109
ҮІІІ ғасырдың ортасына таман А бдолла Ибн Әл-Муқаффаның араб
тіліне
аударған нұсқасы арқылы дүние жүзіне тәржімаланып та, өңделіп те тараған
бұл шығарма Қазақстанда да кеңінен танымал болды. Бұл кітаптың қазақ
даласына келіп, халық ауыз ертегілеріне сіңісіп, әсер етуі мен оның аударылуы
жайында: М.Әуезов [5], С.Талжанов [94], Б.Ысқақов [110 ], Ш.Сәтбаева [139],
С.Қасқабасов [10 4], Ө.Күмісбаев [11 6], Ә.Дербісәлиев [39] және көптеген қазақ
ғалымдарының ғылыми еңбектері мен мақалаларын жазды. Сонымен қатар,
“Калила мен Димна” кітабын араб тілінен қазақ тіліне
тікелей аударған
Сәдуақас (Сәкен) Ғылмани мен Ғұбайдолла Ахметовтың қолжазбалары бар
[109].
С.Талжанов
“Калила
мен
Димна”
кітабының
орыс
тіліндегі
И.Ю.Крачковский мен И.П.Кузьмин жасаған аудармасын 1962 жылы қазақ
тіліне аударады.
Көр кем аударма – қандай да бір шығарманың тек бір тілден екінші тілге
аударылып қоя салуы ғана емес, сол сияқты бір ұлттың мәдениетін екінші елге
аудару. Мұндай жағдайда бір -бірімен салғастырылып,
өзара белсенді
ықпалдастықта
тағы да тіл ғана емес, екі ұлттық
мәдениет пен әдебиет
салыстырылып, байланысқа түседі. Классикалық туындылардың аудармалары
өздері
енген
елдің
әдебиетіне
үлкен
әсер
етеді.
Бірінші
кезекте
аудармашылардың қаламынан дүниеге келетін туындыларға қатты ықпалы
болады. Себебі олар өздері аударған шығармалардың тереңіне бойлап, оның
идеясымен, көркемдік-эстетикалық қасиеттерімен түпнұсқа қалпында танысады.
“Калила мен Димна” кітабының қазақ даласына таралу тарихын зерделей
келе, оның Ислам дінін насихаттау мақсатында елімізге келген ара бтармен
бірге еніп, халық фольклорына, жазба әдебиетіне Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
М.Байзақов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпеев, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов және т.б. қазақ ағартушы
ақындарының шығармашылығына үлкен ықпал еткенін байқадық. Осыған орай
Н.И.Конрадтың мына бір сөзін еске ала кету артық бола қоймас деп ойлаймыз.
“Ауысып келген бөтен елдің әдеби шығармасы
барған жерінде халықтың
назарын өзіне бірден аударып, уақыт өткен сайын құндылығы артып, рөлі өсе
түседі. Кейде өзге әдебиеттің шығармасы халықтың ыстық ықыласына бөленіп,
сол елдің төл туындыларынан артық қызығушылық тудырады және оның
қоғамдық ой туғызып, рухани мәдениетке үлкен әсері ететін жағдайлары да
болады” [2, 290 б.]. Мұндай жағдайлар қазақ әдеб иетіне де тән болған.
“Калила мен Димна” кітабы қазақ даласында
ертеден бел гілі болғанмен,
араб тілінен қазақ тіліне аударылуы тұңғыш рет 1948 жылы жүзеге асты. 1935
жылы қолына түсірген бұл туындының араб тіліндегі нұсқасын 1946 жылдың 1
наурызынан 1947 жылдың 20 ақпанына дейінгі қысқа уақыттың ішінде үлкен
дінтанушы, араб тілі мен әдебиетінің білгірі Сәдуақас Ғылмани қазақ тіліне
аударып, Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорына
өткізеді. Оны
М.Әуезов, Е.Исмаилов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Сытдиковтар қабылдап ала ды.
Біз осы зерттеу еңбегімізде әлемдік әдеби жәдігерлердің төрінен орын
алатын “Калила мен Димна” дидактикалық, философиялық кітабының тұңғыш
110
аудармашысы С.Ғылмани жайында мәлімет бере кеткенді жөн санадық. ХХ
ғасырдағы арабтану ғылымының алғашқы ізаша рларының бірі С.Ғылманидің
ғылыми-зерттеушілік ізденістері қазақ және араб халықтарының ежелден келе
жатқан тарихи тамырластығы мен мәдени байланысын дамытуда үлкен мәнге
ие болып табылады.
Үлкен дінтанушы, араб тілі мен әдебиетінің білгірі С.Ғылманидің ж азып
қалдырған еңбектері Қазақстандағы Шығыстану ғылымының мерейін еселеп,
кейінгі толқынға ұлттық рух дарытады деп айтуға болады.
Алматы орталық мешітінің 1952 жылдан 1972 жылға дейін қазиы болған
Сәдуақас Ғылмани – артына мол әдеби мұра қалдырған ғалым.
Белгілі
арабтанушы
ғалым
Ә.Дербісәлінің “Қазақстан мұсылмандарының
діни
басқармасы” атты кітабында [15 6] және басқа да бірқатар журналистер мен
Бейсен Бұйрабай [15 7], Тілеухан Мәжени [158] секілді жаныашыр адамдардың
баспасөз беттерінде жариялаған мақалал арында С.Ғылманидің
қалдырған
мұраларының молдығы айтылып, ғалым еңбектерінің іргелі зерттеуді қажет
ететіндігі сөз болды. Әйтсе де, бүкіл ғұмырын еліміздің діни -рухани өмірін
өркендетуге, ағартушылық саласына үлкен үлес қосқан тұлғаның жазған
еңбектері осы уақытқа дейін арнайы ғылыми тұрғыдан зерттеліп, зерделенбей
келді.
С.Ғылманидің өзінің айтуынша 1890 жылы Ақмола /Целиноград/ облысы,
Коржынкөл /Ереймен тау/ болысы, Малтабар деген қазіргі /Ереймен тау
совхозының Социал деген бөлімшесі/ Жарлы көл деген жерде дүниеге келген.
Алғашында жетіру Жолымбет деген кісіден діни сауатын ашқан Ғылмани, діни
біліктілігін тереңдету мақсатында атышулы ғалым, әулие атанған Тоқмағамбет
хазреттің дарынды шәкірті Айтмағамбет Исаұлы деген кісіден “Бұхар Зада”,
“Фикһ Акбар”, “Тухфа” (көркем әдебиет) деген кітаптардан сабақ алады. Содан
кейін 1907 жылы медресе ашып, шәкірт жинаған
Төлеңгіт деген халықтан
Ахмет халфе Ғұсмани /халық Ақтамақ халпе деп атаған/ медресесіне кіріп, алты
жарым жыл оқып, 1912 жылы ол кісінің батасын а лып, оқудан шығады. Ол ел
ортасында үлкен молдалар қатарында аты шығып, ұстазының айтқан өсиеті
бойынша бала оқытып, ағартушылықпен айналысқан. Тек 1916 жылғы
патшаның июнь жарлығы бойынша 19 бен 31 -дің ортасындағы қазақтарды қара
жұмысқа шақырған уақытта н бастап, екі жарым жылдай ұстаздық қызметі
үзіліп қалады.
С.Ғылмани “Арабша-қазақша сөздігінің” алғы сөзінде бұл кезге дейінгі
оқығаным мен оқытқандарым белгілі “Ұсыл қадим”
жолында болып келді деп
баяндай отырып, ұстазы Ахмет халпе 1918 жылы Ақмола қала сында үшінші
махалла ашады. Соған имам болу үшін, Уфа қаласында Ғалымжан Әл -Баруди
деген муфтиге емтихан тапсырып, одан шаһадатнама алып қайтқан соң,
шәкіртіне “Шырағым Сәкен,
“Мән мәтә уа ләм йағлам ғилма зам аниһи мәтә
Достарыңызбен бөлісу: