100
Алыс кетсең күнім қараң ешкімім жоқ ғаламда.
Ал егерде қаһарлансаң үрей төгіп өлгенім,
Жаным тынып, тәңір қосқан тәтті ләззат к өргенім [151, 65 б.].
Түпнұсқадағы а яр әйелдің мұндай зарлы мұңын Қ.Әбдіқадыров барынша
жатық әрі еркін аудармаға айналдыра отырып өзінше өрнектейді.
Жаралы болдың сүйгенім!
Жүректі бір жау түйредің...
Жүрегімді түйретіп
Жалынға міне күйгенім.
Күйгенім емей немене
Қайғы басты, күлмедім.
Түсірмес едім жараны,
Қапы қалдым білмедім.
Көкте тұрған күн едің,
Перде тартты бетіңе.
Қара перде ашылып
Қашан жетем ниетіме?.. – [127, 54 б.]
Кітап мазмұнының өлең құрылысында, көлемінде
мұндай өзгешеліктер
көп б олғанымен қай -қайсысының да мағынасы ортақ.
“Мың бір түн” аудармаларының өзгешеліктерінің бірі – оқиғаны баяндау
барысындағы іс-әрекеттердің әр түрлі қырынан көрінуі. Мысалы “Нұраддин
уәзір мен оның
ағасы жәйлі хикаяда”
Қ.Әбдіқадыров пен Сальенің
аудармасында Бадраддин Хасанды баласы Әжіп таспен ұрып есінен тандырса,
Қ.Әбдіқадыровтың тәржімасында Ғажап хасанды қамшымен бастан тартып
жіберіп сұлатып кетеді. Татар ғалымы Х.Миннегуловтың айтуынша әке Хасан
мен оның ұлы Гажиб мүлде кездеспеген. Ал, олардың кез десіп, баласы әкесін
танымауы себепті таяққа жығуы аудармашылардың қиялынан туындаған әрекет
[114, 87 б.].
Қ.Әбдіқадыровтың “Мың бір түннен” жасаған еркін аудармасының екі
хикаясын салыстыра отырып талдағанда, аударма мен түпнұсқаның арасында
мағыналық жа қындық айқын көрінетіндігіне, сөйлемдегі сөз қолданысында,
ойды жеткізуде айырмашылықтардың мол екендігіне көз жеткіздік. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: