М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет28/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
treatise16241

Сандыбат деген сөздері араб тілімен форма, грамматикалық жағынан үйлесім
тауып тұрса, патшаның ойланбай іс қылып опық жей алмаймын деген сөздері
түпнұсқамен 
мағыналас. 
Аудармашының
мазмұннан 
ауытқымағаны,
түпнұсқада берілген патша мен уәзірдің диалогын да дәл бергенінен көрінеді.
Ал, Қ.Мұхамеджанов нұсқасында әңгіме болған түндер сәйкес келгенімен,
аудармашының алдияр, өмір бойы өкінішпен ө ткен керітәуіп сияқты сөздерді
өз жанынан қосқандығы көрінгіп тұр. Мұндай сөздер мен оралымдар тек
қазақы дүниетанымға сәйкеседі деп ойлаймыз.
Жоғарыда берілген әңгіменің аудармаларын әрі қарай салыстырып көрейік:
Фә қала әл-мәлик: зукира әннәһу кәнә әл -мәлик мин мулуки-л-Фарис
йухиббу-л-фурджати уа әт-тәнәззуһи уа -с- сайд уа-л-қанас, уа кәнә ләһу б аз
рәббаһу лә йуфариқуһу ләйлән уә наһ аран, йубиту тула-л-ләйли би қурбиһи, уа
изә талаға илә -с-сайд йа’хузуһу мағаһу,
Қ.Әбдіқадыров берілген мәтінді:
“– Парсының бір патшасы аң аулаудың қызығына қызығына түсіп, әбден
әуейіленіп біткен екен. Ол ел жұмысын мүлде қойып, күн сайын аң аулауға
барады. Оның өте жақсы көретін бір тұйғыны болыпты. Оны ешқашан көзінен
таса қылмай, алтыннан тұғыр істетіп, жанына қондыратын еді”. – деп аударса
[127, 38 б.], Қ.Мұхамеджанов “әр нәрсе Аллаға аян, – деп бастады әңгімесін
патша. – Парсы патшаларының бірі әс-Синдбат сауық-сайранды, ит жүгіртіп,
құс салып, аңға шығуды жақсы көреді екен. Өзінің қолынан баулыған бір
айтулы сұңқары болыпты. Оны күндіз -түні көзінен таса етпейді екен. Аңға


106
шыққанда алдымен қолына алатыны сол. Әлгі сұңқарға алтыннан тұғыр
жасатып, томаға кигізіпті”.
Осы берілген аудармаларды түпнұсқамен салыстырып, тәржімалану
ерекшеліктерін зерделеп көрер болсақ,
араб тілінде “Ертеде Парсы
патшаларының бірі аңшылықты, саятшылықты, көңіл көтеріп, қыдырғанды
жақсы көреді екен” деген сөйлемді Қ.Әбдіқадыров патшаның аң аулаудың
қызығына түсіп, әбден әуейіленіп біткен, ел жұмысын мүлде қойып, күн сайын
аңға шығады д еп аударғанын көреміз. Бұл жерде аудармашының негізгі
мазмұннан ауытқымағанымен, патшаның аң құмарлығын сипаттау барысында
қатты әсірелеп жібергендігі көрінеді. Себебі түпнұсқада патшаның әуейілігі, ел
ісін естен шығарғандығы айтылмайды. Сондай -ақ, сұңқард ы тұйғын деп
аударып, оған алтыннан тұғыр жасатқан деген сөйлемді өз жанынан
қосқандығы байқалса, аңға шыққанда өзімен бірге ала шығады деген сөйлем
назардан тыс қалған. Ал, Қ.Мұхамеджанов нұсқасында патшаның Синдбат
екені айтылады. Жалпы оқиға Синдбат пат ша жайлы болғандықтан, автор
берілген сөйлемде оның аты аталмағанымен, оқырман қауымға түсінікті болу
үшін қосқан деп ойлаймыз және бұл аудармашы да түпнұсқада айтылмаған
алтын тұғырды суреткерлік қиялымен ойдан жасап, томаға кигізеді. Әйтсе де,
аударма араб тіліндегі мәтінмен толық сәйкеседі. Енді түпнұсқадағы “Уа қад
санаға ләһу т асатан мин әз-зәһәб муғаллақатун фи рақабатиһи йусқиһи минһ а,
фә бәйнәма әл-мәлику джалисан изә би-л-уакили ғәла тайри-с-сайд йақулу: йа
малика-з-заман һәзә ауану-л-хурудж илә сайди. Фә истағадда әл -мәлику ли-л-
хуруджи, уа ’ахаза әл-база ғәл а йадиһи, уа сара илә ән уасалу илә уәдин, насабу
шәбәкәтә -с-сайд, уа изә би ғазалатин уақағат фи тилкә -ш-шәбәкәти, фә қала
әл-мәлику: куллу мән ф әтат әл-ғазалату мин джиһатиһи қаталтуһу. Фә
даййақу ғәләйһи халқатә -с-сайди, уа изә би-л-ғазалату ақбәлат ғәл а-л-мәлик, уа
шәббәт ғәл а риджләйһ а, уа хаттат йәдәйһ ә ғәла садриһа, кә әннәһә
туқаббилу-л-’арда ли-л-мәлик фә т а’та’ әл-мәлику ли-л-ғазалати, фә фәррәт
мин фауқа дим ағиһиуа рахат илә-л-бәрри. Фә илтәфәтәт әл -мәлику илә-л-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет