М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет25/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Жолдар, тротуарлар бойымен, цехтар арасын көгалдандыру. Көгалдандыру ауданы өнеркәсіптің барлық территориясының 15–20% кем емес бөлігін құрауы тиіс. Көгалдандыру жолағының ені ағаштарды бірқатарлы отырғызуда 2 м кем емес және екі қатарлыда 5 м кем емес, бұтақтылар жолағы үшін ені 0,8 – 1,2 м етіп қабылданады. Қатарлы отырғызуда ағаштар арасындағы арақашықтық 4–6 м.
Өндірістік территорияны жайластыру үшін жарықтандыру фонарьлары, фонтандар, гүлзарлар және басқа кіші сәулеттік пішіндер қолданылады.
Инженерлік коммуникацияларды (су өткізгіш, канализациялық, жылулық және басқа желілер) жерүсті және жерасты негізгі өтулердің бойымен төсейді. Жерасты трассалары траншеяларда, каналдарда, туннельдерде жолдардың жүру бөлігінен тыс орнатылады. Жанатын және тез жалындайтын сұйықтармен газ өткізудің және құбыр өткізудің біріккен төсенішін қолдануға рұқсат етілмейді.
Қоршаған ортаны зиян заттардың таралуынан, өндірістік өнеркәсіптердің қалдықтарынан ластануынан қорғау заң жүзінде қарастырылған. Өндірістік өнеркәсіптерді орналастырғанда, жобалағанда, қайта жөндегенде өндірістік зиян заттардың пайда болуын болдыртпайтын немесе азайтатын өндіріс технологияларын жаңартуды, тұйық өндірістік циклымен қалдықсыз өндірістерді құруды, суды және газды тазалау, шаңды және күлді аулау үшін техникалық жабдықтарды қолдануды, жоспарлау және құрылыстық жабдықтарды, яғни санитарлы–қорғау аймақтарының қондырғыларын, атмосферада өндірістік зиян заттардың таралуын болдыртпауды және сұрыптауды қолдануды қарастыратын шараларды жүзеге асырады.
Өндірістік зиян заттарды бөліп шығаратын өндірістік өнеркәсіптерді қоныстанған жерлердің тұрғындық құрылыстарынан санитарлы–қорғау аймақтарымен бөледі. Санитарлы–қорғау аймағының территориясы көгалдандырылады және онда қызметтік ғимараттар (қоймалар, гараждар, депо және т.б.) орналастырылады. Тұрғындық құрылыстар жанындағы көгалдандыру ені 20–50 м етіп қабылданады.

Бас жоспардың техника–экономикалық көрсеткіштері:


Ажжалпы жер ауданы, м2;
Ағ – барлық ғимараттар ауданы, м2;
Ажт – жолдар және тротуарлар ауданы, м2; К1құрылыс ауданының коэффициенті, %:
К1 = Ағж х 100%;
К2 – территорияны қолдану коэффициенті, %:
К2 = Ағ + Ажтж х 100%;
Vқ – қабырғаның сыртқы қыры бойынша ғимараттың құрылыстық көлемі, м3: Vқ = S х Н,
мұндағы S – қабырғаның сыртқы қыры бойынша ғимарат ауданы, м2; Н – ғимарат биіктігі, м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет