М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
1. Есек пен бұлбұл
2. Бүркіт пен қарға
3. Шегіртке мен құмырсқа
4. Түлкі мен қарға
5. Піл мен қанден” [3, 166 б.].
Сонымен қатар, М.Әуезов Абайдың И.Крылов мысалдарының ішінен
сатиралық мысалдарды
аудармағанын айтады. Тәржімалағандарының да
ерекшеліктері мен өзгешеліктерінің көп екенін, ондағы қорытынды мен
адамгершілік мінез-құлықтың үйлеспейтін ін
атап
көрсетеді. Жоғарыда
келтірілген мысалдардан бөлек Абайдың назирагөйлік дәстүрдің үлгісімен
жазған “Бақа мен өгіз”, “Жарлы бай” , “Піл мен қанден”, “Құмырсқа мен
Шегіртке” сияқты мысалдарының түп төркіні арабтың “Калила мен Димнаға”
барып тірелетіні даусыз.
Шығыс әдебиетінің классикалық үлгілерімен жақсы таныс болған басқа да
қазақ ақындары өз шығармаларының өрісін кеңейту мақсатында араб -парсы
әдебиеті үлгілеріне еліктеп, солардың әсерімен мысал өлеңдер жазған. Енді сол
ақындардың шығармаларына бірсыпыра тоқ талып өтейік.
Майлықожа 
Сұлтанқожаұлының
шығармаларында 
“Калила 
мен
Димнаның” мысалдар жинағының мотивіне құрылған “ Тоты”, “Қасқыр”,
“Аңқау мен арам” және т.б. бірнеше мысалдары бар. Қазақ мысалының
қалыптасуы мен дамуын зерделеген ғалым Т.Еңсегенов ақын мысалдарының
“Калила мен Димна” кітабындағы мысалдармен сюжеттік параллельдерге
құрылғанын
жан-жақты талдап,
дәлелдейді
[105,
25
б.].
Майлықожа
мысалдарында “Калила мен Димнадағы” дәстүрлі дидактикалық сарын
сақталады. Дегенмен ақынның шеберлігіне байланыс ты шығармалардың
көркемдік, 
эстетикалық
жақтан 
түрленіп, 
идеялық -тақырыптық
жаңашылдығымен ерекшеленеді. Майлықожаның мысалдары Т.Еңсегеновтің
зерттеу еңбегінде толық қарастырылғандықтан, тек атап өтуді жөн санадық.
Молда Мұса деген атпен танымал болған М ұсабек Байзақов шығыстық
сюжетке қалам тартқан кітаби ақын ретінде де белгілі. Оның әдеби мұрасында
үлкенді-кішілі өлеңдері мен мысалдары, араб әдебиетіндегі дәстүрлі сарын,
жазба немесе хат арқылы айтысудың үлгісінің бірі – Манат қыз бен әйгілі
“Әйекенің жоқтауын” шығарған сырдың сырлы ақыны Бұдабаймен айтыстары
және дастандары бар.
Белгілі шығыстанушы ғалым Ө.Күмісбаевтың айтуынша молда Мұса араб,
парсы көне шағатай тілдерін жетік білген [116, 121 б.]. М.Байзақов сатиралық
шығармаларында сол қоғамдағы әд ілетсіздікті, зұлымдық пен қатігездікті
сынап, елді ынтымақ, мейірімділік, қайырымдылыққа шақырады. Ақынның
Семірген есек”, “Арыстан мен түлкі”, “Тышқан мен түйе”, “Ағаш пен
маймыл”, “Ұры мен арыстан”, “Адам мен аюдың достығы ” секілді мысал-


69
өлеңдерінің
“Калила мен Димна” кітабындағы
ғибратты
әңгімелермен
сабақтасып жатыр. Ақын мысалдарынан араб әдебиетінің ықпалы н, оның
шығармаларындағы шығыстық қисса -дастандардың көркемдік -стилистикалық
белгілерінен көруге болады. М.Байзақов өз мысалдарын орыс тілін білм есе де
И.Крылов аудармаларының негізінде жазған деген жаңсақ пікірлердің болғаны
мәлім [117, 128 б.].
Молда Мұса мысалдарында араб-парсы сөздерінің
жиі ұшырасуы,
шығармаларының
көлемдерінің үлкендігі мен оқиға мазмұнының қисса -
дастандағыдай өрілуі және діни сарынның да көптеп кездесетіндігі ақынның
И.Крыловтың
емес,
шығыстық
шығармалардың
желісін пайдаланғанын
көрсетеді. Айталық,
Мазақ қылма тұтып ешбір жанды,
Келсе қолдан ренжітпе мұсылманды.
Не қылса да еркі бар бір Алланың,
Құдіретімен босатса қысылғанды.
Көп қылады әзілді біздің қазақ,
Жуасырақ жан көрсе қылып қашақ,
Насихатты алмаған маймылдай боп,
Ақыры өзі біреуге болар мазақ –
деп келетін өлең жолдарына қарап, М.Байзақовтың нәзирашылдық дәстүр
негізінде дүниеге әкелген төл туындысы деп айтуға болады [118, 7 б.].
Ақын “Ағаш пен маймыл” атты мысалын қолдан келмес, байыбына жете
алмас іске араласатын адамдар үшін және аузын бағып сөйлемейтіндердің ағаш
қысқан маймылдың құйрығындай болатынын жазады. Оны мына жолдардан
көруге болады.
Өнбес іске ол маймыл өлді ерек,
Қысып қалып құйрығын жарған терек.
Қылар ісін қылмастан жепті тоқпақ,
Ағаш жармақ маймылға неге керек. –
..Аузын бақпай кей адам сөз есітер,
Ағаш қысқан маймылдың құйрығындай. –
деген Калиланың ақылын өлең өрнегіне өреді.
Бұл мысал өлең ақынның
монолог түрінде айтқан ғибраты болса, оқиға “Калила мен Димна” мысалдар
жинағында екі шибөрінің – Калила мен Димнаның ди алогы арқылы өрбиді.
Араб тіліндегі нұсқада “Иғлам аннәһу мән тәкәлләфә ми н әл-қаули уа-л-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет