М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет30/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Жабудың кешенді плиталарын зауыттық жағдайда дайындайды. Темірбетонды қабырғалы плита бойынша бу изоляциясын, жылытқыш және гидроизоляцияның бір–екі қабатын орнатады.
Ұзын өлшемді төсеніштерден жабуларды бойлық қатарлар (аралық бойымен) ұстындары бойынша төселінген арқалықтарға сүйейді.
Іріөлшемді, темірбетонды, күмбезді (ІТК) қабықшаплиталар аралығы 12, 18 және 24 м өндірістік ғимараттар жабулары үшін қолданылады. Негізгі плиталар ені 3 м, шеткілерінікі – 1,5 немесе 2 м. ІТК сегментті кескінді екі қабырғалы – диафрагмалы жайпақ алын ала кернеуленген қысқа цилиндрлі қабықша болып табылады.
Қабықша–плиталарды В25–В45 класты бетоннан орындайды. Қабықша– плиталарды ұстындар қадамы 6 м болғанда, бойлық көтеруші конструкцияларға – қабырғаларға немесе тікбұрышты қималы темірбетонды арқалықтарға; ұстындар қадамы 12 м болғанда алын ала кернеуленген қоставрлы арқалықтарға немесе фермаларға сүйейді.
Қалыңдығы 10 мм екі майысқан асбестцементті беттерден орындалған және бойлық шеттері бойынша алюминий тойтарма шегелермен қосылған қорап түріндегі плиталар қаңқасыз конструкцияларға жатады.
Болат профильденген беттерден, толқынды асбестцементті беттерден жабулар. Болат мырышталған төсеніш (33–сурет) қалыңдығы 0,8–1 мм, биіктігі 40, 60, 80 мм, ені 680–845 мм рулонды болаттан дайындалады. Төсеніш ұзындығы
2 – 12 м болуы мүмкін.

33–сурет. Құрылыс жағдайында орындалатын, профильденген беттен жабу:


а – жабу көрінісі; б – аралас тойтарма шеге; в – өзі тесетін болт; 1 – болат арқау; 2 – қалыңдығы 1 мм мырышталған болат бет; 3 – буизоляциясы; 4 – ыстық битумда желімделген плиталы жылытқыш; 5 – үш қабатты төбе жабынды кілем; 6 – қиыршық тастан қорғау қабаты; 7 – өзі тесетін болт; 8 – алюминий қорытпасынан тойтарма шеге; 9 – болат стержень; 10 – М6 болты


Асбестцементті беттер жылытылмайтын ғимараттардың жабуларында
қолданылады. Оларды беттестіріп төсейді және 1,5 м қадаммен орналасқан болат арқауларға ілмектермен бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет