Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Операция
(кез келген). Хирургтың араласуы, мысалы, қол-аяқ жарақаты болған 
кезде адам жазылуға көңіл аудару үшін және соның енді қайталанбауын болдырмау 
үшін қажет. Бүгінде медицина саласында адамдарға көмектесуге өздерін толығымен 
арнаған дәрігерлер өте көп. Дәрігерлер холестикалық тәсілдерді көбірек пайдалана 
отырып емдеу жасай бастады. Сонда біздің дәрігерлердің көбісі аурудың себебін білгісі 
келмейді, оның белгісі мен салдарын ғана емдейді. Олар бұны екі жолмен істейді: не 
дәрімен улайды, не кеседі. Хирургтар кеседі, егер сіз хирургқа барсаңыз, ол әрине, 
операция жасауды ұсынады. Егер сізде басқа таңдау болмаса, онда жылдам және 
ешқандай кедергісіз жазылуға даярланыңыз. Операциядан өзіңіз жақсы көретін 
музыканы үнемі тыңдаңыз және өзіңізге үнемі: “Мен тез жазыламын. Мен күн санап 
өзімді жақсы сезінудемін” деп айтыңыз. 
Ісіктер
– жалған без. Устрица өзін қорғау үшін құртымдай ғана құмды алады да, 
оның сыртын қатты да жалтырақ қабықпен қаптайды. Біз оны інжу моншақ деп атап, 
оның көркіне таң қаламыз. Біз сол устрица сияқтымыз, ескі реніштерді сақтап, ол ісікке 
айналғанға дейін оны тастамаймыз. Мен бұны “ескі таспаны айналдыру” деп атаймын, 
әйелдердің жатырындағы, аналық бездеріндегі ісіктер олардың әйелдік нәзіктіктеріне 
тиген соққының нәтижесінен алған эмоционалды ауырлық болып табылатынына және 
ісік пайда болғанға дейін олардың бойында тұратынына мен тәнтімін …Егер сіздің 
біреумен арадағы қарым-қатынасыңыз тұралап қалса, бұл сізде барлық нәрсенің өз 
орнында екенін білдірмейді, және бұл шындығында біздің құнымыздың қаншалықты
екенін көрсетпейді. Мәселе, өмірде біздің басымыздан не өтетінінде емес, мәселе соған 
біздің қаншалықты көңіл бөлетінімізде. Біздің барлығымыз да өз басымыздан өтетін 
нәрселер үшін 100 пайыздық жауапкершілікті арқалаудамыз.
Өзара қарым-қатынас 
… Біздің барлық қарым-қатынастарымыз, ал бұның ішінде жансыз заттарға, 
ауа-райына, көлікке және адамдарға деген сіздің қатынасыңыз сіздің өзіңізге деген 
қатынасыңызды білдіреді. Ал сіздің өзіңізге деген қарым-қатынасыңыз, өз кезегінде 


23 
балалық шақтағы сіз байланыста болған үлкендермен қарым-қатынасқа негізделген. 
Кішкентай кезімізде бізге үлкендер қалай қараса, оң және теріс мәнінде - біз де өзімізге 
солай қараймыз… 
Біздің басқалармен қарым-қатынасымыз – бұл өзіміздің айнамыз. Біз өмірде неге 
жүгірсек, сол біздің өмірлік танымдарымыз бен қасиеттеріміздің тура бейнесі. Бұлай 
жиі кездеседі, басқаларға біздің қолданбайтын қасиетіміз – бұл біздің өз ерекшелігіміз. 
Егер бұлай болмағанда, бұндай адамдарға біздің өмірімізде орын болмаған болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет