«М әдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата03.04.2017
өлшемі17,69 Mb.
#11051
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43

ТҮС  ПРОЦЕСІНІҢ

психологиясьг

Әр  адамдардың  айтқан  түстерінің  ішінде  бір  науқастың 

түсі  ерекше  назарға  ілікті.  Оны  менде  емделіп  жүрген 

науқас әйел айтқан еді.  Түстің шығу  себебі маған жасырын 

болып  қалды.

Түс жағдайы мынадай болған: әкесі ауру баласын куш- 

туш  күтумен  болады;  баласы  дүниеден  өтеді,  әкесі  мәйіт 

ж атқан  бөлмеге  көптеген  ш ы рақтар  ж ағы п  қойып,  өзі 

баласына  қарап  жататындай  есігін  сәл  ашық  қалдырып, 

көрші  бөлмеге үйықтауға кетеді.  Сүйектің  жанына  қария 

отырып,  дүға  оқиды.  Бірнеше  сағат  үйықтағаннан  кейін 

әкесінің  түсінде  баласы  оның  төсегіне  жақындап,  қолы- 

нан  үстап,  оған  ренж и  сөйлейді:  "Әке,  сен  көрмейсің  бе, 

мен  жанып  жатырмын  ғой?"  Ол  оянып  кетіп,  көрші  бөлме- 

дегі  қатты   ж ары қты   байқайды ,  асы ға  басып  келсе  — 

қарияның үйқыға кеткендігін,  ал мәйіт денесінің бір қолы 

мен  киімі  қүлап  қалған  шырақтан  жанып  кеткендігін  кө- 

реді.

Бүл  аянышты түсті талдаудың еш қиындығы жоқ.  Бүған 



лектор  дүрыс  ж ау ап   қайтара  білген.  Үйықтап  ж атқан 

адамға  жарық  түсіп,  оған  сергек  күйде  болатын  ой  туғыз- 

ған.  Бөлмеде  шам  қүлап,  өрт  лап  ете  түскен.  Сондай-ақ 

әкесінің  қарттың  өз  міндетін  (дүға  оқу)  адал  орындауына 

сеніңкіремей  күмәнді  оймен  үйқыға  кетуі  де  ықтимал.

Біз бүл талқылауда еш өзгеріс енгізе алмаймыз. Баланын 

'Мен  ж аны п  жаты рмы н"  деген  шағымы  оның  қайтыс 

болғанымен  байланысты.  Ал,  "Эке,  сен  көрмейсің  бе?”  — 

деген үзінді қандай да бір түсініксіз, бірақ кең көріністермен 

байланысты.

Бүл  түс  ж алп ы   п си х о л о ги ял ы қ   п р о ц естер д і  ж әне 

тілектердің  орындалуын  біріктіретіндігін  ескеру  қажет. 

Түсте  өлген  бала  өзін  тірі  адамша  үстайды,  ол  сөйлейді, 

әкесінің  төсегі  жанына  жақындап  келіп,  қолын  үстайды. 

Өз  тілегінің  орындалуы  үшін  әкесі  бір  сәтке  болсын  түсін 

ж алғасты рды .  Б аланы   тірі  көру  м үм кіндігінен  түске 

сергектік кездегі ойлауға тән тілек берілді.  Егер әкесі оянып 

кетсе,  онда  көрші  бөлмеге  бару  ойы  пайда  болып,  онын 

салдарынан  баласының  өмірі  бір  сәтке  қысқарған  болар

Ф р ей д  3 .

  Психология  бессознательного:  Сб.  произведений/Сост., 

науч.  ред.  М.Г.Ярошевский.  —  М.:  Просвещение,  1989,  с.  346—381.

170


Сонымен,  түсті  талдау міндетін  орындауда  еш қиындық 

жоқ,  эр  түстің  өзіндік бір түсінігі  бар;  ол  біздің  ояу  кездегі 

ойлауымызбен  үштасады.

Ж аңа жолмен жүрмес бүрын біз алдымен өткенге назар 

аударып,  қажетті,  маңызды  мәліметтерге:  біздің  жолымыз- 

дың ыңғайлы және  жағымды  бөлігінің  артта қалғандығына 

көз  жеткізуіміз  қажет.  Қателеспесем,  осы  уақытқа  дейінгі 

барлық  жүрген  жолдар  бізді  жарыққа,  білімге және толық 

түсінуге  әкелген;  алайда  түс  көру  барысында  жан  қүбы- 

лыстарына  терең  бойлауды  қалаған  кезімізде  жолдарымыз 

түтастай  қараңғы лы ққа  тап  болады.  Түсті  психикалық 

процесс  ретінде 



түсіндіре

  алмаймыз,  өйткені  түсіндіру  — 

бүл  өзіміз  бағынатын  нақты  бір  мәлім  болған  қорытын- 

дыға  келу.  Керісінше,  бүдан  көптеген  жаңа  болжамдар 

шығады.  Түсті  немесе  басқа  күбылысты  тәптіштеп  талдау- 

дың  өзі  ж ан  аппараттарының  қүрылымы  мен  функциясы 

жөнінде  толық  түсінік  бермейді.  Сонымен,  түс  процесін 

сараптаудан  аны қталған  психологиялық  ілімдерді  сол 

мәселенің  түбіне  жетуге  бағытталған  басқа  да  зерттеулер 

нәтижелерімен  бірлестікте  қарастырған  жөн.

а) 

Түсті  үмыту.

  Бүл  тақырып  әлі  де  қарсы  келу  және 

келіспеушіліктермен  сипатталады.  Біз  жорығымыз  келетін 

түстің  шын  мәнінде  қандай  болғанына  ешқандай  кепілдік 

бере  алмаймыз.  Туе  туралы  еске  түсіретініміз  және  оны 

ж оруға  жүмсайтын  өнеріміз,  біріншіден,  түсті  сақтауға 

жоғары  дәрежеде  жарамсыз,  сенімді  емес  есте  сақтаумен 

бүрмаланған  және,  оның  мазмүнының  ең  маңызды,  елеулі 

бөліктерінің назардан тыс қалуы ықтимал.  Көрген түстерге 

назар  аудара  отырып,  есімізде  қалғандарына  қарағанда 

әлдеқайда  көп  нәрсе  көргендігімізге  және,  өкінішке  орай, 

оньщ тек біраз бөлігі ғана есте сақталғандығына,  тіпті оның 

өзі  жеткілікті  түрде  сенімді  емес  екендігіне  жиі  шағымда- 

намыз.  Екіншіден,  біздің  қабылдауымыз  түс  көру  кезінде 

түтас  ж ағдайларды   ғана  емес,  сондай-ақ  дүрыс  емес, 

бүрмаланған  жағдайларды  да  жаңғыртады.  Осыған  орай, 

біз көрген түсіміздің толық  және нақты есте қалғандығына 

күмән  келтіреміз,  оны  аса  нәрлендіріп  жібергеннен  деп 

күдіктенеміз.  Сонымен,  түс  есте  қалғандай  шын  мәнінде 

байланыссыз  ж әне  көмескі  болғанына,  онда  біздің  баян- 

дағаны мы здай  байланы стардың  кезіккендігіне,  репро- 

дукциялау  барысында  ж оқ  нәрселерді  қосып,  жаңа  мәлі- 

меттермен  өңдеп,  "дөңгелетіп"  жібермегендігімізге  күмән- 

дана  қараймыз.  Сөйтіп,  шындығында  түс  мазмүныньщ 

қандай болғандығы жөнінде ой  қорытындысын жасау мүм- 

кіндігі  жойылады. 



Спиттаның

  еңбегінде  түстің  мазмүнын 

қайта  жаңғыртуға  талпыныс  кезінде  ғана  оньщ  реті  мен

171


байланыстылығы  енгізілетіндігі  ж айлы  пайымдауға  кезі- 

геміз.  Сәйкесінш е,  біз  қүнды лы ғы н  аны қтам ақ  болған 

объектды  жоғалтып  алу  қаупінен  сақталамыз.

Осы  у ақы тқа  дейін  түсті  тал қы л ау   барысында  бүл 

жағдай  жанамалап  өтілетін.  Керісінше,  түстің  үсақ,  түсі- 

ніксіз  ж әне  анық  емес  бөліктерін  ерекш е  талдау  керек. 

Елеулі,  айқын  емес  түстердің  бөліктері  де  түстің  анық  әрі 

нақты  элементтерін  талқы лауд ы ң   маңызы   тәрізді  аса 

қажетті  болып  саналады.  Біз  түсті  талдау  барысында  эр 

элементке,  тіпті ол түсініксіз  әрі мағынасыз болса да,  назар 

ау д ар у ға  ты ры сты қ.  Бүл  ж ағд ай   И рм аны ң  инъекция 

ту р ал ы   түсін де  оры н  ал ған :  мен 



асы ға

  д о к то р   М-ді 

шақырамын;  болжамға  сай  егер  түстің  бүл  бөлігі  белгілі 

бір  ақпарат  бермейтін  болса,  ол  біздің  түсімізге  кірмеген 

болар  еді.  Әр  сараптама  түстің  ең  үсақ  бөлшектерінің  аса 

қажетті  екендігін  ескереді.

Көптеген  авторлар  түсті  ж оруда  ж әне  маңыздылығын 

тануда  тек  адасушылыққа  әкелетін  сенімдерге  ие  болады. 

Олардың  көзқарастары на  сәйкес  психикалы қ  ойлауда 

ешқандай  ерікті  әрекеттер  байқалмайды.  Түстерді  талдау 

кезекті  зерттеулеріме  қатысты.  Пациент  өз  түсін  баяндау 

барысында  маған  түсініксіздеу  болса,  оны  қайталап  айтып 

беруін  сүраймын.  'Қайталау  өте  сирек  жағдайда,  дәл  сол 

сездермен  жаңғыртылады.  Өзгерген  сипаттағы  жерлері 

түстің  бүкпеленген  әлсіз  ж ақтары   ретінде  алға  шығады. 

Осы  кезден  бастап  түс  ж ору  басталады.  Түсті  қайталап 

айтқызуым  әлсіз  жақтарына  пациенттің  назарын  аударуға 

септігін  тигізеді.  Бүл  кезде  пациентте  күдіктену  пайда 

болады.  Күдіктену  —  бүл  барлық  интеллектілі  кепілдік 

беруден  ш еттетілу:  біздің  есте  сақтауы м ы з  еш қаш ан 

кепілдікке  ие  болған  емес,  дегенмен,  біз  көптеген  жағдай- 

ларда  объективті  көзқарастармен  оның  көрсеткіштеріне 

сенуді  дүрыс  деп  санаймыз.  Күдіктену  ешқашан  да  түстің 

қарқынды  элементтеріне  емес,  керісінше,  нашар,  әлсіз  әрі 

анық  емес  жақтарына  қатысты  болады.  Біздің  білуімізше, 

түс  ж ә н е   оған  ж асы р ы л ған   ой лар  н егізін де  барлы қ 

психикалық  процестердің  қай та  бағалануы   іске  асады. 

Бүрмалау  оларды  қүндылықтардан  айырған  кезде  ғана 

мүмкін  болады  және  ол,  әдетте,  осы  арқылы  анықталады, 

кей кездері қанағаттандырылады. Егер түстің анықталмаған 

бір  белігіне  енді  күдіктену  енетін  болса,  онда  шеткері 

шығарылған  ойлардың  болатынына  көз  жеткізе  аламыз. 

М үндағы   іс  Қ ай та  ж а ң ғ ы р у   д әу ір ін д егі  нем есе  ерте 

кездердегі  республикалардағы   ірі  көтерілістер  тәрізді. 

Ертеректе  басшылық  еткен  ақсүйектік  ж ән е  қүдіретті 

рулар  қуғынға  үшырап,  барлық  жоғары  қызметтер  аван-

172


тюристермен,  мансапқүмарлармен  алмастырылған;  рес- 

публикада қоғамның аса кедей және әлсіз мушелері немесе 

тақтан  алынған  басш ылардың  алыс  туысқандары  ғана 

төзімділік таныта алады.  Алайда  олардың өздері азаматтық 

қүқықтарын толық қолдана алмайды, олар сенімсіз, үздіксіз 

бақылауға  алынған.  Бүл  мысалдағы  сенімсіздіктің  орнын 

біздің  ж ағдай да  күдіктену  алады.  Сондықтан  талдау 

кезінде  мен  баяндаушының  түс  мазмүнының  нақты  ай- 

тылған,  ай қ ы н д ал ған   ш ындық  ретінде  қабы лдауы на 

сенімділіктен  бас  тартуын  талап  етемін.  Субъект  менің 

талаптарымды  орындамайынша,  түсті  талдау  орнынан 

қозғалм айды .  Тусте  адамның  қаламайтын,  астыртын 

ойлары  болуы  ықтимал.  Әрине,  ол  субъектіге  психикалық 

эсер  етеді.  Ш ынды ғы нда  мүндай  эсер  ету  рабайсыз 

көрінеді.  Егер  кімде-кім  бүған  қарсы  шықса,  біз  оған  таң- 

ғалмаған  болар  едік:  түсте  не  болғанын  нақты  білмеймін, 

бірақ  осыған  байланысты  менің  ойыма  бір  нәрсе  келеді. 

Дегенмен  мүндай  ойды  ешкім  айтпайды  ж әне  нақ  осы 

талдауды бүзатын күмәндануды психикалык, қарсыласудың 

өнімі  мен  қаруы   ретінде  есептеу re  мәжбүрміз.  Психо- 

анализдің  аса  күдікті  болуы  әділетті  жағдай.  Онын  бір 

ережесінде:  жүмыстың  жалғасуы на  кедергі  келтіретін 

нәрсе  —  бүл  үнемі  қарсыласу  болады,  —  делінген.  Көрген 

түсті  үмы туды   түсіндіруде  психикалық  цензура  эсер 

етпейінше,  ол  әлі  де  болса  түсініксіз  болып  қалады. 

Көптеген жағдайларда түнде көргені көп нәрсе,  алайда есте 

сақталғаны  оның  біраз  бөлігі  ғана  екендігін  сезіну  өзіндік 

мағынаны иеленеді:  мысалы,  түстің іс-әрекеттері түні бойы 

созылса  да,  есте  тек  қысқа  бір  түс  қана  қалады.  Түс  ояна 

келе  біртіндеп  үмытылады.  Қаншалықты  есте  сақтауға 

тырыссаң да,  ол көпшілігіне үмытылып қалады.  Мен үмыту 

дәрежесі  артқан  сайын  түс  туралы  толык,  емес  білім  де 

арта  түседі  деген  түжырым  жасаймын.  Үмыту  салдарынан 

түс мазмүнында жоғалтылған  элементтер талдау  жолымен 

қайта  ж аңғыртылуы  ықтимал;  тіпті  болмағанда,  кейбір 

жағдайларда  түсті  толық  болмаса  да  есте  сақталған түстің 

қалдығы  негізінде  оның  толық  мазмүнын  немесе  оның 

астарына  жасырылған  ойларды  анықтау  мүмкіндігі  шыға- 

ды.  Бүл талдау барысы зейін мен өзіндік үстамды аса талап 

етеді;  мүнда  пациенттің  түсті  үмытуы  оның  мақсатына 

жетуге  талпынысын  көрсетеді.

Түсті  ж ору  кезінде  оның  үмыт  қалған  бір  бөліктерін 

қайта жаңғырту сирек емес.  Әдетте,  ол талдауда аса маңыз- 

ды,  елеулі  орын  алады.  Ол  түсті  шешуді  жақындатады 

ж әне  сондықтан,  қарсыласуға  үшырайды.  Өткен  бөлім- 

дердегі  мысалдардың  ішінде  осындай  біреуі  кезігеді.  Бүл

173


менің  томаға-түйық  серіктесімнің  кек  қайтару  туралы  түсі; 

оның оғаш мазмүнының салдарынан мен  оны тек біраз ғана 

жорығанмын.  Н азардан  тыс  қалған  бір  түсында:  "Мен 

ағылш ындарға  кітаптарды ң  бірін  көрсете  түрып:  “It  is 

from..."  деймін.  Бірақ  сол  арада  қайта  түзету  енгіземін:  "It 

is  by..."  Ағасы  қарындасына:  "Ол  дүрыс  айтты",  —  деп 

ескертеді".

Мен  түсті  үм ы ту  бүл  қарсы лы қ  көрсету  нәтиж есі 

екендігін 

demonstrate ad oculos

  көмегімен  дәлелдей  аламын. 

Пациенттің  бірі  түс  көргендігін,  алайда  оның  барлығын 

үмытып  қалғандығын  айтады.  Мен  талдауды  бастаймын, 

қарсыласуға  кезігемін,  пациентке  бір  нәрселерді  түсінді- 

ремін  және  оған  белгілі  бір  жағымсыз  ойлармен  келісуіне 

кеңестерм ен  кем ектесем ін.  Бүған  пациент  даяр  бола 

салысымен  ол:  “Түсімде  не  көргендігім  есіме  түсті",  —  деп 

айқай  салады.  Бүл  күндері  оның  жүмыс  істеуіне  кедергі 

жасаған қарсыласу түсін үмытуын мәжбүр еткен.  Мен оған 

қарсыласудан  өтуіне  ж әне  түсін  еске  түсіруіне  көмекте- 

семін.


Психоаналитикалық  тәжірибе көп  жағдайда  біздің  түсті 

үмытуымыз үйқы мен сергектіктің арасын бөлетін түңғиық- 

қа  қарағанда  қарсыласуға аса тәуелді екендігін дәлелдейді. 

Түс  көру  мен  сергек  кездегі  ой  арасында  зерттеушілер  түс 

ж оруды   түсіндіруге  тырысуда  қолданатын  психикалық 

түңғиық  ж оқ.  Егер 



Мортон  Прэнс

  түсті  үмытуды  талда- 

уыма бүл тек диссоцияланған жан қалпындағы амнезиянын 

арнайы  жағдайы  және  оны  түсті  талдауда  қолдану  мүмкін 

емес  деп,  қарсы  шыгатын  болса,  онда  ол  оқырманга  бүл 

қүбылыстардың  динамикалық  түсіндірмесін  беруге  тырыс- 

пағандыгын  көрсетеді.

Қорқынышты түстерді талдаған  кезде мен кеш  жорудан 

екі  мысал  үсынамын.  М үндай  тәжірибені  алғаш  жүргіз- 

генде,  невротикалық  симптомдардағы  сияқты,  түсте  де 

әрекеттерді  атқару  қажеттігі  жөнінде  негізделген  болжам 

жасадым.  Невротик  пен  истерикті  психоанализдеуде  мен 

симптомдардың  түсіндірмесін  табуға  тырысамын.  1895 

жылы  жарық  көрген  "Истерияны  зерттеуде"  мен  45  жасар 

әйелдің  18  жасында  болған  алғашқы  қорқыныш  истерия- 

сын  түсіндірдім.

Түсті  талдау  оңай,  қарапайым  іс  емес.  Аса  жиі  байқала 

бермейтін  эндоптикалық  ж әне  басқа  да  қүбылыстардың 

тіркеудің  өзіне  белгілі  тәж ірибе  қаж ет.  "Қаланбайтын 

түсініктерді"  меңгеру  де  өте  күрделі.  Егер  кімде-кім  мүны 

іске  асырғысы  келсе,  менің  үсыныстарыма  негізделе  оты­

рып,  ол  жүмыс  жүргізу  кезінде  сынауды,  үстірттікті,  аф- 

фективті  немесе  интеллектілі  әуестенуді  басуға  тырысады.

174


Ол  физиологиялық  зертханаларда  жұмыс  істейтін  Клод 

Бернардың  ережесін  есте  ұстайтын  болады:  аң  сияқты 

жүмыс  істе!  —  яғни  тек  үқыпты  ғана  емес,  сондай-ақ 

нәтижесі  туралы  да  көп  ойлай  бермеу  қажет.  Кім  бүл 

ережеге  негізделсе,  ол  үшін  аталмыш  міндет  аса  күрделі 

болмайды.



б)  Регрессия.

  Енді  қарсы  пікірлерді  қайтара  алғаннан 

кейін  тікелей  психологиялық  зерттеуге  көшуге  болады. 

Алдыңғы  мазмүндамаға  қысқаша  туйіндеме  жасайық.  Түс — 

толыққанды  психикалық  акт;  тілектерді  орындауға  тал- 

пыныс  оның  қозғаушы  күші  ретінде  болады;  кейбір  таң- 

ғаларлық немесе оғаш түстер психикалык, дензураның әсері 

нәтижесінде  туындайды;  кейде  ол  рационалды  формада 

болуға  тырысады.

Тереңдете  қараған  кезде, 



түстің

  бейнелей  формасында 

бір-бірінен  тәу ел сіз  екі  негізгі  ерекш елік  байқалады. 

Біріншісі —  "болуы мүмкін" деп есептелетін нақты осы жағ- 

дайы бейнелеу формасы.  Екіншісі — ойлардың көру  бейне- 

лері  мен  сөйлеуге  айналуы.

Түс  теориясына  қатысты  көптеген  ескертулердің  ішінен 

өзім  тек  әділетті  деп  санайтын  біреуін  ғана  келтіремін. 

Данышпан 

Фехнер

  өзінің  "Психофизикасында"  түс  жайлы 

келесі  ойын  білдіреді:  түстің  әрекет  аймағы  ояу  күйдегі 

ойлаудан  өзгеше.  Басқа  бірде-бір  болжам  түстің  арнайы 

ерекшеліктерін  түсіндіру  мүмкіндігіне  ие  емес.

Сонымен,  біз 



психикалық локальдылык,

  идеясына  келдік. 

Мүнда  психикалық  локальдылықты  анатомиялық  талдау- 

дан  өзгеше  қарастыруға  тырысамыз.  Психикалық  локаль- 

дылық  алдын  ала  болж анған  бейнелер  ж үзеге  асатын 

аппаратқа  сәйкес  келеді.

Осының  салдарынан  біз  психикалық  аппаратты  бірнеше 

бөліктен  түратын  күрделі  қүрал  ретінде  қарастырамыз. 

Бөліктері:  инстанциялар немесе жүйелер.  Олар үнемі өзара 

кеңістіктік  байланыста  болады.



в)  Тілектердің  орындалуы.

  Жоғарыда  келтірілген  жанып 

ж атқан  бала  туралы   түсте  тілектің  орындалуын  қалау 

байқалады.  Түсте  беймәлім  мағына  жасырынатындығына 

және  оның  психикалық  қүндылыққа  ие  екендігіне  көзіміз 

ж еткен. 



Аристот ельдің

  түс  —  бүл  үйқы   жағдайында 

жалғасын  тапқан  ойлау  деген  анықтамасы  бар.  Егер  біздщ 

ойлауымыз  алуан  түрлі  психикалық  актілерді,  ой  қоры- 

тындыларын,  үсыныстарды  ж әне  т.б.  шығаратын  болса, 

онда  ол  түнде  неліктен  тілектердің  орындалуына  шектеу 

Қояды.  Сондықтан,  қазір  түс  —  тілектердің  орындалуы 

екендігіне  аса  назар  аударуымыз  қажет.

Бірақ  бүл  қандай  қайшылыққа  немесе  қандай  көптүр-

175


лілікке әкелуі ықтимал? Менің ойымша, тек күндізгі саналы 

тірлік  пен  түнде  ғана  байқалатын  бейсаналық  психикалық 

әрекет арасындағы қайшылыққа ғана жете аламыз. Осымен 

қатар,  мен  тілектің  үш  түрлі  шығу  негізін  қарастырамын: 

1)  күндіз  қанағат  табылмаған  сыртқы  жағдайлар  нәтиже- 

сінде  болуы  мүмкін;  2)  күндіз  пайда  болып,  бірақ  шетте- 

тілуі  мүмкін:  онда  орындалмаған,  бірақ  басылып  тасталған 

тілек  болады;  немесе  3)  оның  сергек  тірлікке  қатысы  бол- 

май,  тек  түнде  басыңқы  күйден  шығатын  тілектерге  ғана 

қатысты  болуы  мүмкін.  Психологиялық  аппарат  нәтиже- 

сіне  орала  отырып,  бірінші  д әреж елі  тілектерді  санаға 

дейінгі  жүйеге  әкелуге  болады.  Екінші  дәрежелі  (қатарлы) 

тілектерге қатысты былай деп пайымдауға болады:  ол сана- 

ға  дейінгі  жүйеден  бейсаналық  жүйесіне  қарай  ығысты- 

рылып,  сонда  бекітіледі.

Үшінші  дәреж елі  (қатарлы)  тілектерді  қарастырсақ, 

біздің пайымдауша,  ол  бейсаналық  жүйесі  шегінен  шығуға 

қабілетсіз.  Осыны  ш ы ғараты н  мүмкіндік  бар  ма  деген 

сүрақты  қойсақ  па  деймін.

Біздің  қарауымыздағы  түстерді  шолу  қойған  сүрағы- 

мызға  ж ауап  беруде  түнде  туындайтын  күшті  тілектерді 

төртінші  қайнар  көз ретінде  қоса  алуға  итермелейді  (мыса- 

лы,  шөлдеу,  жыныстық  қажеттілік  т.б.).  Сонымен  қатар 

тілектің  шығу  себебі  оның  түс  көруге  ықпалын  мүлдем 

өзгертпейді.  Мен  тым  болмағанда  кішкене  қыздың  түсін 

еске  салғым  келеді.  Ол  теңізге  жасаған  саяхатының  күндіз 

аяқталм ай  қалған  ж алғасы н  кереді.  С ол  сияқты   басқа 

сәбилердің  түстері  де  орындалмаған,  бірақ  басылмаған 

күндізгі  тілектерді  көрсетеді.  Күндізгі  басылып  қалған 

тілектердің  адам  түсінде  көрініс  табаты ны на  көптеген 

мысал  келтіруге  болады.  Осындай  түстердің  ең  қара- 

пайымын  қазір  мысалға  келтіремін.  Ж ақы н да  қүрбысы 

үзатылмақшы бір тапқыр әйел таныстарының үнемі  "күйеу 

жігіт қандай  екен,  ол саған  үнай ма?" — деген сүрақтарына 

ж ауап  беруі  керек  болды;  ол  сүрағандардың  барлығына 

күйеу  жігітті  өте  мақтайды  да,  бірақ  ойында:  "Ол  сияқ- 

тылар  әрбір  топта  оннан  шығар",  —  деген  сөздер  кетпей 

түрып  алады.  Әлгі  әйелдің  түсіне  тағы  осындай  қойылған 

сүрақтар  кіреді.  Ол  қойған  сүраққа  саудагерлік  еліктеме 

тілмен:  "Қайта  тапсырыс  берсеңдер,  рет  санын  көрсетін- 

Д е р " , 

деп  ж ауап  беріп  ж атыр  екен.  Сонымен,  барлық 

бүрмалануға  үшырайтын  түстердегі  ықылас,  ой  бейсана- 

лықтан  шығып,  сергек  санаға  жетпейтініне  біз  түстерді 

саралау  кезінде  көз  жеткіздік.  Ендеше,  ықылас,  тілектін 

барлыгы  біркелкі  бағаға  ие  болып,  түстің  туындауына 

бірдей  жағдай  жасайды.

176


Бүл  жерде  менің  істің  мәні  басқаша  екенін  дәлелдеуге 

мүмкіндігім жоқ,  бірақ түс көруде тілектің алдын ала қатаң 

келісулі екенін шамалап  болжаймын.  Күндіз  орындалмаған 

тілектердің  балалардың  түсіне  қоздыруш ы  болатынына 

ешқандай  шек  қойылмайды.  Бірақ  бала  тілегіне  балалық- 

тың  өзіндік  ерекшелігі  тән  екенін  үмытпауымыз  керек.  Ал 

ересек  адамның  орындалмаған  тілегінің  түс  көруге  әкеле 

алатындығына  сенімім  аз.  Керісінше,  инстинктілі  тірліктен 

жоғары  ойлауды ң  п рогресті  д о м и н ан тта л у ы н а   орай, 

балаға  таныс,  айқы н   т іл е к т ер д ің   т ү зіл у ін   еш қ ан д ай  

мақсатсыз деп қабылдаудан уақыт өткен сайын бас тартуға 

мәжбүрміз.  Әрине,  бүл  ж ерде  әркімнің  ж еке  түлғалы қ 

ерекшелігі де үлкен рөл атқарады.  Кейбіреулер ж ан дүние- 

сінде  балалық  процестерді  басқаларға  қарағанда  үзағырақ 

сақтайды.  Сол  сияқты  көргеннен  қалған  айқын  әсерлердің 

саңталуына  да  осындай  ерекшеліктер  тән  болуы  мүмкін. 

Бірақ,  менің  ш ам алауы м ш а,  ер есек   адам   үш ін  күндіз 

орындалмаған тілектер түсті қайта жаңғыртуға жеткіліксіз.

Тілектің  саналы  сферасынан  шығатындарды  түстің  түзі- 

луіне  түрткі  болады  дегенді  мен  шын  көңіліммен  қүптай- 

мын.  Алайда  санаға  дейінгі  тілек  басқа  сферадан  қосымша 

күш  алмаса,  түс  көру  мүлдем  болмас  еді.

Бүл  сф ера  —  бейсаналы қ  сферасы .  Менің  ойымша, 

саналы  тілек  "түстің  қоздырғышы"  болу  үшін  өзіне  тең 

келетің  бейсаналықты  оятып,  одан  қосымша  демеу  алуы 

керек.  Невроздар  негізінде  психологиялық  талдау  мәлімет- 

тері  бойынш а  бүл  б ей сан ал ы қ   тіл е к тер   м аған   үнем і 

қарқынды,  өзінің  сипатын  саналы  тілекпен,  егер  бірлесу 

сәті  пайда  болса,  әрдайым  анықтауға  дайын  сияқты  болып 

көрінеді.  Сонымен  қатар  олар  саналы  тілектің  әлсіз  екпінін 

өзінің  қарқындылығына  қосуға  дайын.  Сонда  саналы  тілек 

түс  көруде  іске  аса тын  сияқты  ж әне  түстің  шағын  кілті 

бейсаналык,  сф е р ас ы н ан   көм екш і  ізін   қ а л а й   табуды  

нүсқайтындай  болып  көрінеді.

Осы  әрқаш ан  белсенді  бейсаналы қ  сферанын  өлмес 

тілектері  ежелден  бері  қүдайлардын  әмірімен  тау  сілем- 

дерін  арқалап, 

б ү л ш ы қ  

еттерінің  қозғалысымен  оларды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет