М., Хамзина М. Б. Клиникаға кіріспе: практикалық манипуляциялар алгоритмі


Антибиотиктерді сұйылту және ерітіндіні флаконнан алу



бет13/27
Дата06.12.2022
өлшемі5,89 Mb.
#55118
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
12. Антибиотиктерді сұйылту және ерітіндіні флаконнан алу


Жабдықтар: бір реттік стерильді шприц, ине, флакондағы дәрі, еріткіш, 70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, стерильді мақта шарлары, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, қауіпсіз жоюға арналған ыдыс («А» санаты)
1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.
2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құтыны ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.
3.Флаконның алюминий қақпағын спиртпен өңдеу, залалсыздандырылған пинцетпен металл қақпағын алу. Резеңке тығынды 70 % спиртпен өңдеу.
4.Шприцке қажетті мөлшердегі еріткішті жинаңыз (сурет 7) оны резеңке тығын арқылы флаконға құю.
5.Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.
6. Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу,флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинап, иньекция жасау.
7.Қолданылған шприцті, инені, қолғаптарды қоқысқа тастаңыз («А» санатындағы қалдықтарды жоюға арналған ыдыс ).


Кесте 1. Антибиотиктерді сұйылту



Бірлік

Грамм

Еріткіш

Стандартты сұйылту 1:1

Стандартты сұйылту 1:2

250.000

0,25

0,25% - 0,5% новокаин
немесе басқа еріткіш

2,5 мл еріткіш

1,25 мл
еріткіш

500.000

0,5

5 мл еріткіш

2,5 мл
еріткіш

1000.000

1,0

10 мл
еріткіш

5 мл
еріткіш










1мл ерітінді құрамында 10000 дана антибиотик

1мл ерітінді құрамында 20000 дана антибиотик




Сурет 7. Ұнтақты сұйылту және құтыдан ерітінді алу



Сурет 8. Шприцті пинцетпен жинау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет