М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
ликулли сәбәбин ғилләтән. Уа ликулли ғиллатин мәджран. Уа к әнә мин ғиллати
интисахи һәзә әл -китаб, уа нуқиләһу мин бил әди-л-Һинд илә мәмләкәти Ф арис,
Илһәму-л-Лаһу тағала Ану Шируан Кисра бин Қуббаз фи зәлика; лиәннәһу К әнә
мин афдали мулуки Фарис ғилмән уа хукман уа ра’йан, уа әксәриһим бәхсән ған
мәкәмини-л-ғилми уа-л-ә’дәб, уа ахрасиһим ғала талаби -л-хайри, уа асрағиһим


114
илә иқтин а’и ма йазинуһу бизинәти-л-хикмати, уа фи мағрифати-л-хайри мин
әш-шарри, ад-дарри мин ән-нафғи, уа-с-садиқ мин әл-ғаду. Уа ләм йакун
йағрифу зәлика иллә биғауни-л-Ләһи хулафа’аһу уа с асата ғибадиһи уа
биләдиһи ли иқамати рағ иати уа умуриһидеп келіп... [119, 14 б.], ары қарай
жалғасатын әңгіменің бірнеше сөйлемнен қ ұралып, бір ғана Ануширванның
қасиетін сипаттайтын бөлігін, С. Ғылмани “Алла тағала әрбір іске бір себеп
жаратты. Ол істелген іске себебі орындалатын бір орын не мезгіл белгіледі. Ол
себепті Алла тағала пенделерінен болған бір пенденің қолында жүргізді. Тірлік
етіп, өмір сүрген бақыт, дәулет орнаған күндерінде оған Ал ла тағала әлгі
себептің сәтін түсіріп, тағдыр қылды. Міне осындай істен саналатын нәрсенің
бірі: Калила Димна кітабын Һиндия жерінен көшіртіп алып, оны парсы
мемлекетіне әкелтуді, оған арнап кісі жіберуді, Алла тағаланың Анушируан
патшаның ойына салған илһ амы, яғни дариғат қылған бір ғылымы болды.
Анушируан парсы патшаларының ең зоры, хикметі өте көбі, ойы өте турасы,
соңын ойлап іс басқаруда өте түзуі, ғылым сүйгіші, әдеп пен ғылымның
жасырын сырларынан хабардары, тексергіші, ең жақсы іске қызығымпазы,
Аллаға жақындық жол іздеуге өте құмары. Дос пен дұшпанды, жақсы мен
жаманды, пайда пен зарарды танып білуде, әдеп-ғылым іздеушілердің ішінде
хикметпен зейнеттенуге ынтасы берілген бір зат болды. Бұларды асыра білу
халқына саясат қолданып іс жүргізу, оған Тәңі рдің кеудесіне құйған нұр -
қуатымен болды, – деп аударған [1 12, 53 б.].
Ең бірінші көзге түсер ерекшелік – түпнұсқаның өзінің өңдеуге түскені.
Алғашқы сөйлемдегі Алла әрбір іске бір себеп жаратты деген сөйлем мәтін
жазылған 
кезде 
басқаша 
болған. 
Ал, 
Алла 
т ағаланың құдіретімен
байланыстырылатын сөйлемдер ислам дінінің негізіне қарай бұрмаланған деп
болжауға болады. Екі мәтінді салыстыра келе, С.Ғылманидің жалпы мазмұнға
сәйкес өз түсінігі, дүниетанымы бойынша аударғанын байқадық. Ол бірінші
сөйлемді дәл аударғанымен кейінгі сөйлемдерінің мағынасын ашу кезінде
біршама шұбалаңқылық орын алған. Мәселен, Алла әрбір істің себебін, ол
себепке түрткі болатын нәрсені және оның әсер ету жолдарын жаратты. Ал, сол
түрткі кітаптың көшірмесін жасатып, Үндістаннан П арсы мемлекетіне әкелдіру
болды, – деп келетін сөйлемдердің орнына түпнұсқада берілмеген “...себеп
болған нәрсенің орындалатын орны мен мезгілін және пенделерден болған бір
пенденің қолымен жүргізеді, әлгі себептің сәтін түсіріп тағдыр қылды” секілді
жолдарды автор өз тарапынан қосып жіберген. Кисра Ануширванның жақсы
қасиеттерін сипаттаудағы аударманы сәтті жасалған деуге болады. Аздаған
стильдік олқылықтары болмаса, аудармашының екі тілді тең меңгергені көзге
бірден байқалады.
Енді түпнұсқадағы мына бір керемет
мысалдың қалай аударылғанына
назар салайық: “Фә илтәмәсту ләһу мәсәлән фә из ә мәсәлуһу мәсәлу рәджули
әлджә’әһу әл -хауфа илә би’ри тәдәлл ә фиһа тәғаллақа биғуснәйни нәбитәйни
ғәла шуфриһа. Фә фауқа риджл аһу ғәла шәй’ин ғамадаһум а. Фә назара фә из ә
һуә биарбағи әфағин қад атлағна ру’усаһунна мин әджхиратиһинна. Уа назара


115
илә асфалиһа фә изә һуә битиннинин фағирин фаһу нахуаһу. Уа рәфәғә


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет