ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
148
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Абылай Балтакерей
Тұрсынбайдың ерлігін,
батырлығын, ер жүректілігін сынайды. Әңгіменің
негізгі тақырыбы Балтакерей Тұрсынбайдың
бейіттің ішіндегі отқа жағатын ағашты алып келуі.
Сол арқылы дүйім жұртқа ерлігі сыналады. Сыннан
өтеді. Тіпті өзінің 16 жасында аузына түскен
жыланды қалай тісімен екіге бөліп жібергеніне
дейін айтылады. Әңгіме шежіренің бойынан тілдік
материалдарды да сүзіп алуға болады. Мысалы:
құс
ұшпас, құлан жортпас, сам жапырап, жарқырап
жаз, күркіреп көк шыққан – тұрақты тіркестер,
көн етікті демесең, көпке татыр өзім бар, көн
садақты демесең, көпке тиер сөзім бар, өлген
менің көрімде әкеңнің көз құны бар ма – афоризм,
жыланды аузымен екі бөліп түсіру – ұлғайту т.б.
Өлтіретұғын, келмейтұғын – тұғын формасының
қолданысы ұшырасады. Қараңыз. ҚПЖӘМ,
Мәшһүр жазбасы, 2 том, 52-56 беттер. ОҒКҚҚ, №
1170 «б» папка, 745-750 беттер. ОҒК, № 829 папка,
Ә. Марғұлан көшірмесі, № 1 дәптер, 4 (10)-5 (11);
1-4 б. [2, б.184-186, 434, 45, б.24-26, 46, б.66-67].
«Балтакерей – Тұрсынбай батыр» (Екінші
нұсқасы). Ауызша жиналған тарихи-эпикалық
әңгіме жанрына жатады. Алғашқы нұсқасынан
көп айырмашылық жоқ.
Мәні мен мазмұнында
алшақтық байқалмайды. Алатауға, қырғызға бірі
жорыққа аттанғанда Балтакерей Тұрсынбайды
Абылай бейіттің ағашын алып кел деп сынайды.
Алдын-ала Абылайдың екі жігіті көрдің ішіне
кіріп тығылып жатады. Абылай түк білмегенсіп,
Балтакерей Тұрсынбайды отынға жұмсайды. Әлгі
жігіттердің
өзін қорықпай, саспай-ақ шап беріп
өлтіріп тастай жаздайды. Тамақ ішіп отырғанда
Абылай Тұрсынбайға шынымен ештеңеден
өміріңде қорықпадың ба деп сұрайды.
Сонда
Тұрсынбай дем алуға жатып, көзі ілініп бара
жатқанда аузына
кіріп келе жатқан жыланды
тісімен қырқып екіге бөліп жібергенін де айтады.
Мінекей, Балтакерей Тұрсынбай ерлігі осылай
елге паш болыпты. Екінші нұсқада: ұлтта, байқап
келші, Барды да қайта келді, алмады, құздан мал
құлап, үлесті, піс тамақ таусылды,
осы баяғы
көп моласы бар суға деген сөздер түсіп қалған,
соңында төрт жолдай Мәшһүр-Жүсіптің
«Бұрынғы
Достарыңызбен бөлісу: