М инистерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата06.03.2017
өлшемі9,51 Mb.
#8135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

і с
 
қозғайды. 
Олардың  іс-эрекеттері 
қоғамғажәне  қоршаған  ортаға  қауіп  төндіреді  деп  табылады.Заңды  бүзатын, 
мінез-қүлқында ауытқуы бар балаларға тэн сипаттар:
- қылмыс түрлерімен адамзатқа жат қылықтар жасау;
-
 
і ш к і
 
қүрылымдық  ауытқу  (яғни  ауытқу  белгілі  бір  элеуметтік  топқа 
байланысты болса);
-  ауытқудың  сыртқы  ортаға  бағытталуы  (отбасындағы  үрыс-керіс 
нәтижесінде қылмысқа барса) немесе өзіне зиян келтірсе (маскүнемдік жэне т.б.)
Ғалым  П.М.  Якобсон  мінез  ауытқуларын  оның  ішкі  түрткілеріне  қарай 
негізгі үш түрге бөліп қарастырады:
1.  Дүниецорлыща 
багдарланган  ауытцу.  Дүниеқорлыққа  бағытталған 
әлеуметтік ауытқулар материалдық,  ақшалай, мүліктік қажеттілікке қол жетуімен 
тығыз  байланысты  болып,  оған  қүқық  бүзушылық жэне  зиян  қылықтар  жатады. 
Жеткіншектер арасындағы мүндай ауытқулар қылмыстық жазаланатын эрекеттер 
жэне қылықтар мен аморалды жүріс-түрыстар ретінде көрініс береді.
2.  Агрессивтілікке 
багдарланган  ауытцу. 
Агрессивті  бағдарланған 
элеуметтік  ауытқуларға  түлғаның  жеке  басына  қарсы  бағытталған  эрекеттерді 
(тіл  тигізу,  бүзақылық  жасау,  үрып-соғушылық,  зорлау  жэне  адам  өлтіру) 
жатқызады.
3.  Әлеуметтік-пассивтік  ауытцу.  Бүл түрі  қоғам  өмірінің  белсенділігінен 
азаматтық  міндеттерінен  бас  тартуында  көрініс  береді.  Мүндай  көріністерді 
жүмыс  пен  оқудан,  түлғалық  жэне  элеуметтік  мэселелерді  шешуге  ықпалын 
тигізбеуінен,  қиял  мен  психиканы  бүзу  элемінен  байқауға  болады.  Ең  соңғы 
позициясы - бүл өз-өзіне қол салу немесе суицид.
Осы  арқылы  асоциалды  жүріс-түрыс  тек  мазмүны  мен  мақсатымен  ғана 
ерекшеленбей, 
сонымен 
қатар, 
қоғамға 
қауіптілігінің 
деңгейімен 
де 
ерекшеленеді.  Бүған  қоса,  түрлі  элеуметтік  ауытқуларда  ерекшеленіп,  көрініс 
береді.
А.Е.  Личко  жеткіншектердің  мінез  ауытқуларының  ішінде  жүріс- 
түрысынан көрініс беретін бірнеше түрлерін анықтайды.  Олар:
1. 
Ішімдікке  салыну  (маскүнемдік).  Бүл  қүбылыс  күннен  күнге  көбейе 
түсуде.  Бүл  заңдылыққа  сай  мэселені  салыстырмалы-элеуметтік  зерттеушілер 
мына түжырымдарға келді:

элеуметтік-қүқықтық 
жағдайларды 
бүзатындар 
ішінде 
ішімдікті 
пайдаланатындардың жиі кездесуі;
-  ішімдік  пайдалану  элеуметтік  бақылаудың  спецификалық  түрлерімен 
байланысты.  Кей  жағдайларда  бүл  қүбылыс  белгілі  бір  қажетті  ритуал 
элементтерімен  байланысты  болса, 
басқа  жағдайларда  жүріс-түрысының 
антинормативтік көрінісі ретінде кездесуі;
-  ішімдік,  эдетте  ішкі  комфорттан  тасымалданып,  түлғаның  өз  тэуелділік 
сезіміне негізделеді.

2. 
Нашацорлыц.  Есірткілерді  пайдаланған  кезде  жеткіншектер  белгілі  бір 
жаман қылық жасауы мүмкін.  Осыдан қылмыс жасау, үрлықтар,  кісі  өлтіру саны 
көбейеді.
А.Е.  Личконың пайымдауынша, нашақорлықтың негізгі деңгейлері:  бір рет 
немесе сирек пайдаланатын нашақорлар;  физикалық жэне психикалық тәуелділік 
белгілерсіз  жиі  қолдану;  психикалық  тәуелділік  қалыптасуында  жағымды 
сезімдерге  бөлену  үшін  элі  есірткі  заттарға  физикалық  тәуелділік  болмаған 
кездегі  нашақорлықтың  бірінші  кезеңі;  нашақорлыққа  физикалық  тэуелділік 
болатын  екінші  кезең;  толықтай  психикалық  жэне  физикалық  деградация.  Бүл 
үшінші кезең болып саналады.
Ғалым  суицидиалды  мінез-қүлықты  зерттеу  нэтижесінде  17  жастагы 
жеткіншектердің  32%-ы  суицидалды  эрекетті  жасауга  бел  буғанын  анықтаган. 
Жеткіншектердің  өз-өзіне  қол  жүмсауына  түрткі  болатын  конфликтілік 
жагдайларының  алдын  алу,  жетелеген  қолайсыз  психологиялық  климатты 
болдырмау  бүл  эрекеттерге  тосқауыл  болуға  мүмкіндік  тугызады.  [1,  247  б.]. 
Сонымен  қатар  автор  жеткіншектер  агрессиясы  олардың  өмірлік  сэтсіздіктерге 
үшырауының  нәтижесінде  өз-өзін  сыйлауының  төмендеп,  қатыгез  адамга 
айналуымен  сипатталатындыгын  айта  келе,  мүндай  қатігездік  отбасында  эбден 
еркелетіп өсірген,  өз  істеріне жауап бере алмайтындарда да кездесетітіндігін баса 
көрсетеді.
Қиын  балалар  мэселесін  шешудің  негізгі  жолы  -   отбасында  жагымды 
қарым-қатынас  орнату.  Отбасының  қогам  мен  мемлекет,  тіпті  күллі  адамзат 
алдындагы  атқаратын  қажеті  сан  қырлы.  «Отан  отбасынан  басталады»  десек, 
адам  тэрбиесі-Отанды  сүю,  өмірге  қүштарлық,  сүлулықты  тану  бала  кезден 
отбасынан  басталатыны  баршага аян.  Ал  өмірге  келген үрпақты тэрбиелеу  ол  ең 
бірінші  отбасының  міндеті.  Балаға  тэрбие  беріп,  өмірге  қосуы,  ол-ата-ананың 
жауапты ісі.
Қазіргі  кезде  кейбір  отбасында эке  мен шеше  ішімдікке  салынып,  болмаса 
неке  тэртібін  бүзып,  немесе  некесіз  бала  туып,  ол  баланы  тастап  «тастанды» 
қатарын  көбейтіп  жүрген  қаракөз  қыздарымыздың  саны  күн  санап  артып  отыр. 
Сондықтан  да,  бүл  қоғам  дертін  алдын  алу  қажет.  Л.Керімов  қиын  балалар 
тэрбиесі  мэселесіне  арналған  зерттеулерінде  «қиын»  оқушыны  зерттеуде,  ең 
алдымен,  отбасындағы  тэрбие  жағдайын  білуден  бастауды  үсынады.  Баланың 
жетіліп  қалыптасуында  отбасының  орны  ерекше  екенін  түсіндіре  келе,  оқушыға 
қиын  атануга  алып  келетін  ата-аналардың  балалармен,мүгалімнің  оқушылармен 
қарым-қатынасындагы  бірнеше  кемшіліктерді  көрсетіп  берген.  Бүл  қиындықты 
шешудің  негізгі  бірден-бір  жолы  -  отбасындагы  ізгілікті  қарым-қатынастарды 
орнату.  А.С.  Макаренко:  «Тэрбие-баламен сөйлесумен,  оган ақыл-кеңес берумен 
гана шектелмейді.  Тэрбие  түрмысты дүрыс үйымдастыра білуде,  балага эркімнің 
өз  жеке  басы  арқылы  үлгі-өнеге  көрсетуінде»,-деген  болатын.  Баланы  жас 
кезінен бастап сыйлап,  қадір-қасиетін,  ар-намысын багалап,  дүрыс сөйлеп,  дүрыс 
қарым-қатынас  жасаган  абзал.  Баланың  тэрбиелі  болып  өсуіне  берекелі 
отбасының эсері мол екені белгілі.
Тэуекел  тобындагы  балалармен  элеуметтік-психологиялық  қызметтің 
қажеттілігі  қазіргі  уақытта  өте  нақты  эрі  айқын  сезіліп  отыр.  Қандай-да  бір 
жасөспірімнің қиын оқушы немесе тэуекел тобындагы жасөспірім  аталуының өзі 
оган  психолог  көмегінің  қажет  екендігін  жэне  оган  қажет  көмек  дер  кезінде 
көрсетілмесе,  «дезадаптация»  процесінің  артуы,  ягни  адамның элеуметтенуі  мен 
қогамга бейімделу процесінің бүзылуы мүмкін екендігін білдіреді.

Тэуекел  тобындагы  балага  айналуы  ол  көп  жагдайда  жүйке-психикалық 
бүзылу  белгілеріне  байланысты.  Жүйке-психикалық  бүзылу  белгілерін  кейде 
жасөспірім  шақта  кездесетін  жай  гана  қиындықтар  ретінде  қабылдауымыз 
мүмкін.  Осы  екеуінің  айырмашылыгын  білу  үшін  осы  қиындықтарға  негіз 
болатын  басты факторларды атап кету қажет.  Бірінші фактор -ішкі үйлесімі мен 
берекесі  бүзылган  отбасы.  Жогарыда  айтып  кеткеніміздей,  отбасындагы  тэрбие 
түлғалық  қалыптасудың  іргетасы  болып  табылады.  «¥яда  не  көрсең,  үшқанда 
соны ілесің»  деген үлағатты сөздің айтылуы тегін емес екенін білеміз.  Кез-келген 
адам  қиналғанда  сүйенішті,  қолдауды  өз  отбасынан,  жақындарынан  іздейді.  Ал 
ата-ананың  өз  арасында  түсінбеушілік  пен  дағдарыс,  кикілжің  мен  үрыс-керіс 
болатын  болса,  біріншіден,  сол  отбасынан  шыққан  бала  сол  атмосферада 
сусындап, 
психикасы, 
дүниеге 
көзқарасы 
сэйкесінше 
болып 
шыгады. 
Отбасындагы  қиыншылықтар  себебінен  жеке  басында,  достарымен  қарым- 
қатынаста,  өзіндік  багалауында  қанагаттанбау  сезімі  пайда  болган  бала,  ондай 
отбасынан  ешқандай  да  қажетті  көмек  ала  алмайды. 
Осындай  кезде 
психологиялық  қызметтің  көмегі  де,  жалпы  мүгалімдердің  де  психологиялық 
білімінің болуы да аса маңызды.  Ал ата-ана, жалпы жүбайлар арасындагы қарым- 
қатынастың үйлесімде  болмауы,  соның ішінде  өте  қарапайым  себеп-эйел  мен ер 
адамның бір-бірінің психологиясын білмеуі.  Сонымен қатар  отбасы мүшелерінің 
бірінің жүйке ауруына немесе психикалық ауытқуга үшырауы жэне де химиялық 
тэуелділікке  үрынуы,  ягни  ішкілікке  салыну,  қүмар  ойыны,  нашақорлық  т.б.  өз 
себебін тигізеді.  Басты себептің бір түрі -  бүл отбасындагы тэрбие түрінің дүрыс 
таңдалмауы.  Екінші  фактор  -  туа  біткен  немесе  басқа  этиологиядагы 
соматикалық  аурулар  мен  ауыр  травмалар.  Үшінші  фактор  -  жасөспірімнің  өз 
қүрдастарымен қарым-қатынасында кездесетін қиындықтар.
Соңгы  кезде  етек  алып  кеткен  келеңсіз  жагдай  -  бүл  жасөспірімдер 
арасындагы  суицидтер.  Оның  басты  себебі  ретінде  жасөспірімдердің  өз 
арасындагы қоқан-лоққы корсету,  ақша талап ету,  элсізді жэбірлеу,  соматикалық 
жагынан  кеш  дамыган,  ягни  ретордант  балаларды  мазақ  ету  сияқты  өрескел 
тэртіп  бүзулар  мен  девиациялар.  Осы  кезеңге  тэн  үшқалақтық,  ашуланшақтық, 
сезімге  берілгіштік,  өзіндік  багалау  мен  дүниеге  көзқарастың  түрақсыздыгы 
жасөспірімдердегі осы қиындықтан шыгудың асыгыс жолдарына алып келеді.  Ол 
алгашында  өзіне  көңіл  аударту  мақсатында  жасалынган  тэртіп  бүзу  мен  қүқық 
бүзу немесе өзіне қол жүмсау.
Жасөпірім 
жүріс-түрысының 
нормадан 
ауытқыган  ретінде 
көріну 
формасының  бірнеше  сипаты  бар,  атап  айтсақ,  маскүнемдік,  нашақорлық, 
агрессивті  жүріс-түрыс,  жасөспірімдер  арасындагы  заңга  қайшы  эрекеттер, 
қаңгыбастық,  мінез  акцентуациялары,  тэрбиеге  көнбеу,  суицидтік  мінез-қүлық, 
енжарлық.
Жасөспірім  өмір  сүретін  микроорта  өте  күрделі.  Күнделікті  өмірінде  ол 
көптеген жүріс-түрыс ауытқуының формаларымен кездеседі.  Баланың элеуметтік 
дезадаптациясы  мен  оның  «тэуекел  тобына»  кіріп  кетуіне  ықпал  ететін  негізгі 
себептер  мен  факторларды  көптеп  көрсетуге 
болады. 
Макроэлеуметтік 
факторлар:  қогамдагы экономикалық жагдайдың түрақсыздыгы,  томен өмір сүру 
деңгейі;  бос  уақыттың  көп  болуы,  демалыстың  дүрыс  үйымдастырылмауы  жэне 
микроортадагы  асоциалды  топтардың  эсері.  Адам  дамуының  түрлі  жас 
кезеңдеріне  сэйкес  белгілі  бір  элеуметгену  институтының  ролі  басты  болатыны 
белгілі.  Жасөспірім  кезеңде  өз  қүрбыларынынан  түратын  референті  топ  бірінші 
орында  түрады.  Жасөспірімдерде  дербестікке,  эмансипация,  ересектер  мен  ата-

анасынан  бөлінуге  деген үмтылыс  айқын  байқалады.  И.С.Полонский эсер  етуші 
топтарды элеуметтік багыттылыгына байланысты үш топқа бөледі:
- просоциалды жэне элеуметтік-жагымды;
-  асоциалды,  қогамдық  мэселелерден тысқары,  жеке  топтық  қүндылықтар 
жүйесімен шектелген;
-  антисоциалды, ягни элеуметтік жагымсыз топтар.
Жасөспірімдердің  жартысынан 
көбі 
просоциалды, 
ягни 
элеуметік 
жагымды  топтар  мен  бірлестіктерге  жатады.  Ал  психолог  немесе  басқа  да 
мамандардың  көмегін  қажет  ететін  осы  қалган  екі  топ  мүшелері.  Отбасы  мен 
мектептің  ықпалы  тоқтаған  кезде  жастар  формалды  емес  топтардың  моралдық 
қүндылықтарын  меңгере  бастайды.  Ендігі  кезекте  осы  топтардың  ықпалы  бала 
түлғасының  қалыптасуына  эсер  ететін  негізгі  орта  болады.  Субъективті  сипатта 
болатын  осындай  көптеген  факторлар  жасөспірімдер  арасындагы  мектеп, 
отбасымен  байланыстың  төмендеуінен,  жасөспіріпмдік  алкоголизм  мен  наша 
пайдаланудан,  еңбектен  алшақтаудан  көрінетін  десоциализацияның  өсуіне  алып 
келеді.  Жасөспірім  мінез-қүлқындагы  ауытқулардың  пайда  болуына  эсер  ететін 
элеуметтік  сипаттағы 
себептерден 
басқа 
осы  жастагы  дағдарыстармен 
байланысты субъективті себептер де бар.  Тэрбиесі қиын балалар мінез-қүлқының 
психофизиологиялық алғышарты ретінде:
1.  Жыныстық жетілу кезіндегі жедел немесе керісінше өте баяу даму;
2.  Жасөспірімнің қоршаған ересек адамдармен,  мүғалімдер,  ата-анасымен 
қарым-қатынасындагы нақты немесе жасырын, ішкі шиеленістің болуы;
3.  Өз қатарларымен жэне қарама-қарсы жыныс өкілдерімен өзара қатынас 
сипатындагы өзгерістер.
Жасөспірім  мінез-қүлқындагы  жасқа  байланысты  дагдарыстың  кейіннен 
түлгалық  өзгеріске  айналып  кетпеуі  оқу  процесі  мен  отбасындагы  қарым- 
қатынаста 
осы 
психофизиологиялық 
заңдылықтардың 
есепке 
алынып, 
ересектердің 
бала 
мінез-қүлқындагы 
өзгерістер 
себебін 
түсінуіне 
байланысты.Оқушының жан-жақты тэлім-тэрбие  алуга,олардың ішкі қасиеттерін 
анықтап,  дарынын шыңдап,  сол  арқылы  өздері көздеген тэрбие  бүлагына жагдай 
жасауымыз  қажет.  Оқу  -  сан қырлы рухани  өмірдің тек бір  гана қүрамды  бөлігі. 
Егер  үжым  ішінде  идеялық,  азаматіық,  интеллектуалдық,  еңбектік,  эстетикалық 
қарым-қатынастар  болган  жагдайда  оқушылар  толық  мэнді  рухани  өмір  сүре 
алады.  Тэрбие  күшіне  ену  дегеніміз  -  өз  жүмысына,  ісіне  сену.  Себебі,  нагыз 
сенім  бар  жерде  гана,  нагыз  талапшылдық,  еңбек  тэртібі  болады.  Қазіргі  жас 
үрпақтардың  болашақтагы  еліміздің  ертеңі  болып  табылатын  балалардың  сана- 
сезімін,  мінез-қүлқын  оңды  тэрбиелеп,  ақыл-ойын  дамыту  үшін  өзін-өзі 
басқаруды  ныгайтып,  үжымдық  шыгармашылық  істерге  дагдыландырудың 
тэлім-тэрбиелік  маңызы  үлкен.  Мектептен  бос  уақытта  оқушының  таңдауына 
сэйкес  келетін,  олардың  қабілеті  мен  ішкі  қажеттілігін  қамтамасыз  ететін  іс- 
эрекеттерді  үйымдастыру  көзделеді.  Соган  сай  олардың  қабілетін  ашуга 
мүмкіндік  тугызатын  спорт,  дене  еңбегі,  қолөнер,  техникалық  шыгармашылық, 
т.б.  іс-эрекетті үйрету үйірмелері  мен секциялар көптеп үйымдастырылуы қажет. 
Әр  оқушы  кез-келген  үйірмеге,  секцияга,  клубқа  өз  жүрегінің  қалауымен 
қатысып,  өзінің  жеке  басына  тэн  қасиетін,  ягни  өзіндік  «менін»  басқаларга 
танытуга  мүмкіндік  алуы  қажет.  Әсіресе,  үстаз  бен  оқушының  өзара  түсіністігі, 
оқушының  сенімін  арттыру,  іс-эрекетке  ерік  беру,  көтермелеу,  адамгершілік 
қасиеттерін  танытуда,  өзін-өзі  тануга,  өзін-өзі  тэрбиелеуге  жагдай  тугызу.  Ең 
бастысы,  тэрбие  ісінің  нэтижесін  багалап,  оны  іске  асырудың  сүрақ-жауап, 
дэстүрлі багалау, үстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.

1.  әрбір  қиын  баланы  жан-жақты  зерттеп,  мінез-қүлықтарының  багыт- 
бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2.  эрбір  оқушының  адамгершілік  сынды  тэжірибелерін  қүра  біліп,  соның 
негізінде  тэртіпті,  айналасындағы  өмірге  көзқарасты,  үжымдық  қарым-қатынас 
дағдыларын қалыптастыруды үйымдастыру.
3.  эрбір  жеке  түлганың  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктеріне  жэне 
шығармашылық талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам 
жүмыстарына қатыстыру.
4.  кейбір қиын оқушылардың оқу-тэрбие процесінде үжымдық өмір қарым- 
қатынастарында  үсқынсыз  ауытқушылықтар  болса,  дер  кезінде  қол  үшін  беріп 
одан  сақтандыру,  жэне  оны  туғызатын  эрекеттерді  жою.  Әңгімелеу  оқу-тәрбие 
процесінде  ең  қажетті  қүралы.  Оқушының  жеке  басына  түскен  жағдай,  оны 
ортаға салуға болмайтындай болса, онда психолог баламен жеке сырласу арқылы 
сендіру.
Қиын  балалармен  тэрбие  жүмыстарын  жүргізу  кезінде  талаптар  қойылуы 
қажет.  Педагогикалық-психологиялық  тэжірибелерге  сүйене  отырып,  эрбір 
баланың  бейімі  мен  қабілетіне,  мінез-қүлқына  сай  оңды  шыгармашылық 
қасиеттерін  үйымдастырып  отыру  қажет.  Қиын  балалрмен  жүмыс  істеудің  тагы 
бір  эдісі  -  олардың,  көшедегі  жолдастарымен  жагымсыз  байланыстарын  үзуге 
жүмыстану.  Осы  эдісті  іс  жүзіне  асырудың  бірнеше  жолдары  бар.  Соның  бірі 
түрақты  мектебін  ауыстыру,  мектебін  алмастыру,  сондай-ақ  ата-ана,  мектеп 
инспекция,  қызметкерлерінің  күшін  біріктіре  отырып,  көшедегі  жолдастарының 
теріс  ықпалдарынан  бөліп  экетуге  жүмыстану.  Сонымен  бірге  қиын  баланы 
тэрбиелеуде  моральдық  түргыдан  эсерлі  эрекет  ету.  Қиын  баланың  эрбір  теріс 
қылыгын,  істерін,  тэртіпсіздігін  т.  б.  оқушының  арына  тигізбей  айыптаса,  бүл 
істер  өз  нэтижесін  береді.  Тагы  бір  эдіс  -  қиын  баланың  багдарын,  мақсаты  мен 
міндетін  қайта  қүру.  Мектептегі  нерв  жүйесі  нашарлаган  қиын  балалармен 
тэрбие  жүмысын  жүргізу  көптеген  қиындықтар  тугызады.  Өйткені,  эрбір 
оқушының 
өзіндік 
ерекшеліктерімен 
қатар, 
сырқаттарына 
байланысты 
өзгешіліктері бар.
Қиын  оқушыларды  тэрбиелеу  жүйесінің  бірінші  кезеңг:  дайындық  кезеңі, 
ягни қиын баланың тэртібінің төмендеуіне себепті  болган жағдайларды  анықтау; 
екінші  кезеңг  -  қиын  оқушылар  мен  көшедегі  жора  -  жолдастары  арасындагы 
байланыстырудың дэрежесінің тереңдігін  аңықтау;  үшінші  кезең  -  өзгеріс  кезеңі. 
Көптеген  қиын  оқушылардың  ішкі  жан  дүниесінде  өзгерістер  күшейе  бастайды. 
Жеткіншіктердің  мінезіндегі  теріс  қылықтар,  эдет  дагдылар  мен  қалыптаса 
бастаган  жаңа  адамгершілікті  сапалардың  арасында  күрес  басталады.  Төртінші 
кезең  -  бекіту  кезеңі,  эрбір  қиын  оқушы  мінез  қүлқындағы  адамгершілік  мэнді 
өзгерсітер  болған  сайын,  өзін  -  өзі  тэрбиелеуге  талаптанып,  оңды  қасиеттерді 
дамытады.  Қиын  балаларды  қайта  тэрбиелеу,  алдын  ала  олармен  бірге 
атқарылатын  іс  -шараларын  мектеп  үжымы  мен  жүртшылық  нақты  аңықтап, 
оларды дүрыс жолға қоя отырып, күрес жүргізулері керек.
Қорыта  келгенде,  баланың  тэуекел  тобына  жатқызылуына  себеп  болатын 
мүмкін факторлар:
1.  қоғамның  элеуметтік-экономикалық  шарттары  арқылы  анықталатын 
макроэлеуметтік фактор;
2.  мектептегі  жэне  отбасындагы  тэрбиенің  қателіктерінен  көрінетін 
психологиялық-педагогикалық фактор;

3.  әлеуметтік-психологиялық  фактор, 
кәмелетке  толмаған  балалардың 
ересектер,  ата-ана,  достарымен  қарым-қатынасындағы  кейбір  жағымсыз  жақтар 
мен қиыншылықтарды көрсетеді;
4.  жеке  түлгалық  фактор,  қоршаған  дүниеге  деген  өзіндік  қөзқарас 
ерекшеліктері мен қүндылықтар жүйесі;
5. 
психофизиологиялық 
фактор, 
жасқа 
байланысты 
өзгерістерді 
сипаттайды.
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  тэрбиесі  қиын,  қиын  бала  немесе  тэуекел 
тобындагы  жасөспірім  түсініктері  қогамнан  алшақтатылуы  тиіс  қауіпті  адамдар 
емес,  өйткені  олар  -  өмір  заңдылықтарына  байланысты  тиісті  мамандар  зейінін 
жэне  психологиялық қызмет көмегін  басқаларга қараганда көбірек қажет ететін 
балалар.  Сол  себепті  де  дер  кезінде  тиісті  педагогикалық-психологиялық, 
профилактикалық,  коррекциялық  жүмыс  жүргізілуі  сол  мектептегі  психолог 
маманның  кэсіби  қүзыреттілігіне  жэне  жалпы  педагогикалық  үжымның 
психологиялық  педагогикалық  түргыдан  сауаттылыгына  жэне  эрбір  ата-ананың 
бала психологиясынан хабардар  болуына тікелей  байланысты.  Сондықтан да бүл 
жүмыс  түрі  элі  де  көп  зерттеуді,  озық  эдістерді  кеңінен  қолдануды  талап  етіп 
отыр.
Әдебиеттер:
1. Ақажанова А.Т. Девиантология.  -  Алматы, 2009.  -  126  б.
2.  Әтемова  Қ.Т.  Әлеуметтік  педагогика:  Оқулық.  -   Алматы:  ЖШС  РПБК 
Дэуір, 2012.  -  272 б.
3.  Волков  Ю.Г., 
Добреньков  В.И.,  Кадария  Ф.Г.  Трудный  ребенок.  -  
Ростов-на-Дону, 2002.  -  482 с.
4.  Мертон  Р.,  Линтон  Р.,  Миллер  У.,  Беккер  Г.  Девиантное  поведение 
детей.  -  М.:  Трикса, 2005.  -  336 с.
5.  Морозова  О.П.  Психология  школьника.  -   М.:  Гуманитарный  центр, 
2009. -   137 с.
6.  Кащенко В.П.  Поведение школьника.  -  М., 2003. -  136 с.
Сардарова Ж.И., Нурсултанова Д. А 
Педагого-психологическая проблема работы с детьми группы риска
Данная  статья  посвящена  актуальной  проблеме  сегодняшнего  дня  -  работе  с  детьми 
группы  риска.  В  статье  раскрываюся  девиантное,  делинквентное,  криминальное  поведение 
подростков,  описывается содержание  и методы психолого-педагогической работы с ними.
Ключевые  слова:  Трудный  ребенок,  группы  риска,  девиация,  девиантное  поведение, 
делинквентность, норкомания, алкоголизм.
Sardarova Zh.I., Nursultanova D.A 
Pedagocal psychological problems in working with the children in a risk group
In this  article  the  problems  in working  with the  children in a risk group  are  analyzed.  The 
definition of deviant activities by D.V.  Mendeleevich,  S.A.  Belichev are revealed in detail as well as 
the  types  deviant  activities  of  teenagers  by  A.E.  Lichko.  The  competence  of  psychologist  in 
pedagogical psychological work with the children  in a risk group are also touched upon.
Keywords:  difficult  children,  a  risk  group,  deviation,  deviant  activities,  delinquency, 
addiction,  drunkenness

ӘОЖ:  159.923
К у р м а н а л и н а  Ш .Х. -  педагогика гылымдарының докторы,  профессор, 
Ж.  Досмүхамедов атындагы педагогикалық колледж 
А р ти гал и ев а А .Т. -  М.Өтемісов атындагы  БҚМУ магистранты
E-m ail: aisaule_27.06.91@mail.ru
Т ¥ Л Ғ А Л Ы Қ  Ә Л Е У Е Т Т ІҢ  П Е Д А Г О Г И К А Л Ы Қ -П С И Х О Л О Г И Я Л Ы Қ  
М Ә Н І
Аннотация.  Мақалада  элеует,  тұлғалық  элеует  ұғымдары  туралы  педагогикалық, 
психологиялық  көзқарастар  зерделеніп,  шетелдік  ғалымдардың  еңбекгеріндегі  «элеует», 
«тұлғалық элеует»  ұғымдарының  психологиялық-педагогикалық мэні мен мазмұны ашылып, 
талданды. 
Сонымен  қатар, 
тұлғалық  элеует  ұғымына  берілген  зерттеуші  ғалымдардың 
анықгамалары  қарастырылып,  қорытындыланды.  Тұлғалық  элеует  түрлері  көрсетілді: 
интеллектуалды,  адамгершілік,  тріғалық  -   дамытушы,  мэдени  коммуникативті,  комму- 
никативті-тріғалық, мэдени аксиологиялық, шығармашыл, көшбасшы, басқарушы.
Кілт  сөздер:  элеует,  тұлғалық  элеует,  кәсіби  элеует,  психофизиологиялық  элеует, 
еңбек элеуеті, шығармашылық элеует.
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан-2050»  стратегиясы 
Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Қазіргі  замангы  білім  беру  жүйесінің  негізі 
заманауи  білім  беру,  кадрларды  даярлау  мен  қайта  даярлау  жүйесінің  негізгі 
багдарлары.  Бэсекеге  қабілетті  мемлекеттің  дамуы  тек  қана  жоғары  білімді 
ұлттың арқасында қалыптасады.  Білім өмір бойы біздің азаматтарымыздың ойлау 
тэсілі  болуы  керек.  Мықты  экономика жэне  қуатты  адамзат элеуеті  мемлекеттік 
дамуды жүзеге асырудьщ негізгі міндеттері болып қалуы тиіс»  - делінген [9].
Қогам өмірінің жаңарып жаңгыруы, демократиялық өзгерістерге бет бұруы 
педагог  кадрлар  даярлау  ісіне  назар  аударуды  талап  етеді.  Қазіргі  жеделдету, 
демократияландыру,  жариялылық  жагдайында  қогамга  жан  -   жақты  білімді, 
жогары  мэдениетті,  жүмысты  шыгармашылықпен  істей  білетін  адам  қажет. 
Халыққа  білім  беру  жүйесін  ары  қарай  жетілдіру,  мектепте  жеткіншек ұрпақты 
тэрбиелеу,  оқыту  сапасын  жақсарту,  болашақ  мүгалімдерді  даярлау  жүмысына 
жаңа  талаптар  қояды.  Сондықтан  болашақ  мүгалімдердің  түлгалық  элеуетін 
зерттеу заман талабы болмақ.
«Элеует»  (потенциал)  үгымының негізгі төркіні латын сөзінен «potentia»  - 
күш, қайрат, мүмкіндік деген сөзінен шыққан. Анықтамалық эдебиеттерде элеует 
үгымы,  біріншіден,  белгілі  бір  мақсатқа  қол  жеткізу  жэне  қандай  да  бір 
міндеттерді  шешу  үшін  қолданылатын,  іс  -   эрекетке  келтірілетін  қүрал,  ресурс, 
қор, мүмкіндік,  бастау.  Екіншіден, жеке түлга, қогам,  мемлекет, жүйе,  белгілі  бір 
үйым  аймагының  (эскери,  гылыми  -  техникалық  жэне  т.б.)  мүмкіндігі  ретінде 
қолданылады.
«Әлеует»  термині  гылыми  айналымга  10  -   15  жыл  бүрын  енгізілген 
болатын.  Этимологиялық  түргыда  ол  «жасырын  мүмкіндік,  күш,  қуат»  дегенді 
білдіреді.  «Әлеует» үгымының кең магынадагы түсіктемесі  «белгілі  бір  мақсатқа 
қол  жеткізу  жэне  қандай  да  бір  міндеттерді  шешу  үшін  қолданылатын,  іс  -  
эрекетке 
келтірілетін 
қүрал, 
ресурс, 
қор, 
мүмкіндік, 
бастау» 
ретінде 
қарастырылады [10,  105  б.].
Философияда  «элеует»  үгымы  «мүмкіндік»  жэне  «болмыс»  өлшемдерімен 
байланыстырылады,  ягни,  түрмысты  сипаттаушы  қалыптасу  түжырымының 
шынайы болган жэне ықтималдылыгы ретінде көрінеді.

«Мүмкіндік»,  «болмыс»  шеңберінде пайда болып оның бір элеуеті ретінде 
болашақты  қазіргідей  сипаттайды  жэне  «болмысқа»  айнала  отырып,  жаңа 
мүмкіндіктер  тудырады  -   бүл  олардың  өзара  өту  диалектикасы  болып  саналады 
[1, 367 б.].
Қуат  -   бүл  эрекет  етуші  мүмкіндік  емес  жэне  белгілі  бір  жағдайларда, 
қорларда 
шынайы 
болуға 
қабілетті 
болып 
табылмайды. 
Мүмкіндіктің 
шынайылыққа өтуі қуаттың өзекті үрдісі болып табылады.
Адамның  түлғалық  элеуеті,  ең  бірінші,  туғаннан  берілген  түлғалық 
ресурстарды,  сонымен  қатар  дүниетаным,  өзін  -   өзі  жетілдіру  мотивациясы, 
түлғалық  сапаларды  (қарым  -   қатынасшылдық,  эмоционалды,  танымдық, 
шығармашылық элеует) жүзеге асырады [2, 45  б.].
Екіншіден  оны  қүраушы  кэсіби  элеует  (іскерлік  қабілеттер  жэне 
мүмкіндіктер,  сонымен  қатар  кэсіби  сапалар 
-  кэсіби  ойлау,  көшбасшылық 
қабілеттер) іске асырылады.
Түлғалық  элеуетті  зерттеу  қазіргі  уақытта  жаңадан  қарқын  алып  келе 
жатыр,  онымен  Д.А.  Леонтьев,  Е.Н.  Осин,  Е.Ю.  Мандрикова,  Е.И.  Рассказова,
С.А.  Богомаз,  О.В.  Каракулова,  В.В.  Мацута,  Е.Ф.  Зеер,  В.И.  Носков,
A.М.  Павлова,  Т.П.  Скрипкина  жэне  т.б.  айналысуда.  Алайда  түлғалық  элеует 
феноменологиясы  жеткілікті  кең  колемде  зерттелмеген,  категория  өзі  элі  де 
болса  теориялық  өңделмеген  жэне  қосымша  зерттеулер  мен  талдауларды,  жаңа 
эмпирикалық мэліметтерді жэне жаңа зерттелуші топты қажет етеді.
Тұлғалық  элеует  дамуы  -  Г.С.  Альтшуллер,  Л.С.  Выготский,  В.А.  Ганзен,
B.В.  Давыдов,  А.Ю.  Козырева,  М.В.  Колосова,  И.С.  Кон,  Б.М.  Теплов,
В.И.  Максакова  жэне  т.б.  ресей  ғалымдарының  зерттеулерінде;  ал  шетелдік 
зерттеушілерден  -  Ф.Баррон  (F.  Barron),  Э.  де  Боно  (D’Bono),  Дж.Гилфорд 
(J.P. 
Guilford), 
Ф.Джексон  (F.Jackson),  Д.Льюис  (D.Lewis),  Р.Стернберг 
(R. Sternberg), 
К.Тейлор 
(K.Taylor), 
П.Торренс 
(P.Torrance) 
жэне 
т.б. 
қарастырылган.
«Элеует»  үгымына  анықтама  гылымда  жақсы  берілген.  Элеует  түрлерін 
Б.Г.  Ананьев,  Я.Ф.  Аскин,  Н.В. 
Зайцева,  О.Лармин,  М.Х. 
Балтабаев,
О.В.  Стаканова,  Л.И.  Иванько,  В.Г.  Нестеров,  Л.В.  Сохань,  Н.Э.  Пфейфер, 
Е.Л. Яковлеважэне т.б.  қарастырган.
Түлгалық  элеует  феноменін  А.А.  Деркач,  В.Г.  Зазыкин,  И.В.  Байер,  И.Н. 
Дроздов,  О.Н.  Зубова,  В.Н.  Маркин,  Е.В.  Дьячкова,  Е.П.  Ходаева  жэне  т.б. 
зерттеген [3, 256 б.].
Бүгінгі  танда  білім  беру  үрдісінде  болашақ  мүгалімдердің  жеке  түлга 
болып  қалыптасуында  олардың  өмірлік  үстанымдары  жэне  артықшылықтары 
маңызды  рөл  атқарады.  Ресей  психологиясында  адам  элеуетін  жэне  түлғалық 
элеует үғымдарын кең қарастырады.
Б.Ф.  Ломов  ойынша,  адам  элеуеті  оның  қабілеттерімен,  білім  жүйесімен, 
білік, дағдыларымен көрінеді.
Б.Г.  Ананьев  түсінігінде  элеует  адам  дамуын  түлга,  іс-эрекет  субьектісі 
ретінде  жэне  адам  элеуетін  эртүрлі  үйымдар  деңгейінде  өзара 
қасиеттер 
жүйесінде анықтап қарастырады [5, 406 б.].
В.А.  Спивак  түлғалық  элеуеттің  негізі  түрлі  қызметтерді  орындау  үшін 
қолайлы  жагдайларда  қабілеттердің  дамуына  мүмкіндік деп  есептеді.  Түлғалық 
қабілеттер -  бүл жаңа міндеттерді шешу алдында өзін таныта алатын индивидтің 
даму  мүмкіндігі  (Т.Н.  Артемьева).  Түлғаның  дамуы  тек  қана  психологиялық 
ерекшеліктерге  гана емес,  сонымен қатар  элеуметтік жағдайларга тэуелді  болып 
келеді, онда бүл элеуеттер жүзеге асырылады (немесе жүзеге асырылмайды) онда 
нақты  қызмет  түрінің  қажеттілігіне  тэуелді  дамитын жэне  қалыптасатын  өзекті 
қабілеттер туралы айтқанымыз жөн [8,  878  б.].

Ғылыми әдебиеттерде эртүрлі түлғалық элеует түрі зерттеледі:
-  интеллектуалды (Н.А.  Грищенко, Н.А.  Кудрявцева);
-  адамгершілік (Н.И.  Шевандрин);
-  түлғалық - дамытушы (С.Л.  Братченко);
-  мэдени (О.М.  Мотков, Е.В.  Руденский);
-  коммуникативті  (Ю.Н.  Емельянов,  Л.А.  Петровская);  коммуникативті- 
түлғалық (В.Н.  Куницына);
-  аксиологиялық (О.И. Полкунова, Л.Д.Столяренко);
-  шығармашыл  (Л.Г.  Вяткин,  Е.А.  Глуховская,  В.И.  Загвязинский,  Н.В. 
Зайцева, М.В.  Копосова, А.М.  Матюшкин, В.Г.  Рындак);
-  көшбасшы  (В.К.Васильев,  Г.Латфуллин,  И.В.Дрыгина),  басқарушы 
элеует (Э.А.  Смирнов) жэне т.б.[11,  105  б.].
A.А.  Деркач  пен  В.Г.  Зазыкин  есептегендей,  түлғалық  элеует  өзіне  тек 
қана  түлғалық  элеуеттерді  енгізіп  қана  қоймай  (қабілеттер,  табиғи  шартталған 
кэсіби  маңызды  сапалар,  жағымды  түқымқуалаушылық  факторлар),  сонымен 
қатар  кэсіби  даму  мен  түлғалық  өсуге  эсер  ететін  үнемі  жаңарып  жэне  артып 
отыратын  ресурстар  жүйесінде  жатқызады.  Оларға  - 
интеллектуалдық, 
психологиялық, еріктік сапалар жатады [3, 256 б.].
Түлғалық  элеует  түлғалық  кемелдену  деңгейінің  интегралды  сипаты 
ретінде  көрінеді,  ал  түлғалық  кемелденудің  жэне  түлғалық  элеуеттің  көріну 
формасы  түлғаның  өзін  -   өзі  корсету  феномені  болып  табылады,  іс-  эрекетті 
жүзеге  асыру  берілген  міндетгер  шеңберінде  ішкі  жэне  сыртқы  жағдайларға 
байланысты,  ол биологиялық,  денелік алғышарттар,  сонымен қатар қажеттіліктер 
жэне түрақты психологиялық қүрылымдармен көрінеді [6, 9-15  б.].
B.В.  Игнатованың  ойынша,  түлғалық  элеует  элеуметтік-  педагогикалық 
эдебиеттерде  элеуметтік  -   педагогикалық  жағдайларды  елеу  мүмкіндіктерінің 
нормасын  анықтайтын,  қоршаған  іс  -   эрекетке  қатысты  субъектінің  туа  пайда 
болған жэне жүре бара пайда болған қабілеттер жиынтығын адамның мэнді түрін 
сипаттайды.  Түлғалық  элеует 
іс  -эрекеттің  жүзеге  асуына  жэне  қүндылық 
бағдарға, түлғалық қажеттіліктерге тэуелді объективті бағыттылыққа ие.
Сонымен, 
зерттеліп 
отырған 
түлғалық 
элеует 
түсінігі 
келесідей 
психологиялық терминдермен сипатталады:  актуалдандырылмаған мүмкіндіктер, 
нышандар,  қабілеттер,  қажеттіліктер,  қүндылық  бағдарлар,  түлғалық  сапалар, 
икемділік,  жасырын  ресурстар,  қорлар,  шығармашылық  күш,  ішкі  энергия, 
продуктивті күш, өзін жэне өзгені тану қажеттілігі.
Сонымен қатар,  түлғалық элеует -   белсендендіру,  жүзеге  асыру,  күшейту, 
қайта жащырту,  ашып корсету, іске асыру, шыңға жету, «өз шеңберінен шығуға» 
үмтылыс,  өз  ойын  білдіру,  өзін  -  өзі  таныту,  өзін  -  өзі  қалыптастыру, 
интерактивтік, рөлдік, элеуметтік -  мэдени даму үдерістерімен байланысты.
Адамның түлғалық элеуеті адамның ішкі денелік жэне рухани қуатын,  өзін
-   өзі  жүзеге  асыру  жэне  шығармашылық  түрғыдан  өз  ойын  білдіру,  оның 
қызметтік үстанымын сипаттайды.
Менеджмент  бойынша  ағылшын  мамандары  М.Вудкок  жэне  Д.Френсис 
жүмысы  нэтижелі  жэне  жетілген  мамандарға  тэн  келесідей  қырлар  болу  керек 
деп көрсетті:
-  жігерлілік;
-  өз эмоцияларын басқара білу икемі;
-  өз ойын ашық айта білу дайындығы;
-  дэлелдерге сүйеніп өз көзқарасын өзгерту қабілеті;
-  өз ойын баяндау қабілеті.

Ғылыми  әдебиеттерде  түлғалық  элеует 
мэселесін  зерттеу  тэжірибелік 
бейне таба алмады.  Бүл тақырыпқа тек жеке көріністік зерттеулер арналды.
Маманның 
түлғалық 
элеует 
қүрылымы 
негізгі 
үш 
элементтен: 
психофизиологиялық, еңбек жэне шығармашылық элеуеттен түрады.
Түлға  қырлары  табиғи  қасиеттер  эсерінен  қалыптасады:  организмнің 
физиологиялық  жағдайы,  жоғары  жүйке  қызметі  ерекшеліктері,  сонымен  қатар 
элеуметтік  факторлар:  мэртебесі,  рөлі,  тэжірибесі,  білімі,  дағдысы.  Бүның 
барлығы түлғалық элеуетті қүрайды.
Түлғалық  элеует  морфологиясын  қарастыра  отырып,  оның  қүрамын 
анықтауға  болады.  Психофизиологиялық  элеует  -   бүл  түлға  қызметіне  өмірлік 
қуат  береді,  ал  еңбек  элеуеті  -   бүл  түлғаның  еңбек  эрекетіне  қатысын 
анықтайды.
Бүнда  мақсатіы  түрде  бірінші  кезекте  түлғаның  эрекетін  жэне  мінез- 
қүлқын алдын -  ала анықтайтын, энергетикалық қуат беретін элеуетті зерттеуден 
бастау  керек,  сонымен  қатар  ол  еңбек  элеуетін  қалыптастыру  кезінде  негізгі 
рөлді алады.
Психофизиологиялық элеуетті физиологиялық элеует жэне психологиялық 
элеует  ретінде  қарастыруға  болады  жэне  оларды  қүраушыларға  жынысы,  жасы, 
дене бітімі, қан тобы жэне темперамент, мінез, бағыттылық, қабілеттер жатады.
Сонымен  түлға  қырлары  мен  оның  мінезі  белгілі  бір  деңгейде  түлға 
жынысымен анықталады.
Ерлердің  мінез  -   қүлқын  эйел  типіне  қарағанда  түсінікті  жэне  болжауға 
болады. Ал эйел адамдар көбінесе қандай болу керек екендігін таңдайды.
Түлғаны  сипаттауда  жас  та  ерекше  маңызға  ие.  Түлғаның  өмірлік  кезеңі 
белгілі  бір  кезеңдерге  ие  жэне  эрбір  кезең  өзінің  кемшіліктері 
мен 
артықшылықтарына ие болып келеді.
Психологиялық  ерекшеліктер  мен  айырмашылықтарды  білу  мамандарды 
орналастыру барысында ақпаратты дүрыс қолдануға мүмкіндік береді.
Түлғаның  психологиялық  элеуеті  жэне  оның  мінез  -   қүлық  негізі  адам 
санасында  жатыр.  Адамның  бүл  ерекше  қасиеті  шынайылықты  бейнелейді. 
Сананың  көріну  формаларына  психикалық  процестер,  психикалық  жағдайлар, 
психикалық қасиеттер жатады.
Сананың көрінуінің екі формасына толықтай тоқталатын болсақ:
-  Психикалық 
жағдайлар, 
жағдайға 
тэуелді 
түрақты 
психикалық 
қүблыстар,  жағдайлармен  анықталады.  Адамның  өмірлік іс -   эрекетін  арттырып 
немесе  төмендетіп  отырады.  Психикалық  жағдайларды  екі  қасиеті  бойынша 
бөлуге  болады:  үзақтығы  бойынша  жэне  қысым  деңгейі  бойынша.  Психикалық 
жағдайға  тэуелді  мінез  -   қүлықтың  бес  түрін  бөліп  корсетеді:  шиеленіскен, 
қорқақтық, агрессивтілік, тежелген, прогрессивті.
-  Психикалық 
қасиеттер, 
түрақты 
психикалық 
қүбылыстармен 
түсіндірілетін  адамға  үзақ  уақыт  бойы  тэн  темперамент,  мінез,  қабілет, 
бағыттылық жатады.
Маманның  психофизиологиялық  элеуеті  жағымды  жағдайларда  түлғаның 
жалпы,  арнайы,  тэжірибелік  қабілеттері  дами  алатын  табиғи  (генетикалық) 
нышандар  негізіне  жататын  психологиялық  жэне  денелік  мүмкіндіктермен 
анықталады.  Жүмысқа  қабілеттілік  (немесе  еңбексүйгіштік)  түлғаның  жоғары 
жүйке  қызметі  типімен,  темпераментімен,  эмоциональды -   еріктік қырларымен 
анықталатын  психофизиологиялық  механизм.  Бірақ  адамда  еңбексүйгіштік 
үрдісін  қалыптастыру  элеуметтену,  элеуметтік  механизмдермен  байланысты

(әлеуметтік тәжірибені  жэне  тэрбиені  игеру үрдісі)  [4,  78  б.].  Жоғарыда  аталған 
сипаттамалар жүмысқа қабілеттіліктің көрінуіне эсер етеді.
Маманның  еңбек  элеуеті  нэтижелі  еңбек  қызметі  үшін  қажетті  кэсіби 
білім,  дағды,  білік  жиынтыгын  білдіреді.  Маман  кэсіби  білімді  кэсіпорында, 
арнайы  оқу  орындарында  (арнаулы  орта  оқу  орындарында,  техникумдарда, 
жоғары  оқу  орындарында жэне т.б.)  алады.  Ол кэсіби білім  мен дағдыға үздіксіз 
еңбек  қызметі  үрдісінде  қол  жеткізеді.  Маман  дағдысы  мен  білігі  деңгейі  оның 
кэсіби шеберлік деңгейін көрсетеді.  Маманның нақты жэне кэсіби жүмысты сэтті 
игеруінің алғышарттары еңбекке дайындық қабілеті болып табылады.
Еңбек нарығы жағдайында бүл аспектіге бірінші назар аудару қажет.  Еңбек 
элеуетін қолдану деңгейі маманның еңбек эрекетінің мотивін анықтайды.
Маманның  шығармашылық  элеуетінің  негізін  креативті  қабілеттер 
жиынтығы қүрайды:
ерекше ойлау қабілетімен көзге түсу;
-  дэстүрлі ойлаудан жаңаша идея үсыну;
-  мэселелік жағдайларды тез шеше білу [7, 325  б.].
Түлғалық  элеует  түлғаның  түлғалық-психологиялық  ерекшеліктерінің 
интегралды  жүйесін  көрсетеді.  Оның  негізіне  қабілеттер  жэне  түрақты  ішкі 
критерийлер  мен  өмірлік  бағыттардан  шыға  отырып, 
қызмет  түрақтылығын 
сақтау,  сыртқы  жағдайлармен  белсенді  субьект ретінде  қарым  -  қатынасқа түсіп 
отыру жатқызылады.
Қорыта  айтсақ,  кэсіби  маман  бойында  түлғалық  элеуетті  қүраушы  негізгі 
сапалар:  өмірге  төзімділік,  толеранттылық,  өзін  -   өзі  басқару  жэне  өзін  -   өзі 
үйымдастыру  қабілеттілігі  орын  алғанда  ғана,  олардың  түлғалық  элеуетінің 
дамуы  мен  адами  қүндылықтарының  көрінуіне  жол  ашылады.  Сондықтан  да, 
біздіңше,  түлғалық элеует  адам  қүндылықтары,  мақсаттары  қоғам  мен ішкі элем 
қатынасының 
теріс 
эсерлеріне 
түрақты 
болуға 
көмектесетін 
түлғалық 
қасиеттерді,  қабілеттерді  дамытуға  көмектесетін 
кешенді  жүмыс  түрлерін 
үздіксіз үйымдастыру қажеттілігін дэлелдей түседі.
Әдебиеттер:
1.  Асмолов  А.Г.  Психология личности.  -  М.:  Изд-во  Моск.  ун-та,  1990.  -
367 с.
2.  Батьковский 
А., 
Попов 
С. 
Приемы 
мотивации 
к  труду 
и 
профессиональному росту // Проблемы теории и практики управления.  -  2004.  -  
№2. -  С.  45-48.
3.  Деркач А.А., Зазыкин В.Г. Акмеология.  -  СПб.:  Питер, 2003. -  256 с.
4.  Дергачева  О.Е.  Позитивная  психология  самодетерминации:  теория 
каузальных ориентаций Э.Деси и Р.Райана // Современная психология мотивации 
/ Под ред. Д.А.  Леонтьева.  -  М.:  Смысл, 2002. -  78 с.
5.  Ефанова  М.И.  Самореализационный  потенциал  и  психологическая 
готовность  психолога  к  осуществлению  профессиональной  деятельности  // 
Материалы  международной  научно-практической  конференции.-  Барнаул: 
АлтГПА, 2009.  -  406 с.
6.  Журнал  «Проблемы  теории  и  практики управления».  -   1995.  -   №  2.  -
С.  9-15.
7.  Иванов  Н.А.,  Одегов  Ю.Г.,  Андреев  К.Л.  Трудовой  потенциал 
промышленного предприятия.  -  Саратов:  Изд-во СГУ,  1988. -  325  с.
8.  Одегов  Ю.Г.,  Журавлев  П.В.  Управление  персоналом:  Учебник  для 
вузов. -  М.:  Финстатинформ,  1997. -  878 с.

9.  Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.А.Назарбаева  народу 
Казахстана 
«Стратегия 
Казахстан 
2050». 
Новый 
политический 
курс 
состоявшегося государства // Казахстанская правда от 15  декабря 2012 года.
10.  Советский энциклопедический словарь.  -  М.:  Советская энциклопедия, 
1981. -   105  с.
11.  Смолкин  А.М.  Менеджмент:  основы  организации  /  Учебник.  -   М.: 
И Н Ф РА М , 2005. -  151  с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет