103
Енді осы әңгімені салғастырып көрейік.
“Қаләт: бәллиғни әйуһә -л-Мәлик әс -
сәғид әннәһу кәнә тағинән фи -с-син, уа ләһу зәуджәтун уә сәләсату әуләдин, уә
һуә фәқиру -л-хәл, кәнә мин ғадатиһи әннәһу йарми шәбкәтәһу ку ллу йауми
әрбаға мәррат лә ғәйри. Суммә иннәһу хараджә йауман мин әл -әйами фи
уақти-з-заһри илә шати -ил-бахр, уа хатта мақтафаһу, уа тараха шәбкәтаһу
уа сабара илә әннә истақаррат фи -л-мә’и, суммә джәмәға хәйтанәһә фә
уәджәдәһә сәқиләтән...” [154, 3 б.].
- Бір балықшы кеудіреген шал екен, ұлы бақытты патшам. Дүниесі
молдығынан кісі балықшы бола ма... Байдың малы көбейген сайын, кедейдің
саны көбейіп келе жатқан заман емес пе... Соның бірі болыпты. Оның екі ұлы,
бір кемпірі бар еді. Өмірі дарияның жаға сында өткен болатын. Өмірлік кәсібі
балық аулау. Бірақ, оның судағы үлесі де өлшеулі, күніне барып төрт рет торын
тастайды екен. Сол төрт балық қана ілініп, төрт кісі тамақ қылар еді. Онан
артық шал да салмайды, салғанмен балық та түспейді – құдайдың пешен есіне
жазған несібесі сол -ақ.
Арабша нұсқасында: “ертеде бір шал болыпты, өзі кедей екен”, – деп
басталады. Ал, аудармашы ол адамды кеудіреген шал, дүниенің молдығынан
кісі балықшы бола ма... секілді тіркестермен берген тәржімасы әрі нақты, әрі
мағынаны дәл беріп тұр. Сонымен қатар, “Байдың малы көбейген сайын
кедейдің саны да көбейіп келе жатқан заман емес пе немесе онан артық шал да
салмайды, салғанмен балық та түспейді, – құдайдың пешенесіне жазған несібесі
сол”, – деген сөйлемдерді аудармашы өз жанынан қосқаны көрініп тұр. Елдің
әлеуметтік жағдайын сипаттауда мұндай қазақы дүниетаным мен түсінікті
Қ.Әбдіқадыров өте сәтті қолданған. Әңгімедегі осы сияқты қосымша берілетін
ойлар оқырман қауымды тез баурап алуымен қатар, құдайдың пешенеге
жазғанынан артық ешетеңе жоқ деген философиялық тұжырымдар шығрма
сюжетінің мазмұнын тереңдетіп, байыта түсері мәлім.
Қ. Әбдіқадыров әңгіме ішіндегі өлең шумақтарын да мейлінше қысқа әрі
нұсқа аударуға тырысқан және өзі ақын болғандықтан мағынасымен аудару
қиындық туғызба ғандығы көрінеді. Балықшы шалдың суға тастаған торына
екінші ретінде құмыра ілініп, және оны сындырып лақтырып жібергендегі
пұшайман халін суреттеген мына өлең бәйттерінен байқауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: