М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


заманда батыр деп осындай жандарды айтады



Pdf көрінісі
бет158/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

заманда батыр деп осындай жандарды айтады 
екен. Бұл уақытта торғайға әлі келмейтұғын 
бөдененің жұмыртқасындай немелерді батыр, 
батыр дейді. Онысы қанды шелек, көк тақым 
ұры. Кигеніне қарасаң қуыс қурай...» деген жолдар 
мүлдем жазылмай қалған [1, б.133-134, 352, 45, 
б.24-26, 46, б.66-67].
«Балтакерей – Тұрсынбай батыр» (Үшінші 
нұсқасы). Тарихи-эпикалық әңгіме жанрына 
жатады. Көтерген тақырыбы Абылайдың 
жорықтары, Балтакерей Тұрсынбай батырды 
сынауы. Батырдың айтқан ерлігі, жалпы тарихи 
тұлғалардың батырлығын суреттеу. Қысқаша 
мазмұны алдыңғы нұсқалардай. Абылай ханмен 
қосылып Алатауға жорыққа аттанып бара жатқанда 
жолшыбай Балтакерей Тұрсынбайды Абылайдың 
сынағаны. Және де Балтакерей Тұрсынбайдың 
ерліктері жөнінде. Этномәдени лексика: көн етік, 
көн садақ, олжа, мола, бетағаш, қол, ақырет, 
көр т.б. Күн шайдай ашылды, қас қарайып
құс ұшпас, құлан жортпас, қыс түсіп, ерте 
жарықта, әкеңнің құны, сам жамырап, қара 
сүйек, көк тақым ұры, қуыс қурайтұрақты 
тіркестер. Бұл – вариантта: Бұрынғы заманда 
«батыр» – деп, осындай жандарды айтады екен. 
Соңғы: «Бұл уақытта торғай әлі келмейтұғын бұ 
дүниенің.. сондай немелерді: «Батыр, батыр!» 
– дейді. Онысы-қар (а) сүйек, көк тұқым ұры. 
Кескініне қарасаң, қуыс қурай құрылы ауқаты жоқ. 
Ұрлық қылғанына мақтап асын (апын) көтергені 
екен. Әне-заманның жұмысы» – деп, Мәшһүр-
Жүсіптің айтқандары алдыңғыдан көп өзгеше [1, 
б.135-136, 352, 45, б.24-26, 46, б.66-67]. 
«Балтакерей – Тұрсынбай батыр» (Төртінші 
нұсқасы). Тарихи-эпикалық әңгіме жанрына 
жатады. Көтерген тақырыбы Абылайдың 
жорықтары, Балтакерей Тұрсынбай батырды 
сынауы. Батырдың айтқан ерлігі, жалпы тарихи 
тұлғалардың батырлығын суреттеу. Қысқаша 
мазмұны алдыңғы нұсқалардай. Абылай ханмен 
қосылып, Алатауға жорыққа аттанып бара жатқанда 
жолшыбай Балтакерей Тұрсынбайды Абылайдың 
сынағаны. Және де Балтакерей Тұрсынбайдың 
ерліктері жөнінде. Төртінші нұсқаның өзгешелігі 
бірсыпыра. Бірінші әңгіме бірден Абылайдың 
серіктері Тұрсынбайға жолығып, оның түсі суық 
қатқыл жауап қатқанынан басталады. Содан 
Абылай нөкерлері өздері бұрылып келіп сәлем 
береді. Тұрсынбайдан жөн сұрағанда ол:
Алғанымның назы үшін,
(Қара) сабам жоқ үшін,
Қатын – бала қамы үшін,
Айыр өркеш түйе үшін,
...ер жортар мал үшін...


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет