М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
treatise16241

ғамал ма ләйсә мин шәклиһи ас абаһу ма асаба әл-қирд. Қала Димнатун: уа
кәйфә к әнә зәликә? Қ ала Калилатун: зәғәму әннә қирдан р а’а нәджаран
йашаққу хашабәтән ғәл а уәтәдәйни рәкибән ғәләйһ а кәл-усуар ғәла-л-фарас. Уа
кулләма шаққа минһа зираған адхала фиһи уәтәдән. Уа әннә ән -нәджар қама ли


70
бағди шә’ниһи, фә инталақа әл -қирд йәтәкәлләфу мин зәликә ма ләйсә мин
синағатиһи , фә рәкәбә әл -хашабата , уа уаджһуһу қибали зәлика -л-уәтәд. Уа
тәдәлләт хусиатаһу фи-ш-шаққи. Фә ләммә нәзәғә әл -уәтәдә инда ммат әл-
хашабату ғәла хусиатәйһи, фә харра мағшийан ғәләйһи. Уа джа’а ән -наджару
фә кәнә ма ләқиа минһу мин ад-дарби әшәддә миммән марра биһи адғ афан
кәсиратән” [119, 47 б.].
Осы мысал С.Ғылмани аудармасында былай өріледі: “Арыстан алыстан
естілген өгіздің зор дауысынан қорқып, ешқайда шықпайтын болып алады.
Мұны байқаған Димна, оның себебін білгісі келіп, Калиладан ақыл -кеңес
сұрайды. Сонда Калила : “Патшаның сырын біліп, оның ісіне араласар дәрежеге
біз әлі жеткеміз жоқ. Өзіңе қа тыссыз, сай келмейтін іске араласымын деп
жүргенде, балташыдан маймылдың біріне кездескен іс кездесіп қалатынын біл,
– дейді. Димна: “Оған не кездескен? – дейді. Сонда Калила: “Бір маймыл бір
күні балташының бір үлкен ағаштың үстіне атқа отырғандай отырып, оны
балтамен жарып, арасына сына қағып жару қамына кіріскенін
көреді. Ол
ағаштың бір шетінен бір кездей жарса, оған бір үлкен шеге ағаш (сын а) қағады.
Маймыл оны тамашалап қарап тұрады. Бір мезгілде шаруасын тоқтатып,
балташы қайтып кеткеннен кейін, маймыл ағаштан қарғ ып түседі де, ағаштың
жарылған жағына балташыға сияқты арқасын қаратып мініп, шегені суырмақ
болады. Маймылдың салбырап жүрген құйрығы ағаш жарығының арасына дәл
кіріп, бірақ ол оны білмей шегені суырып қалғанда ағаштың жарығы қосылып
кетіп, құйрығы қысылы п қалады. Олай тартып, былай тартып, құйрығын
тартып ала алмай, қалжырап отырған маймылды , балташы келіп ұра бастайды.
Маймылға құйрықтың қысылып қалғанынан, балташының ұрғаны қатты батады,
– деп ағаш пен маймыл туралы мысал айтып береді” [112, 49 б.].
И.Ю.Крачковский мен И.П.Кузьминнің “Калила мен Димнадан” жасаған
аудармасында ағаштың
жарығына маймылдың құйрығы емес, оның
жұмыртқасы
қыстырылып қалады
да, балташы келгенше ес-түссіз талып
жатады. Балташының ұрғаны ағаштың қысқанынан қаттырақ батады [120, 76 б.].
Түпнұсқада маймылдың құйрығы емес, жұмыртқасы қысылып қалады. Үш
мәтінді салыстыра келе, М.Байзақов пен С.Ғылмани нұсқаларының араб
тіліндегі жұмыртқа деген сөздің орнына құйрық ты қолданып, сыпайылап
алғанын байқаймыз. М.Байзақов осы мысалында ирония мен сарказмды шебер
қолдана отырып бейнелеген оқиғасы мен аллегориялық кейіпкері жайындағы өз
ойын шығарманың поэтикалық сомдау нақышы арқылы жатық қиыстырады.
Молда Мұса мысалдарының ерекше өзгешелігінің бірі – кейіпкерлерінің
жануарлар немесе аңдар емес, адамдар болуы. Ақынның “Қайырымды қыз бен
қайыршы” туындысы шығыстық мысалдарға тән аллегориялық форма да
құрылмайды. Онда: “Сараңдығымен елге аты танымал болған бір бай болады.
Сараңдығы сонша тамақты жұрттан тығылып жейді екен. Оның қайырымды бір
қызы болады. Бір күні қайыр сұрап келген бір қайыршыға қызы бір күлше нан
береді. Оны көріп қойған бай мүсәпір қайыршыны ұрып -соғып, қызының
қолын кесіп тастайды. Соңына қарай, тағдырдың пешенеге жазғаны бойынша


71
бай өлген соң қыздың қолы қалпына келіп, сүйге н жігітіне күйеуге тиіп ,
бақытты өмір сүреді ” [121, 59 б.]. Мұнда автор халықты сараңдық пен
қатыгездіктен аулақ болуға шақырып, қайырымдылық пен мейірімділікті
насихаттайды. Шығармасын бір-біріне кереғар образдарды шендестір іп, қарсы
қою арқылы поэтиканың әдемі үлгісін көрсетеді.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде шығармашылықтарына мысал жанры н
арқау еркен С.Көбеев, Б.Өтетілеуов секілді қазақтың белгілі жазушы, ағартушы,
педагогтары болды. Екеуінің де жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісіне жұмсаған
еңбектері зор деп білеміз.
Академик С.Қирабаев С.Көбеевтің әдеби мұрасына іргелі зерттеу жасай
отырып, оның “Ұлгілі тәржіма” жинағына енген мысалдарды сараласа [103],
ғалым Т.Әбдірахманов Б.Өтетілеуовтің өмірі мен шығармашылығын саралап,
“Жиған-терген” кітабындағы мысалдарына толымды талдау жасайды [108].
Олар бұл жинақтардағы мысалдарды И.Крыловтың еңбектерімен салыстыра
зерделеп, бірқатар өзгешеліктердің бетін ашып, жан -жақты қарастырады. Сол
себепті біз аталған қаламгерлердің шығармаларын нақты зерттеу нысанына
айналдырмаймыз.
Мысал жанрына қалам тартқан қазақ қаламгерлерінің бірі – Сәбит
Дөнентаев. Оның мысалдарының “Калила мен Димна” кітабының әсерімен
жазылғанын
Ә.Дербісәлин
[89],
Е.Исмаилов
[122],
Б.Ысқақов
[123],
Т.Еңсегенов [105], Н.Жармағамбетов [11 5], Б.Мамраев [124] сияқты ғалымдар
өз зерттеу еңбектерінде атап өтеді.
С.Дөнентаев “Ауырған арыстан ”, “Көзі тоймаған ит”, “Екі теке”, “Ұры


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет