Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармашылық жинағы. – Алматы: «Өнер», 
2010. 
2. Нұршайықов  Ә. «Ақиқат пен аңыз», – Алматы: «Жазушы», 2009.
3. «Аты аңызға айналған», – Алматы: «Тоғанай Т», 2010.
4. «Жұлдыздар отбасы» журналының «Аңыз адам сериясы», №9, 2010 ж, Алматы.
Резюме
В статье  описывается  личность  Бауыржана Момышулы  как национального героя, его богатый 
духовный мир, любовь к  своему народу, его истории, культуре, языку и литературе. Рекомендует-
ся использовать личностные качества Б.Момышулы для духовного и патриотического воспитания  
молодежи.
Summary
 In this article Baurzhan Momyshuly’s personality is described as a national hero, his rich spiritual world, 
love to his people, his history, culture, language and literature. It is recommended to use Momyshuly’s 
personal qualities for spiritual and patriotic upbringing of youth.

11
C
M
Y
K
САЛТ-ДӘСТҮР 
С.Ғаббасов – 
                     Медицина және  Педагогика ғылымдарының докторы
профессор, жазушы-дәрiгер, фантаст, 
     Махамбет сыйлығының лауреаты
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ АЛУАН ТҮРЛІ ТАҒЫЛЫМДАРЫМЕН 
ҰШТАСЫП, УАҚЫТ ТЕЗІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ДӘСТҮР-САЛТТАРДЫҢ 
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Жалпы,  адамзат  қауымы  өзінің 
қоғамдық  дамуының  әр  кезеңдерінде, 
тәлімі  мен  тәртібі  үшін  пайдаланған 
тәрбие  тәсілдерін  жетілдірумен  қоса, 
тұрақты  зандылықтарға  айналдырған 
дәстүр-салттарының  түрлері  де  жетіп 
жатыр.  Олар:  халықтық  -  тайпалық  - 
рулық болып дәстүрдің ортақ үлгілерін 
көрсетумен  бірге,  отбасылық  және 
туысқандық  ережелер  арқылы  оны  аса 
үлкен нақтылыққа дейін жіктей де алған. 
Осыған  орай,  дәстүр-салттың  жақсысы 
да,  жаманы  да,  ескісі  де,  жаңасы  да 
бар  екені,  сонау  әлім-сақтан  бері  қарай 
жалғасып  жатыр.  Сондықтан  да,  халық 
педагогикасы 
мен 
психологиясын 
ғылыми  пән  ретінде  жүргізгенде,  оның 
осы диалектикалық көріністерін аса ше-
бер пайдаланған жөн. Олай болса, жал-
пы дәстүр дегеніміздің өзі не? Ең әуелі, 
осыған жауап іздеп көрелік.
Ата-баба  дәстүрі.  Ежелден  белгілі 
әмбебап 
түсіндірме 
сөздіктерде: 
"Дәстүр  дегеніміз  –  жалпы  ұлт  па, 
ұлыс  па,  қауым  болып  қабылдаған 
тәртіптің  түрлері  мен  қоғамдық 
ережелердің    жиынтығы"  –  дейтін 
анықтама  береді.  Былайша  айтқанда, 
кез-келген  елдің  дәстүр-салттары,  өз 
замандарындағы  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынастарды  реттейтін,  сол 
елдің Ата заңдары десек те артық емес.
Осыған  орай,  сан  ғасырлардан 
бері  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастыра 
жасаған,  Қазақ  халқының  да,  өзіне 
тән  өркениеттері  мен  басқаға  ұқсамас 
ұлттық дәстүр-салттары бар. Олардың әр 
түрлі тұрмыс-тіршіліктерге байланысты 
қолданылған сипаттары да толып жатыр. 
Оның  түрлерін  жеке-жеке  санамалап 
шығу, тіпті де мүмкін емес. Олай етудің 
қажеттілігі де шамалы?! Сондықтан, тек 
халықтық тәлім-тәрбиемізге ерекше әсері 
бар  дәстүрлерді  ғана  саралап  және  оны 
үш сала топқа бөліп, ғылыми жүйелеп 
қарастыруды  жөн  көрдік.  Оның  үстіне 
осы  үш  сала  дәстүрлер  тобы  қазақтың 
халық 
педагогикасының 
ұлттық 
ерекшеліктерін де және оның өзгелерден 
келетін көшірмелерге көне де бермейтін 
тектілігін де қалыптастырады. Ендеше, 
осынау үш сала топқа көңіл аударалық:
І.  Халқымыздың    т  е  г  і  н    сақтауды 
және  А т а дәстүріміз болып саналатын  
"Жеті атаға дейін қыз алыспау"  сал-
тына мән береміз.
2.  Еш  халыққа  ұқсамайтын  өз 
ерекшелігі бар "туысқандық" дәстүр. 
3.  Шаңырақ  көтеруге  әзірлік  және 
"Отбасын құру"  зандылықтары.
Осы 
айтылған 
дәстүр-
салттарымыздың үш сала тобының бір-
бірімен  өзара  тығыз  байланыстылығы 
да,  басқа  ешбір  елдің  салттарында 
кездеспейтін,  тек  өзімізге  ғана  тән  аса 
құнды  ұлттық  ерекшеліктеріміз  болып 
табылады. Мұның ең басты себебі, Ата 
дәстүріміз болып табылатын "Жеті атаға 
дейін қыз алыспау" салтының құдіретінде 
жатса, оның үстіне, бұл дәстүрдің басқа 
халықтарда  жоқ  екендгін  де  анық  етіп 
айтатын мезгіл жеткен сияқты.

12
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
1. «Жеті атаға дейін қыз алыспау» 
деген не?
Қазақ  халқының    Ата  дәстүрі  болып 
саналатын  "Жеті  атаға  дейін  қыз  алы-
спау" салтының бүкіл  ділімізге /мента-
литет/ тигізер әсері бөлек. Халқымыздың 
тәлімі мен тәрбиесінде ерекше орны бар. 
Ежелден  келе  жатқан  ескі  жұртымыз 
бұл дәстүрді, сонау Қорқыт пен Фараби 
замандарынан  қалыптастыра  бастаған 
екен.  Ендеше,  еліміз  бұл  дәстүрді 
ұстанғанына  да    он    екі    /12/  ғасырдай 
уақыт өтіпті. Сонда, осыншама ерекше-
леп  Ата  дәстүрге  балап  отырған  –  бұл 
"жеті атаға дейін қыз алыспау" дәстүрінің 
құндылығы  неде?  Оның  өміршеңдігін 
нендей  қасиеттерімен  түсіндіруге  бола-
ды?..
Осы  сауалдарға  ғылыми  дәлелденген 
негіздерде жауап беру үшін, ең әуелі са-
лыстырмалы түрде, кешегі XIX ғасырдың 
бастапқы  кезінде  аса  үлкен  жаңалық 
ретінде танылған  Дарвинизм ілімін еске 
алуға тура келеді. Бұдан да анығырақ етіп 
айтқанда, осы  ілімнің ең ұлы жаңалығы 
болып табылатын "табиғи сұрыптау" мен 
"Ата  дәстүріміздің"  тікелей  тамырла-
сып жатқанын ашып айтқан жөн. Оның 
үстіне, бұл дәстүр заты мен тегі басқа ел-
дер түгіл, туыстас болып келетін Түркі  
халықтарында да қолданылмайды екен.
Дарвиннің  аты  шулы  "табиғи 
сұрыптау"  дейтін  Ұлы  жаңалығын 
Қазақ  халқы  он  екі  ғасыр  бұрын  өзінің 
тіршілік салтындағы ең аяулы дәстүріне 
айналдырып  үлгеріпті.  Бұл  не  деген 
сөз?  –  десек,  Адам  баласы  қазір  дәнді 
дақылдарды,  малды  қалай  сұрыптауды, 
олардың  тұқымдарын  қайтіп  асыл-
дандыруды  біледі,  бірақ,  ол  өзінің 
болашақ ұрпағының табиғи сұрыпталуы 
тікелей  осы  "жеті  атаға  дейін  қыз  алы-
спау"  салтымен  байланысты  екенін  көп 
жағдайларда  түсіне  бермейді.  Адамзат 
әзірге  өз  тегіне  өзі  түкірумен  келеді?! 
Міне,  бұған  таңданбасқа,  таңырқай 
тұрып,  ойланбасқа  бола  ма?  Халқымыз 
осынау  ұзақ  жылдарда  мың  өліп,  мың 
тіріле жүріп, Ата дәстүріне балаған бұл 
салтын  көзінің қарашығындай сақтаумен 
қоса,  еш  бұлжытай  ұстанғандығының 
да  дәлелі  көп.  Мәселен,  иісі  қазақ 
жұртына белгілі Шәкәрімнің "Қалқаман 
–  Мамыр"  дастанының  мазмұны  да, 
осы  дәстүрді  бұзғандардың  тағдыры 
болатын.  Ұрпағының  келешегі  үшін 
халық бүгінгі аяулысына да кешірім ете 
алмағанын  баяндайды.  Өйткені,  тегіңді 
бұзар  жамандықтан  бетер,  лаңның  жоқ 
екендігін олар түсінген тәрізді.
2. Туысқандық дәстүр
Қазақ  елі  өзінің  осы  Ата  дәстүрінің 
арқасында 
басқа 
халықтардың 
туысқандық  дәстүрлері  –  қарға  адым 
болса,  былайша  айтқанда,  немерелер-
ден  аспай-ақ  үйлене  беретіндіктерін 
ескерсек, қазақтың жеті атасына дейінгі 
ұрпақтары  қандарын  араластыруға  бол-
майтын  туыстары  ретінде  саналады. 
Олай болса,  халқымыздың туысқандық 
дәстүрі тікелей "жеті атаға дейін қыз алы-
спау"  дәстүрінен  шығып  тұр.  Осының 
бірден-бір  дәлеліндей:  -  "Жеті  атасын 
білген ұл, жеті ру елдің қамын ойлайды"  
дейтін  мақал  өзінің  құндылығын  осы 
күнге  дейін  сақтап  келді.  Туысқандық 
дәстүрлерге жататын Ата жұрт – Нағашы 
жұрт  –  Қайын  жұрттардың  да  жеті 
буынға дейін есептелетінін есте ұстаған 
жөн. Ендеше, анау бір күлкілі  әзілде ай-
тылатын: "Ғарышқа ұшқан қазақ, Айдан 
да өзінің туысын  іздейді" дейтін сөз бе-
кер айтылмаса керек.
3. Отбасылық дәстүр.
Шаңырақ  көтеріп,  отбасын  құру  – 
күллі  адамзаттық  дәстүр екені белгілі. 
Бірақ, жер бетінде қаншама  халық  болса, 
бұл дәстүрдің сипаттары да соншама мол, 
алуан  түрлі  ерекшеліктерімен  ауысып 

13
C
M
Y
K
САЛТ-ДӘСТҮР
жататыны да өмір шындығы. Өйткені, әр 
халық  өзінің  семья  құру  қуаныштарын 
ата-баба  дәстүрлеріне  лайықтап,  өзге 
жұртқа ұқсатпай өздерінше қызықтауға 
тырысады.  Басқа  жұртқа  ұқсамаудың 
төркіні,  олардың  ғасырлар  бойы 
қалыптастырған тұрмыс-салттарындағы 
ерекшеліктері мен өзіндік психологияла-
рында жатса керек.
Қазақ халқы да ежелден келе жатқан 
дәстүрінің  үлгісімен,  атап  айтқанда, 
"жеті  атаға  дейін  қыз  алыспау"  сал-
тына  орай,  құдандаласу  жолымен  ше-
шуге  тырысатыны  анық.  Бірақ,  қазіргі 
өмір  ағымдарына  байланысты  және 
ұзақ  жылдар  басқа  елдің  отарлауында 
болғандықтан,  халқымыздың  тәрбие-
тағылымдарында аса ауыр өзгерістердің 
бар екендігін айтқан жөн. Олай болса, сол 
Ата дәстүрлеріміздің бүгінгі көріністері 
қандай?  Олардың  несі  қалып,  нендей 
өзгерістерге ұшырады?
Егер ағымыздан жарылып адалдығын 
айтатын 
болсақ, 
бодандықпен 
қалыптасып  қалған  жат  дәстүрлердің 
үстемдік  алып  тұрғанын    несіне    жа-
сырамыз?!  Тұрмысымызға  орнығып 
алған  арақ  ішіп,  карта  ойнау,  шылым 
шегіп,  наша  тарту  тәрізді  жексұрын 
қадеттер,  тіпті  онан  басқа  да,  адамның 
ақыл-есі  мен  кісілік  тектеріне  құрт 
түсіретін құмарлықтардан да ұрпағымыз 
азып,  халқымыздың  генефоны  тозып 
бара  жатқанын  ел  болып  ойланатын 
мезгіл  жетті.  Жаңағы  сырттан  келген 
дәстүрлердің  әсерімен    уланып  дерт-
ке  шалдыққан  ұрықтан  ұрпағымыздың 
бір парасы – анасының құрсағында өліп 
жатса,  екінші  парасы  қол-аяқтары  сал 
болып, ессіз күйде туып жатса, үшінші 
парасы  дені  сау  туды  десек  те,  зер-
де  мен  зейіндері  сапасыз  екені,  бүгінгі 
өмір-тіршілігіміздің  шындығы.  Міне 
осындай,  қазіргі  отбасы  салтындағы 
тікелей  келешек  ұрпағымызға  байла-
нысты  мәселені  сөз  еткенде,  тағы  да 
сыңар  езу  біржақтылыққа  ден  қойып, 
жоғарыда айтылған  ауыр дерттерді тек 
сыртқы ортаның бұзылуынан ғана көру, 
айналамыздағы экологиялық  лаңдардың 
әсері деу, тіпті де өмір шындығы емес?! 
Әрине,  адам  тіршілігіне  экологиялық 
зардаптың  әсері  көп.  Сөйтсе  де,  қазіргі 
асқынып  тұрған  ұрпағымыздың  дерті, 
ең  әуелі  ұрық  тазалығын  сақтауға                    
тырыспайтын,  бүгінгі  отбасындағы 
халықтық  дәстүріміздің  бұзылуынан 
екені  анық.    Ал,  жалпы  халқымыздың 
тегін  қадағалау,  тіпті,  арың  ашынатын-
дай  тым  қағаберістеу  қалып,  жүйелі 
түрде  бүгінгі  білім  ошақтарында 
оқытылмайтыны  бәрімізге  де  аян. 
Сондықтан  да,  бұл  жайында  тарата  ай-
тып, кеңірек толғануды жөн көрдік.
4. Халықтың тегі.
Жұмыр жердің үстінде тіршілік ететін 
неше  мыңдаған  халық  бар.  Солардың 
барлығы  да,  өздерінің  тегін  білуге 
халықтық генефонын қалыптастыратын, 
табиғи күш-қуаттың негізін түсінуге ты-
рысады. Өйткені, өз тегінің қайнар көзін 
білген  халық  қана  өмір-тіршілігіндегі 
қиыншылықтардан  жасқанбай,  теңдесі 
жоқ  аса  күрделі  мақсаттарға  қол  соза 
алады.  Ендеше,  кез-келген  халықтың 
тегін  қалай  анықтауға  болады?  Жал-
пы,  халықтық  тек  дегеніміз  не?  Бұл 
мақсатты  орындау  үшін  ең  әуелі,  кез-
келген халықтың  үш  таған қасиеттерін 
білген жөн. Олар :
1. Халықтың – Ата  дәстүрі.
2. Халықтың – Сөз  өнері.
3. Халықтың – Ой өрнектері.
Міне, осындай үш  таған  қасиеттерін 
ажырата  анықтап  алғаннан  кейін 
ғана,  сол  зерделей  зерттеп  отырған 
халықтың  тегіне  сыналай  суыртпақтап, 
ой жүгіртуге мүмкіндік туады. Өйткені, 
халықтық тек бүкіл адамзат қауымының 
да, іштей түлейтін қуаттарының қайнар 
көзі болып табылады. Ал енді, әңгіменің 
арқауын  нақты  деректермен  дәлелдеп, 

14
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
өз  халқымыздың  тектік  сипаттарына 
бұрсақ,  ең  әуелі  бірінші  таған  жайына 
аз-кем тоқталудан бастамақпыз.
Бұл жайында жоғарыда бірсыпыра сөз 
қозғаған едік. 
Ата  дәстүр.      (1-ші  Таған)  Енді 
соған  сілтеме  жасай  отырып,  соңғы 
ғасырлардағы отарлау саясатының теріс 
ықпалдарына  тоқталу  қажет  сияқты. 
Әсіресе,  кешегі  дінімізден  бездіріп, 
ділімізді  тоздыруға  айналған  "қызыл  
империя"  –  өзінің  мақсатты  идеология-
сымен,  жұртымыздың  ерекшеліктерін 
түп-тамырымен  құртып  жіберуге  аз-ақ 
қалған  еді.  Бұл  апаттан  құтқарған  сол 
империяның іштей ыдырап  құлауы бо-
латын. Біздің Ата дәстүріміз "жеті атаға 
дейін  қыз  алыспау"  –  адам  баласының 
тегін асылдандырар құбылыс екенін біле  
тұра, мектептерде дарвинизм ілімін жан-
жақты талдай жүргізіп жатса да, одан 12 
ғасырдай бұрын бір халықтың дәстүріне 
айналып, тұрмысына сіңген, осынау аса 
маңызды  ғылыми  жаңалықтың  табиғи 
мысалын  ашып-жарып  айтуға  дәттері 
шыдамады. Өйткені, бұл – дүниені дүр 
сілкіндірген  жаңа  ғылым.  Генетика 
ілімінің  де  алтын  қазығы  болып  сана-
латын  адамдық  текті  асылдандыратын 
құдірет  еді.  Сондықтан  да,  біздер  бұл 
құбылысты халықтың тегін анықтайтын 
ең негізгі таған ретінде ұсынып отырмыз. 
Оның  мысалдарын  биология,  зоология, 
ботаника  пәндерінен  көптеп  келтіруге 
болады.  Оны  оқушылардың  өздеріне 
тапсырамыз.
Ал  енді, халықтың  тегін  анықтайтын 
екінші тағанды ата-бабамыз: Сөз өнері. 
(2-ші Таған) " Өнер алды – қызыл  тіл" деп 
түсінген. Тіл өнерінің  құдіретін – басқа 
еш  өнермен  теңдестірмеген.  Сондықтан 
да,  халқымыз  әр  сөзінің  мәні  мен 
мәнеріне  ерекше  көңіл  аударып,  шешен 
де  мағыналы  сөйлеуді  үнемі  жетілдіріп 
отырған.  Сөз  қадірін  түсінбейтіндерге 
"тексіз неме" –  деп, ауыр болса да ашық 
айтудан  жасқанбаған.  Ендеше,  осы 
айтылған  тұжырымдардың  жанды  мы-
салдары  ретінде,  өзіміздің  күнделікті 
қолданып 
жүрген 
сөздеріміздегі 
образдылықтың  табиғи  мәнін  ашып 
көрелік.  Мәселен,  тас  –  тау–  жер  –  күн 
– кен – мұнай – тіс – темірқазық – деп, 
түбірі  тұтас  сөздерді айта берсе толып 
жатыр.  Байқасаңыздар,  осы  сөздердің 
әрқайсысында  да  тек  терең  логикаға 
ғана  бағынған,  заттардың  аса  құнды 
мазмұндары  бар.  Енді,  осы  сөздердің 
біреуін ғана алып, оның табиғи  мазмұны 
мен мәніне талдау жасалық.
Мысалы, 
аспанның 
солтүстік 
етегінде  бір  орнынан  қозғалмай 
тұратын  жұлдызды  жұртымыз  ежел-
ден  бері  «Темірқазық»  деп  атайтыны 
белгілі.  Ал,  осы  атауға  сол  жұлдыздың 
бүкіл 
космологиялық 
мәні 
мен 
мазмұнын  сыйдырғанына  қалайша 
таңырқамассың?! Оның атауын я алтын, 
я күміс пен  қола демей, тек Темірқазық 
атандыруында  ғажайып  терең  сыр 
жатқан  жоқ  па?  Осыған  өздеріңіз  де  ой 
жүгіртіп байқаңыздаршы? Бүгінгі космо-
логия  ілімінің  дәлелдеп  отырғанындай, 
Темірқазық  жұлдызы  уақытқа  да, 
кеңістікке  де  өз  ықпалын  тигізіп,  бір 
орында  тұруы  қаққан  қазықпен  салы-
стырылса, ал оның жер беті түгіл бүкіл 
күн жүйесіндегі магниттілікті, тек өзіне 
қарата байлап қоятын қасиеті жалғыз-ақ 
Темірге тән сипат екені белгілі. Мінеки, 
осынау таңғажайып күрделі құбылысты 
бір  ғана  сөзге  сыйдырып,  халқымыз 
әлімсақтан  бері  қарай  қолданып  келеді. 
