М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет32/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50

Бақылау сұрақтары:


  1. Жабулар бөлмелердің температуралыылғалдылық режиміне байланысты қандай болады?

  2. Зенитті фонарьларды қайда орнатады?

  3. Бір қабатты өндірістік ғимараттардағы, негізгі қаңқадан басқа, қолданылатын қабырғалардың қосымша қаңқасы қалай аталады?

15–дәріс тақырыбы. Өндірістік ғимараттардың терезелері, есіктері, қақпалары және басқа конструкциялары


Өндірістік ғимараттардың қабырғаларындағы жарық өткізгіш қоршаулар терезе, лента және витраждар түрінде болады.


Олардың түрлері:

  • толтырылу материалы бойынша: кәдімгі әйнектен; профильді әйнектен; әйнекпластиктен; әйнекблоктардан және әйнекпакеттерден терезелер;

  • әйнектеу қатарының саны бойынша: бір немесе екі;

  • толтырылу конструкциясы бойынша: түптеулі және түптеусіз;

  • түптеу материалы бойынша: металл, ағаш, пластмассалы;

  • ашылу түрі бойынша: вертикальды немесе горизонтальды.

Жарық ойықтарының ауданын өндірістік бөлмелер ауданына қатынасы бойынша 12 - 20% дейін қабылдайды.
Ашылатын түптерді жазғы кезеңде еденнен ашық аралықтың төменгі жағына дейінгі арақашықтық 1,5 м-ден, қыста 3,6–4,8 м-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.
Терезе ойықтарының өлшемдерін ені бойынша 600 және 300 мм-ге; биіктігі бойынша 600 мм-ге қысқаратындай етіп қабылдайды.
Болат терезе панельдері. Болат терезе панельдер өлшемдері 6х1,2; 6х1,8 м; 20 м дейінгі ойық биіктігінде оларды бір-біріне орнатады және болттармен бекітеді.
Болат панельдер тұйық немесе ашылатын тоспалы рамадан тұрады. Панельдерді әйнектеу бір немесе екі қатарлы болады. Оларды қаңқа ұстындарына төрт нүктесінде болттармен бекітеді.
Тығыздап жабатын терезе панельдерін көпқабатты өндірістік және әкімшілік- тұрмыстық ғимараттарда орнатады. Мұндай панельдерді болат планкалармен біріктірілген екі рамалардан жинайды. Панельдер ұзындығы 6 м, биіктігі 1,2-3 м. Ұстындар алдында орналасқан, панельдер топсаларын әйнекпластикпен немесе алюминийдің гофрланған беттерімен әрлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет