М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет29/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Кірпіштік қабырғалар. Кірпіштен орындалған қабырғалар (32-сурет) өлшемдері үлкен емес және есіктері мен технологиялық ойықтары көп ғимараттарда, сонымен қатар, ылғалдылығы жоғары және агрессиялық ортадағы өндіріспен байланысты ғимараттарда қолданылады.
Кірпіштік қабырғалар қалыңдығы жылу техникалық талаптарға байланысты және 250,380,510 мм тең.

32–сурет. Өндірістік ғимараттардың кірпіштік қабырғалары:


а – ішінен пилястрамен күшейтілген, көтеруші; б – ішінен контрфорспен күшейтілген, көтеруші; в – қабырға бұрышы; г – өзін көтеруші қабырға көрінісі; д – аспалы қабырғаларды бекіткіш арқалықтарға сүйенуі; е – өзін көтеруші қабырғаларды қаңқа ұстындарына бекіту; 1 – іргетастық арқалық; 2 – отмостка; 3 – гидроизоляция; 4 – кірпіштік қалау; 5 – темірбетонды маңдайша; 6 – карниз; 7 – қаңқа ұстыны; 8 – қосалқы бөлшек; 9 – бекіткіш арқалық; 10 – металл үстел; 11 – диаметрі 10–12мм болат анкер
Ірі панельді қабырғалар. Қаңқалы ғимараттарда ірі панельді қабырғалар өзін көтеруші және аспалы етіп орындалады.
Панельдер түрлері:

  • тағайындалуы бойынша: цокольды, қатарлы, қабырға аралық, маңдайшалы, бұрыштық, парапетті, карнизді;

  • материалы бойынша: жеңіл және ұяшықты бетондардан, ауыр бетоннан, асбестцементті және металл беттерден;

  • конструкциясы бойынша: қаңқасыз (бір қабатты және үш қабатты), ішкі қаңқалы (көп қабатты).

Оларды 6 және 12м ұстындар қадамында, қаңқа конструкциясының материалына байланысты емес, жылытылатын және жылытылмайтын ғимараттарда орнатады. Панельдер биіктігі 1,2 және 1,8 м. Панельдерді орналастырғанда бірінші (цокольді) панельдің төменгі жағы ғимараттың еден белгісімен біріктіріледі, панельдің өзі іргетастық арқалыққа төселінеді.
Беттік материалдардан қабырғалар. Тиімді жылытқышты металл беттерден орындалған қабырғаларды, 60% дейінгі бөлмелердің ауа ылғалдылығында, бір қабатты өндірістік ғимараттарда орнатады. Мұндай қабырғалардың цоколі жеңіл бетонды панельдерден және кірпіштерден орындалады.
Зауытта дайындалатын жіңішке панельдерден орындалған қабырғалар. Панель қалыңдығы 0,8 мм рулонды мырышталған болаттың (болат маркасы МСт3кп), арасына 60кг/м3 тығыздықты қатты пенополиуретаннан жылытқышы орналастырылған, екі әрлеу қабаттарынан тұрады.
Ірілеп жиналған панельдерден қабырғалар. Панелдердің номиналды ені ұстындар қадамына тең (6 немесе 3м), ал биіктігі қабырғалардағы аралықтардың орналасуына және өлшемдеріне байланысты. Панельдердің шектік биіктігі 12м. Панельдің конструкциялық негізін болттармен қосылған, иілгіш болат профильдерден орындалған қаңқа құрайды.
Өндірістік ғимараттардың жабулары көтеруші және қоршаушы бөліктерден тұрады.
Жабудың қоршаушы бөлігінің құрамына кіретіндер:

  • көтеруші төсеніш (темірбетонды плиталар, болат профильденген төсеніш);

  • бу изоляциясы (битумды мастик немесе рубероид қабаты);

  • жылу изоляциясы (жеңіл бетондар, минералмақталы плиталар);

  • цементтік ерітіндіден немесе асфальттан тегістеуіш қабаты;

  • рулонды немесе беттік материалдардан төбе жабындысы;

–битумды мастиктегі ірі дақылды құмнан немесе ұсақ дақылды қиыршық тастан қорғау қабаты.
Жабудың екі конструкциялық түрі болады:
–арқалықтар немесе фермалар бойынша төселінген, қоршау элементтерінен тұратын, жазықтық.
–көтеруші және қоршаушы функцияларын атқаратын және қисық сызықты пішінді жіңішке қабырғалы конструкция болып табылатын, кеңістік.
Бөлмелердің температуралы–ылғалдылық режиміне байланысты жабулар жылытылған және суық болады. Жылытылған жабуларды жылытылатын бөлмелерде, сондай–ақ жылу бөлу 23Вт/(м2·°С) шамасынан артпайтын, шамалы артық жылу бөлетін (термикалық цехтар, ыстықтай штамптау цехтары және т.б.) ғимараттарда орнатады. Жылуизоляциялық қабаты және бу изоляциясы жоқ,
жылытылмайтын бөлмелер үстіне, сонымен қатар айтарлықтай жылу бөлетін ыстық цехтарда суық жабулар орнатылады.
Жаппай құрылыстағы ғимараттар жабуларын темірбетонды қабырғалы плиталардан орындайды. 6х1,5; 6x3; 12х1,5; 12х3 м өлшемді плиталарды қолданады. Ені 1,5 м плиталар үлкен жүктемелі бөлімдерге арналған (биіктіктердің өзгеретін жерлерінде, фонарьлар жанында), сонымен қатар оларды шеткі элементтер ретінде қолданады. Плита ұзындығы 6 м болғанда биіктігі 300 мм екі бойлық қыры болады және ұзындығы 12 м болғанда 450 мм. Плиталарды В30, В40 класты бетоннан орындайды, плитаның қырларында және төсенішінде орналасқан, қаңқалар мен торлар түріндегі, стерженьді, сымды немесе иірілген кернеуленген арматурамен арматуралайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет