112
Ануширванға “Менің ісімді, хал-жағдайымды баяндайтын, бірақ әсірелемей
және кітаптың стиліне нұқсан келмейтіндей етіп, ғибратты, өсиет боларлық
әңгімелермен, мысалдармен жаңа тарау қосып, жазып шықса деймін”, – деген
тілегін айтады [112, 68 б.]. Дәрігер ғалымның тілегі н мақұл көрген патша
Бахтакан баласы Бузур Джимһир дейтін уәзіріне бұйрық беріп, қосымша тарау
жаздырады да оның атын “Барзауейһи тарауы” деп атайды [1 12, 79 б.].
Сонымен қатар, Ануширван Хосраудың (Кисра) Барзауейһиді осы кітапты
қолға түсіру мақсатында жібергені жайында да жаңа тарау қосылады. Кітапты
алғаш араб тіліне аударған Абдолла ибн Әл -Муқаффа да тек қана тәржімалап
қоймай, мұсылман оқырмандарының
нанымына орайластырып, жинақ
мәтінінің көп жерін өңдейді, сондай -ақ, өз атынан “Кітаптың мақса ты” деген
жаңа тарау қосады [112 , 73 б.]. Ерекше бір ескеретін жайт, жаңа тарау қосу
дәстүріне сәйкес, аудармашы кітаптың ститлін, дидактикалық мақсатын бұзбай,
оқырман қауымға өнеге болатындай мысал әңгімелерді араластырып жазу керек
болды. Ибн Әл-Муқаффа ислам дінінің шариғатына қайшы келетін мәтіндердің
бәрін өзгерткен тәрізді. Мәселен,
Қала Бузур Джимһир: Әмма бағд; Фә иннә
Достарыңызбен бөлісу: