұғыну, практикалық (шынайы
дүниені білдірудің, оны өзгерту мен қайта
жасаудың жолдары) іс-әрекеттері. Заман
талаптарына сай білімді де білікті маман-
83
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
дар даярлаудың сапасын жақсартумен
қатар, болашақ таңдаған мамандықтарына
кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдайлар
жасаумен байланысты жүргізілетін шара-
ларды мойындаймыз. Дегенмен, болашақ
мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру
тек білімін оқтын-оқтын жетілдірумен
ғана шектелмей, студенттердің мәдени
деңгейін, белсенділігін, әрекетшілділігін
және
ізденімпаздылығын
көтеруге
бағытталуы қажет.
Болашақ бүгіннен басталады де-
сек, адамның жарқын болашағы оның
өз өмірін «әсемдік заңы» бойынша
ұйымдастыруына байланысты болмақ.
Студент жастарға сұлулық, әсемдік жай-
лы тәрбие беру – идеологиялық жұмыстың
маңызды саласы десек, артық етпесі сөзсіз.
Жастарды жақсы қасиеттердің барлық
түрін дұрыс ұғынуға, қабылдай білуге,
бағалауға, өмірдің және еңбектің алуан
түрлі саласына «әсемдік» элементтерін
енгізе білуге үйретеді, ұсқынсыздық
пен парықсыздыққа қарсы күресуге
қабілетін шыңдайды. Тұлғаны барлық
жағынан жетілдіру оның шығармашылық
қабілеттері мен дарындылығын дамыту,
оны нағыз еңбекқор ретінде, адамгершілік
парасаты мол, мәдениеті қалыптасқан
адам ретінде тәрбиелеуді көздейді.
Жастар студенттік өмірлерінде тек белгілі
бір ғана бағытта шектелмей, әдемілікті,
сұлулықты сезінуі, өнердің құпия сырын
үйренуі, осы бағытта ой-өрісін кеңейтіп,
жан-жақты тәрбие алуы тиіс. Ол үшін
жоғары мектеп студент жастарымыздың
сұлулық әлемінен сусындап, көркемдік
танымдарының қалыптасуына жан-жақты
әсер ете отырып, толыққанды дамуы-
на толық мүмкіндіктерді жасауы тиіс.
Бүгінгі студент – ертеңгі білікті, білімді,
жан-жақты қалыптасқан мәдениетті, білгір
маман.
Сондықтан,
жалпыадамзаттық
құндылықтар
болып
саналатын
адамгершілік
мұраларды,
руха-
ни ағартушылық қасиеттерді бүгінгі
жастардың
меншігіне
айналды-
ру, ата-бабаларымыздың дәстүрі мен
тәжірибелерін үйрету. Студенттердің
қоршаған ортасына, адамдарға және бір-
біріне тек қана қайырылымдылық пен
сүйіспеншілік, махаббат пен мейірімділік,
ізгілік пен адалдылық, адамилылық пен
имандылық, сыпайылық пен сыйластық
сияқты асыл қасиеттерді бойларына да-
рыту, қалыптастыру.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстандағы үздіксіз кәсіби білім берудің мәселелері мен перспективалары//Халықаралық
ғылыми-теориялық конференция. – Астана, 2009.
2. Абдуллина Г.К. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлау
мәселелері//«Білім және ғылым: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының тәжірибесі мен
болашағы». Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Семей-
Қазақстан, 2008, 8-9 б.
3. Жұмағұлова Қ.Ә., Оспанова Б.А. Болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға
бағытталған инновациялық мәселелер//Білім, 2008, № 3. - 39-40 б.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы воспитания студентов. Раскрыты методы и принципы ин-
новационного процесса в воспитательной деятельности.
Summary
In the article are examined problems of education of students. Methods and principles of innovative
process are exposed in an educate activity.
84
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Достарыңызбен бөлісу: |