Өйткені, ұланбайтақ даланы мекен еткен 
көшпенділер  барар  жеріне  атқан  оқтай 
төте  жүріп,  бағытынан  жаңылып,  ада-
су  дегенді  білмеген.  Себебі,  олар  бүкіл 
аспанды  компас  ретінде,  ал  Темірқазық 
жұлдызын  –  соның  магнитті  тіліндей 
пайдаланған. Далалықтарға аспан ашық 
болса, жеті қараңғы түнің де қорқынышты 
емес. Жалпы, аспан шырақтарымен қазақ 
халқы өзінше тілдесіп, өздерінше түйген 
ойлары көп. Әрине, бұл өз алдына жеке 

15
C
M
Y
K
САЛТ-ДӘСТҮР
әңгіме?!  Болашақта  халқымыз  рухани 
игілігі мол, осынау мәдени байлықтарын 
да  игеретіндігіне сенім мол.
  Ой  өрнегі.  Халық  өзінің  тегін 
аңғартар 
ой-өрнектерін 
ұрпағына 
қалдырған  да,  тіршілік  тәлімдерін 
тұжырымдама  ретінде  түйіп  тастап 
отырған.  Мұндай  ой  түйіндері  мақал-
мәтелге де, не пәлсапалық   ой толғауларға 
да  ұқсамайтын  болған.  Тіпті,  кейбір 
елдерде  де,  күрмеуі  күрделі  толғамды 
тұжырымдар  айтыла  да  бермейді.  Мы-
салы, өзге жұрттарда кездесе бермейтін 
тек  қазақ  халқының  сөз  саптауларында 
ғана айтылатын  мынандай тұжырымдар 
бар.  "Алып  анадан  –  туады"  немесе 
"Он  сегіз  мың  ғаламды  бір  тарының 
қауызына сыйдырған", я болмаса " Көз – 
қорқақ, қол – батыр", тағы да "Малым – 
жанымның садағасы, Жаным – арымның 
садағасы"  –  дейтін  аса  терең  түйінді 
ұғымдарды  айта  берсе  толып  жатыр. 
Оның  үстіне,  осы  тектес  ой  өрнектерін 
бір  естісең  қайыра  ұмытылмайтыны 
да,  оның  түйіп  айтқан  түсініктерінің 
өміршеңдіктерін  байқатса  керек.  Енде-
ше,  осынау  айтылған  тұжырымдардың 
ішкі мәніне ой жүгіртіп көрелік.
Мәселен,  "Он  сегіз  мың  ғаламды  бір 
тарының қауызына сыйдырған" – дейтін 
тұжырымның    мәні  мен  мазмұны  нен-
дей  күрделі  күрмеулерді  меңзеп  тұр? 
Халық  даналығы  ұрпағына  не  айтқысы 
келеді?  Алайда,  осы  тұжырымның  ішкі 
түйіндерін  тарата  шешіп,  айтылмақшы 
ойдың  логикалық  жүйесін  аша  келе, 
оның  меңзеп  отырған  құбылыстарына 
таңдай қағып таңырқамау тіпті де мүмкін 
емес. Мұндағы бейнелеп айтылатын "бір 
тарының қауызы" дегені, адам ұрығының 
дәні ғой. Шынында да, оның көлемі та-
рыдан кіші болмаса, тіпті де үлкен емес! 
Міне,  осы  ұрықтық  клетка  бірте-бірте 
дами  жетіліп,  ана  құрсағындағы  тоғыз 
айдың ішінде бүкіл жер бетінде тіршілік 
ететін "он сегіз мың ғаламның" түрі мен 
сипаттарын қайталап қана қоймай, оған 
кеткен  500  миллион  жылды  да  тоғыз-
ақ айға сыйдырып отыр. Бұл әрине, тек 
табиғат  шебердің  ғана  қолынан  келер 
құдірет екені белгілі. Ал, осы тылсымның 
түйінін бір ауыз сөзге сыйдырып айтудың 
өзі де, ата-бабамыздың негізіне тартқан 
тектілігі  емей  не?!  Ары  қарай  өздеріңіз 
де тереңдете берулеріңізге болады.
Олай болса, осынау Ана құрсағындағы 
тоғыз  ай  адам  ғұмырының  ең  ұзақ 
мерзімі болумен қоса, адам тәрбиесінің де 
тегінен тарта тамыр алатын бастауының 
өзі  екенін  түсінетін  уақыт  жетті.  Осы 
кезге  дейін  мұны  ұрпақ  тәрбиесінде 
ескермей келуіміз ендігі жерде кешіруге 
келмейтін күнә екенін ашық айтқан жөн. 
Оның үстіне, бұл  –  ата-баба өсиеті ғой.
Ал,  келесі  сөз  еткелі  отырған  екінші 
тұжырымдама тіпті, бүкіл бір халықтың 
әлеуметтік  сипаты  мен  психологиясы-
на ықпал еткенін толып жатқан өмірлік 
деректермен  дәлелдеуге  болады.  Оны 
халық даналығы қысқаша "Көз – қорқақ, 
қол  –  батыр"  –  деп,  ұрпақтарына  өсиет 
қалдырыпты.  Өзінің  өткен  тарихтарын-
да мың өліп мың тірілген Қазақ халқы, 
осы  тұжырымды  қаншама  қайталады 
десеңізші?!  Тіпті,  бет  қаратпас  зама-
на  дауылдарынан  елімізді  аман-есен 
алып  шыққан  да,  осынау  рухы  биік 
ой  өрнегінің  құдіреті  екенін  алаштың 
әрбір азаматы біледі. Сөз орайына қарай 
айтсақ,  Жандары  қысылып  тіршілігі 
тұйыққа  тірелгенде:  -  "Ой-й    бәле-е-ай, 
көз  –  қорқақ,  қол  –  батыр  емес  пе  еді" 
–  деп,  қай  қазақтың  баласы  айтпайды 
екен.
Осы тектес мысалды, бірақ өздерінше 
айтқан  ой  өрнегінің  әсерін  Қытай 
халқының  ойшыл  демократы  Сунь-
Ят-Сеннің  де  еңбегінен  кездестіреміз. 
Ол  тікелей  өзінің  өмір  тәжірибесінен 
келтіріп: - "Тіршілік айдынында – адам 
психологиясымен  шендесе  де,  теңдесе 
де  алар  күш  жоқ!  Әсіресе,  психиканың 
қатпарларына сіңісіп кеткен тұжырымдар, 
бүкіл бір халықтың жігері мен еркін би-

16
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
леумен қоса, оны өз дегеніне көндірмей 
қоймайды  екен.  Мысалы,  Қытай 
халқының психологиясына сіңген "Ұғу – 
оңай, істеу – қиын" – дейтін Конфуцийдің 
тұжырымдамасымен  ондаған  жылдар 
бойы үзіліссіз күрес жүргізуге тура келді. 
Тіпті,  бұл  тұжырымды  партиямыздың 
бағдарламасына  керісінше  жазып  "Ұғу 
–  қиын,    істеу  –  оңай"  –  деп,  ғылыми 
негіздермен  дәлелдеп,  ұзақ  уақыт  үгіт 
жүргізілді.  Себебі,  ескі  тұжырымға 
бой  алдырып  қалған  жұрт,  нақтылы 
іс-әрекеттерге  бірден  кірісіп  кете  ал-
май,  жаңа  іске  тайсақтай  беретінін 
көзімізбен  көрдік.  Сондықтан  да,  бұл 
жайында оларға түсіндіргенде, көбінесе 
тұрмыста 
кездесетін 
қарапайым 
мысалдарға  жүгінуге  мәжбүр  болдық. 
Мәселен,  нанның  құрамында  не  бар 
екенін білмесек те, оны ойланбай-ақ жей 
беретіндігімізді түсіндірдік. Міне, осын-
дай  дәлелдермен,  керісінше  айтылған 
жаңа  тұжырымдаманы  өмірге  енгізуге 
әрекеттендік.  Халық  санасындағы  ескі 
өсиетнамалардың  қуат-күші  осындай" 
–  деп,  ойын  қорытындылайды.  /Сунь-
Ятсен, Избр.произ., М. 1985/.
  Түйін.  Халықтың    тегі  мен    ділін 
анықтауға  көмектесетін  дәстүр-салты, 
сөз  өнері,  ой  өрнегі  тәрізді  үш  таған 
қасиеттерін  зерделеу  арқылы,  кез-
келген 
халықтың 
генефонындағы 
ерекшеліктерді  танып  білуге  бола-
ды  екен.  Ең  әуелі,    мұндай  білім    қай 
халықтың  болмасын  өзі  үшін  керек. 
Себебі, тегі мен ділін түсінген халықтың 
ұрпағы 
қандай 
қиыншылықтарға 
да  төзе  біліп,  өзінің  алдына  қойған 
мақсаттарына жетпей қоймайды. Мұның 
өзі  түптеп  келгенде,  адам  тәрбиесі  мен 
тағылымы  –  ата-баба  зердесімен  тығыз 
байланысты  екенін  аңғартса  керек.  Ен-
деше, осы айтылған үш таған қасиеттер 
өмір-тіршілігіміздің қазіргі жағдайында, 
нендей  өзгерістерге  ұшырап  отыр  де-
сек?  Бүгінгі  ұрпақ,  олардың  мәні  мен  
маңызына    түсінбейтіндіктен  мүлдем 
жойылып  кетпесе  де,  тым  көмескіленіп 
бара  жатқаны  шындық.  Бодандықтың 
бұйдасына маталып, өзінің ұлттық тари-
хы мен халықтық тағылымынан мүлдем 
айрылып  қала  жаздаған  жұртымыз, 
бірте-бірте  мәңгүрттене  бастағанын 
несіне жасырамыз? Осы айтқанымыздың 
айқын  мысалындай,  өзінің  ана  тілін 
түсінбейтін дүбәра топ, ұлтымыздың 40 
пайызын  құрап  отырса,  бұларға  елінің 
дәстүр-салты  да  ой    өрнегі  түгіл,  сөз 
өнері де ешқандай қажеті жоқ тәрізденіп 
көрінеді. Олар қателесті екен деп, халық 
өзінің  келешек  ұрпағының  тағдырына 
тіпті  де  бейтарап  қарай  алмайды. 
Сондықтан  да,  халқының  ғасырлар 
бойы  жасаған  рухани  байлықтарын 
түсінетін  егде  буынның  алдындағы  па-
рызы,  халық  педагогикасының  өткенін 
жандырып, өркенін орнына келтіруі ке-
рек. Егер де, ұлтымыздың діліне төнген 
бұл  қатерді  ата-баба  тағылымдарын 
білетін  осы  буын  жөндемесе,  бүгінгі 
өмірімізде  орын  алып  отырған  керағар 
мәселелер  онан  бетер  асқынып  кет-
пек.  Ендеше,  халқымыздың  алдында 
тұрған ауыр да асыл міндеті осы?! Мұны 
жөндеу үшін қарабайырлыққа салынбай, 
тек  тәрбие  тәсілдерін  ғылыми  жүйеде 
жүргізгенде ғана, бұл қиыншылықтан да 
құтыларымызға сенім мол.
Егемендігімізді 
алған 
алғашқы 
жылдардың  өзі-ақ,  ұлттық  тарихымыз-
ды  игеруде  орасан  үлкен  жетістіктерге 
жеткенімізді  көрсетіп  отыр.  Оның 
үстіне,  ата-бабамыз  айтатын  "Атың 
бар  да  жер  таны  –  желіп  жүріп,  асың 
бар  да  ел  таны  –  беріп  жүріп"  дейтін 
даналығының  сәті  түсіп  тұрғандай, 
дүние  жүзі  халықтарымен  қоян-қолтық 
тікелей  араласа  бастадық.  Осының  бір 
мысалындай,  1994  жылдың  Сәуір  ай-
ында  Жапон  еліне  ресми  сапармен  ба-
рып  келген  тұңғыш  президентіміз 
Н.Ә.Назарбаевтың ой-тұжырымы: "Мені 
таңқалдырған екі нәрсе болды. Біріншісі, 
Жапон  еліндегі  ерекше  үздік  дамып 

17
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
отырған ғылыми техникалық прогрестің 
жеделдігі  болса,  екіншісі,  соншама 
берік  те,  бүтін,  қаймағы  бұзылмаған 
халық дәстүрінің көздің қарашығындай 
сақталуы" – деп, аса өткір көрегендікпен 
қорытындылаған еді. Қай Елде де әуелі 
халықтық  тағылымдарына  негізделген 
Рухани  өркендері  салтанат  құрмай, 
тек  саясаткерлік  пен  экономикалық 
әдістердің берер жетістіктері көрнекті де 
көркем бола алмайды.
Резюме
Автор в статье рассматривает  вековой опыт предков по сохранению национального генофон-
да.
Summary
The author considers the age-old experience of ancestors to preserve the national gene pool.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет