ғәскәри фә р а’аһум йатағамазуна ғәләйһи ...”. – деген үзіндідегі мазмұнның
аударылу ерекшеліктерін таразылап көрейік [155, 17 б.].
Қ.Әбдіқадыров
сұңқардың мойнына алтыннан сауыт жасап, су ішіп тұру үшін мойнын іліп
қойыпты деген алғашқы сөйлемді өте дәл берсе, патшаның бүгін аңға шығатын
күн болып тұр екен деп, құсбегінің аңға шығатын күн болып тұрғанын ескертуі
мен саятқа шығуға дайындалу сәтін аудармаған. Одан кейінгі патшаның
нөкерлерімен аңға шығуы, бір киікті қамап, кімде -кім киікті жіберіп қойса өлім
жазасына кесетіні түпнұсқа мазмұнымен тығыз үйлесім тапқандығы байқалады.
Тек киіктің патшаның үстінен қарғып өтіп қашып кеткеннен кейінгі
нөкерлерінің бір -біріне көздерімен ымдасып, сыбырласып тұрғанын байқаған
патша уәзірінен нөкерлерінің не деп тұрғанын сұраған сәтіндегі уәзір мен
патша арасында болған диалог Әбдіқадыров нұсқасында патша мен
нөкерлерінің арасында өрбиді. Сонымен қатар, патшаның жер үстін түгел
кезсем де, сол киікті ұстамай қайтпаймын деген сөзі автордың оқи ғаны
107
баяндаудағы жазушылық ерекшелігі деп ұққан жөн
[127, Б. 38-39]. Ал,
Қ.Мұхамеджановтың
аудармасы түпнұсқамен мағыналық
жағынан да,
сәйкестік жағынан да дәлме -дәл келеді [151, Б. 45-46]. Дегенмен, құралайдың өз
басынан секіріп өткеннен кейін нөкерлеріні ң ымдасып, миықтарынан күліп
тұрғанын байқаған патшаның нөкерлерінен “Тәуекел, құралайды осында өзім
алып келгенше мұрсат беріңдер” деп сұрау сәті түпнұсқада берілмеген.
Түпнұсқадағы әңгімені әрі қарай сабақтар болсақ оқиға былай аяқталады:
Сумма индәфәға әл-мәлику фи исри-л-ғазалати, уа ләм йазал уара’иһа. Уа
сара әл-базу йалтусуһа ғәла ғәйнәйһ ә, илә әннә ағмаһа даууахаһа. Фә сахаба әл -
мәлику даббусан уа дарабаһа фә қаләбәһә уа назәлә фә зәбәхәһ а уа салахаһа уа
ғәлләқаһ а фи қарбуси-с- сарджи; уа кәнәт сағату хәрр, уа кәнә-л-мәкән қафран
лә йуджаду фиһи м а’а,фә ғаташа әл-мәлику уа ғаташа әл -хисану, фә
илтәфәтәт әл -мәлику фә р а’а шәджәрәтән йанзил минһ а ма’а мислә-с-самни,
уә кәнә әл -мәлику ләбисан кәффуһу джилдән, фә ’ ахаза әт-тасата мин
рақабати-л-бази, уа мәлә’әһа мин зәликә -л-ма’а уа уадаға әл -ма’а қуддамаһу,
уа изә би-л-бази латаса ат-тасата фә қаләбәһә, фә ’ ахаза әл-мәлику ат-
тасата саниән уа мәл ә’әһә уа занна әннә -л-база ғатшан, фә уадағаһ а қудамаһу
фә латасаһа саниән уа қаләбәһә, фә ғадаба әл -мәлику мин әл-бази уа ’ахаза ат-
тасату салисән уа қаддамаһ а ли-л-хисани, фә қалабаһа әл-базу би джанахиһи,
фә қала әл-мәлику: хәййәбәкә Аллаһу й а ’аша’аму-т- туйур, хәрәмтәни мин аш -
шурб уа хәрәмтә нәфсәкә, уа хәрәмтә әл -хисана. Сумма дараба әл-база би-с-
сайфи фә рама әджнихатаһу, фә с ара әл-базу йуқиму ра’саһу уа кә әннәһу
йақулу би-л-ишарати: унзур әл-ләзи фәуқа -ш-шаджарати. Фә рафаға әл -мәлику
ғәйнәһу фә р а’а хаййатан фәуқа -ш-шаджарати әл-ләзи йусаййалу сәммуһа. Фә
надима әл-мәлику ғәл а қасси әджнихати-л-бази...[154, 18 б.].
Берілген әңгіменің сюжеті мен құрылымы, мазмұны қазақ тіліндегі екі
аударма
да
түпнұсқамен
толық
сәйкесетінін
сараладық.
Әйтсе
де
аудармашылардың қаламгерлік шеберліктеріне қарай кейбір өзгешеліктер де
жоқ емес. Мәселен, Әбдіқадыров бірнеш е белден, бірнеше құздан өтіп киікке
қалай жеткенін өз танымына бейімдеп сипаттай келіп, қайтар жолда шаршап,
шалдығып ат аяғын басуға жарамай қалды деген эпизоды мен түпнұсқадағы
ағаштың басындағы жылан сөзін қара шұбар деп суреттегенін автордың өз
жанынан қосқаны білініп тұр [127, 39 б.]. Патша құсының қанатын қылышпен
шауып тастағаннан кейін сұңқардың басымен ағаштың басына қара деп ишарат
жасауы түпнұсқадан жолма -жол аударғандай әсер береді. Қ.Мұхамеджановтың
әңгімені аудару барысында құралай бір алаңға бұрыла бергендегі патшаның
сұңқарды жіберді және жыланды білектей қап-қара екен деп сипаттауын оның
оқиға мазмұнын көркем өрнектеуге күш салғаны деп тұжырымдауға болады
[151, 46 б.].
Қ.
Мұхамеджанов бұл кітапты орыс тіліндегі аудармасы арқылы
жасалғанын
ескере отырып, оның
аудармасын
қазақ
тіліндегі екінші
аудармамен салыстыру мақсатында қарастырдық. Ал, Қ.Әбдіқадыров “Мың бір
түн” ертегісі жайында араб, парсы, түрік, монғол тілдерінен жинап аударып
108
шықтым деген кітап соңында берілген автордың өз ескертпесіне орай саралар
болсақ, оның әрбір түндегі әңгімені бастағандағы Шаһризаданың патшаға
қаратып айтқан сөздері мен мәтін ішіндегі кейбір сөз оралымдарының араб
тіліндегі түпнұсқамен дәлме -дәл үйлесім тапқанын көреміз. Аудармашының
осындай ерекшеліктеріне қарап, оның араб тіліндегі нұсқамен таныс болғанына
күмән келтіре алмаймыз.
Жалпы,
араб
тіліндегі
шығарманың
қазақ,
орыс
тілдеріндегі
нұсқалар ындағы айырмашылықтар түрлі дәрежеде. Олардың негізгі себебі
қандай нұсқадан аударғанында және соның табиғат ына байланысты. Екінші,
қазақ аударма өнерінің қалыптасуы мен жеткен биігіне, жеке аудармашының
танымы мен стиліне, оның оқырман талғамынан шығу мақсатындағы
принциптеріне қатысты. Дегенмен, қандай айырмашылықтар болсын, олар
негізгі оқиғаны баяндау тәсілі мен идеялық көркемдігі, поэтикасы жағынан
өзара тығыз үйлесім тауып, сабақтасып жатыр.
“Мың бір түн” әңгімелерін барша халықтың өмірден түйген философиялық
ойларын жинақтайтын энциклопедия десе болғандай.
Достарыңызбен бөлісу: |