М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
ІІІ Т А Р А У
«МЫҢ БІР ТҮН» ЖӘНЕ « КАЛИЛА МЕН ДИМНА»
ЖИНАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кез келген ұлт өзі өмір сүрген кезеңнің қай сатысында болсын әлемдік
даму үдерісінен оқшау, жеке -дара өмір сүре алмайды. Қандай халық болсын
мемлекет болып қалыптасу, өсу, өркендеу жолында басқа елдермен әлеуметтік -
экономикалық, саяси қарым -қатынас жасап отырған. Ал сол қары -қатынастың
байланыс
құралының
тіл екендігі белгілі.
Халықаралық қатынастарды
реттестіріп, жолға қойып отыру үшін арадағы дәнекер -аудармашылардың
қажеттігі туатыны өзінен -өзі түсінікті.
Көркем аударма қандай халықтың болсын әдеби, мәдени байланыстарын
өркендетуде жетекші рөл атқарады. Аударма тарихына көз жүгіртер болсақ,
өзге тілдегі дүниелерді қазақ тіліне аудару немесе қазақ тілінен басқа тілге
аудару орта ғасырдағы араб тілді түркі ғалымдарынан баст ау алғанын
байқаймыз. Бірақ бұл замандағы тәржімашылардың жекелеген сөздер мен сөз
оралымдарын араб тіліне қалай жеткізу керек деген мәселеге кезі келгенде ғана
назар аударып отырғаны байқалады. Орта ғасырдағы Сирия, Мысыр, Ирак
елдерінде ғылыммен айналысқ ан ғалымдардың атқарған маңызды істері түркі
тілдерін араб тілімен қарым-қатынасқа түсіруі еді. Бұл кезеңдегі қазақ
топырағында туылып, ер жетіп, араб жерінде ғылым мен білімге қаныққан
ғұламаларды қазіргі қазақ -араб әдеби байланыстарына алғаш жол салған
ізашарлар деуге болады.
Әдебиеттердің өзара байланысы, бір-біріне әсер етіп байытуы, қай заманда
да көркем аудармасыз жүзеге асқан емес. Қоғам дамуының әрқилы сатысында
әлемнің түкпір -түкпірінде өмір сүрген ғұлама, даналардың қаламынан туып,
кейін 
дүние 
жүзі
халықтарының
рухани 
азығына 
айналған
құнды
шығармалардың әр түрлі тілде сөйлеуі де аударма құдіреті екені ақиқат.
Дүние
жүзіндегі елдер мен халықтардың саяси -экономикалық қарым -қатынасы мен
олардың арасындағы мәдени байланыс қоғам дамуында шешуші рөл атқара ды.
Томаға -тұйық, сыртқы
ортамен ешқандай байланыссыз қай халықтың
болсын рухани дүниесі дамымайтыны белгілі. Осындай елмен елдің, халықпен
халықтың арасын жалғастыратын көпірдің бірі – аударма. Әдебиеттердің өзара
байланысы, олардың бір-біріне әсер етіп, байытуы да аудармасыз жүзеге асқан
емес. Әдеби процестегі әр түрлі халық шығармаларының өзара ықпалдасу
жайын теориялық
тұрғыда зерделеген Ю.Б.Борев
әдебиеттердің
өзара
ықпалдасуының он төрт типін атап көрсетеді. Соның бірі – аударманың әсері.
Бұл жағдайда суреткер немесе аудармашы түпнұсқамен жұмыс жасағанда
өзінің
шығармашылық
тәжірибесінен
қолданатын 
тұсы 
да 
болады.
Зерттеушінің тұжырымдауы бойынша түпнұсқаның
өзіндік стилистикалық
қасиеті көп жағдайда сақталмайды [133, 45 б.].


90
Аудармашы, шын мәнінде, екі елдің
мәдениеті мен
әдебиетін
байланыстырушы дәнекер. Ол өзінің аудармашылық шеберлігінің арқасында
бір халықтың шығармасын екінші бір мүлде бөтен елдің топырағында түлетіп,
сол халықтың тілінде сөйлетіп шығарады. Осыған байланысты аудармашының
міндеті де өте жауапты болмақ. Ал аударманың қалай жасалғанын саралап,
тиісті бағасын беретін әдебиет зерттеушілерінің де әдебиет теориясынан терең
білімі болуы шарт.
Бұл мәселе жайында әлемге мәшһүр ғалым М.Әуезов былай ой қорытады:
“Аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт,
шығарманың
идеялық -көркемдік
қасиеттері н
қалай 
сіңіргендігін,
образдылығын, түп нұсқаның ырғақтық, үндестік шумақтық, ұйқастық нәзік
ұтымды тетіктерін, авторының сөз өнеріндегі өзіне тән ерекшелігін, та рихи
нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы -соңды аударма істерінен мүлде
басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет ” [134, 5 б.].
Қазақ әдебиетіндегі аударма өнерінің қалыптасуы мен дамуы жайында
көптеген қазақ ғалымдары ғылыми -теориялық ой-пікірлерін айтып, зерттеу
жұмыстарын жүргізген. М.Әуезов, М.Қаратаев, Ә.Нүрпейісов, С.Талжанов,
Ә.Ипмағамбетов,
Ә.Сатыбалдиев, Р.Хайруллин, З.Тұрарбеков
және т.б.
ғалымдардың аударма саласында жасаған еңбектерінің маңызы зор деп білеміз.
Олар қазақ аудармасын ың тарихы мәселесіне жайында әр түрлі ғылыми
тұжырымдар жасайды. Мәселен, С.Талжанов “аударма үлгісінің қазақ жеріне
келуін ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардан бастағанымен, оның қазақ әдебиетінде ХІХ
ғасырдың екінші жартысында басталды деген қорытындыға келеді [11, 13 б.].
Ал аударма өнерін зерттеуші ғалым З.Тұрарбеков аударма тарихын ҮІІІ-ХІҮ
ғасырлардан бастайды [135, Б. 28-32], белгілі ғалым Ә.Сатыбалдиев қазақ
өмірінде аударма тарихының алғашқы бетін Ы.Алтынсарин ашты деп
пайымдайды [136, 13 б.].
Жалпы зерттеуші ғалымдардың пікірлерін саралай келіп, аударма өнерінің
қазақ топырағында орта ғасырларда қалыптас қан деген ғылыми тұжырымның
көңілге қонымдылығын байқадық. Себебі 1074 жылы жазылған М ахмұт
Қашғаридің “Диуани лұғат -ит түрік” және Абу Хаянның “Китабу-л-идрак ли-
лисани-л-атрак” атты сөздіктері осы аударма мәселесіне арналған еңбектер
екені барша зерттеушілерге белгілі. Сонымен қатар, көркем аудармаға қатысты
филолог ғалымдардың пікірі көбінесе екіге жарылатынын байқауға болады.
Мәселен М.Әуезов аударма өнерін ә дебиеттану ғылымының
зерттеу
нысаны деп қараған дұрыс деп тапса [ 134, 7 б.], Ә.Сатыбалдиев [136, Б. 70-71],
Р.Хайруллин [137, 5 б.] секілді ғалымдар аударманың тілдік мәселелерді алға
тартып, лингвистиканың зерттеу нысаны ретінде қарастырған жөн дейді ,
Аударма мәселесімен арнайы шұғылданған З.Тұрарбеков тіл, аударма, әдебиет
деген ұғымдарды қатар алып қарастыруды алға тартады [ 135, 20 б.].
Аударма өнерін әдебиеттану ғылымының зерттеу объектісі деп алғанмен,
оның тіл біліміне қатыстылығын ескермеуге болмайды. Себебі аударманың тегі
тіл құралдары, аудармашының іс-әрекеті сол тіл құралдарын орынды қолдану,


91
онымен жұмыс істеу болғандықтан аударма процесі лингвистикалық тұрғыдан
да зерделеуді қажет ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, аударма сөз өнерінің бір түрі
болғандықтан,
шығарма 
түпнұсқасының
образдылық,
мақал -мәтелдер,
афоризмдер, көркемдеуіш құралдар
мен әдемі айшықтар сияқты
түрлі
қасиеттерін толық та дәл беру үшін әдебиеттану ғылымы жайында да жақсы
білімі болып, әдеби формаларын сақтау аудармашыға керекті дүние болуы тиіс.
Демек, қандай аудармашы болсын, тәржіма мәселесімен айналысқанда әдебиет
пен тілдік құбылыстарды құстың қос қанатындай тең дәрежеде бірдей зейінінде
ұстаған дұрыс болады деп ойлаймыз.
Аударманың филологиялық мәнімен қатар, саяси, мәдени маңызы да зор.
Әлем ақын -жазушыларының форумдарында аударма ісіне айрықша көңіл
бөлінетіні кездейсоқ жағдай емес. Осындай ерекшеліктерін таразылай отырып,
көркем аударма барлық халықтың әдебиетінің тарихында маңызды орын алады
деп есептеуге болады. Қазақ
және араб әдебиетінің қалыптасып, даму
процесінде де көркем аудармаға ерекше көңіл бөлінгені күмәнсіз.
Бұл екі
халықтың
мәдени 
даму 
сатыларында 
бір -біріне 
жақындай 
түсуіне
идеологиялық қызмет атқарады деп білеміз.
Аталған тарауда көркем аударманың қазақ -араб әдеби байланыстарының
негізгі құралы ретінде атқарған қызметіне көңіл бөлеміз. Діні бір, мәдениеті
сабақтас екі халықтың арасын жақындатуда к өркем аударманың рөлі ХХ
ғасырдың елуінші жылдарынан бастап өсе түскенін пайымдадық. Әсіресе , оның
жарқын көріні сін Қ.Бекқожин, С.Жиенбаев, С.Сейітов , Қ.Жармағамбетов,
М.Әлімбаев, І.Мәмбетов, Б.Қожабеков , Б.Ысқақов, Қ.Шаңғытбаев сынды қазақ
ақындарының араб өлеңдері мен әңгімелерін
орыс тілі арқылы жаппай
аударуынан көруге болады. Белгілі ғалым И.Е.Неупокоева аударм аның әдеби
байланысты дамытудағы рөлі жайында былай ой қорытады: “ Аударма өзіндік
маңызы жағынан әдеби байланысты дамытуда жетекші рөл атқарады және
шығармашылық ықпалдастықтың формасы ретінде сол ұлт тілінің
идеялық-
эстетикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді ” [138, 24 б.].
Қазақ
ауыз әдебиетінде “Мың бір түн” әңгімелерімен сарындас
ертегілердің жеткілікті екені мәлім. “Мың бір түн” оқиғаларының сюжеті,
алғашында, жекелеген әңгіме түрінде таралған. Сол уақыттан бері аталған
жәдігер қазақ топырағында тамырын тер еңге жайып, қазақ әдебиетіндегі
шығыстық үлгінің нәрі мен сәніне айналды. Таңнан таңға тоқтамай ертегі мен
жыр айтатын қазақ ертегішілері мен жыршыларының тек қана “Мың бір түн”
емес, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Калила мен Димна” секілді әлемдік мәдениеттің
биігінен орын алатын шығыстық әдеби мұралардың да кең таралуына зор үлес
қосқаны тарихтан белгілі. Сондай -ақ, бұл жәдігерлер қазақ ақындары мен
жазушыларының шығармашылығына да үлкен ықпал етті. Абайдан бастап,
Ы.Алтынсарин, М.Көпеев, Шәкәрім, Кете Жүсіп Ешниязов, Шораяқтың Омары,
Ж.Шайқысламов, С.Дөнентаев және басқа да көптеген қаламгерлердың
шығармаларында шығыстық сюжетке құрылған туындылар көптеп кездеседі.


92
Қожа Ахмет Иассауидің “Диу ани хикметі” Ислам дінінің негізінде
имандылыққа үндейтін түркі тілінде жазыл ған шығарма дегенмен оның 25-26
хикметтері араб тілінде жазылғанын
профессор
М.Жармұхамедов пен
С.Дәуітұлы
атап
өткен. 
Махмұт
Қашғари
мен 
Жүсіп
Баласағұн
шығармаларымен бірге Рабғузидің “Қисасу -л-әнбиясы”, Құтбтың “Хұсрау -
Шырыны” және т.б. шығармалардың қа зақ-араб әдеби байланысының әр түлі
кезеңдерінің жемісі деуге болады. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың басында Ислам дініне насихаттаудың ерекше қарқынмен жайылуына
байланысты шығыстық араб әдебиеті үлгілерінің қазақ топырағ ында қайта
түлеп, нәзирагөйлік дәстүрдің қалыптасуының да белгілі бір дәрежеде
аудармашылық өнерге қатыстылығы бар.
Бұл кезеңдерде негізінен дінге
байланысты шығармалар аударылып, насихатталып келсе , кейінірек араб
қаламгерлерінің шығармалары
да көптеп аударыла бастады. 1973 ж ылғы
Алматыда өткен Азия, Африка ақын -жазушыларының V конференциясы
ертеден келе жатқан рухани дәстүрдің жалғасы іспетті.
Әдеби байланыс шеңберінің кеңеюі ұлттық мәдениеттерді жақындатып,
олардың ортақ ұқсастық бірліктерін аша түседі. Бұл жерде де көркем аударма
әдеби қарым -қатынас формасы ретінде қызмет атқарады. “Кеңес кезінде, – деп
жазады Ш.Сәтбаева, – классикалық шығыс әдебиеті қазақ әдебиетіне өзінің
барлық байлығымен, көркемдігімен енді . Соның нақты мысалының бірі
лирикалық,
дидактикалық,
панегирика лық
мазмұндағы 
шығармаларды
қамтитын “Калила мен Димна” кітабының араб тілі арқылы аударыл ып, бізге
жеткен нұсқасының үлкен қызығушылықпен оқылатынын айтуға болады” [139,
129 б.].
Қазақ әдебиетінде ертеден белгілі “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн” секілді
араб халқының әдеби жауһарларынан бөлек 1958 жылғы Ташкентте өткен Азия,
Африка ақын-жазушыларының конференциясынан кейінгі араб қаламгерлері
шығармаларының қазақ тіліне аударылуымен қатар, қазақ ақындары мен
жазушыларының туындылары да араб тіліне тәржімалана бастады.
Айталық, Абай Құнанбаевтың туғанына 125 жыл тол ғанына байланысты
ақынның “Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары ның” жинағы н Джили Ғабду-р-
Рахман Мухтаратун шиғриятун деген атпен араб тіліне аударып, 1970 жылы
Мәскеудің “Прогресс” баспасынан жарияла са [140], 1987 жылы Абайдың
таңдамалы өлеңдері Н.Ұ.Өсеровтың құрастыруымен
Алматыда “Жазушы”
баспасынан жарық көрді” [141].
Мұхтар Әуезовтің “Абай” романын Бурхан Әл-Фатих орысшадан Абай
деген атпен
араб тіліне тәржімалап,
Ташкенттің “Радуга”
баспасынан
жариялайды [142], және 1966 жылы “Қараш-қараш оқиғасы” повесі (“Талқату


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет