87
Есімі пақырлықтың менен жырақ.
Иілсем, мені дауыл сындыра алмас,
Сындырар сені қайта бұрынырақ.
немесе
Дүниеде өзім деме жалғыз мықты,
Адасқан олай ойлап қаталықты”.
Болмады сөзін тәмәм еткенінше,
Бұрқырап, құйындатып дауы л шықты!
деп айтқан ақылын ақын да көркем үйлестірген. Ал, түпнұсқада мұндай
оқиғалы сюжет те, емен мен қамыстың арасындағы диолог та жоқ. Сондай-ақ,
арабша нұсқасында жай ғ ана шөп пен ағаш деп берілген.
Екі нұсқаны саралай келе, А.Байтұрсынұлының қаламынан шыққан “Емен
мен қамыс” туындысының түп негізі “Калила мен Димнада”
болғанмен,
назирашылдық үлгідегі шығарма деп айтудан гөрі төл шығарма
ретінде
қарастырған дұрыс сияқты деген байлам жасауға болады. Сонымен қатар
мысалдың әлемдік типологиялық ерекшел ігін сақтай отырып,
оны ұлттық
дүниетанымда нақыштап, дәстүрлі түр үстейді. Сөйтіп , мысалды қазақи кейіпке
енгізген.
Ойымызды
түйіндей
келе,
М.Байзақов ,
С.Дөнентаев ,
С.Көбеев,
Б.Өтетілеуов, А.Байтұрсынұлы және басқа да мысал жанрына қалам тартқан
қаламгерлердің шығармашылығындағы мысал дардың негізі араб әдебиетіндегі
классикалық үлгілермен
тығыз байланысты
екендігін және ондағы о ртақ
образдар, ортақ мотивтер, ортақ тақырыптар қазақ және
араб әдебиеті
байланысының
негізгі бір бөлігін
құрай тыны
белгілі болды.
Қазақ
ақындарының араб әдебиетін терең білгені, жақсы меңгергені анық, өйткені сол
кезеңдегі саяси -мәдени жағдайларға байланысты аталған ақын -жазушылардың
барлығы
негізгі білімді орысша емес, арабша алып, араб мәдениетінің қайнар
бұлағынан нәр алған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған мысал жанры
қазақ қайраткерлерінің ұлтқа айтар
сөзінің негізгі құралы болды
деп
айтуымызға негіз бар.
Мысал жанрының қазақ әдебиетіне еркін енуі халықтық дүниетанымның
ұқсас жақтарымен де, яғни ұнамсыз іс -әрекетті, қасиетті астарлы түрде
жеткізудің ең мықты құралы ретінде қабылдануы деуге болар еді.
Мысал
жанры қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы ояну дәуірінде надандық,
сауатсыздық, жалқаулық сияқты теріс қылықтар
мен жаман қасиеттерге қарсы
күресте ағартушы -демократ қайраткерлердің жақсы қаруына айналған.
Қысқа да нұсқа мысал жанры халыққа оңай тарап, тез танылды. Ағартушы -
ғалымдардың оқуға, өнерге, білімге, жақсылыққа үндеген дауыстары халыққа
тез жетіп жатты. Олардың араб әдебиетін терең біл іп, араб тілін жақсы
меңгергені анық, өйткені сол кезеңдегі саяси-мәдени
жағдайларға байланысты
аталған ақын -жазушылардың барлығы негізгі білімді орысша емес, арабша
алып, араб мәдениетінің қайнар бұлағынан нәр алған.
88
Мысалдардағы негізгі образдық өрнектер
мен кейіпкерлердің бо лмысы
арқылы берілетін адами қасиеттердің әмбебаптығы – екі әдебиет арасындағы
байланыстың болуының негізгі факторы деп тұжырым жасауға болады.