М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет22/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Өндірістік ғимараттарды жобалаудағы физикатехникалық факторлар. Өндірістік өнеркәсіптер ғимарат бөлмелеріндегі анықталған температуралыылғалдылық режимін талап етеді.
Температуралық режим бойынша өндірістік ғимараттар бөлінеді:
–«суық» (жылытылмайтын қоймалар, сақтау орындары және т.б.), олар ішкі температураны реттеуді талап етпейді;
–қысқы кезеңде жұмыс аймағында 8–25 °С ауа температурасы талап етілетін
жылытылатын;
– жұмыс аймағында 8–25 °С ауа температурасымен 24 Вт/м3 дейінгі жылу бөлуімен;

  • жұмыс аймағындағы 16–25 °С ауа температурасында 24 Вт/м3 көп жылу бөлуімен «ыстық цехтар».

Өндірістік ғимараттардағы ылғалдылық режимі ауадағы ылғалдың мөлшеріне байланысты және келесі түрлерге бөлінеді:

  • құрғақ –50% аз ауаның салыстырмалы ылғалдылығында;

  • қалыпты —50–60% ылғалдықта;

  • ылғалды –61–75% ауа ылғалдылығында;

  • сулы –75% жоғары ауа ылғалдылығында.

Өндірістік бөлмелердің жұмыстық аймақтарындағы ауа температурасы және оның салыстырмалы ылғалдылығы өндірістік өнеркәсіптерді жобалаудың Санитарлы нормаларымен реттеледі.
Өндірістік бөлмелердің температуралы–ылғалдылық режимі өндірістік ғимараттардың сәулеттік-жоспарлау және конструкциялық шешімдеріне әсер етеді (шектен тыс жылуды жою үшін ыстық цехтардың ғимаратында аэрациялық фонарьлар болады).
Адамдардың келуі тұрақты өндірістік бөлмелерді сыртқы қабырғалардың терезелері, жабудағы фонарьлар, терезе және фонарьлар арқылы табиғи жарықпен жарықтандырады.
Көптеген өндірістер үшін күндізгі уақыттың өзінде табиғи жарықтандыру жеткіліксіз. Мұндай жағдайда табиғи және жасанды жарықпен біріктіріліп жарықтандыру қолданылады.
Өндірістік бөлмелерден ұйымдастырылған табиғи ауа алмасу көмегімен қызған ауаны, газдарды, шаңды жою аэрация деп аталады.
Өндірістік бөлмелердегі табиғи ауа алмасуға желдердің бағыты және ғимарат профилінің аэродинамикалық ерекшеліктері әсер етеді. Ғимарат аэрациясы фонарьлар енінің ұлғаюымен және жабудың еңістерінде жақсарады.
Технологиялық жабдықтардың жұмысында пайда болатын өндірістік шулар, еңбек жағдайларын нашарлатады, оның өнімділігін төмендетеді және адам организміне қолайсыз әсерін тигізеді. Өндірістік өнеркәсіптерді жобалаудың Санитарлы нормаларымен шулардың жеткілікті деңгейі тағайындалады.
Технологиялық жабдықтардың жұмысы көбіне ғимараттың конструкциялық элементтерін зақымдайтын және жұмысшылардың денсаулығына кері әсер ететін сілкінулерді және вибрацияларды тудыратын жеке немесе қайталанатын соққылармен жалғасады. Вибрациялардың зиян әсерін жою үшін технологиялық құрал–жабдықтардың конструкциясын жетілдіреді, құрал–жабдықтарды жеке іргетастарға орнатады, іргетас пен құрал–жабдықтар арасына болат серіппелерден немесе серпімді төсеніштерден амортизаторлар төсейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет