Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Д.Д.Нурелова,
К.Р.Токбасынова –
Абай атындағы Қазақ Ұлттық 
педагогикалық университетінің колледжі
                                              
ЖАС ҰРПАҚҚА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
                                                            
                                                          Бала тәрбиесі басты байлығың,
                                                                    Кешіксең көретінің қайғы-мұң
                                                                                                   С.Кішібайұлы.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

128
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
қайырымдылық деген ұғымдар ұмыт бо-
лып, адамгершілік қасиетінен айырылып, 
азғындап  барады.  Адамзат  қоғамының 
дамуы  оның  әрбір  мүшелерінің  дамып, 
жетілу сапасына байланысты. Еліміздің 
өркендеп,  адамдардың  саналы  болуы 
олардың  рухани  мәдениетіне  тікелей 
байланысты деп айтуға болады.
Халқымыздың  рухани  бейнесін  бір 
жағынан  әдебиет,  өнер,  ғылым  бейне-
леп  көрсетсе,  екінші  жағынан,  мінез-
құлық,  ұлттық  сезім,  әдет-ғұрыптар 
және тағы басқалар бейнелейді. Ұлттық 
мінез-құлық  ерекшеліктері  адамдардың 
біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, 
табиғи-географиялық, 
материалдық 
мәдени 
жағдайының 
шарттарына 
лайықты  қалыптасады.  Соның  әсерінен 
әрбір  адамда  ұлттық  мінез-құлық,  са-
налы  тәртіп,  болымды  қылықтар, 
сезім  көріністері,  дәстүрлері  мен  әдет-
ғұрыптары пайда болады.
Біздің 
халық 
момындықты, 
бойұсынушылықты, 
бейбітшілікті 
құрметтейді. 
Қазақтардың 
адам 
рухының мәңгілігіне сену саналы тәртібі 
мен  мінез-құлқының  қалыптасуының 
адамгершілікті негізі болып табылады.
Адамгершіліктің  бір  белгісі  – 
имандылық.  Ал  сыйластық,  жасы 
үлкенді  сыйлау  сақталған  жерде  отба-
сынан  бастап,  ауыл,  елді  мекенге  дейін 
жиіркенішті  қылықтарға  орын  жоқ. 
Сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөн-жосықсыз 
араласпау, кісінің алдынан кесе-көлденең 
өтпеу, көп алдында дарақыланып күлмеу, 
есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ 
санасына ақырындап сіңіру қажет.
Үлкенді сыйлаудың ең биік шыңы әке 
мен шешені сыйлау екені талассыз. Әке 
мен шешесін сыйламаған ұл мен қыз өзге 
адамды  сыйлауы  екіталай.  Осы  орайда, 
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну», «Әкеге 
қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», 
«Шешесін көріп қызын ал», «Әке көрген 
оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер»  де-
ген  бабаларымыздың  өсиетін  сабақ  пен 
дәрістерде қолдансақ, ұтарымыз көп.
Қазақ  халқы  бала  тәрбиесіне  үлкен 
көңіл  бөліп,  баланы  дүниедегі  барлық 
асылдан жоғары бағалаған. Сол себептен 
де, бала дүниеге келмей жатып «Құрсақ 
шашу»  ұлттық  дәстүрінен  бастап, 
баланың әрбір даму кезеңіне ерекше мән 
беріп,  атап  отырған.  Отбасылық  әдеп 
ата-ана мен бала арасындағы сыйластық 
қатынас.  Отбасылық  әдеп  бұзылса, 
баланың тәлім-тәрбиесіне нұқсан келеді. 
Ата-ана  мен  бала  арасындағы  ұнамды, 
мәдениетті 
қарым-қатынас 
үлкен 
әдептілікке  әкеледі.  Отбасында  мектеп-
ке  дейінгі  балаларды  адамгершілікке 
тәрбиелеуде  Д.Р.Муталиева  зерттей  от-
ырып, баланы адамгершілікке тәрбиелеу 
үлкендердің тәрбиеге қатысуына байла-
нысты екендігін дәлелдейді [5. 150 б].
Әл-Фарабидің 
пікірі 
бойынша, 
адамның қалыптасуының тиімді құралы 
–  тәрбие  мен  оқыту.  Тәрбие  мен  оқыту 
үрдісінде  шын  бақытқа  ұмтылушы 
жас  ұрпақтарда  адамгершілік  және  ин-
теллектуалды  сапалар  қалыптасады. 
Адам  бойындағы  барлық  адамгершілік 
қасиеттер 
жаттығулардың, 
әдет-
дағдылардың  нәтижесі  деп  қарайды. 
Дұрыс  жүргізілген  тәрбие  адамда 
игілікті  сапа  қасиеттерді  тәрбиелеуден 
басталады. Әл-Фарабидің ойы бойынша, 
жақсы  мінез  әр  адамның  табиғатында 
бар,  бірақ,  олар  жүйелі    тәрбие  арқылы 
жүзеге  асады.  Ғұлама  ғалым  жағымды 
қасиеттерге адалдықты, мейірбандықты, 
жомарттықты,  батылдықты,  достықты 
жатқызып,  адам  бойындағы  жағымды 
қасиеттерді 
қалыптастыруда 
ар-
найы 
педагогикалық 
іс-әрекеттің 
маңыздылығын айтады [1. 302-307 б.б.].
Қазақтың 
дүлдүл 
ақыны 
М.Жұмабаевтың  артына  қалдырған 
тәлім-тәрбиелік  мұраларының  негізгі 
тақырыптарының бірі де – бала тәрбиесі 
мен  тұлға  мәселесі.  Осы  мәселені 

129
C
M
Y
K
қарастырғанда,  ақын  «Балаға  тәрбиені 
өзінің  шамасына,  жаратылысына  қарай 
беру керек. Жас бала – жас бір шыбық, 
жас күнінде қай түрде иіп тастасақ, есей-
генде, сол иілген күйінде қатып қалмақ. 
Теріс  иіліп  қалған  шыбықты  артынан 
түзеймін  десең,  сындырып  аласың». 
Қазақ халқының «Баланы бастан» деген 
нақыл  сөзінің  мәнісі  осында.  «Тәрбие 
деген  –  баланы  бетке  қақпай,  бетімен 
жіберу  емес.  Баланы  тәрбиелі  қылу  – 
тұрмыс  майданында  ақылмен,  әдіспен 
күресе  білетін  адам  шығару  деген  сөз. 
Тұрмыста  түйінді  мәселерді  тез  шеше 
білетін,  адалдық  жолға  құрбан  бола 
білетін,  адамзат  дүниесінің  керек  бір 
мүшесі  болатын  төрт  жағы  түгел  тұлға 
қылып шығару», – дейді [2. 98 б].
Қазақ  халқының  отбасында  ұлттық 
тәрбие  ана  құрсағынан  басталып, 
адамның  өмір  бойындағы  және  адамды 
дүниеден шығарып салумен аяқталатын 
әдет-ғұрыптар 
мен 
салт-дәстүрлер 
негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер 
мен қарым-қатынаста жүзеге асырылған. 
Осылайша,  қазақ  халқының  отбасында 
ұлттық тәрбие дәстүрлері негізінде іске 
асырылып отырылған. Қазақ халқының 
отбасында  ұлттық  тәрбиенің  негізі 
халықтық педагогика болған.
20 
ғасырдың 
30-жылдарында 
халықтық  педагогика  ғылымының  да-
муына ерекше және ұлттық тәрбие ілімін 
қалыптастыруға қазақ ағартушы-педагог 
қауымы айрықша өз үлестерін қосты. Атап 
айтқанда,  А.Байтұрсынов,  Т.Шонанов, 
М.Дулатов,  Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев 
тағы  басқа  педагог-ғалымдарымыздың 
еңбектерінде  бала  тәрбиесіндегі  салт-
дәстүрлерге  байланысты  айтылған  ой-
пікірлері  болашақ  жастарға  мол  мұра 
болмақ. Мәселен, А.Байтұрсынов «Бала-
ны бастан тәрбиелеу деген – баланы жас 
басынан  дұрыс  тәрбиемен  өсіру  деген 
сөз. Дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік 
ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. 
Дұрыс тәрбиенің асылы – баланың жаны-
мен, тәнімен керек деп танылған істерді 
бала  табиғатының  әуенімен  істеу,  сол 
дұрыс тәрбие болады» деп ой толғайды.
Қазақ  халқында  ұлттық  тәрбие 
басқа  халықтардан  өзгеше  және  ерекше 
болған. Осылайша, қазақ халқының бала 
тәрбиесіне  деген  ерекше  көңіл  бөлуі, 
балаға  қамқорлығы  туралы  сөз  етуге 
әбден болады.
Балаға  ұлттық  тәрбие  үлгілерін  от-
басында  беру  қазақтар  үшін  ерте  қолға 
алынып,  әр  буынның  өзіне  тән  тәрбие 
құралдары ойластырылған. 
Халқымыз  баланы  отбасының  және 
өмірдің  жалғасы  мен  болашағы  деп 
санаған.  Мәселен,  отбасында  баланың 
болуына  және  бала  санының  көп  болу-
ын тілеген. Оған халқымыздың мынадай 
мақал-мәтелдері дәлел бола алады: «Бала 
–  болашақтың  ертеңі,  дана  –  дүниенің 
көркемі», «Бала тәрбиесін бесікке салар-
дан баста, келін тәрбиесін есікке алардан 
баста», «Баланың күлкісі – ананың ажа-
ры,  ана  күлкісі  –  шаңырақтың  базары», 
«Бала – азаматың, немере – қолқанатың» 
тағы  басқа  да  бала  тәрбиесіне  қатысты 
даналық сөздері бар.
Ұлттық салт-дәстүр – әрбір қоғамның, 
ондағы әлеуметтік топтардың белгілі бір 
өмір  сүру  тәсілі.  Бұл  ұғым  қоғамның, 
оның таптары мен топтарының өздеріне 
тән жұмыс, тұрмыс жағдайларына және 
мәдениетінің  дамуы  мен  отбасындағы, 
сондай-ақ,  тұрмыстағы  қарым-қатынас 
ерекшеліктерін  бейнелейді.  Осы  асыл 
мұра  өмірде  қолданылмаса,  біртіндеп 
шетке  ығысып,  бара-бара  ұмыт  болып 
қала  береді.  Ал  тіл,  дін  сақталмаса,  ол 
халық ұлт ретінде жойылады. Сонымен 
тіл, дін бар жерде ел бар, ал ел бар жерде 
салт-дәстүр бар.
Баланы 
ұлттық 
салт-дәстүрлер 
төңірегінде тәрбиелеген. Бала тәрбиесіне 
байланысты салт-дәстүрлерді атап кетер 
болсақ,  олар:  құрсақ  тойы,  шілдехана, 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

130
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, 
тұсау кесу және сүндетке отырғызу, тағы 
басқа дәстүрлер жүйелі түрде іске асып 
отырған [9. 73 б].
Тіліміз,  дініміз,  салтымыз  қайта  ора-
лып жатқан кезде аға ұрпақтың бойынан 
берілген  тәрбиелік  дарынды  жоғалтпай 
жалғастыру, оны адамдар мүддесіне жа-
рату колледж оқушыларының болашақта 
адал азамат болуына ықпал етеді.
Ежелгі  тәрбие  құралы  –  халық  ауыз 
әдебиеті  нұсқаулары,  халық  қазынасы 
–  ертегі,  жұмбақ,  мақал-мәтелдер, 
өлең,  тақпақтар  ауызша  жатталып,  ата-
дан  балаға  мирас  болып  қалып,  оның 
ой-сезімін  дамытуға,  тілін  ширатуға 
айналадағы  қоғамдық  өмір  шындығын 
танытуға,  тіршілік  көзі  еңбекке,  белгілі 
бір  кәсіпке  баулуға  үлкен  үлес  қосып 
келеді.
Қорыта  келгенде,  бүгінгі  күндері 
ұлттық  тәрбиеге  ерекше  мән  берілуде. 
Бірақ,  қалалы  жерлерде  отбасында 
орысша  тәрбиеге  бой  алдырушылық  – 
ұлттық  тәрбиені,  дәстүрді  босаңсытып 
алғанымыздың  салдары.  Сондықтан 
тілді  қастерлеу,  ұлттық  тәрбиемен  су-
сындату  және  осыларды  күнделікті 
қажетімізге,  өмірімізге  жарату  –  елдің, 
өз  отанын  сүйетін  әрбір  азаматтың  бо-
рышы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1972. - 302-307 б.б.
2.Абдрейімова  А.П.,  Тастанова  А.С.  «Қазақ  халқының  салт-дәстүрлер  және  әдет-ғұрып 
мәдениеті». Педагогика мәселелері//№3-4, 2009 ж. – 133б.
3.Есекешова  М.  «Қазақ  ағартушылары  тәрбие  туралы».  Қазақстан  мектебі//№11,  2008  ж,  - 
7-73б.б.
4.Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992 ж. - 98 б.
5.Тастанов  А.Ж.  «Тәрбие  негізі  тереңде  жатыр»//  «Білім  беру  жүйесін  модернизациялаудың 
қазіргі  әдістері»  атты    Ш.Шаяхметовтың  70  жылдығына  арналған  Республикалық  ғылыми-
практикалық конференция бағдарламасы, 2009ж., 3 сәуір, - 570-573 б.б.
6.Тастанова  С.П.Халықтық  педагогика  негізінде  балаға  тәрбие  беру.  Педагогика  мәселелері 
журналы //«Педпресс» баспаханасы №3-4. - 130-131 б.б., 2009 ж.
7.Түркіменбаева Қ. «Қазақтың салт-дәстүрін жандандырайық»// «Қазақстан мектебі»//№4-2002, 
- 43-44 б.б.
8.Сахитжанова С., «Тәрбие негізі тереңде жатыр»//Ақиқат журналы, №10, 2008 ж. 
9.Муталиева Д.Р. «Влияние взаимоотношений старшего и среднего поколения в семье на вос-
питание дошкольников гуманного отношения к людям», Дисс. Канд. Пед.
Резюме
В этой статье дан анализ привития национального воспитания молодому подрастающему по-
колению. 
Summary
In  this  clause  the  analysis  of  inculcation  of  national  education  to  young  growing  up  generation  is 
given. 

131
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Л.С.Ахимбекова  – 
Қазақ  Мемлекеттік  Қыздар 
Педагогикалық Университетінің оқытушысы  
ӘЛ-ФАРАБИ  ТРАКТАТТАРЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Дамыған және мықты    қоғамның тірегі 
–  білім.  Адамзаттың  болашағы  ең  алды-
мен,  оның  интеллектуалды,  ақпараттық, 
адамгершілік  прогресіне  тікелей  байла-
нысты. 
Білімнің 
мазмұн-мағынасын 
анықтау және оған жіктеу жасау жөніндегі 
әл-Фараби  ілімі  орта  ғасырдағы  ғылыми 
ой-пікірдің  ең  маңызды  жетістіктерінің 
бірі болды. Сөйтіп, ол білім салаларының 
дамуында және оларды жүйелеуде елеулі 
рөл  атқарды.  Ғылымда  жіктеу  жөніндегі 
әл-Фарабидің  еңбегі  ХІ-ХІІ  ғасырларда 
көне  грек,  латын  тілдеріне  аударылды, 
сөйтіп, Батыс Еуропа ғалымдары арасын-
да  жоғары  бағаланды.  Батыстың  кейінгі 
зерттеушілері  оның  трактаттарын  орта 
ғасырдағы  ғылымның  энциклопедиясы 
деп атады. 
Әл-Фарабидің  ғылыми-философиялық 
еңбектері  оқу-тәрбие    мәселелеріне 
арналған.  Оның  пікірінше  оқу,  білім  алу, 
ғылыми  адам  болу  адамгершілік  және 
еңбек  тәрбиесі  мәселелерімен  тығыз  бай-
ланысты. Ол білім алу, оқу еңбегін пайда-
лы еңбекке жатқызады. Еңбек тәрбиесінің 
теориясын  жасауда  Аристотель  негізін 
салған 
теорияның 
анықтамасына 
сүйенеді.  Демек,  ол  қандай  да  болсын 
құбылысты  түсіндіруге  бағытталған 
ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының 
мәнді  байланыстары  мен  заңдылықтары 
жөнінде  толық  түсінік  беретін  ғылыми 
білімді  қорытудың  ең  жоғарғы  форма-
сы  деген  қағиданы  ұдайы  басшылыққа 
алып  отырды.  Осы  негізде  алсақ,  еңбек 
тәрбиесінің теориясын әл-Фараби «Өзінің 
ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логи-
калы  байланыста  болатын  біртұтас  білім 
жүйесін құрайды» [1] деп тұжырымдады. 
Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, бұл 
тұжырым  студенттерге  саналы  тәртіп, 
сапалы  білім  беріп,  пайдалы  қоғамдық 
еңбекке баулу деген сөз. 
Әл-Фараби 
тәрбиенің 
барлық 
мәселелерін 
логикамен, 
тәрбие 
мұратымен,  білім  алумен,  үйренумен 
үлгілі тәжірибемен, оқумен байланыстыра 
уағыздағанын білеміз. Ол өзі жазған «Ақыл 
мен  түсінік»  атты  еңбегінде  ақылдылық 
пен  адамгершілік  үлгілі  тәрбиеге  байла-
нысты, оның негізгі таза еңбекте, еңбек өз 
кезегінде  тәрбиенің  негізінен  туындайды 
деген еді. Тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы 
және қажетті категориясы екенін біз тәрбие 
тағылымынан  жақсы  білеміз.  Демек, 
жасөспірімдер  мен  аға  буын  арасындағы 
мирасқорлық  тәрбие  арқылы  жүзеге  аса-
ды. Дәлірек айтсақ, тәрбие жеке адамның 
адамгершілік,  ақыл  ойының  дамуында, 
еңбекке баулуда басты рөл атқарады. 
Әл-Фараби  жас  ұрпаққа  және  жеке 
адамдарға  тәлім-тәрбие  беріп,  еңбекке 
үйретіп,  еңбек  тәрбиесін  беретін, 
ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары 
бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам – 
«мәңгі нұрдың қызметшісі» [2]. Ол барлық 
ой  мен  қимыл  әрекетіне  ақылдың  дәнін 
сеуіп,  нұр  құятын  тынымсыз  лаулаған 
оттың көзі, – деген әл-Фараби. 
Этика  әл-Фараби  мұрасының  ішінде 
үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен, 
жақсылық  пен  жамандықты  ажыратуға 
мүмкіндік  беретін  ғылым  деп  қарады. 
Сондықтан, оның этика жөніндегі концеп-
цияларында  жақсылық,  мейірбандық  ка-
тегориясы  басты  орын  алады.  Жақсылық 
мазмұн-мағынаның бір бөлігі, сондықтан 
ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр. 

132
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол 
болмыс  жоқ  жерден  пайда  болған  дейді. 
Ұлы  ғалымның  осынау  этикалық  ойла-
рынан  терең  гуманизмнің  лебі  еседі,  ол 
адам  баласын  жаратылыстың,  бүкіл  жан 
иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан 
да  оны  құрметтеу,  қастерлеу  керек  деп 
түсінеді.  Бірақ,  жамандықты  жақсылық 
жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына 
жетеді деп қарайды. Әл-Фараби бұл салада 
жасаған  қорытындысының  басты  түйіні 
–  білім,  мейірбандық,  сұлулық  үшеуінің 
бірлігінде, әл-Фарабидың гуманистік иде-
ялары әлемге кең тараған. Ол ақыл ой мен 
білімнің биік мәнін, халықтар арасындағы 
туысқандық,  достықтың  принциптерін 
егіле  жырлады,  адамгершілік,  мораль 
мәселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу 
екенін көрсетті.
Сондай-ақ, 
әл-Фарабидің 
педагогикалық  жүйесінде  тәрбие  мен 
тәлім,  білім  мәселелері  бір-бірімен 
органикалық, диалектикалық байланыста 
қарастырылды. Әл-Фараби де Аристотель 
сияқты адамды қоғамдық жан деп қарап, 
өзінің бүкіл педагогикалық, этикалық және 
басқа гуманитарлық көзқарастарында осы 
қағиданы  басшылыққа  алады.  «Ізгі  қала 
тұрғындарының көзқарастары» атты трак-
татында  адамзаттың  өзара  бірлестік  пен 
өзара  көмекке  зәрулігі  туралы  әл-Фараби 
былай деп жазады: «Жаратылысында әрбір 
адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары 
кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе 
керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба ал-
майды  және  бұған  жету  үшін  ол  қандай 
да  бір  адам  қауымын  қажет  етеді,  осы 
қауымдағы  адамдардың  әрқайсысы  оған 
қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан 
қандай да бір затты тауып беріп отырады. 
Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа 
екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге 
түседі.  Міне,  сондықтан  да  бір-біріне 
көмектесіп  отыратын,  біреуі  екіншісінің 
өмір  сүруіне  қажетті  нәрселердің  бір 
бөлігін    тауып  беріп  отыратын  көптеген 
адамдар  бірлестіктері  арқылы  ғана  адам 
өзінің  жаратылысына  сай  кемелділік 
дәрежесіне жете алады» [3].
Қоғамды  кемелдендіру  –  бақытқа 
жетудің  басты  шарты  болып  табыла-
ды.  Тек  кемелденген  қоғамда  ғана  адам 
ғылым,  философия,  тәрбие  арқылы 
кемелдікке жете алады. Әл-Фараби шарт-
ты  түрде  адамды  бақытқа,  кемелдікке 
жеткізуге  тиісті  негізгі  құрал  ретінде 
мінез-құлық,  моральдық  және  ақыл-ой, 
интеллектуальдық  тәрбиелерге  шешуші 
мән  береді.  Ол  былай  дейді:  «Біз  жақсы 
мінез-құлық пен ақыл-парасатқа ие болған 
кезде солардың арқасында міндетті түрде 
бақытқа  жетеміз...  Бұл  екеуі  бар  кезде 
біздің  өзіміз  және  іс-әрекеттеріміз  үстем 
де  кемел  болады,  осылардың  арқасында 
біз  шын  мәнінде  қастерлі,  қайырымды, 
инабатты боламыз». 
Әл-Фараби  өзінің  трактаттарында 
халықты,  тұрғындарды  мінез-құлықты, 
ақыл 
парасатты 
етіп 
тәрбиелеуде 
қайырымды қала, мемлекеттерге, олардың 
басшыларына  үлкен  орын  береді.  Ол  бы-
лай  деп  жазды:  «Тұрғындар  бір-бірімен 
шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа 
жетуді  көздеген  қала  қайырымды  қала, 
халқы да қайырымды адамдар болды. Егер, 
дәл осылай бақытқа жету жолында барлық 
халық  бір-біріне  қалтқысыз  көмектесетін 
болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды 
мекен болар еді» [4].
Әл-Фарабидің  пікірінше,  халықтар 
достығы  –  ырыстың  басы.  Бұл  –  әл-
Фарабидің  адамзатты  болашақ  бақытқа 
жеткізу  жөніндегі  ең  басты  гуманистік 
принципі.  Ғұламаның  түпкі  ойы,  иман-
дай  сыры,  міне,  осы  қағидада  жатыр. 
Басқаша айтқанда, адамдар бақытқа жету 
жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік 
қатынаста өмір сүруі тиіс. «Адамдар тура-
лы  айтсақ,  –  деп  жазады  ғұлама,  –  олар-
ды  қосатын,  байланыстыратын  дәнекер, 
тұтқа  –  адамгершілік  болып  табылады. 
Сондықтан,  адамдар  адамзат  тегіне  жа-
татын  болғандықтан,  өзара  бейбітшілік, 
татулық сақтауы лазым».
Қазіргі  дүниені  неғұрлым  дұрыс  та-
нып,  білу  үшін  және  жақсы  өмірдің 

133
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
дұрыс  жолын  таңдай  білу  үшін  және 
жаңа  мыңжылдықта  білімді,  тәрбиені, 
адамгершілікті, ізгілікті дамыту үшін біз әр 
уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен 
идеялар  мен  қағидаларға  сүйенгеніміз 
жөн.  Ондай  идеяларды  әл-Фараби  со-
нау  ерте  орта  ғасырлардың  өзінде  адам-
зат  ілімінің  молайып,  ақыл-парасаттың 
жетілуін,  оқу-ағартудың  қажеттілігін  ай-
тып, білім алудың маңызын атап көрсеткен 
болатын. Сол идеялар оның 140-тан астам 
трактаттарының арқауы болды.
Заман  талабына  сай  білім  беруде 
студенттерді қандай бағытта оқытып жа-
тырмыз  десек,  әрине,  бұл  оқытушының 
іс-әрекетімен  тығыз  байланысты.  «Не 
ексең,  соны  орарсың»  демекші,  нені 
үйретсең,  сол  бағыттағы  маманды 
көреміз.  Студенттердің  қызығуы  арқылы 
танымдық  белсенділігін  қалыптастыруға 
болады. Осы кезде ұлы Абайдың мына бір 
сөздері еріксіз еске түседі. «Ғылым, білімді 
әуел бастан өзі ізденіп таппайды. Басында 
зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек, 
үйрене  келе  өзі  ізденгендей  болғанша… 
Шынында да, бала күнінде зорлықпен, ал-
даумен ғылымға үйір еткен соң, бара келе 
әр  нәрсе  адамзаттың  қызығушылығын 
оятатындай  іс-әрекет  туғыза  білуі  қажет. 
Қашан  бала  ғылым,  білімді  махаббатпен 
көксерлік  болса,  қызығушылықпен  кірісе 
білсе, сонда ғана оның аты адам болады. 
Сонда  ғана  дүниені  танитындығы  рас» 
[5]. 
Әл-Фараби  тәрбие  процесінде  «қатты 
әдіс»  пен  «жұмсақ  әдіс»  ұштастыруды 
талап  етеді.  Ол  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Қазіргі 
тәрбие  процесі  тұрғысынан  қарағанда, 
«қатты  әдіс»  деп  отырғаны  жазалау  да, 
«жұмсақ  әдіс»  деп  отырғаны  мадақтау 
болса керек. Демек, Фараби педагогикалық 
ықпал ету әдістерін алғаш ұсынған, оның 
тиімділігін  қолдану  жолдарын  дәлелдеп 
кеткен  дана  ғалым.  «Ғылымдар  тізбегі», 
«Ғылымдардың шығуы» атты еңбектерінде 
ол  ғылымдарды  үйрену,  үйрету  реттерін 
белгілейді. 
Әл-Фарабидің  пікірінше,  оқу,  тәрбие, 
білім  алу,  еңбек  ету,  ғылым  адамы  болу 
адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз 
байланысты. Әл-Фараби ең алғаш еңбекті, 
таза  еңбекті,  адал  еңбекті  тәрбиенің 
алғышарты етіп алды. «Тәрбиені неден ба-
стау  керек»,  «Философияны  үйрету  үшін 
алдын  ала  не  білу  керек»  еңбектерінде 
ғылымды,  оқу-ағартуды  меңгеру,  білім, 
тәрбие  алу,  еңбекке  үйрену,  философия-
ны  меңгеру  тәрбие  әдістеріне  байланы-
сты  екенін  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеді. 
Осы  негізде  ол  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
мақсаттарын 
жеке-жеке 
анықтады. 
«Ғылымдар  тізбесі»,  «Ғылымдардың 
шығуы» 
еңбектерінде 
ғылымдарды 
үйрену реттерін белгілейді және тәрбиенің 
оның  ішінде  еңбек  тәрбиесінің  тарихи 
тағылымын,  үлгісін,  болашақ  ұрпаққа 
өнеге, тәлім етіп қалдырды. 
Сонымен,  әл-Фараби  туындыларының 
оның  ішінде  білім,  тәрбие  және  еңбек 
тәрбиесі,  адамгершілік,  игілік  тура-
лы  тағылымдарының  маңызы  әлі  күнге 
дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта оны 
тағылымдарының мазмұны қазіргі тәуелсіз 
Қазақстан жағдайында қайта түлеп, заман 
талабына сай жаңа көрініс алуда. Ол жаңа 
теориялық мазмұн алары анық.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Машанов А. Әл Фараби. – Алматы, 1970. - 11б.
2. Григорян С.Н. Великий мыслители Средней Азий. – Москва, 1958,  с 12.
3. Әл-Фараби. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары». Философиялық трактаттар. – Алматы, 
1973. - 318 б. 
5. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1986. 

134
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет