72
“Ұры мен баласы”, “Қожа”, “Бит пен бүрге”, “Бір көлдегі үш балық”,
“Ерегіс”, “Жан мен тән”; екінші топқа: “Ауырған арыстан”, “Бозторғай”,
“У жеген қасқырға”, “Көк төбетке”, “Тотыға ” және т.б. жатқызады [124, 18
б.].
“Қазақ әдебиетінің
тарихы” кітабында
С.Дөнентаевтың
сатиралық
шығармаларын жанрлық ерекшеліктері
жағынан сатиралық, юморлық және
мысал өлеңдер деп үш топқа бөлуге болатыны аталып,
“Қаулы”, “Өгей ұл”,
“Жәмила қыз”, “Ескі болыстың тәубесі” секілді туындылары сатиралық өлең,
“Жұмыскердің өкініші”, “Атамыз бен өзіміз”, “Көркем қызға”, “ Кәрі
батырға” деген өлеңдері юморлық, ал қалғандары мысал өлең қатарында
сипатталады [117, 457 б.].
Біз зерттеу жұмысымызда Сәбит Дөнентаевтың ең маңызды деп саналатын
мысал өлеңдерін және оның “Калила мен Димна” мысалдар жинағымен
сабақтастығын анықтаймыз . Ақынның кейбір мысалдарыны ң түпнегізі “Калила
мен Димнаға”
барып тірелгенімен, оқиға мазмұнының кіріспесіне, о лардың
баяндалуы мен өз дүниетанымына сәйкес қорытындылауына қарап,
төлтума
шығармаға айналған ын байқауға болады. Сонымен қатар автор шығармада
өзіндік пікірлерін, танымын,
ой-түйіндерін білдіру мақсатында мысал
кейіпкерлерінің арасындағы ди алогтарды шеберлікпен құрады. С.Дөнентаевтың
“Калила
мен
Димнадағы”
мысал
әңгімелердің
желісімен
жазған
шығармаларынан бөлек, “
Көк төбетке”, “Сұңқар мен қарғалар”, “Бозторғай”,
“Бөшкенің зары” және т.б. өзінің төл туындыларын да дүниеге әкел ді.
“Калила мен Димна” кітабындағы мысалдар
мен әңгімелер бір -бірімен
автордың
немесе кейіпкерлердің
жүйелі баяндауларымен сабақтасып,
ұштастырылып отырады. Мұнда қалыптасқан қағида бойынша кейіпкерлер дің
бірі қандай да
бір өмірде болған оқиғаны, құбылысты баяндап, әңгімелеп
отырады. Сонда екінші кейіпкер: “Ол қалай болған?” – деп сауал тастайды. Ал
екіншісі болған оқиғаны тә птіштеп әңгімелеп береді. Осылай бірі сұрап,
екіншісі сол жағдайды егжей-тегжейіне жеткізіп, әңгімеден әңгімеге ұласып
жалғасып отырады.
Бұл әңгімелердің құрылымдық жүйесі С.Дөнентаев мысалдарында біршама
өзгеріске ұшыраған. Мәселен, оның мысалының басында өнегелі оқиғалар
әңгімеленсе,
соңына таман, шығарманың мәні мен түйіні ашылып , ғибратты
насихат айтылады. Шығарма мазмұнындағы кейіпкерлер арасындағы диологтар
мен параллельдік бейнелеулер ондағы персонаждардың мінез-құлықтарын, ой -
сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипаттары мен ерекшеліктерін
ашады. Ақынның шығармашылы қ өсу, іздену жолында араб сөздерін де
орынды қолданып отырады. Олардың көпшілігі түрлі атаулар мен діни
ұғымдарға қатысты болып келеді. Мысалы, “
Ескі болыстың тәубесі”, “Қиямет
Достарыңызбен бөлісу: