М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Хикаяту-л-химар уа-сәур маға сахиби -з-зирғ атты әңгіменің тақырыбын
Қ.Әбдіқадыров “Айуан тілін білетін диқан” деп жалпы оқиғ аның мазмұнына
сәйкес еркін аударған [ 127, 11 б.]. Енді осы хикаяның алғашқы сөйлемдерінің
аударылу сапасын саралайық.


101
Қала: Иғлими я ибнәти иннәһу кәнә либағди -т-таджир әмуәл уә-л-мәуәш
уә кәнә ләһу зәуджатун уә әуләдун уә кәнә Аллаһу тағалә ағтаһу мағри
фата
әлсуну-л-хайуанат уа-т-таир уә кәнә мискин зәлика -т-аджир әл-әриәфә уә кәнә
ғиндаһу фи дәриһи химар уә сәу. Фә әтә йауман әс -саур илә мәкән и -л-химар. Фә
уәджәдаһу мәнкусан мәршушан уа фи мағлифиһи шағир муғарбәл уә тибн
муғарбәл уә һуә рақидун муста рихун. Уа фи бағди-л-ауқат рәкәбәһу сахибуһу
ли хажәтиһи тағраду ләһу уә йарджиғу ғалә халиһи. Фә ләммә кәнә фи бағди
-л-
айами сәмиға ат -таджиру әс-саурә уі һуә йақулу ли -л-химар: һәниән ләкә. Әнә
тағбан уә әнтә мустарихун тә’кулу әш -шағийр муғарбәлан уа йа хдумуунәкә уа
фи бағди-л-ауқат йаркәбукә сахибука уа йарджиғу уа әнә да’иман ли -л-харс
[155, 11 б.].
– Малы сай, көңілі жай бір диқан болыпт ы, балам, – деді уәзір қызына. Ол
жан-жануардың барлығының тілін біледі екен. Бір күні мал қорасындағы
малдарын көргелі келсе, бір өгізі есектің алдындағы шөп пен жемді көріп
аузының суы ағып қызығып, өгіз мынаны айтыпты:
– Есек сен біздей еңбек те істемейсің. Біз таң атқаннан күн батқанша
айдағанымыз қос, сүйрегеніміз жер ағаш. Ағаш қажай -қажай желкеміз көн тақа
болды. Аяғымыз ауырланса жегеніміз таяқ. Сүйтіп жүріп қорегіміз сенің мынау
жеп тұрған шөп жеміңнің тастандысынан кейін. Сен бос жүріп осы сияқты
рахатта тұруыңа себеп не? Біз жер қыртысын аударып жүріп сенің
тастандыңдай-ақ тамақ ж еуіміз қалай? Сенің бітіретінің анда -санда қожайын
сені жақын жерге мінеді. Қайтып келсең мына сияқты шөп пен жемге
тұмсығыңды тығасың да тұрасың. Біздің таңымыз бар.
Бір күні саудагер бұқаның есекке: “Саған рахат. Иеңнің анда -санда мініп
келгенің болмаса, сен тыңсың. Жегенің тартылған арпа. Мен үнемі жер
жыртудан шаршадым”.... немесе өгіздің сөздерін мынадай өлең жолдары
арқылы суреттейді:
– Сенің күнің рахатта, есегім,
Білемісің бізден не күн кешерін? –
деген сөздерін естиді.
Аудармашы бұл әңгімені сөзбе -сөз немесе дәлме-дәл аудармасын бермей,
негізгі мазмұнынан ауытқымай өз сөзімен берген. Түпнұсқадағы саудагердің
басынан өткен оқиғаның барлығын диқанның атынан аударған. Бұл жерде
тақырыптың өзі диқанға байланыс ты болғандықтан әңгіменің арқауы сол диқан
арқылы тарқатылады. Тақырып пен мазмұнның үйлесім табуына қарап, аударма
түпнұсқадан тартымдырақ деген ойға келеміз. Сондай -ақ, тәржімашы “оның
әйелі балалары болыпты” деген секілді сөйлемді де мүлдем алып тастап, өз
жанынан жаңа сөйлемдер қосып әңгімені түрлендірген. Мысалы, “шөп пен
жемді көргендегі өгіздің аузынан суы ағуы” сияқты тіркестерді аудармашы
жанынан қосқанымен, өгіздің басындағы жағдайды көріп тұрған кез келген
адамның дәл осындай көріністі көруі заң ды құбылыс. Сондай -ақ, “соқаны
сүйрей-сүйрей иықтарын ағаш қажап тастаған” деген сөздердің астарында таза


102
шындық жатқан жоқ па? Күнде таң атқаннан кеш батқанша соқа тартқан өгіздің,
әлбетте, иығын ағаш қажап құр сүлдесі қалатыны түсінікті нәрсе, әрі
шығарманың көркемдігін айшықтай түседі. Мұндай авторлық шеберлік пен
аудармашының қара сөзді өлең жолдарымен беруі, оның тәржімалау шеберлігін
көрсетеді, әрі әңгіменің ажарын ашып, айшықтап, көркемдете түседі деп
ойлаймыз.
Осы “Айуан тілін білетін диқан” атты хи каядағы қораз бен иттің
арасындағы диологты аударғанда аулармашы түпнұсқадағы итті қоян деп
өзгертіп алған. Енді осі үзіндіні салыстырып көрейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет