«М әдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет19/43
Дата03.04.2017
өлшемі17,69 Mb.
#11051
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43

түстағы

ол  есікті  итеріп  ашады,  тауға  біраз  көтері 

есіктің  алдына  тез  жетіп,  ішке  кіріппін  . 

, „ ІГЯД, Т  Тар 

Түсті  талқы лауда  тәж ірибесі  мол  ада  , 

ерден


бөлмелерге  кіру,  ж аб ы қ   есікті  ашу^тур 

арқьілы


бірден  сексуалды  белгіні  көріп, 

rfud  а  а р

оңай  талдау  жасар  еді. 

*ннлртп  түрде

Тауға  көтерілген  түстағы  тар  есік  алды 

,  аШуҒа 

әйелдің  ж ы н ы сты қ   м үш есін,  әиел1? 1^ ГТЬІКтЫҢ  ғана 

көмектесуі  өмірде  әй ел ін е  деген 

сына


 

бүрын


болуын көрсетеді.  Анықтама алуы — осыда 

р  ^  жақсы 

ж аңа  үй  к ү ту ш ісі  о р н ал а сқ а н   еді;  о 

^ д а г ы

көзқараспен  қарап  қалған  болатын.  ькі  с 

ініс


  беруі

кішкентай  үй  Прагадан  қалған  естеліктерді

болады. 

кешені  бар

Егер  мен  пациенттерге  түстерінде  о д  

ін  айтсам, 

екенін  ж әне  ол  шешелерімен  байланыст 

^дЫ


олар  ондай  бірде-бір  түсті  естеріне  түсір 

orTPDjHe түсіп 

Соңында  ешбір  мәнсіз, 

а н ы қ  

емес тустер  ^ 

а  ұқсаС 

жатады;  талдау  көрсеткендеи,  бүл  тү 

ғ  

кіретін 


мазмүнда.  М енің  ойымша,  шешесшен  о 

жасырын  түстер  жиі  кездеседі. 

тітялғЫН  кіріп  жүреді- 

Кейбір  түстерде  жергілікті  жер,  ш  ,   ,„яНМЫн,  маған 

Ол  туралы  түс  көруші:  "Мен  ол  жерде 

  Жатыры>

өте  таныс!"  —  деуі  мүмкін.  Бүл  жер 

боЛҒанын  анық 

таңғаларлығы  адам  осы  жерде  әитеуір  Р 

біледі. 


с-ута шомьілу^а

Көбінде қорқыныш  сезіміне,  тар көше^®'т  көріністерді 

байланысты  т ү с т е р   ан а  жатырьіндағь- 

г  мысалға 

беинелейді.  Мен  бүл  жерде  бір  жас  жіп 

ағЫ  терезе

келтірейін:  "Ол  терең  шахтада  жүр  еке  • 

g  арқылы 

Земмеринг  туннеліндегідей  үлкен.  Ү

159


бірнеше бос шалғын көрінеді,  ол өз қиялымен сол бос жерді 

толтырады.  Соқамен  жыртылған  ж ер  көрінеді.  Одан  әрі 

жүрген  кезде  педагогика  кітабы  ашылып  жатады .  Осы 

жерде  ол  мені  есіне  түсіреді".

Келесі  пациентімнің  түсі  оның  әрі  қарай  емделуіне  эсер 

етті:  “Ол  саяжайда түрады.  Бір күні түнде  ол өзенге секіріп 

кетіпті,  ал  өзенге  ай  дәл  түсіп  түрған  екен".

Бүл  түс  дүниеге  әкелу  туралы .  "Суға  секіріп  кету", 

"судан  шығу"  түсте дүниеге  келу  көрінісін  береді.  Пациен- 

тімнен:  "Алайда  неге  міндетті  түрде  саяж айда?”  —  деп 

сүрағанда,  ол  еш  қиналмастан:  "Мені  емдеу  осы  жерде 

жалғассын  деген  мағына",  —  деп  ж ауап  берген  еді.

Түстің  бірінші  бөлімі  — туу  туралы  фантазия.  Баланың 

үрықтық  сулардан шығуы түстерде,  аңыздағы  сияқты,  кері 

айналдырудың  көмегімен  бейнеленеді:  баланың  суға  енуі; 

басқалармен  бірге  Адонистің,  Озиристің,  Моисейдің  және 

Вакхтың дүниеге келуі жайлы аңыздар да жақсы мысалдар. 

Бала  басының  судағы  қозғалы стары   емделуш іге  оның 

жүктілік  кезінде  сезінген  бала  қозғалыстарын  ғана  есіне 

түсірді.


Осылайша  түстің  екінші  бөлімі  үйден  кету  ойларына 

байланы сты   көрініс  береді;  соңғы сы   алғаш қы сы ны ң 

негізінде  жатыр.  Бірінші  жартысы  екіншісінің  жасырын 

мазмүнына сәйкес келеді. Ж оғарыда аталған айналдырудан 

басқа  түстің  екі  бөлімінде  де  өзге  айналды рулар  орын 

алады.  Бірінші  жартысында  бала  суға  еніп,  онда  басын 

қозғалтады.  Түс  негізінде  жатқан  елесте  басында  баланың 

қозғалыстары,  кейінірек  оның  судан  шығуы  бар.  Екінші 

жартысында  күйеуі  оны  тастап  кетеді;  ал  шынында  онын 

өзі  күйеуін  тастайды.

Туу  жайлы  басқа  түсті 

Абрсигам

  суреттейді.

Күні  та я у   ж ас  к елін ш ек  түсін де  м ы наны   көреді: 

"Бөлмедегі  еденнің  бір  жерінен  канал  тура  суға  әкеледі 

(туу  ж олы   —  ү р ы қ т ы қ   су л ар ).  Ол  еден дегі  лю кті 

көтергенде,  бірден  теңіз  мысығына  үқсас  жүндес  бір  ағза 

пайда  болады.  Ол  үйқыдағы  келіншектің 

аяалық махаббат 

сезімін  түтатқан  кіші  бауыры  екен".

Босану  ж айлы  түстерге  "қүтқару"  туралы   түстер  де 

ж атады .  Егер  әй елд ің   түсіне  қ ү т қ а р у ,  әсіресе  судан 

қүтқару  енсе,  босанумен  тең  мәнді  болып  келеді.  Бірақ  ол 

ер  адамның  түсіне  енсе,  өзге  мағынаға  ие  болады.

Әдетте,  үйықтар  алдында  қорқыныш  тудыратын  сай- 

тандар,  түнгі  қүбы ж ықтар  ж әне  ж ауыздар  балалық  бір 

естеліктен  туындайды.  Бүл  үйқыдағы  баланың  төсекті 

былғағанын,  қолын  қайда  салғанын  тексеру  мақсатымен 

оятқан  адамдар.  Бірнеше  осындай  түстерді  талдаған  кезде

160


мен түнгі қонақтардың түлғасын анықтай алдым.  Әке үнемі 

жауыз  болса,  әйелдер  көп  жағдайда  түнгі  ақ  киім  киген 

сайтан  болып  кірген.

II. 


Түсте  кеңінен  қолданылатын  белгілермен  таныса 

келе,  біз  осы  белгілердің  басым  бөлігі  тек  бір  және  мәңгі 

тағайындалған  мағынаға  ие  емес  пе  деген  сүрақ  қоюымыз 

керек.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  біз жаңа типті  "түс  жоруды" 

қүрастыруға әуес боламыз.  Сонымен бірге мүнда осы белгі 

түстердің  өзіне  емес,  халықтың  бейсаналы  елестеріне 

ж атады  ж әне  фольклорда,  аңыздарда,  тілдерде,  мақал- 

мәтелдерде,  жаңылтпаштарда  толық  сшіатталуы  мүмкін.

Түс  осындай  рәмізді  оның  астарындағы  жасырын  ой- 

ларды   қ ү р асты р у   үшін  қолданады .  Осы  рәм іздердің 

арасында жиі  немесе үнемі бір ғана нәрсені  белгілейтіндері 

өте  көп.  Тек  психикалық  материалдың  икемділігіне  зейін 

қою  керек.  Белгі  түсте  белгілік  формада  емес,  шынайы 

мағынада  көрінуі  мүмкін.  Келесі  бір  жолы  үйқыдағы  адам 

өзінің  ж екедаралы қ  естеліктер  материалының  негізінде 

белгі  ретінде  кез  келген  нәрсені  қолдануы  мүмкін.  Соны­

мен  қатар,  ең  жиі  қолданылатын  сексуалды  белгілер  үнемі 

бір  мағынаға  ие  болмайды.

Осыны  еске түсіре  отырып,  ең  жиі  қолданылатын  белгі- 

лерді атап өтейін: патша және ханшайым көбінде үйқыдағы 

адамның  ата-анасын,  патшаның  үлы  немесе  қызы  —  оның 

өзін  бейнелейді.  Барлық  сопақша  келген  заттар,  ағаштар, 

таяқтар,  қол  шатырлар  (эрекциямен  аналогия!),  барлық 

үзын  ж ән е  өткір  қүралдар:  пышақтар,  қанж арлар  ер 

адам ны ң  ж ы ны с  мүш есін  б ейн елеуде  қолданы лады . 

Қолданылатын,  бірақ  онша  түсінікті  емес  белгі  тырнақ 

егеуіш  болады.

Қораптар,  ж әш іктер,  ш кафтар,  пештер,  қалбы рлар 

әйелдің  жыныстық  сферасына  сәйкес  келеді.  Түстерде 

бөлмелер көбінде — әйел болып келеді  (немісше сөз тіркесі: 

"Zimmer"  және  “Frauenzimmer").  Олардың  "жабық"  немесе 

"ашық"  болуы  да  осыган  қатысты  көрінеді.  Үйқыдагы 

адамның  белмелердің  анфиладасы  арқылы  қүтқаруды 

білдіретін  түсі  көпшіліктік  үйді  бейнелейді.  —  Баспал- 

дақтар,  олармен  көтерілу  және  түсу  —  коитустің  белгілік 

бейнеленуі.  Үйқыдагы  адам  өрмелейтін  жалаңаш  қабыр- 

галар,  ол  қорқыныш  тудыратын  үйдін  фасадтары  түрған 

қалпындағы  адамның  тәніне  сәйкес  келеді  ж әне  түсте 

баланың  ата-ана  денесіне  өрмелегенін  бейнелейтін  тәрізді. 

"Тегіс"  қабыргалар  —  ер  адамдар;  үйдің  "шығыңқы  жер- 

лерінен"  үйқыдағы  адам  жиі  үстана  алады.  Үстелдер  — 

көп  жағдайда  әйел  адамдар  болып  келеді;  олардың  тегіс 

беті  әйел  денесінің  рельефтігіне  қарама-қарсылық  салда-

11—1530


161

рынан  болар.  “Үстел  мен  төсек"  —  некенің  қаж етті  атри- 

буттары  болғандықтан,  түсте  алғашқысы  екіншісін  алмас- 

тырып,  сексуалды  елестер  кешенін  кейде  "тағам"  кешеніне 

ауыстырады.  Киім  заттарынан:  әйелдің  бас  киімі  үнемі  ер 

адамның  жыныс  мүшелерін  бейнелейді.  Ер  адамдардын 

түсіндегі  галстук  көбінесе  еркектердің  жыныс  мүшесінін 

белгісі болып келеді.  Ол сопақтау формалы,  "ілінетін" және 

еркекті  сип аттайты н   а тр и б у т  б о л ған д ы ғы н ан   емес, 

сонымен  қ а т а р   гал сту к ті  қ а л а у ы ң а   сәй кес  таң дауға 

болатындықтан  —  осы  символдың  шынайы  мағынасымен 

мүлдем  сәйкес  келмейтін  еркіндікті  білдіреді.  Түсіне  осы 

белгі  кіретін  адамдар  әдетте  галстуктердің  коллекциясына 

ие  болады  және  оларды  жиі  ауыстырады.  Түстегі  барлық 

күрделі  аппараттар  мен  машиналар  көп  жағдайда  жыныс 

мүшелері  болып  келеді.  Оларды  бейнелеуде  түс  белгісі 

аса тапқыр.  Тең  шамада мүнда  көптеген  ландшафттардың, 

әсіресе көпірлердің немесе тоғай басқан таулардың болуын 

ж атқы зуға  болады.  Әр  түрлі,  ж аңа  ж ән е  түсініксіз  сөз 

қүрылымдары  жыныстық  өмірге  қатысты  бірнеше  сөздер- 

дің  қосындысы  болуы  мүмкін.  Кішкентай  баламен  айна- 

лысу,  оны  ж азалау,  әдетте,  онанистік  актіні  бейнелеуде 

қолданылады. 



Штекель

  бірқатар  басқа,  бірақ  әлі  толық 

тексерілмеген  белгілерді  мысалдармен  бейнелеп,  үсынады. 

Оң  ж әне  сол  жақтар,  оның  ойынша,  этикалық  мағынада 

түсіндірілуі  тиіс.  Оң  жол  —  түзу  адамның  жолын,  ал  сол 

жак,  ңылмыскер  жолын  белгілейді.

Бисексуалды  мағынадағы  сексуалды  белгілерді  пайда- 

лануға бейімділігінен түстің ж әне бейсаналы фантазиянын 

архаикалық  сипатты  анықтайтыны  күмәнсіз.  Себебі  жы- 

ныстардың  өзгешелігі  балалы қ  ш ақта  белгісіз  болады 

ж әне  жыныстардың  екеуіне  де  бірдей  жыныс  мүшелері 

телінеді.

Көп жағынан  қамтылмаған  бүл нүсқаулар кейінгі толық 

ж әне  мүқият  бақылаулар  үшін  жеткілікті.

Мен  мүнда  түстердің  осындай  белгілерді  қолдануының 

тек  бірнеше  мысалын  келтіремін.  Осы  мысалдар  белгілер 

жайлы  ілімнен  бас  тарту  болғанда,  түсті  талқы лаудын 

мүмкін  еместігін  және  оның  көптеген  жағдайларда  бірінші 

кезекке  шығуын  көрсетуі  тиіс.

1. 


Қ алпақ  ер  адамның  (еркектің  ж ыныс  мүшесінін) 

белгісі  ретінде  (Агорафобиялық  азап  шегуші  ж ас  әйелдің 

түсінен  үзінді).

Мен  жазда  көшеде  қыдырып  келемін.  Менің таңданар- 

л ы қ  ф орм адағы   қалпағы м   бар:  төбесі  ж о ғар ы   қарай  

көтеріліп  барып  иілген,  ал  жиектері  төмен  салбыраған, 

және  де  бір  жағы  екіншісінен  төмен.  Көңіл-күйім  жақсы,

162


көтеріңкі.  Бірнеше  жас  офицерлерді  кездестіріп,  "сіздер 

маған  ештеңе  істей  алмайсыздар"  деп  ойладым.

Ол  маған  түсіндегі  қалп ақ  ж айлы   түсінікке  сәйкес 

келетін  бірде-бір  ойын  үсына  алмағандықтан,  мен  оған 

былай  дедім:  "Бәлкім,  қалпақ  —  бүл  көтерілген  ортаңғы 

бөлігі  және  екі  салбыраңқы  бүйірлері  бар  еркектің  жыныс 

органы  болар".  М ен  әдейі  екі  ж иектің  үзындығының 

теңсіздігіне  қатысты  бөлшегін  талқылаудан  бас  тарттым; 

алайда  дәл  сондай  белгілер  жиі  жағдайда  талқылауға  жол 

көрсетеді.  Жалғастырамын:  егер  оның  күйеуінің  жыныс 

мүшесі  сондай  жақсы  жетілген  болса,  онда  оған  офицер- 

лерден  қо р қаты н   дәнеме  ж оқ;  алайда,  әдетте,  ол  өз 

фобиясына  қатысты  жалғыз  көшеге  шығудан  бас  тартады. 

Қ орқы ны ш ты ң  түсін д ір іл у ін   басқа  м атер и ал д ар м ен  

байланысты  мен  қашанда дәл  осылай  қайталап  берер  едім.

Мен  Шернер  бойынша  түс  белгісінің  көптеген  өзгеше- 

ліктеріне  қарамастан,  оның  осы  белгіні  алғаш  ашқанын 

мойындау  керектігін,  ж әне  ж арты   ғасыр  бүрын  пайда 

болған,  бос  ф антазия  жемісі  саналған  оның  шығарма- 

шылық  еңбегін  психоанализ  мәліметтері  қалпына  келтір- 

гендігін  атап  өтуім  керек.

Менің  талқылауымды  пациент  әйелдің  қабылдауы  аса 

қызықты.  Ол  қалпақты ң  ж иектері  төмен  салбырағаны 

туралы  айтқанын  мойындады.  Алайда  мен  оның  сөздерін 

есімде  ж ақсы  сақтадым  ж әне  өз  дегеніме  көндірдім.  Ол 

үндемеді  және,  ақыры,  күйеуінің  тасының  бірі  екіншісінен 

төмен  орналасуы  нені  білдіретіндігі  жайлы  ж әне  барлық 

ер  адамдарда  осылай  бола  ма  екендігін  сүрауды  үйғарды. 

Сонымен  оның  түсіндегі  қалпақтың  ерекше  бөлігінің  мән- 

жайы  белгілі  болып,  ол  барлық  талқылауды  қолдады.

М аған  қалпақ  белгі  ретінде  бүл  түстің  айтылуынан 

бүрын  таныс  болатын.  Басқа  да  азды-көпті  айқын  келетін 

ж ағдайлардан  қалпақты ң  әйел  жыныс  мүш елерінің  де 

белгісі  бола  алатындығына  көзім  жетті.

2. 

Сәби — жыныс  мүшелері;  жаншылу — коитус  белгісі 



(Агорафобиядан  азап  шегуші  дәл  сол  әйел  пациенттің 

басқа  түсі).

"Шешесі  оның  кішкентай  қызын  жалғыз  ж үре  беруге 

мәж бүр  етеді.  Кейін  ол  шешесімен  темір  ж о л д а  келе 

жатып,  өз  қызының  поезд  астына,  рельске  тура  кетіп  бара 

жатқанын  көреді.  Ол  сүйектер  сықырын  естиді  (мүнда 

жағымсыз  сезім  байқалады,  бірақ  ол  қорқыныш  емес).  Ол 

вагон  терезесінен  артта  шашылып  қалған  дене  бөліктері 

көріне  ме  деп  қ ар ай д ы   да,  ш еш есіне  сәбиді  ж ал ғы з 

Қалдырғаны  үшін  кінә  жаудырады".



Талдау.

  Бүл  түсті  толық  талқылау  өте  қиын.  Ол  басқа

163


түстер  қатарына да жатады  және тек солармен  байланыста 

ғана  толығымен  талданады.  Әсіресе  мүнда  белгіні  оңаша- 

лап  анықтауға  қаж ет  мәлімет  бөліп  алу  қиынға  түседі. 

Пациент  әйел  темір  жолмен  жүрудің  жүйке клиникасынан 

оралуына  сәйкес  келетінін  өзі  тауып  көрсетті.  Ол,  әрине, 

осы  клиника  басшысына  ғашық  еді.  Оған  бола  шешесі  сол 

ж аққа  барады,  шығарып  салуға  дәрігер  келеді  және  оған 

бір  шоқ  гүл  әкеледі;  шешесінің  осындай  сыйластыққа  куә 

болғаны  оған  үнамады.  Осылайша,  шешесі  оның  махаб- 

батқа  үмтылысының  бүзушысы  болып  келеді.  Менің  емде- 

лушімнің жастык, шағында анасы шынында да осыған үқсас 

рөл  ойнаған.  Келесі  ой  —  жолға  қатысты.  Ол  артқа  бел- 

in ектерді  көру  үшін  бүрылады.  Түсте  бүл,  әрине  поезбен 

ж анш ылған  баланың  қалды қтары   ретінде  үғынылады. 

Алайда,  оның  ойы  басқа  бағытқа  жетеледі.  Ол  бір  күні 

әкесін  сырт  ж ағы нан  ж алаң аш   күйінде  көргенін  есіне 

түсірді.  Ж ы нысты қ  айырмаш ылықтар  ж айы нда  сөйлей 

бастады  ж әне  де,  әйелдермен  салыстырғанда,  ер  адам- 

дардың  жыныс  мүшелері  артқы  ж ақтан  да  көрінетіндігін 

ескертті.  Соған  байланысты  ол  түсінің  мағынасын  түсін- 

діруде  кішкентай  қыз  бала  жыныс  мүшелерін  бейнелей- 

тіндігін  көрсете  талқылады.  Өзінің  қызы  (оның  4  жасар 

баласы  бар)  өзінің  жыныс  мүшесі  ретінде  көрсетіледі. 

Өзінен  мүлдем  жыныс  мүшелері  ж о қ   адам  тәрізді  өмір 

сүруін талап  ететіндігі  үшін,  ол  шешесін  кінәлай  бастайды. 

Ж әне  осы  кінәлауға  түсінің  бірінші  бөлімінен  сәйкестік 

табады:  шешесі  оның  кіш кентай  қы зы н  ж алғы з  ж үре 

беруге мәжбүр етеді. Оның қиялында көшеде жалғыз жүру 

мынаны  білдіреді:  ер  адаммен  болмау,  жыныстық  қаты- 

насқа түспеу 



(соіге

 — бірге жүру).  Ал  бүған  ол  бейім  емес, 

оның қолынан келмейді.  Оның әңгімелеуінше,  бала кезінде 

әкесі тарапынан көрінетін  айқын үнатушылық салдарынан, 

ол  шешесінің  қызғанушылығынан қорлық  көретін.  Жыныс 

мүшелерінің  (еркектің  немесе  әйелдің)  белгісі  ретіндегі 

"кішкентай  бала"  жайлы  Штекель54  айтқан  еді,  мүнда  ол 

жалпы  қолданылатын  сөз  тіркестеріне  сілтеме  жасаған.

Бүл  түсті  тереңірек  талқылауға  дәл  сол  түнгі  басқа  түс 

ж ол  берді.  Түсте  ол  өзін  бауыры мен  теңестірді.  Бала 

кезінде  өзінің  түрі  ер  баланың  түрі  сияқты  болған,  ол  қыз 

болмағанда  өзінен  жақсы  бір  жігіт  шығатындығы  жайлы 

өкініш ті  көп  еститін.  Осы  тең естір іл у ге  байланы сты  

кішкентай  баланың"  жыныс  мүшелерін  білдіретіні  анық 

көрінді.  Баланың  жыныс  мүшесімен  ойнағаны  үшін  жаза 

ретінде  шешесі  оны  (үл  немесе  қыз  баланы)  кестіріп 

тастаумен  қорқытады.  Осылайша,  теңестірілу  оның  өзі 

оала  кезінде  онанизммен  айналысқанын,  оның  есінде  тек

164


бауы ры н а  қаты сты л ар   ғана  сақталғаны н  көрсетеді. 

Ақырында,  еркектің  жыныс  мүшелерімен  танысу  екінші 

түстің  мәліметтеріне  сәйкес  үмыт  қалған,  ерте  балалық 

шаққа  жатады.  Кейін  екінші  түс  сонымен  қатар  балалық 

сексуалды  теорияға  сілтеу  жасайды,  ол  бойынша  қыздар 

ер  балаларды  сүндетке  отырғызу  жолымен  пайда  болады 

екен.

Бірінші  түстегі  қыз  баланы  жалғыз  жіберу  де  кестіру 



қаупіне  байланысты.  Сонымен  бірге  өзін  ер  бала  етіп 

жаратпағаны үшін  ол  шешесіне  қатты  наразылык,  көрсетті.

З.Жыныс  мүшелерін  ғимарат,  басқыш  және  шахталар 

көмегімен  бейнелеу  (жігіттің  түсі).

"Ол  әкесімен  Пратер  тәрізді  көше  бойымен  келе  жатыр. 

Онда  кішкентай  шығыңқы  жері  бар  үлкен  эстрада  түр.  Ол 

шығыңқы  жерге  әлсіз,  бірақ  ауа  үрленген  шар  байланған. 

Әкесі  одан  мүның  барлығы  не үшін керек  екендігін  сүрады. 

Ол  таңғалады,  бірақ  оған  түсіндіреді.  Ол  бір  аулаға  кіреді; 

жерде  үлкен  қаңылтыр  табақ  жатыр.  Әкесі  өзіне  үлкен 

бөлігін жүлып алғысы  келеді,  бірақ біреу-міреу жоқ па екен 

деп  алдын  ала  жан-жағына  қарап  алады.  Ол  тек  күзетшіге 

айту  керектігін,  сол  кезде  қанша  болса  да  алуға  болатын- 

дығын  айтты .  С ол  ауладағы   басқыш  төмен  ш ахтаға 

апарады,  оның  қабырғалары  кресло  арқалығы  тәріздес 

жүмсақталып қапталған.  Осы шахтаның соңында — үзынша 

келген  платформа,  ал  одан  кейін  тағы  бір  шахта..."

Талдау.

  Бүл  пациент  терапевтік  жағынан  жақсылық 

істегенді  білмейтін  аурулар  типіне  жатады.  Яғни  олар 

талдаудың  белгілі  бір  пунктіне  дейін  ешқандай  қарсылық 

көрсетпейді  де,  алайда  кейін  мүлдем  түсініксіз  және  қол 

жетпес  болып  кетеді.  Бүл  түсті  ол  өз  бетімен  түсіндіреді. 

Оның  айтуынша,  эстрада  —  бүл  менің  жыныс  мүшелерім, 

оның  алдындағы  ауа  шары  —  менің  мүшем  (пенисім),  ал 

оның  босаңды ғы на  шағым  салуға  негізім  бар.  Ж еке 

детальдарды талдай келсек,  дөңгелек эстрада — қүйымшақ 

(балалар  көбінде  жыныс  мүш елеріне  ж атқызады ),  ал 

алдыңғы  шығыңңы  ж ер  — 



scrotum.

  Түсінде  әкесі  мүның 

барлығы  не  үшін  екендігін  сүрады,  яғни  жыныс  мүшеле- 

рінің қызметі мен қүрылысы жайлы айтқызды. Мүнда әкесі 

емес,  керісінше,  ол  әкесіне  сүрақ  қойғандығын  болжау 

қажет;  шын  мәнінде  ол  бүл  жайлы  әкесінен  еш  уақытта 

сүрамағандықтан,  түстің  негізінде  жатқан  ой  тілек түрінде 

талқылануы тиіс немесе шартты түрде алынуы керек:  "Егер 

де  мен  әкемнен  осылар  ж айлы   сүрасам..."  Бүл  ойдың 

жалғасымен  біз  кейін  кездесеміз.

Қаңылтыр  ж атқан  аула  белгісі  талқыланбауы  тиіс:  ол 

тек  емделуші  әкесінің  сауда  орны  орналасқан  үй  ауласын

165


бейнелейді. Соңғысын жасырын сақтау тілегімен оның әкесі 

сауда  жасайтын  басқа  металл  "қаңылтырмен”  алмасты- 

ры лған.  Бұл  тү стің   мәнін  еш бір  ө згер тп ей д і.  Менің 

емделушім  әкесінің  ісін  аңғарып,  оның  кейбір  жарамсыз 

қылықтары  мен  қулық-сүмдықтарына  қатты  ашуланған 

екен,  себебі  оның  пайда,  түсімдері  осы  қулықтарға  негіз- 

делген  еді.  Осылайша,  жоғарыда  айтылып  кеткен  ойдың 

жалғасы  былай  дер  еді:  "(Егер  де  мен  одан  сүрасам)  ...  ол 

мені  өзінің  сатып  алушылары  сияқты  алдаушы  еді".  Сауда- 

ның  адал  еместігін  бейнелейтін  қаңылтырдың  бір  бөлігіне 

менің пациентім басқа түсініктеме тапты:  ол мастурбацияны 

білдіреді.  Бүл,  түстің  бірінші  бөліміндегі  сүрақ  қоюлар 

тәрізді,  тағы  да  әкесіне  қатысты  ой  ретінде  орынды-ақ. 

Шахтаны  жүмсақ  қаптау 



Vagina

  белгісі  ретінде  негізделіп 

түсіндіріледі.  Басқышпен  түсу  ж әне  көтерілу  коитусты 

бейнелейтінін  мен  басқа  да  деректер  негізінде  білемін.

Бірінші  ш ахтадағы   ү зы н ш а  п л атф о р м а  мен  екінші 

шахтаға  қатысты  детальдарды  ол  биографиялық  түрғыдан 

түсіндіреді.  Бір  кездері  ол  жыныстық  қатынастарда  болып, 

кейін  оларды   тоқтатуға  м әж бүр  болған  екен.  Ал  енді 

емделу  арқы лы   оларды   қ ай та  ж а ң а р ту ға   үміттенуде. 

Соңында  түс  айқындығын  жоғалтты.

4.Адамдармен  —  еркектің,  ал  ландшафттармен  әйелдін 

жыныс  мүшелері 



(күйеуі  күзетші  қызметіндегі  қарсіпайым 

әйелдің  түсі;  БДаттнер  жариялаған)

  белгіленген.  Біреу 

үйге  кіріп  келді  де,  ол  (әйел)  ш ош ы ғаннан  күзетш іні 

шақырды.  Бірақ  ол  үрылармен  бірге  тыныш  шіркеуге  бет 

бүрды;  оған  бірнеше  баспалдақ  сатылары  арқылы  барады, 

ш іркеудің  сырт  ж ағы нда  тау   бар,  ал  оның  басында  — 

қалың орман.  Күзетшіде шлем  және ряса екен;  онын үлкен 

жирен  сақалы  бар.  Онымен  бірге  жүрген  үрлықшылардың 

үзын  қап  тәрізді  алж апқыш тары  бар.  Ш іркеуден  тауға 

қарай  жол  жатыр.  Соңғысының  екі  жағынан  бүталар  мен 

шөптер  қаптап  шыққан,  ол  барған  сайын  қалыңдай  түсті 

де,  таудың  шыңында  қалың  орманға  айналды.

5.  Басқыш  жайлы  түс  (

Отто  Ранк жариялап,  түсіндір- 

ген).

Маған  бір  зиян  келтірген  кішкентай  қыздың  соңынан 

басқышпен  төмен  жүгіріп  келемін  ж әне  оны  жазалағым 

келеді.  Төменде  біреу  (жасы  үлкен  әйел?)  қызды  үстап 

қалды;  мен  оны  жүлып  алдым,  бірақ  оны  соқтым  ба  әлде 

ж оқ па 


оны  білмеймін.  Себебі  кенет басқыштың  ортаңғы 

жағына  тап  болып,  қыз  баламен  жыныстық  қатынасқа 

түсемін  (ауада  болған  тәрізді).  Шындығында,  бүл  әуелі 

жыныстық қатынас та емес: мен тек жыныс мүшеммен онын 

жыныс  м үш елеріне  ж анасы п,  тигізем ін  ж ә н е   артқа

166


шалқайған басын анық көріп түрмын. Коитус кезінде өзімнің 

сол  жағымда  (ауада  болған  тәрізді)  жасыл  өсімдіктермен 

қоршалған үй бейнеленген  екі кішкентай картинаны көрдім. 

Кішірек  біреуінде  суретшінің  қолтаңбасының  орнында 

менің  өз  есімім  түр  екен,  бүл  картина  маған  туган  күніме 

сыйлықңа  арналған  тәрізді.  Картиналардың  алдында  тағы 

қысқаша  хат  ілініп  түр.  Онда  осыдан  да  арзан  картиналар 

алуға болады деп жазылған екен;  әрі қарай мен өзімді айқын 

көре  алмадым,  дәл  басқыштың  жоғары  жағын  төсектегідей 

сезіндім,  сезінген  поллюциямен  түсіндірілетін  дымқылды 

түйсінуден  оянып  кеттім.

Талдау.

  П аци ент  түсті  көру  қарсаңы ндағы   кеш те 

кітаптар  дүкенінде  болған  екен.  Онда  ол  сюжеті  бойынша 

түсіндегілерге  үқсас  картиналарды  тамашалапты.  Кішкен- 

тай  картиналардың  біреуі  оған  ерекше  үнап,  ол  жақы- 

нырақ  келеді  де,  оған  мүлдем  белгісіз  суретшінің  есімін 

оқыған.

Дәл  сол  кеште  бір  адамдар  арасында  болып,  үй  қыз- 



метіндегі  малай  әйел  жайлы  естіп  қалады.  Ол  әйел  өзінің 

некесіз  ту ған   баласы на  баспалдақта  үры қтанғаны на 

мақтанған  екен.  Ол  бүл  таңғаларлық  жағдай  туралы  аз- 

кем  мәлімет  алып,  ол  әйелдің  сүйгенімен  бірге  ата-ана- 

ларының  үйіне  барғандығын  білді.  Онда  қолайсыз  жағдай 

болып,  қозуш ылық  күйіндегі  жігіт  коитусты  басқышта 

оры ндаған  екен.  Түсте  аса  айқын  бейнеленген  ж әне 

пациенттің  есінде  толығымен  сақталған  өткен  күннің 

әсерлері осындай еді.  Онда түсіне кірген балалық шағынын 

естеліктері  де  сәл  солай  аны қ  сақталыпты.  Түсіндегі 

баспалдақ  өзінің  балалық  шағының  талай  бөлігін  өткізген 

үйінің  басқышына  үқсайды.  Бүл  үйде  ол  алғаш  жыныстық 

өмірдің  шаттығымен  саналы  түрде  танысқан  еді.  Ол  осы 

басқы ш та  ж иі  ойнаған  ж ән е  қанаттары на  мініп  жиі 

сырғанайтын,  сол  кезде  оның  жыныстық  қозуға  бөлене- 

тінін  айта  кеткен  жөн.  Түсінде  де  ол  басқышпен  жылдам 

төмен  түсіп  келе  ж атады .  Оның  айтуынш а,  осындай 

жылдамдықтан  басқыш  сатыларын  сезінбей,  төмен  қарай 

"үшқан"  тәрізді  сезім  пайда  болыпты.  Балалық күй  кешуге 

байланысты  бүл  түстің  мәні  сексуалды  қозудың  кезеңін 

бейнелейтін  болса  керек.  Көрші  пәтердегі  емделуші  бала- 

лық  шағында  дәл  осы  басқышта  талай  рет  балалармен 

ойнап  ж үріп  кейде  жыныстық  пиғылдарын  үқсас  түрде 

қанағаттандырған  еді.

Фрейдтің  сексуалды-белгілік  зерттеулерінің  негізінде 

басқыштың  және  онымен  түсіп-шығудың  әрқашан  коитус­

ты бейнелейтіндігін білетіндіктен,  түсгің мазмүны  өте айқьш 

көрінетіндігін  біз  мойындауымыз  керек.  Оның  нәтижесі

167


поллюция  көрсеткендей,  таза  сексуалды  сипатқа  ие.  Үйқы 

күйінде  сексуалды  тілек  оянады.  Ол  артады,  кейін  жыныс- 

тық  актіге  әкеледі  (түсте  қыз  баланы  жүлып  алумен  және 

оны  басқыш  ортасына  апарумен  бейнеленген).  Осыған  дейін 

түс таза сексуалды-белгілік сипатқа ие болды да,  тәжірибесіз 

көзге  мүлдем  түсініксіз  көрінеді.  Бірақ  жоғары  сексуалды 

қозуға  үйқы  тыныштығын  бүзбайты н  мүндай  белгілік 

қатағаттанушылық  белгі  жеткіліксіз.  Бүл  қозу  ләззат  алуға 

әкеледі,  және  де  коитус  жайлы  түсінікке  байланысты,  бүкіл 

белгі  коитустың  бейнесі  болады.  Егер  Фрейд  бүл  белгінің 

(басқыштың)  сексуалды  мәнінің  себептерінің  бірі  ретінде  екі 

процедураның  ритмдік сипатына сілтеу жасаса,  біздің түсіміз 

мүның  көрнекі мысалы  болып келеді.  Себебі  қиялдаушынын 

шешімді сендіруі бойынша жыныс актісінің ритмділігі барлық 

түстің  ең  көрнекті  және  айқын  элементі  болады.

Екі  картина  жайында  біраз  сөз  қозғасақ,  олар  өздерінін 

шынайы  мәнімен  қатар,  белгілік  мәнге  де  ие:  мүны  қиял- 

даушының  бірі  кішілеу,  екіншісі  үлкендеу  екі  картинаны 

көруімен  байланыстырамыз.  Олар  екі  әйел  адамға  — жасы 

үлкен  әйел  ж әне  қыз  балага  сәйкес  келеді.  "Арзанырақ 

картиналарга  иелену  мүмкіндігі”  жезөкшеліктің  бейнелену 

түсінігін  береді.

Қиялдаушы  өзін  басқыштың  жоғары  жағындағы  төсекте 

жатқанын  ж әне  дымқылдықты  сезінгені,  соңгы  түманды 

көрініс тек балалық мастурбацияны ғана емес,  сонымен қатар 

ерте 


enuresis nocturna-мен

  байланысты  көрсетері  анық.



Баспалдсщ жайлы  түрленген  түс.

М енің  бір  пациентім нің  қи ялы   ш еш есіне  қатысты  

болып,  шешесімен  еріп  жүріп,  баспалдақпен  шығып-түсуі 

ж иі  түсіне  кіреді  екен.  Мен  оған  жыныстық  қатынасты 

шарасыз  үстанғанша,  орынды  мастурбация  еш  зиянын 

келтірмейтіндігі  жайлы  айттым.  Бүл  сөздер  оның  келесі 

түсті  көруіне  себепкер  болды:

Музыка  мүғалімі  оның  рояльда  ойнауын  қойғанына 

ж әне  Мошельдің  этюдтері  мен  Клементидің 

“Gradus  ad 

Pasnassum

  -ін  ойнамағаны  үшін  наразылық  білдірген".

П ациент  маған  түсін  айты п  берді  де, 

“Gradus-

тін" 


басқышты,  шкалалары  бар  пернетақтаны  білдіретінін  атап 

өтті.


Сексуалды  қүбылыстар  мен  ниеттер  бейнеленбейтін 

түсініктердің  бірде-бірінің  аясы  ж еткіліксіз  деп  толық 

сеніммен  айтуға  болады.

Мен  бөлімді  өзінің  онанистік  қы лы қтары н  әйелмен 

қатынасқа  ауыстьірған  химик  жігіттің  түсімен  аяқтаймын.

Алдын  ала мәлімет.

  Түстің қарсаңында  ол  бір студентке 

рильяр  реакциясының  мәнін  түсіндірген  еді.  Бүл  реакция

168


кезінде  магнезия  йодтың  катализаторлық  әсерінен  таза 

эфирде  ериді  екен.  Осыдан  екі  күн  бүрын  осы  тәжірибені 

өткізуде  жарылыс  болып,  соның  салдарынан  жүмысшы 

қолын  қатты  күйдіріп  алған  еді.



I түс.

 Оның  фенил  мен  магнезияның  бромдық  қоспасын 

даярлауы қажет.  Ал өзі болса магнезияның рөлін ойнайды. 

Ол  таңғаларлық  күйде  жүр,  үнемі  былай  дейді:  "менің 

аяқтарым  еріп  барады,  тізелерім  жүмсарып  келеді".  Ол 

аяқтарын  сипалап,  оларды  колбадан  суырып  алады  да  (өзі 

қалайша  суырғанын  білмейді),  былай дейді:  "Мүмкін емес". 

Жоқ,  бәрі,  бәрі дүрыс".  Ол толық болмаса да оянады және 

түсін  маган  жеткізуге  шешім  қабылдағандықтан,  оны  өз 

ішінен  қайталай  береді.  Оны  үмытып  қалудан  қорқады, 

аса  қозу  күйінде  болып,  әр  уақытта  мынаны  қайталайды: 

"Фенил!  Фенил!"



II түс.

 Ол  бүкіл  отбасымен  X  орнында.  Он  бір  жарымда 

ол  бір  әйелмен  кездесуі  тиіс,  бірақ  ол  тек  он  бір  жарымда 

оянды  да, 



өзін е-өзі

  былай  деді:  "Кеш  болды,  мен  онда 

жеткенше  он  екі  жарым  болады".  Дэл  осы  минутта  өзінің 

отбасы  түгел  жиналып,  түскі  астарын  ішіп  отырғандарын 

көрді,  алайда  шешесі  мен  қолында  сорпа  қүятын  шарасы 

бар  қызметшіні  ерекше  айқын  көрді.  Ол  былай  ойлады: 

"Түскі  ас  болса,  мен  енді  кете  алмаймын".

Талдау.

  Бірінші  түстің  де  келер  кездесумен  байланысты 

екені  күмәнсіз.  Ол  түсініктеме  берген  студент  —  өте 

жагымсыз субъект;  ол оған:  "Бүл дүрыс емес, себебі магнезия 

әлі  мүлдем  жоқ",  —  деді.  Екіншісі  мүның  барлығы  оған 

ешқандай  қатысы  жоқтай  жауап  берді:  "Онда  дүрыс  емес 

болсын".  Бүл  студент,  мүмкін,  оның  өзі  болар;  студенттің 

синтезі тәрізді,  ал өзінің талдауына дәл сондай немқүрайлы.

Басқа  жағьшан,  ол  —  синтездің  іске  асырылатьщ  нәрсесі. 

Мәселе  емдеудің  нәтижелілігі  жайында.  Түстегі  аяқтар  түс 

қарсаңындағы  кешті  еске  түсіреді.  Өзі  үмітгеніп  жүрген  бір 

әйелмен билегенде,  ол оны өзіне сондай қатты қысып тартқан, 

тіпті  әйел  бір  рет  шыңғырып  та  жіберді.  Оның  аяқтарына 

жанасу кезінде,  ол оның жауапты реакциясын сезді. Сонымен, 

бүл жагдайда,  әйел — ретортадағы магнезия.  Маган қатынасы 

бойынша,  ол — жүмсақ,  нәзік, сонымен бірге әйелге қатынасы 

бойынша, ол — қыз тәріздес. Егер әйел затымен іс жүрсе,  онда 

емдеу де  оңға  басады.  Аяқгары мен  бүкіл денесінщ  жанасуы 

онанизмді  және  өткен  күннен  шаршагандықты  көрсетеді. 

Кездесу  шынында  да  сағат  он  бір  жарымға  белгіленген  еді. 

Оның  бүл  уақы тта  үйықтай  беру  ж әне  күнделікті  үй 

жағдайында  қала  беру  тілегі  (яғни  онанизммен  айналысуды 

жалғасгыру)  өзінің  қарсылық  көрсетуіне  сәйкес  келеді.

169



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет