М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан


Өндірістік өнеркәсіптердің



бет24/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Өндірістік өнеркәсіптердің бас жоспары – бұл территорияларды көгалдандырумен және жайластырумен ғимараттарды, имараттарды, көліктік және инженерлік желілерді жер теліміне орналастырудың масштабты сұлбасы.
Бас жоспарды жобалау ҚР ҚНжЕ негізінде жүргізіледі. Территорияны келесі аймақтарға бөледі:

  • өндірістік, мұнда негізгі және қосымша цехтар, тұрмыстық бөлмелер ғимараты; өндірістік, қоймалық, көліктік, энергетикалық және басқа өндірістік процесті ғимараттар мен имараттар шоғырланған;

  • әкімшілік - шаруашылық және мәдени - тұрмыстық ғимараттарды орналастыру үшін (зауыт басқару, медпункттер, асхана, поликлиника және т.б.) зауыт жанындағы ғимараттар;

  • энергетикалық және көліктік объекттерді орналастыру үшін қосымша;

  • шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді сақтау үшін ғимараттар және алаңдар алып жатқан қоймалық.

Өндірістік өнеркәсіптер территориясында ғимараттар мен имараттарды олардың жайлы табиғи жарықтандыруын және желдетілуін ескеріп орналастырады. Ғимараттар арасындағы үзілулер санитарлы-гигиеналық, өртке қарсы және технологиялық талаптар ескеріліп қабылданады.
Жолдар мен тротуарлар сыртқы және ішкі зауыттық көліктің қабылданған түріне сәйкес, жылжитын жүктер салмағына және өлшемдеріне, тасымалдау ұзақтығына байланысты шешіледі.
Ішкі зауыттық теміржол жолдарының сұлбасы тұйық, сақиналы, қуысты болуы мүмкін. Ішкі жолдардың қисық радиусы жуан колеялар (1524 мм) үшін 200 м кем емес және жіңішке колеялар (950 мм) үшін 75 м кем емес.
Төсеніш қабаты бойынша асфальтбетоннан немесе құрама темірбетон плиталарынан жабулы автокөлік жолдарының бір жақты қозғалыс үшін ені 4,5–5 м кем емес және екі жақты қозғалыс үшін ені 6–10,5 м болады. Жол шетінен ғимарат қабырғасына дейінгі арақашықтық 25 м үлкен емес етіп қабылданады.
Жаяу жүру жолдары – ені 1,5 м кем емес тротуарлар, жол бойымен, одан 2 м жақын емес төселінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет