М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет33/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Ағаш терезе блоктары. Қалыпты температуралы-ылғалдылық режимді ғимараттарда ағаш терезе блоктарын немесе панельдерін орнатады. Терезе блоктары қораптан және сыртқа немесе ішке ашылатын бір немесе біріккен түптерден тұрады. Оларды ені 1,5; 3; 4,5 м ойықтарда бір немесе бірнеше ярусты етіп орнатады.
Профильді әйнектен жарық өткізгіш қоршаулар. Профильді әйнекпен түптеусіз жарық ойықтары толтырылады.
Жылытылмайтын ғимараттарда швеллерлі профильді, жылытылатын және герметикалық ғимараттарда қорап түріндегі әйнек қолданылады. Әйнектің швеллерлі қимасында қоршау биіктігі 1,8–3 м, қораптыда 2,4 – 6 м. Биіктігі 15,6 м дейінгі тұтас әйнектеудегі ойықтарда металл тежеуіштердің көмегімен панельдер–маңдайшаларға ілінген болат ригельдер орнатылады.
Қорапты немесе швеллерлі профильді әйнекпен толтырылған металл рамадан тұратын, профильді әйнектен панельдер тиімді болып табылады.
Қақпалар. Қақпалар ғимаратқа көліктік жабдықтардың, технологиялық құралдардың кіруіне және жұмысшыларды эвакуациялауға арналған. Қақпалар саны, олардың өлшемдері мен орналасуы технологиялық құралдардың ерекшеліктеріне байланысты. Қақпалардан адамдарды өткізу үшін есікшелер орнатылады. Ғимарат сыртында қақпалар алдында 1:10 еңісті пандустар қарастырылады. Жылытылатын ғимараттарда үлкен жылу шығынын болдыртпау үшін қақпаларды ашылғанда
автоматты қосылатын жылу қондырғысымен жабдықтайды.
Өлшемдері 3,6х3; 3,6х3,6; 3,6х4,2 м айқара ашылатын қақпалар автомобиль көлігін өткізуге; 4,8х5,4 м – теміржол көлігін кіргізуге арналған.
Қақпалық рама (тіректер және ригель) 200х140х4 мм қималы болат тікбұрышты құбырлардан, тіректер – бір құбырлардан, ригельдер – қос құбырлардан орындалады. Биіктігі 480 мм ригельді фибролитпен толтырады, ал сыртқы жағынан болат қорғау бетімен қаптайды.
Қақпалық рама темірбетоннан орындалуы мүмкін.
Қақпалық жапқыштар (34–сурет) қаңқадан, жылытқыштан және екі жақты қаптаудан тұрады. Қаңқа – болат құбырлардан орындалған тор, тор ұяшықтары оргәйнекті филенкамен, жылытқышты болатпен толтырылады. Қаптау – бір–екі қабатты қалыңдығы 25 мм шпунтталған тақтайлардан орындалған. Бұрыштарда және ортасында түйіскен жерлерде қақпаның қатаңдығын арттыру үшін металл жапсырмалар, ал ілініп тұруға қарсы дөңгелек болаттан диагональды тежеуіш орнатады. Қақпа жапқышын қос сыңар ілмек– топса арқылы рамаға іледі.

34–сурет. Өндірістік ғимараттардың қақпа жапқышы:
а – ағаштан; б – болат қаңқалы ағаштан; в – металл; г – перде түріндегі; 1 – есікше; 2 – сыртқы байлау арқаулары; 3 – ортаңғы бөлігі; 4 – диагональды байланыстар; 5 – ілмектер; 6 – ағаш толтыру; 7– швеллер; 8 –резина жолағы; 9 – кендір арқандар; 10 – раманың болат қаңқасы;11– жылжымалы жапқыш;12 – пенопласт; 13 –металл қаптау;14 – жұмсақ резиналы болат құрсау;15 – болат стержень; 16 – қозғалыс роликтері; 17 – болат профильденген беттер; 18 – құлыпты қосылыстар

Өлшемдері 3,6х3; 3,6х3,6; 4,2х4,2 м жылжымалы қақпалар – автомобиль көлігіне; 4,8х5,4 м – теміржол көлігіне арналған.


Конструкциясы бойынша жапқыштар жылжымалы қақпалардікіне ұқсас. Қақпалардың жоғарғы жағына жапқыштар ашылғанда болат роликтер сырғанайтын рельс бекітіледі.
Теміржолдық көтеруші-секциялық қақпалар жоғарғы жағында көтеру механизмі орнатылған, автоматты басқарумен 4,8х 5,4 м өлшемді етіп орындалады. Қақпалар рамасы № 27 швеллерден орындалады. Қақпа биіктігі 2030, 1667, 1721 мм үш секциядан тұрады. 5,4 м белгісінен жоғары 7,5 м деңгейінде жапқыштың бөлек элементтерін әр секцияға орнату үшін қалыңдығы бойынша үш секциялы қондырғы қарастырылған. Бұл қондырғы қабырға панелі мен швеллерден орындалған жоғарғы қабырғалық байлау арасында орналасқан.
Жылжымалы жиналмалы қақпалар – өз ара топсалы байланысқан ашылғанда жиналатын жіңішке жақтаулардан құрастырылады, осыған байланысты аз орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет